АлғАШҚы махаббат (комедия) Кейіпкерлер: Қанат



бет5/25
Дата18.11.2023
өлшемі43,27 Kb.
#124544
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Келесі көрініс. (арада бір шама уақыт өткен)


Жасболат: Еділ, бүгін балаларға керемет бір қызық көрсетейік.
Еділ: Қандай қызық?
Жасболат: Күлкіден ішектері түйіліп қалатындай қызық жасаймыз.
Еділ: Тағы біреуді мазақ етпекпісің?
Жасболат: Иә. Жақсы емес пе, рахаттанып күлеміз. Ел біразға дейін әңгіме қылып айтып жүреді.
Еділ: Кімді күлкі қылмақсың?
Жасболат: Мұғалімді.
Еділ: Қай мұғалімді?
Жасболат: Гүлзат апайды.
Еділ: Қой‑ей. Гүлзат апай мектептегі ең жақсы мұғалім, басқаларға істесеңші.
Жасболат: Басқаларына істеуге болмайды. Олар менің жасағанымды бірден біліп қояды. «Қасқырдың аузы жеседе қан, жемеседе қан». Осы мектепте бірдеңе бүліне қалса бәрі менен көреді. Ал Гүлзат апай жаңадан келген ештеңе сезе қоймас.
Еділ: Сонда не істейсің?
Жасболат: Мен бәрін ойластырып қойғанмын. Апай отыратын орындықтың бұрандаларын босатып қоямын. Отыра қалған кезде құлап түседі. Керемет емес пе? Мұғалімнің қалай құлайтынын көрейік. Айдай сұлу апайдың аяғы аспаннан келіп жатса қызықтың көкесі сонда болады.
Еділ: Аяғы аспаннан келеді деймісің? Апай бүгін ұзын юбкасын киіп
келеді ме екен, әлде қысқа юбкасын киіп келеді ме екен. (Ержан келеді)
Ержан: Ей, екеуің елден бұрын келіп алыпсыңдар ғой. Не өсіп кеттіңдер ме, ас‑салау қайда?
Жасболат: Қалайсың?
Ержан: Қалайсың емес, қалайсыз де.
Еділ: Ереке қалайсыз?
Ержан: Қайтадан амандас. Мәдениеттілік деген қайда, кісі сыйлауды білмейсіңдер.
Еділ: Ереке, көңіл‑күйің жоқ қой?
Ержан: Шаршап тұрмын. Түнде бір маңызды мәселені шешемін деп әлі ұйқтаған жоқпын. Үйдегілер сабағыңа бар деп қуып жіберді. Қысқасы былай. Мен қазір шкафқа кіріп ұйықтаймын. Сен екеуің ештеңе білдірмейтін болыңдар. Ұқтыңдар ма? Біреу‑міреу мазамды алса менен жақсылық күтпеңдер.
Жасболат: Ереке, бірақ өткендегідей қатты қорылдамашы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет