Алғы сөз психология ғылымы қазақ елінің өткен дәуірлерінде жеке ғылы-мы пән



Pdf көрінісі
бет85/124
Дата29.03.2023
өлшемі0,87 Mb.
#77283
түріОқулық
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   124
ә) Диалогтық сөйлеу — оқиға мен болмыс көбінесе, нақты тақырыпка құрылып, әрбір сөйлем мен сөз алғашқы
айтылған ойды ұштастырады, Бұл — сөйлеудің ұтымды бір түрі.
б) Үнсіз (іштей) сөйлеу — адамның практикалық іс-
161
әрекеті мен теориялық ой-пікірі жоспарланып, белгілі жүйеге салынуы. Мысалы, бір жерге бару үшін адам немен
барады, қалай барады, алдымен соның бәрін жоспарлап алады. Мұнда ой талқысы, талдау сияқты әрекеттер болады.
Іштей сөйлеуде адамның ерні жыбырлап, тілі қозғалады, дыбыс сыртка шықпайды. Ішкі сөй-леудің психологиялық
мәседелері психолог А. Н. Соколовтың зерттеулерінде қамтылған.
в) Жазу сөзі — мұны монологтық сөйлеудің бір түрі деуге болады. Жазу сөзі ауызша сөйлеуге карағанда, ой-
пікірді кеңінен, жүйелі, ерікті түрде жеткізеді. Сөйлеу әрекетін үйретуді жазба сөзден бастаған дұрыс. Жазба сөз
мәдениеті жоғары адам өз ойы мен пікірін ұтымды, бейнелі, әрі түсінікті етіп білдіре алады.
§ 4 Сөйлеудің оқыту процесінде дамуы
Сөйлеу — ақыл-ой иесі — адамның хайуанаттар дүниесінен ерекшеленіп тұратын тұрақты белгісінін. бірі және
өзара қарым-қатынасының қуатты құралы..
Бала сөйлеуінің дамуы бірнеше сатылардан тұрады Алғашқы саты — сөйлеуге дейінгі кезең. Бұл кезең баланың
екі айлығынан 11 айға дейінгі сатысы деп аталады. Екінші саты — баланың алғашқы тілінің шығу кезеңі, 11 айдан 1 жыл
7 айға дейінгі аралық. Үшінші сатыда бала тілдің грамматикасын меңгере бастайды. Бұл кезең үш жасқа дейінгі уақытты
қамтып, бүлдіршін сөздердің мән-мағынасын және қолданылуын, жеке сөздердің қызметін де түсіне алады. Бала тілінің
шығуы онын дүниетаным шеңберін кеңейтіп, сөйлеу тілін дамытады. Балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес тілінің
дамуын психологиялық тұрғыдзн қарастырып, ғылыми жүйеге келтіргеи — әйгілі мамандар Л. С. Выготский мен
Швейцария психологы Жан Пиаже,
144


Қазақ этносы баланың тілін дамытуға айрықша мән беріп, оны бесік жырымен сусындатқан, бала кезінен-ақ оған
қысқа-қысқа өлең-жыр, жұмбақ пен тақпак, жаңылтпаш пен ән үйретіп, оның ақыл-ойын, пайымын, сөйлеу мәнерін
өрістетуге тырысқан.
Тілді меңгеру осы замангы ғыльшда айрықша маңызы бар мәселе болып саналады. Әсіресе, баланың ана тілінде
айқьш сөйлеп, тіл грамматикасын меңгеруінін, шетел тілдерін меңгеруге тұрақты тиянақ болатынын нақты деректер
дәйектеп отыр.
Тіл адамның санасы мен ақыл-ойын дамытушы фактор екендігін К. Маркс бір сөзбен ғана түйіндеп, “Тіл —
сананың жиынтығы” дейді, Осы орайда, тіл ғылымы мен психология пәнінің сабақтасқан буыны психолингивистика
ғылымының зерттеитін мәселелері — тіл мен ойдың байланысын және өзіндік ерекшеліктерін тіл білімі, пснхология,
логика, социология; этнография, тарих т б. ғылымдар тұргысьшан қарастыру, тілдің, ұлттык сипаты мен
дүннетанымдық рөлі, тіл мен сөйлеу әрекетінің жеке психикалық процестері мен өзектестігі сияқты жайттар.
Тіл — қоғамдық құбылыс және табиғаттың адамға берген дарыны. Карталар, сызулар, есептеу құралдары сияқты т.
б. шартты белгілермен бірге ол да психологиялық құрал болып табылады. Өйткені, сол белгілердің бәрі объективтік
шындыкты біздің санамызда әр алуан таңбалармен бейнелеп, олардың сыр-сипатын, мән-жайын білдіреді, Осы бағытта
қарастырғанда тілдің өзі, сөздердің бәрі — таңба, заттар мен кұбылыстардың белгісі. Табиғат шындығы, болмыстағы
нәрселер мен олардың сыр-снпаттары адам санасында түйсік, қабылдау, елес, ес пен қиял, ойлау мен сөйлеу, сезім мен
ерік сияқты психологиялық таным процестері арқылы бейнеленіп, сезімдік таным мен ақыл-ойды дамытады, Олардың
әралуан қасиеттері бейнеленеді. Бейнелеудің аса күрделі сипат-сырлары, өзара байланыстары және қасиет-ерекшеліктері
сөз, анық сейлеу арқылы таңбаланып, адамның жалпы дүниетанымдық көзқарасы мен санасын, ақыл-ойын
қалыптастырады.
Адам дүниетанымының күрделі, қасиет-сипаттарының әр тарапты және терең болуының мән-жайы да онық сөйлеу
әрекетіне, болмысты дыбысты анық тіл арқылы тепе-тең етіп бейнелей алуына байланысты.
145




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет