АлғАШҚы махаббат (комедия) Кейіпкерлер: Қанат


Айтгүл: Мынаны жын соғып қалған ба? Апай бұл Қанат деген ең бұзық оқушы. Директорға айтып қойыңыз. Қайыржан



бет3/25
Дата18.11.2023
өлшемі43,27 Kb.
#124544
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Байланысты:
Алғашқы махаббат

Айтгүл: Мынаны жын соғып қалған ба? Апай бұл Қанат деген ең бұзық оқушы. Директорға айтып қойыңыз.
Қайыржан: Мұғалім Айтгүлге сенбеңіз. Ол біреумен ұрсыспаса жүре алмайды.
Сайра: Апай, мына Қайыржан деген де жаман оқушы. Бағана ол сізді сиыр деді.
Қайыржан: Өтірік айтады. Мен сіздің көзіңіз ғана сиырдікі сияқты дедім. Ал олар сізді... кәрі қыз деді.
Гүлзат: Немене?
Сайра: Олай деген жоқпыз. Өзі өтірік айтып тұр.
Гүлзат: Шуылдап болдыңдар ма? Балалар тәрбие сағатын өтпегендерің көрініп тұр. Сендерді он бірінші сыныпта оқиды деп кім айтады. Қане, орындарыңа отырыңдар. Алдымен жақсылап танысып алайық. Журнал бойынша атаймын..
Абылаева Салтанат- мен
Жұмақанов Ержан - мен
Жүнісова Сымбат - мен
Исабекова Гауһар - мен
Қабыланбеков Қайыржан ‑мен
Молдашев Нұржан - мен.....


Қанат: (сыбырлап) Қайыржан саған бірдеңе айтайын ба?
Қайыржан: Айт.
Қанат: Мен ғашық болып қалдым.
Қайыржан: Ғашық болып? Кімге?
Қанат: Гүлзатқа.
Қайыржан: Гүлзатқа? Мына мұғалімге ме?
Қанат: Иә соған.
Қайыржан: Есің дұрыспа, ол мұғалім ғой?
Қанат: Бола берсін.
Қайыржан: Жынды қойдың миын жегенбісің?
Қанат: Кетші-ей. Сен махаббат жайлы не түсінуші ең. Мен шын ғашық болып қалдым.
Қайыржан: Қияли.
Қанат: Ей, мен ақынмын ғой. Ақындар бір көргеннен – ақ ғашық болады.
Қайыржан: Жасы үлкен болса да ғашық бола бере ме?
Қанат: Махаббат жасқа қарамайды.
Қайыржан: Апа қылайын деп пе едің?
Қанат: Көп болса бес жас үлкен шығар. Түк етпейді. Атестат алып алайын. Сонан соң көреміз. Мен оған жаңа бір өлең шығардым.
Гүлзат: Мерқұрманов Қанат.
Қанат: Мен.
Гүлзат: Отыр.
Қанат: Мен сізге өлең оқып берейінші.
Гүлзат: Өлең?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет