Алғы сөз психология ғылымы қазақ елінің өткен дәуірлерінде жеке ғылы-мы пән


 Адамның қажеттілігі мен мұқтаждығы және іс-әрекет түрлері



Pdf көрінісі
бет33/124
Дата29.03.2023
өлшемі0,87 Mb.
#77283
түріОқулық
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   124
2. Адамның қажеттілігі мен мұқтаждығы және іс-әрекет түрлері
3.
Адам қажеттіліктерінің бәріне жуығы еңбек арқылы қанағат-тандырады. Еңбек — адам тіршілігіндегі біріңші
қажеттілік. Сондықтан, қоғамдағы тәлім-тәрбиеніңөзекті мәселесі — адамды еңбек ету қажеттілігіне баулау Жастарды
еңбекке психологиялық тұрғыдан даярлау-жалпы гуманистік тәрбиенің түпкі мақсату. Ен-ек -адамның іс-әрекетінің
негізгі түрі және барлык материалдық игіліктерді өндірудің қайнар көзі. Іс-әреттің екінші түрі-— оқу. Оқу әрекеті
арқылы адам қоғамдағы тарихи мағлұматтар мен білім қорын менгеріп, өзінің рухани дүниесін байытады,
дүниетанымдық көзқарасын қалыптастырады Ойын — адамнын негізгі әрекетінің бірі. Ол бала мен жасөспірімнің
денесің шынықтырып әралуан қимыл-қозғалыстарын жетілдіреді. Мектеп жасына дейінгі балалардың басты іс-әрекеті
— ойьн. Ойынның түрлері мен мазмұны баланың ақыл-ойын дамытуға ықпал етіп, өзін қоршаған ортаның заттар мен
құбылыстардың мән-жайын түсіндіреді Бір сөзбен айтқанда еңбек оқу,ойын — адамның дамып жетілуіндегі және
қажеттіліктерін өтеудегі негізгі іс-әрекет түрлері. 
Балалар мен ересек адамдардың әр алуан іс-қимылы нәтижесінде олардың автоматталған әрекеті —
дағдылварды,іс-әрекет түрлерін орындауға бейімділігі мен ептілігі,тіршіліке қажетті әдеттері қалыптасып, адамның
анатомиялық,физиологиялық және психикалық жағынан дамып-жетілуіне әсер етеді. Оның рухани өмірінің мазмұнын
байытады
Дағды мен ептілік. Дагды — адамнын белгілі іс-әрекеттті сан рет қайталап отыруы нәтижесінде
қалыптасып,автоматты түрде орындалатын ісі. Мәселен, балада оқу дағдысының қалыптасуы, кызметкердін міндетті ісін
орындауы. Дағдының қалыптасуында максат кою негізгі рөл атқарады. Дағдының кальштасуы қимыл-қозғалыстар мен
әрекет жасауға орай бірнеше сатылардан тұрады.
Адам әрекетіндегі ептілік (бейімділік) — белгілі бір істі атқаруға бейім тұру, өзнің игерген білімін, дағдысын түрлі
жағдайда қолдана білу. Ептілікті жеке қарастырсақ, ол адамның дағдыдан өзгешелеу ұқыптылық қасиетін көрсетеді.
Ептіліктің тағы бір ерекшелігі адамның, өз білімін қажет болған кез-келген жағдайда қолдана білу әрекетінен анық
байқалады.
Әдет — адамның іс-әрекетіндегі мінез-құлыққа байланысты тұрақты қасиеті. Психологиялық тұрғыдан алғанда
әдет адамның белгілі іс-әрекет түрін бұрынғы өмір тәжірибесінде қалыптаскан дағдылары мен біліміне сүйене отырьш
жүзеге асырады. Адамның тарихи дамуында ол көпшіліктіқ игілігіне, әдет-ғұрып, салт-дәстүрге айналып, халықтық
сипат алуы мүмкін. Әдет — адамның қажет-тілігін етеуге сәйкес қайталанъш отыратын әрекет. Ол адамның кез-келген
іс-әрекетінің түрінде кездеседі. Еңбексүйгіштік, жақын адамдардың ісіне көмектесу, ұйықтау алдында серуендеп,
61


жуынып-шайыну -әдеттің ұнамды әрі пайдалы түрлері. Ал ұстамсыздық біреудің сөзіне кесе-көлденең кірісіп, оны бөлу
— әдеттің ұнамсыз сипаттары. Жағымды әрекеттер адам мінезінің ұнамды жақтарын қалыптастыруға әсер етеді. :


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет