Қанат: Тыңдаңыз. Білмеймін айта алам ба
жан сырымды,
Ояттым сезім деген
бал шырынды.....
Гүлзат: Бұл қандай өлең?
Қайыржан: Өзінің өлеңі.
Айтгүл: Өтірік айтады, ұрлап алған.
Сайра: Ол үнемі бірудің өлеңін ұрлап алып, өзімдікі дейді.
Гүлзат: Отыр. Жаңа ғана бос сөз сөйлемеңдер дегенмін. Шешендіктеріңді сабақ айтқанда көремін. Естеріңде болсын, бағаны тек білімдеріңе ғана емес, тәртіптеріңе де қарап қоямын. Түсінікті ме? Келесі сабақта бәрің өздерің жайлы, арман-мақсаттарың, алдағы жоспарларың жайлы жазып келіңдер. Бүгінше ертерек босатамын, орналасуым керек. Үй тапсырмасын ұмытпаңдар. Әзірше сау болыңдар.
Қанат: Мұғалім, сіз ана екі қызға, Айтгүл мен Сайраға ренжімеңізші. Екеуі әлі күнге бесінші сыныптың оқушысы секілді. Сәл нәрсеге бола сыпсыңдай жөнеледі.
Гүлзат: Мерқұрманов. Сенің де есейіп, ақылыңның толып тұрғаны байқалмайды. Бірақ поэзияға деген ынтаң бар секілді, ол жақсы.
Қанат: Өлең деген жетеді. Тағы оқып берейін бе?
Гүлзат: Жоқ. Кейін бір уақыт болғанда тыңдаймын.
Қанат: Сізге бірдеңе айтайын ба?
Гүлзат: Иә, айт.
Қанат: Тоқсанның балаларын мен ұстаймын ғой.
Гүлзат: Тоқсаны несі? Тоқсан бала ма? Түсінбедім, ұстағаны қалай?
Қанат: Тоқсан деген ‑ тоқсаныншы жылы мектеп бітіретіндер деген сөз. Ұстаймын дегенім ‑ бәрі өз қолымда, менен қорқады деседе болады. Сондықтан анау-мынау шаруалар болса айтыңыз. Кез-келгенін шешемін.
Гүлзат: Солай ма?
Қанат: Солай. Үйіңізге өзім шығарып саламын. Жаңадан келдіңіз. Жолда қабаған иттер бар, бұзық балалар бар дегендей.
Гүлзат: Мерқұрманов, сенің қолыңнан бәрі келе ме?
Қанат: Иә келеді.
Гүлзат: Онда ертең ата-анаңды ертіп кел.
(Қанаттың қиялы. Үнді киносынан көрініс. Би. Қанат пен Гүлзат.)
«Сыңарым»
сөзі Канат Жүнісовтікі
әні Үнді киносынан
Жүрегімді жандырдың,
Жаныма кел жан гүлім.
Мөлдірейді бал сезім,
Тамшысындай жаңбырдың.
Айдай сұлуым,
Тәтті қылығың,
Жұлдыздай жұмбақ жаның.
Бақыт тұмарын,
Тақтың шынарым.
Әнім бол мәңгілікке, сыңарым.
Бұл өмірде екеуміз,
Бірге жүрер ме екенбіз.
Бірге арман тербесек,
Бір жүрек боп кетерміз.
Айымсың, Күнімсің, махаббат гүлісің.
Жүрек отын жандырып.
Махаббаттын ән қылып.
Жүрегі бар жан ғана,
Ғашық болар мәңгілік.
Достарыңызбен бөлісу: |