Алғы сөз Уəли Нұргелді



бет44/58
Дата06.10.2024
өлшемі1,09 Mb.
#146937
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   58
Байланысты:
Қазақ графикасы мен орфографиясының теориялық негіздері

Əліпбидегі əріптердің атаулары. Солардың бірі – Елбасымыз Жарлы- ғымен бекітілген əліпбидегі (19.02.2018) əріптердің атаулары жазу- сызудағы түйінді мəселелердің бірінен саналады. Əріптердің халық- аралық атаулары бар да, халықтық атаулары бар. Біріншісі ғылыми зерт- теулерде қолданылады. Біз Ережеде халықтық атауларға сүйендік. Ха- лықтық атауда, мысалы, б-бы, д-ды, с-сы, т-ты т.б. деп аталады. Басқа
əріптердің аталуы да солай. Бұлай болу себебі тіл дыбыстарының қоғам- дық санадағы бейнесі, ойдан шығарылған нəрсе емес. Г мен к əріптерінің жіңішке түрде берілуі олардың үнемі жіңішке буындарда кездесуіне бай- ланысты, сондықтан бұлардың дыбыстық аталуы кі, гі түрінде берілген.

Бұл жерде тағы да сұраудан-сұрау туындай береді. Неге и əрпінің дыбы- сталуы ій, ал у əрпінің дыбысталуы ұу? Бұлай болуы тілдік санада ды- быстық бейнесінің жіңішке ій түрінде ұғынылуы. Ал у əрпінің ұу болуы жуан буынды сөздердегі дыбыстық образымен байланысты. Сонымен тіл дыбыстарының қоғамдық санадағы бейнесі – олардың моделі іспетті. Бұл
– автоматизм түрінде жұмыс істейтін модель. Бұларды Орфографиялық ереженің негіздемесінде, ереженің өзінде нақтылау міндетті емес. Осын- дай ерекшеліктер болашақта орфографиялық, орфоэпиялық сөздіктерде немесе анықтағыштарда егжей-тегжейлі түсіндірілетін болады.
Орфографиядағы негізгі принциптер. Жаңа емле ережесі фонема- тикалық принципке негізделді. Бірақ осыған келіспеушілердің айтуынша негізгі принцип морфологиялық, енді бір əріптестеріңіз фонетикалық принцип деп атауды жөн көреді. Əдетте морфологиялық принцип де- геніміз – мектеп сөзімен айтқанда, түбір сақтау. Орфографиямен шұғыл- данушылар, фактологиялық материалдарға сүйенеді. Мысалы, қазақ, қазағы деп жазылады, бірақ қазағ деген түбір жоқ, ал қазақы десеңіз, басқа мағына. Тірлік деп жазылады, түбір сақтау үшін тірілік деп жазыл- майды. Сол сияқты тасқын деп жазылады, бірақ түбірі тасы болса да тасықын деп жазылмайды. Егіннің түбірі ек болса да егін болып жазы- лады. Себебі бұл жерде мағына ажырататын дəнекер дыбыстар (бұларды ғылыми сөзде фонема дейді) сөздің орфографиялануына арқау болады. Фонематикалық принцип дегеніміз осы. Ережеде фонематикалық прин- циптің негізге алыну себебі осы айтылғандарға саяды. Ал фонетикалық принцип қалай айтылса, солай жазу; қалай естілсе, солай жазу дегенге сəйкес келеді. Рас, кейде дала, қала, ана, бала, ел-жұрт т.б. жазылуы даусыз сөздердің айтылуына, соған сай жазылуына қарап, фонетикалық жазу екен деуге болмайды. Айталық, қашша деп айтсаңыз не естісеңіз, оның айтылымы да, естілімі де бірдей. Бірақ мағыналары əр басқа. Фоне- матикалық жазу сол əр басқа мағынаны береді: қазша (қаз сияқты), қаш- са (қашатын болса), тағы бір мағынасы қасша (дұшпанша). Осы типтес сөздерді мағына ажырататын дыбыстар бойынша жазу фонематикалық ұстанымға жатады. Түбір сақтап жазу дегеніміз де осы принциптің ая- сына кіреді. Жазу мəдениетіндегі негізгі принципті айқындауда осындай уəж негізге алынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет