Алғы сөз Уəли Нұргелді


Қазақ орфографиясының принциптері



бет9/58
Дата06.10.2024
өлшемі1,09 Mb.
#146937
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   58
Байланысты:
Қазақ графикасы мен орфографиясының теориялық негіздері

Қазақ орфографиясының принциптері




Негізгі принцип. Дыбысталған сөздің, əдетте, əртүрлі жазылмауы, сондай-ақ оның əрқилы оқылмауы шарт. Бір сөзді əркім өз бетінше оқып,
Орфография
өз алдына жазатын болса, жазу-сызудың коммуникациялық мəні болмай- ды. Сондықтан дыбысталған сөзді хатқа түсірудің жəне оны сөйлеуде қайта жаңғыртудың жазарман мен оқырманға ортақ негізі болуға тиіс. Жазуда жəне жазылған сөзді жаңғыртуға басшылыққа алынатын негіз ор- фографиялық ұстаным (принцип) деп аталады. Жазу теориясында орфо- графиялық принциптің айқындалған бірнеше түрі бар. Мысалы, Л.В.Зин- дердің көрсетуінше, тілдің жүйесіне лайықталған принциптер уəждемелі (мотивированные), ал тілдің өз бітімінен тысқары принциптер уəжде- месіз (немотивированные) принциптер деп аталады [14, 91 б.]. Уəждемелі принциптерге фонетикалық (фонематикалық), морфематикалық, грам- матикалық принциптер жатады. Ал уəждемесіз принциптерге дəстүрлі, айырмыс (дифференцирующий), транслитерациялық, транскрипциялық, түпнұсқа (цитатный) принциптер жатады. Қазақ тілінің орфографиялық сөздіктерінен, Анықтағыштан (1974) осы аталған принциптер бойынша барлығынан дерлік мысал табуға болады. Əрине, оларға нақты талдау жа- сай отырып, қай сөздің қандай принциппен жазылғанын көрсету, жалпы қазақ орфографиясының принциптерін зерттеудің жеке объектісі етіп алу болашақтағы зерттеулердің бірі болмақ. Ал біздің бұл жердегі мақсаты- мыз – жоғарыда аталғандардың ішінен орфографияда басшылыққа алы- нып жүрген негізгі принципті дəлдей түсу жəне кейбір қосалқы принцип- тердің қолданылу мүмкіндіктері мен себептерін көрсету.
Қазақ жазуының ұстанып отырған қазіргі принципі алдымен жоғары- да аталған принциптердің уəждемелі типіне жататыны еш дау туғызбай- ды. Бірақ осы аталған топқа енетін принциптердің ішінде қазақ орфо- графиясы фонетикалық, я болмаса морфематикалық немесе грамматика- лық принциптердің қайсысын басшылыққа алып отыр (алуға тиіс) деген мəселе даулы болып есептеледі. Бұл жерде зерттеушілердің пайымдаула- ры мен пікірі бір жерден шыға бермейді.
Профессор Құдайберген Жұбановтың қазақ жазуы мен орфографиясы бойынша аса ірі фонетист ғалым ретінде де, халық ағарту саласындағы қоғам қайраткері ретінде де іргелі зерттеулер жазып, практикалық маңыз- ды жұмыстар атқарған ғалым екендігі мəлім.
Ғалымның ғылыми мұрасын өткен күндердің мирасы ретінде қарас- тыру бар да, оның теориялық тұжырымдарына қайта үңіліп, бүгінгі із- деніс зерттеулерге арқау етіп алу бар.
Ғалым мұраларының бір саласы кезінде күн тəртібінде тұрған тіл құрылысы проблемаларын шешіп беріп, зерттеу нəтижелері, ұсыныс- пікірлері тіл практикасында бірте-бірте орныға түскен еңбектер болса, екінші бір саласы – өз кезеңінен озық тұрған теориялық ізденістері мен зерттеулері.

Қазақ тілінің программалары, емле жобалары, алфавит мəселелері т.б. жөнінде зерттеу еңбектерінің қолданбалы мəні зор болды. Ғалым- ның, [ый], [ій] дыбыстарын и жəне [ұу], [үу] дыбыстарын у арқылы бір таңбамен белгілеу жөніндегі Қ.Жұбановтың жазу теориясына негіздел- ген жобасы қазақ орфографиясында бірте-бірте орнығып, 1957 жылғы Ережеде біржола заңдастырылды. Ал ғалымның біріккен сөздер, буын жігі, тарихи фонетика мен этимология, орфография мəселелері т.б. са- ла-сала зерттеулері қазақ тіл білімінің хрестоматиялық беттері деуге бо- лады. Мəселен, жазу нормаларын сөз етсе де, қазақ орфографиясының ғылыми негіздеріне қатысты мəселелерді қарастырса да ғалымның бұл аталған саладағы еңбектеріне зерттеуші тоқталмай өте алмайды. Ғалым- ның жазу, орфография жөніндегі теориялық зерттеулерін бағдарға ала отырып, əлі де басы ашылмаған мəселелерді сөз етуге болады. Солардың бірі – қазақ орфографиясының принципі. Бұл жөнінде де Қ.Жұбанов- тың зерттеулері, айтқан ойлары, сөйлеген сөздері мен ұсыныс-пікірлері қазіргі жазу нормаларының жай-күйін бағдарлауға, емле принциптерінің кейбір уəждемесін (мотивтерін) қайта қарауға ойтүрткі болады. Кезінде проф. Қ.Жұбанов: «Емле негізіне қожа сол тілдің жаратылыс заңы бо- луға керек. Тіліміздің жаратылысына қарасақ, емле дыбыс негізді (фоне- тикалық принцип негізді – Н.У.) болуға керек» деген болатын [22, 81 б.]. Ал соңғы онжылдықтардағы оқулықтар мен зерттеулерге назар аударсақ, қазіргі кездің өзінде қазақ орфографиясындағы жетекші принцип жөнді айқындалмаған деуге болады. Мысалы, кей оқулықтарда: «Қазақ орфо- графиясының негізгі принципі – морфологиялық принцип. Морфология- лық принцип күллі түркі тілдері үшін қолайлы принцип болып санала- ды. Бұлай дейтініміз түркі тілдерінің табиғаты, атап айтқанда, ондағы сөздердің морфологиялық құрылысы жəне олардың түбір тұлғасының сақталу ерекшелігі – осылардың бəрі жазуда морфологиялық прицип ең жанасымды, ең қолайлы деуіміз де осыдан» десе [23], кейбір зерттеулер- де қазақ орфографиясы фонетика-морфологиялық принципке негіздел- ген деп тұжырымдайды.
Міне, осы аталған үш бағытты қазіргі жазу нормасы тұрғысынан қысқаша салыстыра қарауға тура келеді. Алдымен морфологиялық принцип жайында: «…Сөздерге сөз тудырушы аффикстер мен сөз түр- лендіруші аффикстер жалғанғанда, екі сөз бірігіп немесе өзара тіркесіп айтылғанда, сөздер мен сөз тіркестерінің айтылуы өзгеріп, əртүрлі ды- быстық өзгерістерге ұшырайды. Морфологиялық принцип дыбысталу- дағы бұл ерекшеліктерді ескермей, сөз құрамындағы сыңарлардың жеке тұрғандағы қалпын сақтап жазуды басшылыққа алады. Мысалы: басшы (башшы емес), ұшсын (ұшшын емес), сəнқой (сəңқой емес), көрінбейді
Орфография
(көрімбейді емес), қазанғап (қазаңғап емес), əркім (əргім емес), көзқарас
(көзғарас емес), Сарыарқа (Сарарқа емес)» [24].
Осында айтылғандай, морфологиялық прицип бойынша сөздің мор- фемалық құрылымы сақталып жазуға тиіс. Бірақ қазіргі жазу тəжіри- беміздің орныққан нормалары осы талапқа толық жауап бере ала ма? Ал- дымен мынадай топтағы сөздердің жазылуына назар аударсақ, бұлардың морфемалық құрамы өзгеріссіз жазылған деуге болмайды. Мысалы: ақ – ағар (ақар емес), көк – көгер (көкер емес), жақ-жағын (жақын емес), тақ тағын (тақын емес), бақ (бағыл емес), ойын ойна (ойына емес), орын – орна (орына емес), сарын – сарна (сарына емес), сары – сарғай (сарығай емес), қозы – қоздау (қозылау емес); халық – халқы (халығы емес), жоғарғы – (жоғарығы емес), мүлік – мүлкі (мүлігі емес), əріп – əрпі (əрібі емес), қап қабы (қапы емес), сап сабы (сапы емес), көп
көбі (көпі емес). Сондай-ақ морфологиялық принцип бойынша қосым- шалардың бір ғана варианты, мысалы, -лар алынуы керек те, қалғандары (-дар, -дер, -тар, -тер) оның жай ғана дыбыстық өзгерістері ретінде жазу- да еленбеуге тиіс.
Міне, бұл тəрізді сөздердің жазылуын морфологиялық принцип бо- йынша түсіндіруге болмайды жəне қазақ орфографиясындағы жетекші принцип морфологиялық деген тұжырымға шүбəмен қарауға тура келеді. Морфемалық құрамы дыбыстық өзгеріске түскен күйде, яғни фонетика- лық принциппен жазылатын сөздердің саны «түбірі» сақталып жазыла- тын сөздерден аз емес. Осындай себепке байланысты болу керек, соңғы кездегі зерттеулерде қазақ орфографиясы фонетика-морфологиялық принципке негізделген деген пікір орын ала бастады.
Проф. Қ.Жұбанов қазақ жазуы фонетикалық принципті ұстануы керек деген үзілді-кесілді пікірде болды. Ғалымның сондағы сүйенген негізі мен ғылыми дəлелдері қандай? Ғалым мұрасын оқи отырып, осы сұрауға жауап іздесек, экстралингвистикалық жəне таза лингвистикалық екі түр- лі жайтты аңғарамыз. Біріншісі – Қ.Жұбанов – тіл практикасында демо- кратияшыл көзқарасты дəйекті ұстанушы əрі орнықтырушы ғалым. Ға- лымның бұқарашыл платформасы жазу, терминология, емле, орфография- лық принциптер туралы ойлары мен зерттеулерінен айқын танылады.
… Тілдің əліпбиінен бастап, жоғарғы сатысына жеткенше төңкеріс практикасының, ілім-техниканың не бір игілігін сөзбен айтып, ашып бере аларлық дəрежеге жеткізудің өзі де емле мен терминологиядан ау- лақ болмақ емес. Мəдениетті таңдап, жасап шығарушы тап та, оны керек қылушы тап та – еңбекші тап болған соң, емле мен терминологияның қызметі – сол қалың еңбекшінің қолын мəдениетке жеткізу болады да, ондай кезде емле мен терминология мəні əсіресе зор болады.

«…Сонымен, емлені қайта тексергенде, ең алдымен оны қалың елге – еңбекші бұқараға түсінікті, жеңіл қылып шығару жағын ескеру керек» дей келіп [25], «Қазір біз туыс жүйелі морфологиялық емлені қабылда- сақ, бізде де ағылшындардікі жəне басқа елдердікі сияқты дəстүрлі жазу болады» [26], – дейді. Шындығында, морфологиялық принцип бойынша, көпвариантты қосымшалардың бір ғана нұсқасы таңбалануы керек те, қалғандары еленбеуге тиіс. Бұл бағыт, əрине, жазба тілдегі шарттылықты көбейтеді. «Көптік жалғауының қазақша төрт түрі бар. Біз оның бəрін тас- тап, жалғыз «-лар» -ды ұстап қала алмаймыз. Мұнан оқыту жұмысы ауыр- лайды, сауаттану жұмысы қиындайды. Сауаттану жұмысы тезірек жүру үшін жазуда сөз естілуіне жақын болуы керек» [26]. Оппоненттерімен пікірталасында ғалымның мұндай қарапайым мысалға жүгінуінің себебі жоқ емес. Морфологиялық принцип бойынша қосымшалардың қалып- тасқан варианттарын бөле-жарып, бірер нұсқасына артықшылық беру тілдің ғасырлар бойына қалыптасқан шын қалпынан қол үзу болар еді.
Емле ережелері мен принциптерін белгілеуде ғалым тек экстралингвис- тикалық, əлеуметтік факторларға сүйеніп қоймай, таза лингвистикалық дəлелдерге де иек артып отырды. «Жалғауды туыс жүйесімен жазу үшін оның тарихын, бұрын қалай жазылып жүргенін, қысқасы, алғашқы нұсқа- сын білу керек. Жалғаудың қай түрі тұңғыш, қай түрі кенже екенін бұл күн- гі тіл білімі танып біле алмайды. Мəселен, -дар көнерек пе, я -лар ескірек пе, болмаса -тар кəрі ме, оны дəлелдеу мүмкін емес. Тіпті реконструкция- лау əдісімен бұл формалардың архитипін тапқанның өзінде, қазіргі жазу практикасында оның соншалықты үлкен мəнге ие бола қоюы неғайбыл.
Сонымен, Қ.Жұбановтың айтуынша, қазақ тілінің дыбыс жүйесіне сай келетін бірден-бір принцип – фонетикалық принцип. Ал олай болса, фонетикалық принципке қарама-қарсы қойылып, яғни «морфологиялық принцип» деген айдармен таңбаланып жүрген басшы – [башшы], түнгі – [түңгү], көзсіз – [көзсүз] т.б. сөздердің жазылу нормасын қалай түсінеміз? Мұндай топтағы сөздердің саны едəуір жəне өз жүйесі бар. Сондықтан оларды «Ереже ескертусіз болмайды» деген рубрикаға жатқызу тіл шын- дығына сай келмейді. Тегінде, бұл топтағы сөздердің жазылуын фоне- тикалық принципке қарама-қарсы қоюымыздың өзі дұрыс па? Əрине, фонетикалық принципті «қалай естілсе, солай жазылады» деп түсінсек, онда басшы, түнгі, бізсіз т.б. сөздер морфологиялық принципке негіздел- ген деп, фонетикалық принципке қарама-қарсы қоюға болар еді. Бұл жер- де фонетикалық принциптің өзін анықтап алу қажет тəрізді. Қ.Жұбанов
«жазуда сөз естілуіне жақын болу керек» дейді, яғни бұл ұғым «қалай естілсе, солай жазылады» деген формуламен бірдей емес. «Фонетика- лық принцип, дəлірек айтқанда, фонематикалық принцип, əрине, «қалай
Орфография
естілсе, солай жаз» дегенді білдірмейді» [14, 91 б.]. «Фонематический принцип имеет большую объяснительную силу, чем морфологический: понятие фонематический принцип полностью покрывает понятие мор- фологический принцип и сверх того, объясняет те факты, которые не мог- ли быть объяснены в терминах морфологического принципа, а именно, неизбежные отступления от единообразной передачи морфем в случае морфологических чередований» [27. 10 б.].
Шындығында, фонетикалық принципті «қалай естілсе, солай жазыла- ды» деп білу бұл принцип туралы түсінігімізді шатастырып, жазу тəжіри- бесінде оны дұрыс қолдануға кедергі болады. Егер «сөз қалай естілсе, солай жазылады» деген қағидаға сүйенсек, түн деген сөзді түнь, тын деген сөзді тын түрінде жазып, н дыбысының жуан-жіңішкелік қасиетін жеке-жеке таңбалар едік. Немесе сауда сөзі сауда, ал саудагер сөзі сəу- дəгер түрінде жазылар еді. Бірақ бұлай жазу фонетикалық принциптің емес, фонетикалық транскрипцияның міндеті. Қазақ жазуында [н`] мен [н], [т`] мен [т] тəрізді дауыссыздардың жуан-жіңішкелігінің арнайы таңбаланбауы сондықтан. Əрине, жазу мен транскрипция əуелден екі басқа нəрсе. Дыбыс жазуы дыбысталған сөздің айна-қатесіз көшірмесі емес. Оның қызметі алдымен ой мен сезімді жеткізу. Сондықтан дыбыс жазуында фонологиялық жүктемесі жоқ, фонетикалық қоршауға тəуелді небір дыбыс құбылыстары ескерілмейді. Жазу теориясының аса терең білгірі Л.В.Шербаның ертеректе айтқан мынадай пікірі бар: «Многим казалось и кажется, что наше практическое письмо, не обозначая более тонких звуковых нюансов языка, должно считаться неточным. Это на- сколько не отвечает действительному положению вещей, что скорее мож- но было бы поддерживать обратное, т.е. что оно было бы неточным, если бы стремились обозначать все эти нюансы» [28, 19 б.].
Жазу теориясына қатысты бұл мəселеге Қ.Жұбанов дер кезінде на- зар аударған болатын. Дыбыстық қоршауға тəуелді кез келген дыбыстық құбылысты жазуда таңбалай беру, Қ.Жұбанов айтқандай, ультрафонетик бағытқа бой ұру болар еді.
Бірақ мəселенің қиындығы мынада: фонологиялық жүктемесі жоқ немесе ультрафонетик (Қ.Жұбановтың терминологиясы) құбылыстарын фонологиялық мəні бар дыбыс құбылыстарынан қалай ажыратамыз? Фонема теориясы бойынша бір фонеманың бірнеше реңкі болуы ықти- мал, яғни фонетикалық қоршау қанша болса, фонеманың реңкі де сонша болады. Бірақ солардың ішінде фонетикалық қоршауға неғұрлым тəуел- сізі – негізгі реңк. Фонологиялық жазудың ерекшелігі бойынша фоне- малардың негізгі реңкі таңбаланады да, фонетикалық қоршауға тəуелді реңктері ескерілмейді. Мысалы, жұмұсшұ деп жазбай, жұмысшы деп

жазу себебімізді осы тұрғыдан түсіндіруге болады. С/ш алмасуы фоне- тикалық ортаға тəуелді, яғни [с] мен [ш] іргелес келген барлық жағдайда
<с> фонемасы [ш] реңкіне көшеді. Бұл іргелестікте <с>-ның басқа аль- тернациясы болмайды. Осы типтес өзгерістерді шартты түрде жалпы фо- нетикалық алмасу деп атауға болады. Бұл топтағы дыбыс алмасулардың өздеріне тəн белгілері бар.
Жалпы фонетикалық алмасулардың морфемаға қатысы жоқ. Не ол үстеу жасайтын қосымша мен қалау рай тұлғасы болсын немесе шартты райдың жұрнағы болсын, сондай-ақ «жоқтықты» білдіретін аффикс бол- сын, бəрібір, талғампаздық болмайды. Фонема реңктері талғаусыз өзгере береді: құсша – [құшша]; ысшы – [ышшы]; безсе [бессе], бізсіз [біссіз]. Ал кейбір дыбыс өзгерістерінде мұндай қасиет жоқ, мысалы, қ/ғ, к/г, п/б белгілі бір морфемалардың аясында болады: тұрақ – тұрағы, бұлақ – бұлағы, қазақ – қазағы, бірақ қазақы (сын есім); қырық – қырығы (сын есім); бірақ қырқы – зат есім (этнографизм); дарақ – дарағы, бірақ да- рақы (сын есім); тақ –тағыл, бірақ тақыл (зат есім); бақ – бағыл, бірақ бақыл (зат есім); қап – қабы, бірақ қапы қалу; сап – сабы, бірақ еңбек сапында т.б. Белгілі бір морфемалардың аясында болатын мұндай өз- герістерді алдыңғы типтегі алмасулардан бөлектеп, морфонологиялық алмасулар деп атауға болады. Əрине, морфонологиялық алмасулар да фонетикалық алмасу, бірақ бұл алмасулар белгілі бір морфемалардың жүйесінде ғана көрінеді. Мысалы, көптік жалғауының дауыстылар мен
/у/, /й/ сонорларынан соң л /-лар, -лер вариант түрінде болуы осы мор- фемаға қатысты: қала-лар, тау-лар, тай-лар. Тап осы жүйе -лық, -лік аффикстерінде де қайталанады: қала-лық, тай-лық. Бірақ өзге морфема- да, мысалы, септік жалғауында, бұл жүйе басқаша сипат алады: қала-да, тау-да, тай-да.
Жалпы фонетикалық алмасудың морфонологиялық алмасудан тағы бір айырмашылығы бар. Егер орфоэпиялық нормадан əдейі ауытқи отырып, артикуляциялық жақтан əнтек нық айтуға тырыссақ, қосымша реңктегі фонема өзінің негізгі реңкіне көшуге мүмкіндік алады: [башшы] – бас- шы, [кешегелді] – кеше келді т.б. Мектеп мұғалімдері оқыту процесінде, дикторлар радиодан əн тексін үйреткенде, мұндай мүмкіндікті нормадан əдейі ауытқи отырып, ара-тұра пайдаланып отырады. Тіпті сөз мағынасын айқынырақ ажырату үшін кей контексте [к] -ні əнтек нық айтып, фонема- ны негізгі реңкте дыбыстауға тырысамыз: [сексеуүлдүң күлү] – сексеуіл- дің күлі, салыстырыңыз: [сексеуілдің гүлү] – сексеуілдің гүлі.
Ал морфонологиялық алмасулар орфоэпиялық нормадан бұлайша əдейі ауытқуға ырық бермейді. Мысалы, ақ – ағар сөзін «ақар» түрінде дыбыстаудың мəні жоқ.
Орфография
Дыбыстардың жалпы фонетикалық алмасуы мен морфонологиялық алмасуы бір сөздің шенінде де кездесе береді. Мысалы, <қ> фонемасы- ның сөзқолданыста бірнеше реңкі болуы ықтимал:

  1. [қырық] дегендегі [қ] – негізгі реңк;

  2. [қырығы] дегендегі [ғ] – фонетикалық қоршауға біршама тəуелсіз реңк-морфонологиялық алмасу;

  3. [отызғырық] отыз-қырық дегендегі [ғ] – фонетикалық қоршауға тəуелді реңк, жалпы фонетикалық алмасу;



  4. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет