АлғАШҚы махаббат (комедия) Кейіпкерлер: Қанат


Гүлзат: Қой, мүмкін емес. Өтірік шығар. Жүр кетейік. Қанат



бет16/25
Дата18.11.2023
өлшемі43,27 Kb.
#124544
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   25
Гүлзат: Қой, мүмкін емес. Өтірік шығар. Жүр кетейік.
Қанат: Қорқамын, шықпай‑ақ қояйықшы.
Гүлзат: Қорыққанға қос көрінеді деген. Ешкімнен қорықпаймын дегенің қайда?
Қанат: Ол жарықта ғой.
Гүлзат: Сөзді көбейтіп қайтеміз, кеттік. (Гүлзат есіктен шыға бере,кенет қатты шыңғырып кері қарай қашады.)
Гүлзат: Мама!
Қанат: ( өзі де қорқып кеткен ) Не бол‑ды‑ы?
Гүлзат: Ана жақта...
Қанат: ( Ақырын есіктен қарап арғы жақтан Қайыржанды көреді)
Қайыржан: ( сыбырлап) Апайға не болды?
Қанат: Сенбісің? Тыс‑с‑с. кет. Ойбай! Рас бірдеңелер жүр. Арғы жағыңызда да біреу тұрған сияқты. (Гүлзат жүгірген бойда келіп Қанатты құшақтай алады)
Гүлзат: Ма‑ма!
Қанат: Жаным! О, жүрегім. Қаттырақ құшақтаңызшы қорқып барамын.
Гүлзат: Анық көрдің бе?
Қанат: Иә.
Гүлзат: Енді не істейміз?
Қанат: Қорықпаңыз. Өлсек бірге өлеміз.
Гүлзат: А‑а‑ай. Менің дауысым шықпай қалды. Сен айқайлашы, күзетші естісін.
Қанат: Тамағым ауырып тұр. О, ангинам!
Гүлзат: Дұрыстап қарайықшы, мүмкін ештеңе жоқ шығар.
Қанат: Қозғалсақ тіпті жаман болар. Осылай тұра берейік, сонда ешкім тиспейді.
Гүлзат: Қане, жіберші. Мен қайтадан қарайын.
Қанат: Қарамаңыз жүрегіңіз жарылады.
Гүлзат: Қатты қысып жібердің, босатшы.
Қанат: Босата алмаймын. Қолым қарысып қалды.
Гүлзат: О, құдайым өзің сақтай гөр.
Қанат: Мен де сізді сақтай аламын.
(сол кезде есік ашылып Қайыржан кіреді)
Гүлзат: Е‑е‑сік ашылған секілді.
Қанат: Кім ей бұл?
Қайыржан: Қайыржанмын.
Қанат: Болсаң қайтейін.
Гүлзат: Қабыланбеков! Құтқар бізді.
Қайыржан: Мә, не істеп тұрсыздар?
Гүлзат: Қанаттың қолы қарысып қалды. Дәлізден ештеңе көрмедің бе?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет