Алғы сөз Уəли Нұргелді


Сингармобуынды сөздердің орфографиялануы



бет45/58
Дата06.10.2024
өлшемі1,09 Mb.
#146937
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   58
Байланысты:
Қазақ графикасы мен орфографиясының теориялық негіздері

Сингармобуынды сөздердің орфографиялануы. Сонымен қатар жаңа емле жазба дəстүрге айналған А.Байтұрсынұлының сингармо- низміне, Халел Досмұхамбетұлы айтқан сингармонизміне сүйенді. Бұл
- сөздердің жуан, жіңішке болып жазылуын негізге алатын езубейімді (лингвалды) дəстүрлі сингармонизм. Мысалы, қойымыздың, қойшымы- зға, үйлерімізге, түйелеріміздің т.б. Ал еріндік сингармонизмді жақта-
Жаңа əліпби, жаңа емле
ушылар əсіресе 90 жылдары қызуқанды айтыстың алаңына айналдырған болатын. Кезінде тəжірибе ретінде ерінбейімді (лабиалды) үндестікті жа- зып көргенімізде оның жазу-сызуымыздың жартысына жуығын қамти- тыны байқалады. Ол айтыстың беті қайтқандай болды. Бірақ қазіргі кезде де ара-тұра айтылып жүр. Егер біз ерінбейімді сингармонизмді ұстансақ, қойұмұздұң, қойшұмұз, үйлөрүмүзгө, түйөлөрүмүздүң т.б. деп жазған болар едік. Алайда жазармандарымыздың қоғамдық санасы бұн- дай «жаңашылдықты» қабылдай қоймасы белгілі. Сондықтан А.Байтұр- сынұлы, Х.Досмұхамбетұлы заманынан келе жатқан езубейімді сингар- монизм базалық норма деп танылды.
Сөздің дыбыстық құрамының орфографиялануы түсіндіруді қа- жет ететін қиындықтардың бірі.
Алдымен айқындап алайық. Сөздің дыбыстық құрамының қатары
«бір дауысты, бір дауыссыз немесе бір дауыссыз, бір дауысты» болып айтылатын алыс, алақан, асыл; терек, дала, жалаң т.б. сөздер де, сөз ішінде қатар келетін дауыссыздары да бар: қарт, алты, орта, арқа, алқа, тіпті үш дауыссыз қатар айтылатын сырттан, жұмыртқа, кесіртке, омыртқа тəрізді ауыр буынды сөздер де бар. Анығы осы.
Ал қиындық үнді мен үнді дыбыстың аралығындағы қысаң ы, і, ұ, ү дауыстыларының орфографиялануы, мысалы, емле ме, еміле ме; мемле- кет пе, мемілекет пе?
Емле əуелден екі, мемлекет үш буынды болып жазылып жүр. Бұлар- ды, еміле деп үш буынға, мемілекет деп төрт буынға айналдыру не үшін қажет? Мəміле, мəлімет, құрылыс, топырақ, жапырақ тəрізді сөздер бірізділікпен дəстүр бойынша үш буынды түрде жазылып жүр.
Ал түбірдегі қысаң дауыстылар туынды түбірде түсіріліп жазылады: опыр > опрық, тірі > тірлік, сарын > сарна, орын > орна, ойын > ойна, бауыр > баурай, қойын > қойнау, үрік > үркек, бұйыр > бұйрық, ұры > ұрлық, ұрла; жиын > жина; жинақ т.б.
Бұл жерде «Бір дауысты, бір дауыссыз» деген формула жүрмейді. Се- бебі екі буынды түбірдің қосымша жалғанғанда үш буынды болып ұзар- май, екі буынды болуы тілдің ішкі табиғатына тəн үнемдеу, ықшамдау заңдылығымен, яғни жалғамалы тілдің буын санын ұзартпай, тілдің өзін- өзі реттеу механизмімен байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет