АлғАШҚы махаббат (комедия) Кейіпкерлер: Қанат


Оқушылар: Жарайсың Қанат! Нағыз комсомол! Айтгүл



бет7/25
Дата18.11.2023
өлшемі43,27 Kb.
#124544
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   25
Оқушылар: Жарайсың Қанат! Нағыз комсомол!
Айтгүл: Мүмкін емес.
Сайра: Сонша темірді қайдан алған?
Гүлзат: Бірақ оны да Қанаттың өзіне қайтаруға шешім жасадық. Себебі ол үйіндегі техникалардың қосалқы бөлшектерін, құрал-саймандарды, соқаға дейін металломға өткізіп жіберген.
Айтгүл: Мәссаған! Атың шықпаса жер өрте деген осы шығар.
Сайра: Ол жақсы көрініп қалу үшін мектепке бүкіл малдарын да бере салатын шығар.
Гүлзат: Тыныштық сақтаңдар. Қағаз, темір жина деген сөз үйдегі керекті заттарды алып кел деген сөз емес.
Қанат: Апай, бәрі.., бәрі сіз үшін.
Гүлзат: Мен үшін емес айналайын. Мектептің талабы. Артық- ауыс көшеде, далада жатқан темір-терсекті жинаңдар. Әрі ауылдың көшелері тазарады, әрі мемлекетке пайдалы.
Сайра: Мен енді сені «тапқыш» деп атаймын.
Қанат: Ендеше, мен сені «сатқыш», Айтгүлді «атқыш» деймін.
Қанат: Қағаз бердім алмады, темір бердім алмады. Жүрегімді де алмайтын шығар-ә? О қатігез тағдырым, неге жалғыз қалдырдың?
Гүлзат: Балалар, енді сабаққа кірісейік. Айтгүл, сабаққа пайдаланып жүрген көрнекі құралдар мен фото суреттер қайда?
Айтгүл: Көрнекі құралдар ма, олар шкафтың ішінде. Алып шығайын ба?
Жасболат: (шкафта ұйықтап жатқан Ержан есіне түсіп шошып кетеді) Жоқ! Мен өзім алып шығамын. Апай, бүгінше соларды пайдаланбай‑ақ қойсақ қайтеді?
Гүлзат: Жасболат, көрнекі құралдар бізге үнемі қажет. Және бүгін мектеп директоры барлық сыныптарға тексеріс жүргізеді. Келіп қалуы мүмкін, ертерек алып іліп қойыңдар.
Еділ: Алаңдамаңыз ол кісі бүгін біздің сыныпқа келмейді.
Гүлзат: Неге? Сен оны қайдан білесің?
Жасболат: Директор апай Еділдің мамасы ғой, үйден ақылдасып келген болар. Келе қалса өзі сөйлеседі.
Гүлзат: Не айтып тұрсыңдар? Ол кісі келмесе де бәрібір сабаққа қажетті заттар. Тезірек алып іліңдер.
Жасболат: Апай оны бүгін іле алмаймыз. Себебі, оларды кеше Еділ үйіне алып кеткен. Бүгін алып келуді ұмытып кетіпті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет