Алғы сөз Уəли Нұргелді


Əліпбидегі əріптердің құрамы жəне ұлттық сипаты



бет43/58
Дата06.10.2024
өлшемі1,09 Mb.
#146937
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   58
Байланысты:
Қазақ графикасы мен орфографиясының теориялық негіздері

Əліпбидегі əріптердің құрамы жəне ұлттық сипаты. Əліпбидің ұлттық сипаты оның құрамындағы əріптер арқылы ашылады. Қазіргі ки- рилше жазудағы қазақ тілі үшін функционалдық мəні жоқ 9 əріптен (ц, й, щ, э, ю, я, ь, ъ, ё) арылуы – жаңа əліпбидің ұлттық сипатын танытатын ең басты ерекшелігі. Алдағы уақыттағы атқарылатын əдістеме, түсіндірме, талдау, саралау, жұмыстарының бір саласы əліпби құрамындағы əріп- тердің қызметіне, олардың дыбыстық мағыналарына байланысты. Өйт- кені «А.Байтұрсынұлы 28 əріптен тұратын əліпби жасаған, соны негізге алу керек» деген жаңсақ сөздер масс-медиа хабарларында аз айтылмай жүрген жоқ. Шындығында, олай емес. А. Байтұрсынұлы 19 дауыссыздан, 5 дауыстыдан тұратын, 24 əріпке негізделген əліпби түзді. Жалпы халық тіліндегі 19 дауыссызды жəне 9 дауыстыны дəл бере отырып, оларды сүйеутаяқ (диакритикалық белгі) арқылы 24 əріпке сыйғызып, ең озық əліпби үлгісін жасады. «Дала уалаяты», «Айқап», т.б. ескі қазақ жазба тілі мұраларында кездесетін һ, ф дыбыстарын белгілейтін əріптер төте жазуда ескерілген жоқ. Бірақ, түбінде, һəм, фəни, фазыл тəріздес сөздер- дегі дыбыстарды таңбалайтын əріптерді төте жазу əліпбиіне енгізудің
Жаңа əліпби, жаңа емле
керектігін А.Байтұрсынұлы жоққа шығарған емес. Бұған, бəлкім, Алаш қозғалысының көрнекті қайраткерлерінің бірі – Міржақып Дулатовтың (бүркеншік аты-Азамат Алашұғлы):
«А.Байтұрсыновтың жазу тəртібін ұнатқанымнан басқа қосарым мынау: «Қазақ əліппесіне ф, х-да кірсе екен деймін. Таза қазақ сөзінде болмаса да қазақ тіліне кірген араб, парсы сөздерінде һəм: «Ахмет, Мұ- хамеджан, Фазыл...» деген секілді қазақ аттарында бұл екі хəріп көп ұшырайды. Ф мен х əліппеге кіргенменен жазу тəртібіне қиыншылық келтірмейді. Естілуінде де, жазылуында да бұлардан айыра алмастай ұқсас хəріптер жоқ» деген пікірі себеп болса керек. («Айқап», 1912. №8, 181-185 бб.).
Сонымен, жаңа əліпби құрамындағы əріптерді үш топқа топтастыруға болады.

  1. Жалпыхалықтық тілдің дыбыстық қорындағы мағына ажырататын дыбыстардың дыбыстық мəнін білдіретін əріптер: a, á, e, o, ó, u, ú, y, i (тоғыз дауысты); b, g, ǵ, d, j, z, ı, k, q, l, m, n, ń, p, r, s, sh, t, ý (он тоғыз дауысты) бұлар мағына ажырататын дыбыстық бірліктердің əліпбидегі қатары (парадигмасы).

  2. Ескі қазақ жазба тілінде қолданылған [х], [һ], [ф] дыбыстарын біл- діретін х/һ жəне ф: һəм, қаһарман, хəтта/һəтта, хауіз/ һəуіз, хан/һан; саф ауа, саф көңіл, саф алтын, фазыл, т.б.

  3. Ал жаңа əліпбидегі v (в), ch (ч) əріптері халықаралық терминдер мен атаулардың жазылуын оңтайландыру үшін берілген». Əліпби құра- мын айтқанда тағы бір ескеретін жайт, əліпбидегі 32 əріптің 31-інің бас əрпі жəне кіші əрпі бар, ал ң əрпінің бас əрпі болмайды.

Міне, осы үш топтан тұратын əріптер қазақ тілінің ұлттық жазба тіл қорындағы мағыналық жүктемесі бар дыбыстық бірліктердің таңбасы болып табылады. Əліпбидегі əріптер айтылымдағы кез келген дыбыс реңктерін емес, мағына ажыратуға септігі бар дыбыстық мəнділіктерді білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет