/м/ <м> <мен> [м′j е н], мен
м
/н/ <м> <нан> [нан], нан
н
/н/ <ң> <соң> [с˚уоң], соң
ң
/о/ <о> <он> [уон], он
о
/ө/ <ө> <өн> [уөн˚′], өн
ө
/с/ <с> <сан> [сан], сан
с
/т/ <т> <таң> [таң], таң
т
/ұ/ <ұ> <тұр> [т˚ұ р˚], тұр
ұ
/ү/ <ү> <үн> [үн˚′], үн
ү
/и/
/л/
<ы> + <й>
и
<і> + <й>
и
<ү> + <й>
и
<ұ> + <й>
и
<л>
л
<ы> + <л>
л
<і> + <л>
л
<ұ> + <л>
л
<ү> + <л>
л
<сыйрақ> [ сыйрақ], сирақ
<сійрек> [ с′ійр′j ек′], сирек
<дүрүйа> [ д˚′үр˚′үй′ə], дүрия
<шұқшұйа> [ ш˚ұқ˚ш˚ұйа], шұқшия
<төл> [т′у′өл˚], төл
<ылақ> [ ылақ], лақ
<ілек> [ ілjақ], лек
<ұлоқұлдау> [ ұл˚оқ˚ұл˚дау], лоқұлдау
<үлпүлдеу> [ үл˚′үп˚′үл˚′д˚′еу], үлпілдеу
Дыбыс – фонема – графема – əріп – əліпби
<р>
<ора> [уор˚а], ора
<ырас> [ ырас], рас
/Р/
<ірет> [ ір˚ет], рет
/У/
р
<у>
<үр ұу> [ үр˚ұу], ру
<сау> [сау], сау
<сауұу> [сауұу], сауу
<келүу> [кел′үу′], келу
у
<й> + <ү> + <у>
<ойүу> [уойұу], ою
/ю/
<тұйүу> [т˚′үй′үу], түю
<бүртұйүу> [б˚ұр˚түйұу], бұртию
<бүрсүйүу> [б˚үр˚′с˚′үй′үу], бұрсию
ю
<й> + <а>
/я/
я
<а>
я
<сайа> [ сайа], сая
<жарыйа> [жарыйа], жария
<ыйағыный > [ыйағыный], яғни
<ійəкій > [ій′əк′ій], яки
я
<е>
/е/ <егін> [егін], егін е
<ө>
/ө/ <көгөн> [к˚′өг˚′өн˚′], көгөн ө
<ы>
/ы/ <қыны> [қыны], қыны ы
<ұ>
/ы/ <құнұ> [қ˚үн˚ұ], құны і
<і>
/і/ <іні> [ін˚і], іні і
<ү>
/і/ <үнү> [үн˚′ү], үні і
Дыбыс – фонема – графема – əріп – əліпби
<к>
/х/ <қат> [қат], хат х
<к>
/қ/ <кат> [кат], қал
қ
<к>
/к/ <кел> [к′ел], кел к
<к>
/һ/ <какарман> [қақарман], қақарман һ
<п>
/п/ <патша> [патша], патша п
<п>
/ф/ <пəній> [п′əн′ій], фəни ф
<й>
/й/ <сыи > [сыи], сый й
<и>
/и/ <қыи > [қыи], қи
й
<ш>
/ш/ <шаш > [ш′аш], шаш ш
<ш> + <ш>
/щ/ <ашшы > [ашшы], ащы щ
<г>
/г/ <егін > [ег′ін′], егін г
<г>
/ғ/ <ағын > [ағын], ағын ғ
<б>
/б/ <бал > [бал], бал б
<п>
/б/ <арап > [арап], араб б
Бұл талдаудан графемалардың үш түрлі типі бар екенін көре аламыз:
бір əріп – бір фонеманы белгілейді;
бір əріп бірнеше фонеманы белгілейді. Ал бұлардың тұрақты жəне факультативті түрлері бар;
бірнеше əріп бір фонеманы белгілейді, бұлардың да тұрақты жəне факультативті түрлері бар.
Міне, бұдан қазіргі қазақ жазуы жүйесінің ішкі құрылымын: «дыбыс – фонема – графема – əріп» біршама толық байқауға болады. Осы ішкі құрылымға иек арта отырып, жазу жүйесіне талдау жасау оның жөндей- тін, жетілдіре түсетін тұстарын айқын ашып береді. Тіпті басқа əліпбиге көшкеннің өзінде мұндай талдаудың бұрынғы жазуда кеткен олқылықтар- ды қайталамайтындай тағылымдық мəні де болады.
«Дыбыс – фонема – графема – əріп» деген төрт мүшелі қатынас жазу- дың ішкі құрылымын біршама толық аша түседі. Мұндағы сөз дыбыстары фонемалардың ауызша тілдегі өкілі болса, фонеманың жазба сөздегі өкілі – графема (инвариант), ал графема фонема тəрізді дерексіз единица, бірақ ол нақты əріптер (варианттар) арқылы көрінеді. Ал əріп дегеніміз – «жазуда фонемаларды немесе оның варианттарын белгілейтін белгілі бір əліпбидегі графикалық таңба». Олай болса, бар мəселе алдымен əліпбиге келіп тіреледі.
Графема – əріп – əліпби
Əдетте əліпби «белгілі бір жазуда қолданылатын, белгіленген тəртіп- пен орналасқан əріптердің жиынтығы» деген ұғымды білдіреді. Алайда əліпбидің мəні бұл ұғымда айтылғаннан гөрі əлдеқайда тереңде. Əсіресе
Дыбыс – фонема – графема – əріп – əліпби
«əліпби дегеніміз жазуда қолданылатын əріптердің жиынтығы» дегенге көңіл аударсақ, жазу дегеннің өзі не нəрсе деген сұрауға келіп тірелеміз. Егер «жазу» акустикалық сигналды оптикалық сигналға көшіруге мүм- кіндік беретін кодтың түрі» [14, 42] болса, онда сол кодтың кілті (шифері) болуға тиіс. Сонда кодтың элементтерін əріптер деп түсінсек, кілті – əліпби. Олай болса «əліпби дегеніміз белгілі бір фонемалардың жазудағы өкілі болып табылатын əріптердің жай ғана жиынтығы емес, сонымен қатар сол əріптерден түзілген жазуда оқудың кілті болып табылады. Ал əліпбидегі əріптердің саны, түптеп келгенде, тілдегі фонемалардың саны- на тəуелді болып келеді. Жалпы жазу теориясы бойынша, белгілі бір тіл- дегі фонемалардың саны мен алфавиттегі əріптердің саны идея бойынша дəл келуге тиіс, яғни бір əріп бір фонеманы білдіруге, ал бір фонема бір əріппен таңбалануы қажет. Бірақ ешбір ұлттың жазуында фонемалардың саны мен əліпбидегі əріптердің саны тепе-тең бола бермейді. Мысалы, ағылшын тілінде 46 фонема, əліпбиінде 26 əріп болса, орыс тілінде 41 фонема, əліпбиінде 33 əріп бар. Неміс тілінде 39 фонема, 26 əріп бар.
Бұл жерде жазу типологиясына байланысты байқалатын бір ерек- шелік, қалай болғанда да, «əліпбидегі əріптердің саны тілдегі фонема- лардың санынан артпауға тиіс деген талап айтпаса да өзінен-өзі түсінік- ті, тіпті, керісінше, əліпбидегі əріптің саны фонемалардың санынан аз- ды-көпті кем болуға тиіс» (Зиндер Л.Р.).
Жазу типологиясы бойынша қазақ əліпбиіндегі əріптердің саны, əрине, қазақ тіліндегі фонемалардың санынан артық болмауға тиіс. Ал, керісін- ше, азды-көпті кем түсіп жатса құба-құп. Қазақ əліпбиі дəл осы талапқа сай ма? Қазіргі əліпбиде 42 əріп бар екені белгілі, ал жазу-сызу үшін бұл сан аз ба, əлде көп пе? Міне, бұл мəселе алдымен «қазақ тіліндегі фоне- малардың саны қанша?» деген сұраудың жауабын іздеуге келіп тіреледі.
Бұрын-соңды жазылған оқулықтарда, зерттеулерде қазақ тілінде- гі фонемалардың саны əртүрлі көрсетіліп жүр. Мұның өзі əлі де болса қазақ тіліндегі фонемалардың инвентары жөнінде зерттеушілердің бір тоқтамға келмегенін көрсетеді.
Қазақ тілінің фонемалық инвентарын анықтауда мұндай əркелкілік, біріншіден, қазақ тілінің дыбыстарын фонетикалық ыңғайда, екіншіден, фонологиялық тұрғыда қарастырумен байланысты. Ал фонологиялық тұрғыда қарастырған зерттеулердің өзі, қай фонологиялық мектептің (МФМ, ЛФМ) принципін ұстануына байланысты тілдегі фонемалардың санын əртүрлі көрсетуі ықтимал.
Қазақ тілі фонетикасының фонологияға дейінгі зерттелу тарихы- на шолу жасаған Ж.Малбаевтің зерттеуінде (...) мынадай деректер бар:
«Н.И.Ильминский қазақ тілі дыбыстарын екі топқа жіктеп, дауыстылар-
дың сегіз түрін (а, ä, е, ы, і, о, ө, у, ÿ ), дауыссыздардың он тоғыз түрін (п, б, м, w, т, д, н, ж, з, ш, с, р, л, j, қ, ғ, к, г, н) атап өтеді; В.В.Радлов қазақ вокализмі тоғыз дауыстыдан (а, ä, е, о, ө, ы, і, ұ, ÿ), консанантизм сала- сы жиырма дауыссыздан құрылатынын атап айта келіп, деп таптастыра келіп, w (у) дыбысын жартылай дауысты жəне j (й) сонорының жіңішке түрін дербес дыбыс деп қарайды; П.М.Мелиоранский қазақ вокализмі тоғыз дауыстыдан (а, ä, е, о, о, ы, і, у, ÿ), консонантизм саласы жиырма бір дауыссыз дыбыстан (б, п, м, т, д, н, ж, з, ш, с, р, л, к, г, қ, ғ, ң, й, дж) құралатынын атап өтеді. Мелиоранский де л сонорының жіңішке түрін дербес дыбыс деп қарайды» (Қазақ фонетикасы бойынша этюдтер. Алма- ты, 1989. 5-7 бб.). Проф. Қ.Жұбановтың айтуынша, қазақ тілінде 26 түрлі дыбыс бар. Олар мыналар: а, б, ш, ж, д, е, г, ғ, и, к, л, м, н, ң, қ, р, п, о, с, т, ұ, у, үу, з, ы, ый (Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы, 1966. 170 б.).
Қазақ тілінің фонологиялық жүйесін талдауда дəстүрлі көзқа- растан басқаша бағыт ұстанған теориялық зерттеу Ə.Жүнісбековтің
«Проблемы тюркской словесной просодии и сингармонизм казахско- го слова» деген еңбегі (20). Автор қазақ тілінде тоғыз сингармодауыс- ты, он жеті сингармодауыссыз бар деп көрсетеді.
Олар: [а], [ə], [е], [о], [ө], [ы], [і], [ү], [ұ] сингармодауыстылар (36-б.) жəне [б], [г-ғ], [д], [ж], [з], [і], [к-қ], [л], [м], [н], [ң], [п], [р], [с], [т], [у], [ш] сингармодауыссыздары (43-б.). Ал [к], [қ] дыбыстарын зерттеуші қа- таң жуыспалы тіл ортасы дауыссыздарының тепе-тең варианттары деп қарайды, ғ, г əріптерімен таңбаланып жүрген [г], [ғ] дыбыстары да осы тəрізді. Бұл жөнінде қазақ тілінің дауыссыздарын фонологиялық ыңғай- да қарастырушылардың пікірі бір жерден шығып жатады. Мəселен, қ-ғ, к-г дыбыстары жеке фонемаларға жата ма, екеуі архифонема – гиперфо- неманы құрай ма? Еңбектерде бұлар дербес фонемаларға жатқызылып жүр. Шынында, қосымша дистрибуция əдісін қолдансақ, олар жеке-жеке фонема болып есептелмейді».
Сондай-ақ Жүнісбеков Ə. [х], [һ] дыбыстары қазақ тілінің төлтума да- уыссыздарының қатарына жасанды түрде жатқызылып жүр деп біледі. [х] – [к – һ] қазақ консонантизм жүйесінде оппозиция құра алмайды, егер мұндай оппозиция бар болса, орыс тілінен ертеректе енген қамыт [хомут] хамыт түрінде жазылуы (айтылуы) керек еді деген уəж айтады. Сөйтіп, «Безусловно, [х] как интервокальный ассимилятивный вариант [к – һ] в казахском языке существует» (42-б.) деп пікір түйеді, зерттеу- шінің [һ] дыбысы жөнінде айтқан мына пікіріне де қосылуға болады: «В непринужденной живой речи носителей языка этот звук вообще не встре- чается, и лищь написанный текст понуждает интеллигенцию (дикторов,
Дыбыс – фонема – графема – əріп – əліпби
артистов, учителей) произносить его. Однако его произношение требует сознательный, заранее подготовленной артикуляции, из-за которой оно лишено автоматизма в речи. У рядового носителя звук, обозначенный этой буквой, реализуется в виде щеловых позиционно-комбинаторных вариантов [к – һ], [қ - х] қаһарман (кахарман) «отважный» [16, 19 б.].
Зерттеушінің бұл дəлелдері мен айтқандырына қосыла отырып, үшін төрт əуез (тембр) бойынша бұлардың фонемалық статусын тиянақтай тү- суге болатын тəрізді.
Қазақтың төл сөзінде қолданылатын əрбір дауыссыз инварианттың [у]-дан басқа, қай-қайсы болмасын төрт түрлі əуезбен айтатын вариант- тары жəне тоғыз реңкі болады:
[қ] [қа] қаз
[қы] қыз
[к˚] [қо] қоз
[құ] құз
<к>
<д>
[к′] [кі] кісі
[ке] кесе
[кə] кəсіп
[к˚′] [кө] көз
[кү] күз
[д] [да] дал
[ды] дым
[д˚] [до] долы
[дұ] дұрыс
[д′] [ді] келді [де] дем [дə] дəн
[д˚′] [дө] дөп
[дү] дүрмек
Ал [х], [һ] дауыссыздары жоғарыда айтылған дауыссыздарындай төрт əуезбен тоғыз түрлі реңкте түрлене алмайды.
<х>
[х] [ха] халық
[хы] ––––––
[х˚] [хо] –––––
[хұ] –––––
[х′] [хі] ––––
[хе] ––––
[хə] ––––
[х˚′] [хө] ––––
[хү] ––––
<һ>
[һ] [һа] қаһарман
[һы] ––––––
[һ˚] [һо] –––––
[һұ] –––––
[һ′] [һі] ––––
[һе] ––––
[һə] ––––
[һ˚′] [һө] ––––
[һү] ––––
[х], [һ] дыбыстары тек халық, қаһарман тəрізді бірер сөзде жұмсалып, онда да спонтанды түрде емес, тек бір ғана əуезде [х] = [ха] = [һ] = [һа] айтылады. Қазақ тілінің төл сөздеріндегі он жеті дауыссыздың артику- ляциясы базасы («ойнақы» болып келеді, олардың тоғыз ([у] бес) түрлі
Дыбыс – фонема – графема – əріп – əліпби
реңкте айтылуы да сондықтан, ал [х], [һ] дыбыстарының тек бір ғана реңк- те болып, оппозиция құра алмауы олардың əлі де фонемалық кезеңге өт- пегенін көрсетеді. Сондықтан бұл дыбыстарды /к/ фонема-инварианттың варианттары деп тануға тура келеді.
Сонымен, қазақ тілінің фонологиялық жүйесінде тоғыз дауысты <а>,
<ə>, <ы>, <і>, <е>, <о>, <ө>, <ұ>, <ү> жəне он жеті дауссыз: <б>, <г>,
<д>, <ж>, <з>, <и>, <к>, <л>, <м>, <н>, <ң>, <п>, <р>, <с>, <т>, <у>,
<ш> фонема-инвариант бар. Ал қазақ əліпбиінде қырық екі əріп бар: а, ə, б, в, г, ғ, д, е, ё, ж, з, и, й, к, қ, л, м, н, ң, о, ө, п, р, с, т, у, ұ, ү, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ, ң, ы, і, ь, э, ю, я. Басқа тілдердің жазуында əріп саны фонемалардың санынан əлдеқайда кем. Салыстырыңыз: ағылшын жазуында 26 əріп, 46 фонема, орыс жазуында 33 əріп, 41 фонема, неміс жазуында 26 əріп, 39 фонема, ал қазақ жазуында, керісінше, 42 əріп, 26 фонема.
Ағылшын, неміс, орыс мектептерінің оқушылары 26-33 əріптің төңірегінде сауат ашып, қара таныса, қазақ оқушылары қара тану үшін 42 əріпті үйренеді. Бұдан қазақ мектебі оқушылары мен мұғалімдерінің тек сауат ашуда қаншама уақыт пен күш-жігер жұмсайтынын ойша шамалауға болады.
Қазақ əліпбиінде фонема мен əріптің сандық қатынасы 26:42. Жазу теориясында: «Число букв в алфавите не должно превышать число фонем. Это само собой разумеющееся требование: желательно же, чтобы оно было меньше» [14, 108 б.] делінеді.
Қазақ əліпбиіндегі 42 əріптің ішінде, төл сөздерді жазуда жұмсалмай- тын в,ё, ф, ц, ч, ь, ъ, э тəрізді əріптерді есептемегенде, əріптердің саны отыз төрт екен (а, ə, б, г, ғ, д, е, ж, з, и, й, к, қ, л, м, н, ң, о, ө, п, р, с, т, у, ұ, ү, х, һ, ш, щ, ы, і, ю, я.). Осының өзінде əріп пен фонеманың сандық қа- тынасы 34:26 болып шығады. Мұндай алшақ сəйкессіздіктің өзі, түптеп келгенде, қазақ əліпбиінде басы артық əріптер шамадан тыс көп емес пе деген күмəн тудырады.
Қазіргі əліпбидегі үйлесіміз көрінетін тағы бір жайт – құрамының бірыңғай еместігі. Мысалы, қазіргі əліпбидегі əріптерді шартты түрде екі топқа бөлуге болады: бірі – шеттілдік сөздерді жазу үшін қолданылатын əріптер тобы (в, ф, ц, ь, ъ, э), екіншісі – төл сөздерімізді жазуда жұмса- лынатын əріптер. Тегінде, жазу-сызу дəстүрі ежелден келе жатқан ағыл- шын, неміс, француз, араб т.б. тілдердің əліпбиінде шеттілдік сөздерді жазу үшін əліпбиде арнайы алынған əріптер тобы болмайтын көрінеді. Олар əліпбиге сəйкес келмейтін шеттілдік сөздерді жазуда əріп тіркес- терін, графикалық контекст, əріптердің əртүрлі тіркестері мен комбина- цияларын пайдаланады. Мұндай тəсілді, арнайы əріптер тобын əліпбиге алмай-ақ, қазақ жазуында да қолдануға болар еді.
Біз бұл жерде, өзінен-өзі түсінікті болса да, негізінен шеттілдік сөз- дерді хатқа түсіру үшін əліпбиге арнайы əріптерді (в, ф, ц, ь, ъ, э) енгізу- дің қажет еместігіне, оның біркелкі əріптерден түзілуіне тоқталдық. Өйт- кені мəселенің түйіні, түптеп келгенде, алдымен əліпбидегі əріптердің дұрыс түзілуіне, ондағы таңбалардың тілдің дыбыстық құрылымына сай болуына келіп тіреледі.
Енді арнайы сөз етуді қажет ететін əліпбидегі тағы бір өзекті мəселе –
қазақтың төл сөздерін жазуда жұмсалатын əріптердің қызметі.
Бұл жерде теория мен практикада алдымен байқалатын алшақтық бір фонеманың əліпбиде төрт түрлі таңбамен берілуі: <к>: к, қ, х, һ (кеше, қашан, қалық, қаһарман). Ал, шындығында, <к> фонемасын əліпбиде бір ғана таңбамен (к) белгілеп, бұл сөздерді кеше, қашан, қалық, қақар- ман түрінде, ал <г> фонемасы үшін əліпбиде алынған г, ғ-ның орнына бір ғана таңба (г) алып, мысалы, гүл, ғарыш тəрізді сөздерді гүл, гарыш түрінде жазуға болар еді.
Бұл арада графикалық контекстің үлкен мəні бар: көршілес дауысты жазылған сөздің жуан не жіңішке əуезбен айтылатынын байқатып тұра- ды. Сондай-ақ <и> фонемасы əліпбиде й, и əріптерімен таңбаланады: кейін, киін [к′ій′ін′], ал, дұрысында, бұл фонема үшін бір ғана таңба алып, кейін, кіиін түрінде жазуға əбден-ақ болады. Өйткені дəл осыған ұқсас дауыссыз <у> фонемасы үшін əліпбиде екі таңба У жəне Ў алынбай, бір ғана таңба берілген: тау, ту [тұу].
Тағы бір атап айтпауға болмайтын Жайттың бірі – əліпбиде <и>,
<а> фонемалары үшін и, а əріптері бола тұра, қосымша я таңбасының, дəл осы тəрізді <и>, <ұ>, <у> фонемалары үшін и, ұ, у əріптері бола тұра қосымша ю таңбасының алынуы əліпидегі басы артық таңбаларды кө- бейту болып табылады. Əліпбиде <ш> фонемасын белгілейтін ш əрпі бар, осыған қарамастан қосымша щ таңбасын алу қисынды болып көрін- бейді. Ащы, тұщы, кеще тəрізді сөздерді ашшы, тұшшы, кешше түрінде жазуға да болар еді.
Сонымен, жоғарыда айтылғандарды жинақтай келгенде теориялық тұрғыдан х, һ, й, щ, ю, я таңбаларын əліпбиге кіргізудің пəлендей дерлік графикалық мəні жоқ деуге болады.
Енді əліпбидегі əріптердің нақты қолданысын «дыбыс» «фонема» –
«фонема – графема» – «графема – əріп» – «əріп – əліпби» тəртібі бойын- ша қуалай қарастырсақ, кейбір графемалардың инициал, медиал, финал- дық позицияда факультативті вариант түрінде қолданылатынын байқауға болады:
<б> фонема – /г/ графема <б> фонема біз, бала
б əріп
Дыбыс – фонема – графема – əріп – əліпби
Осы графеманың факультативті варианты:
<п> фонема – /б/графема <п> фонема [арап] араб
б əріп [бап] баб
Финалдық позицияда /б/ графемасының <п> фонемасын білдіруі жүйелі емес, факультативті болып келеді. Ал бұлай жазу емледегі шарт- тылықты көбейтеді жəне ондай сөздердің саны артқан сайын жазудағы автоматизмді əлсіретіп, қандай сөздердің финалында б жазылатынын есте сақтауға тура келеді, санаға күш түсіреді. Жазу теориясында «Един- ственным универсальным и притом конкретным требованием является то, что графема не должна иметь факультативных вариантов» [14] деген қағида бар. Инициал позицияда қолданылатын /Л/ графемасы жөнінде де осыны айтуға тура келеді: лек, лекер, лек-лек, іле, ілескізу, іле-шала т.б.
<л>
/л/ лек, лекер, лек-лек
л
/л/-дың факультативті варианты:
<і>+ <л>
/л/ іле, іліскізу, іле-шала
л
Графемалардың факультативті варианттарынан екшей келгенде, жа- зу-сызуымыз артық-ауыс таңбалардан арылып, біршама ықшамдала түсетінін байқауға болады. Бірақ, түптеп келгенде, əліпби жазуымыз, мықтағанда, фонологиялық транскрипцияның қайталамасы (аналогы) болып шығады. Ал мұндай жазу жүйесі графикалық лингвистикада аса бір үлгілі жүйе деп танылмайды. Бұл жөнінде зерттеушілердің мына бір пікіріне ден қоюға болады: «Нельзя рассматривать, например, фо- немную транскрипция как наилучший алфавит. Фонемная транскрип- ция и алфавитное письмо служат различным целям: первая использует- ся в лингвистическом анализе и в лингводидактике, а второе служит для целей коммуникации» [17, 64 б.].
«Хотя буквенное письмо имеет целью передачу звукового облика слов (разумеется, в его фонемной интерпретации), отдельная буква алфави- та не должна соответствовать одной фонеме, т.е. число букв не должна быть равно числу фонем соответствующеге языка. Этим отличается от транскрипционной системы, в которой каждой фонеме отводится опре- деленный знак, а каждый знак определенной фонеме, т.е. соответствие
между ними однозначно. Законы сочетаемости фонем, присущие каждо- му языку и специфические для каждого языка, дают возможность путем различной комбинации одних и тех же букв передавать сочетания разных фонем» [14, 67 б.].
Жоғарыда зерттеуші айтқандай, фонемалардың тіркесу заңдылығын еске ала отырып, дыбыстық тілдегі фонемалар мен əліпбидегі əріптердің сандық қатынасын (26:26) үйлестіре келе, əліпбидегі əріп санын əліде болса, бірер таңба көлемінде ықшамдай түсудің мүмкіндігі бар тəрізді. Мысалы, фонемалардың тіркесу қабілетіне сүйене отырып, <ң> фоне- масы үшін əліпбиде арнайы ң таңбасын алмай-ақ, бұл дыбысты нг əріп- терінің тіркесімен де беруге болады. Мысалы: танг, [таң], анг [ан] т.б. дейтін пікірде бар. Осының өзінде жазуымыз негізінен фонологиялық транскрипция жүйесінің қайталамасы болып шығады.
Бұлай болғанда əліпбиіміз фонологиялық транскрипцияның таңбала- ры болып шығады: <а>, А, <ə> Ə, <б> Б, <г> Г, <д> Д, <е> Е, <ж> Ж, <з> З, <и> И, <к> К, <л> Л, <м> М, <н> Н: арнайы таңбаланбайды, əріптердің тіркесімен беріледі <о> О, <ө> Ө, <п> П, <р> Р, <с> С, <т> Т, <у> У, <ұ> Ұ, <ү> Ү, <ш> Ш, <ы> Ы, <і> І (26:25).
Əрине, бұл түзілімге енгізілмей отырған ё, я, щ, э, ь, ъ жəне й тəрізді əріптердің орыс жазуында фонемалық мəні мен қызметі ерекше. Бұл əріптер арқылы орыс əліпби жазуына 15 таңбаға дейін үнемделеді екен. Мысалы, я əрпі өзінің алдындағы дауыссыздың жіңішке фонема екенін білдіріп қана қоймайды, сонымен бірге <а> фонемасының позициялық вариациясын да [ả] танытады. Осындай тəсілдер арқылы орыс жазуын- дағы əріптер тек фонемалық мəнді емес, дыбыстық мəнді де білдіреді. Əріптердің фонемалық мəні мен дыбыстық мəні біте қайнасқан түрде болады. Орыс жазуының жетістігі де осында.
Ал қазақ жазуында қолданылып жүрген я, ю əріптерінің кей позиция- да бір-үш таңбаға дейін үнемдейтін жағдайы болмаса, орыс жазуындағы- дай фонологиялық қызметі немесе дыбыстық мəні жоқ (əліпбидегі й, а, й, ү, у –лардың қайталамасы).
Сондай-ақ қазіргі біздің жазуымызда қолданылып жүрген қайсыбір əріптер кей позицияда өзінің фонемалық мəнінде жұмсалса, дыбыстық мəнінен ажырап қалып жатады. Мысалы, көген, дүйім, ұлым дегендегі е, і, ы əріптері фонемалық мəнде жұмсалып тұрғанмен дыбыстық мəні басқа. Кейбір зерттеушілер мұндай позицияда əріпті дыбыстық мəніне қарай «еріндікті екінші, үшінші буынға дейін жазған жөн» деп біледі [18, 30 б.].
Əрине, мұндай пікірді фонологтердің біразы құптай түсері сөзсіз. Бұл жөнінде 70-жылдардың басында фонологиялық тұрғыда пікір айтып,
Дыбыс – фонема – графема – əріп – əліпби
мəселе көтергендер болды. Өйткені бұл жерде əріпті дыбыстық мəніне қарай жазғанмен, фонемалық мəні сақталмайды. Сондай-ақ əріптерді бірыңғай дыбыстық мəніне қарай белгілесек, онда басшы, бізсіз, көз жі- бер дегендерді башшы, біссіз, көжжүбөр деп жазуға тура келер еді. Бұл қазақ əліпбиі мен орфографиясының аса даулы мəселелері болып табы- лады.
Əдетте фонемалардың инвентарын анықтап алғаннан кейін, əр фо- неманы бір-бір таңбамен белгілеп, əліпби түзу пəлендей дерлік қиын емес. Мəселенің күрделілігі мынада: белгілі бір əріппен фонеманы бей- нелей отырып, оның əртүрлі позициялық реңкіне сол əріпті үйлестіре алатындай (мысалы, орыс жазуындағыдай) əліпби түзу – қиынның қиы- ны.
Бұл арада əліпбиге байланысты талдауымызды осымен де аяқтауға болар еді. Бірақ тағы бір мəселенің басын аша кету қажеттігі байқалып тұрады. Қазақ жазуы, жұртшылыққа мəлім, дүниежүзіне аса кең тараған жəне ғасырлар бойы қызмет етіп келе жатқан үш əліпбидің екеуін (араб, латын) басынан өткізіп, үшіншісін (орыс əліпбиін) қолданып келеді. Біз осы аталған əліпбиге негізделген жазу-сызуымыздың жүйесін құрылым- дық (структуралық) тұрғыда шама-шарқымызша талдаудың елегінен өт- кіздік.
Сөйте отырып, əліпбидегі басы артық-ау дейтін əріптерді жəне əріп- тердің нақты қолданысындағы кейбір қайшылықтар мен даулы мəселе- лерді байқадық. Мұның өзі ендігі жерде бір кездерде қолданылған араб нұсқалы əліпбидің (А.Байтұрсынов), латын əліпбиінің, сондай-ақ олар- дың ешқайсысына ұқсамайтын əліпби жобасының (Ə.Жүнісбеков) қазір- гіден артық немесе олқы түсіп жатқан тұстары бар ма деген сұраудың төңірегінде қысқа да болса өз пікірімізді айтуға мүмкіндік береді. Өйт- кені бір зат құбылысты екіншісімен салыстырғанда барып, айырмасы байқалып тұрады.
Жалпы тіл білімінде тұңғыш фонологтар деп əдетте əліпби түзушілерді айтады (кейде олардың фонологиялық зерттеу жазуы шарт емес). Олай болса, қазақ тіл біліміндегі алғаш фонологтар – Ахмет Байтұрсынов, Құдайберген Жұбанов. А.Байтұрсыновтың қазақ тілінің дыбыстары жөнінде фонологиялық көзқарасы алдымен өзі түзген əліп- биден көрінеді (Байтұрсынов А. Тіл тағылымы, 324-329 бб.). «қазақ тілінде 24 түрлі дыбыс бар. Оның бесеуі дауысты, он жетісі дауыссыз. Дауысты дыбыстар: …/а/, …/о/, …/ұ/, … /ы/ … /е/. Дауыссыздар мына- лар: … /б/, …/п/, …/т/, … /ж/, … /ш/, … /д/, … /р/, …/з/, … /с/, … /ғ/,
…/қ/, …/к/, …/г/, …/н/, …/л/, …/м/, … /н/. Жарты дауысты дыбыстар:
шолақ … /у/, һəм шолақ … /й/ [19]. Бұл түзілімде қазақ дауыссыздары- ның инвентарына жəне оларды таңбалайтын əріптерге байланысты аса бір елеулі айырма жоқ, əйтсе де [х], [һ] тəрізді дыбыстарды ғалымның дауыссыздар жүйесіне енгізбегені көрініп тұр. Ал ең басты ерекшелік дауыстыларға байланысты екені бірден байқалады. Біздің ойымызша, А.Байтұрсынов көрсетіп отырған қазақ дауыстыларының жүйесін фо- нологиядағы «инвариант-вариант» қисыны бойынша негізінен былай- ша түсінуге болады.
Қазақ тілінің дауыстылар жүйесінде бес инвариант-фонема бар. Осы инвариант-фонемалардың нақты қолданыста əрқайсының, е-ден басқа- сының, жуан жəне жіңішке əуезбен (тембрмен) түрленіп отыратын екі варианты бар:
инвариант – фонема <а> вариант [а] ақ
вариант [ə] əк
инвариант-фонема <о> вариант [о] оқ
вариант [ө] өк
инвариант-фонема <ұ> вариант [ұ] ұқ
вариант [ү] үк
инвариант-фонема <ы> вариант [ы] ық
вариант [і] тік
инвариант-фонема <е> – е ек
Əдетте [а] мен [ə] варианттарын бір инвариант-фонема деп тану үшін олардың өзара ортақ белгілері болуы шарт. Ол – екі варианттың да ашық, езулік болуы; ал осы екеуін екі түрлі вариант деп тану үшін олардың ортақ белгісінен басқа айырмасы да болу керек. Ол – бірінің жуан [а], екіншісінің жіңішке [ə′] əуезде айтылуы. <о>, <ұ>, <ы> инвариант- фонемалары жайында да осыны айтуға болады. Бұл – бір. Екінші, варианттар парадигмалық қатынаста болады, яғни «екінің бірі» принципі бойынша сөзде не [а] варианты, не [ə′] варианты қолданылуы шарт. Ал инварианттар синтагмалық қатынаста болады, ал бұл қатынас «жəне … жəне» принципі бойынша жүзеге асады.
Бұл айтылған дауыстылар жүйесі (варианттар) мен синтагмалық
(инварианттар) қатынасын былайша көрсетуге болады: парадигма
Дыбыс – фонема – графема – əріп – əліпби
Синтагмалық қатынас бойынша бір сөздің шенінде [а], [о], [ұ], [ы] дауыстылары қолданыла береді: ақын, Отан, ұлы, қызы; [ə], [ө], [ү], [і], [е] дауыстылары да осы тəрізді: əні, өнері, үні, елі т.б. Бұдан байқайтынымыз бір инварианттың варианттары синтагмалық қатынасқа түспейді немесе олар бір сөздің шенінде ұшырамауға тиіс. Қысқасы, А.Байтұрсыновтың
«бес дауысты» жүйесін, біздіңше, осылай түсінуге болады. «Бес дауысты» жүйесімен əліпби түзе келіп, Байтұрсынов бес инвариант фонеманың əрқайсысын бір-бір əріппен белгілейді. Сөйте отырып, əлгі əріптер арқылы жазуда əр фонеманың екі түрлі əуезін (жуан, жіңішке) сол фонеманың таңбасына «сыйғызып» береді. Сөйтіп, инварианттардың варианттары үшін бас-басына əріп алмай-ақ, дəйекші арқылы жуан немесе жіңішке (дəйекші болмауы жуан оқуды, дəйекші болуы жіңішке оқуды) əуезде оқылатындай жазу жүйесін жасайды. Сонымен, А.Байтұрсынов əліпби жүйесінің, түптеп келгенде, қазіргіден өзгешелігі əріптердің фонемалық мəнді бере отырып, дыбыстық мəнді де (жуан-жіңішке əуезін) білдіріп, біте қайнасып тұрған ішкі құрылымдық ерекшелігінде.
«Біте қайнасқан» бұл ерекшелік қазақ тілінің сингармонизм жүйесімен ерекше үйлесім табады: «Тəнді жан қандай билесе, дауысты дыбыстар басқа дыбыстарды солай билейді: яғни дауысты дыбыстар жуан айтылса, дауыссыз я жарты дауысты дыбыстар да жуан айтылады. Дауысты дыбыстар жіңішке айтылса, басқа дыбыстар да жіңішке айтылады. Бұлай болғанда дауысты дыбыстардың жуан-жіңішке айтылмағын белгілеп отырсақ, басқа дыбыстардың да жуан-жіңішке айтылатындығы да айырылғаны» (А.Байтұрсынов, Тіл тағылымы, 325-б.).
А.Байтұрсынов түзген əліпбидегі жүйені қатаң ұстана отырып, тек бірер дауыссызды ықшамдап алатын болсақ (қ, к, ғ, г-лердің орнына к, г-ні ғана алып), бұл əліпбидегі фонемалар мен əріптердің сандық қатынасы 26 (фонема): 22 (əріп) болып шығады. Мұндай қатынас
«əліпбидегі əріптің саны фонеманың санынан аз-кем төмен болуға тиіс» деген жазудың жалпы шартымен үйлесіп жатады.
Əліпби жəне жазу-сызуға тікелей қатысты болған соң, Ə.Жүнісбеков түзген сингармоəліпбиіне қысқа да болса арнайы тоқтала кету керек. Жүнісбековтің зерттеуінде («Проблемы тюркской словесной просодии и сингармонизм казахского слова») сингармонизм құбылысының дəстүрлі сипаттаудан түбегейлі өзгерісі бар. Сингармонизм, ғалымның концепциясы бойынша, дауыстылар мен дауыссыздардың ықпалдасып, бір-бірінен мүлде ажырамастай ортақ төрт əуезбен (тембрмен) айты- луы. Дауыстылар мен дауыссыздардың өз алдына дербес тембрі болмай- ды немесе бірінің тембрі басыңқы (дауыстынікі), бірінікі бағыныңқы (дауыссыздікі) болмай, тепе-тең дəрежеде ықпалдасады. А.Байтұрсынов-
тың сөзімен айтқанда, «дауыссыздар мен дауыстылардың бірлігі тəн мен жанның бірлігі» тəрізді. Мұндай тембр, зерттеуші көрсеткендей, əдеттегі фонетикалық тембрден (эмоционалды-экспрессивті, политембрлерден) мүлде бөлек сингармотембр деп аталады. Сингармотембрлер морфема- ның, сөздің дыбыстық құндағын құрайды əрі тілдің мағыналық единицала- рын бір-бірінен ажыратып тұрады. Басқаша айтқанда, фонологиялық қыз- мет атқарады. Сөйтіп, сингармонизмнің, зерттеушінің пайымдауынша, лингвистикалық мəні, түптеп келгенде, фонологиялық қызмет атқаруы- на саяды. Алдымен зерттеуші күллі дауыстылар жүйесінен үш сингармо- типті анықтап алады. Олар: ашық, қысаң, дифтонг дауыстылар. Түсіну- ге ыңғайлы болу үшін бұл үш сингармотипті біз шартты түрде үш «инва- риантфонема» деп алдық. Əр вариант-фонеманың сөзқолданысымызда бірнеше варианттары болады:
ашық дауысты инвариант вариант [а]
вариант [ə]
вариант [ы]
қысаң дауысты инвариант вариант [і] вариант [ұ] вариант [ү]
вариант [е]
дифтонг инвариант вариант [о]
вариант [ө]
Бұл жерде [а], [ə] варианттарының бір типке, класқа жататын ортақ белгісі ашық жəне езулік болып келуі, солай бола тұра бір-бірінен айырмасы жуан жəне жіңішкелік қасиетінде.
Ал екінші топтағы [ы], [і], [ұ], [ү] варианттарының бір типке, класқа (инвариантқа) жататын ортақ белгісі бəрінің де қысаң болуы, солай бола тұра, вариант есебінде бір-бірінен айырмасы жуан, жіңішке, еріндік, езулік түрленуінде.
Үшінші топтағы [е], [о], [ө] варианттардың бір типке, класқа (инвариантқа) жататын ортақ белгісі дифтонг түрінде болуы, солай бола тұра вариант есебінде бір-бірінен айырмасы олардың жуан-жіңішке, еріндік-езулік болу ерекшелігімен байланысты.
Сонымен, үш инвариант-фонема сөзде тоғыз түрлі вариантқа дейін түрленеді. Ал дауыссыздар жүйесі он жеті инвариант-фонемалардан түзіледі: б, г, д, ж, з, и, к, л, м, н, ң, п, р, с, т, у, ш. Зерттеуші түзген дауыссыздардың жүйесі дəстүрлі филологиялық ұстаныммен бірдей. Айырма, түптеп келгенде, дауыстылардың типтері мен түрлерінде
Дыбыс – фонема – графема – əріп – əліпби
болып шығады. Сөйтіп, Ə.Жүнісбеков қазақ дауыстыларының осы жүйесін бейнелейтін жазу системасын ұсынады. Автор алдымен он жеті инвариант-фонеманы бір-бір таңбамен (сингармоəріппен) белгілейді. Ал осы он жеті инвариант-фонемалардың төрт тембрмен (жуан, жіңішке, еріндік, езулік болып) айтылып, сөз құрауын дауыстыларды белгілейтін (əр дауыстыға бас-басына) арнайы таңба алмай-ақ, дауыссыздарға қосылатын дəйекешінің əртүрлі орналасу ыңғайымен беріп отырады [20, 51-53 бб.]. Автор осы құрылымдық жүйенің лингводидактикалық моделін жасады.
Сөйтіп, күллі қазақ сөзін осы тəсілмен жазып шығуға болады. Бұл жазудың, түптеп келгенде, мəні мынада: белгілі бір əріп жазуда дауыссызды таңбалай отырып, оны төрт түрлі тембрмен қоса бейнелейді. Ал А.Байтұрсыновтың «бес дауыстыға» құрылған жазуындағы əріп белгілі бір фонеманы таңбалай отырып, оның жуан-жіңішке екі тембрін қоса бейнелейді. Сондай-ақ «бес дауыстыны» арқау еткен жазудағы дəйекші сөздің қандай тембрде айтылуына «дирижер» болып тұрады. Ал үш дауыстыны арқау еткен бұл жазудағы дəйекші буынның қандай тембрмен айтылуына «дирижер» болып тұрады. Ал осы екі жазудың ортақ қасиеті олардың ішкі құрылымында: əріптер сөзді, морфеманы құрап жəне ажыратып тұратын дыбыстарды белгілей отырып, оларды өзінің құндылығында қоса бейнелейді.
Үш дауыстыға негізделген жазудағы əріптер мен тілдегі инвариант фонемалардың сандық қатынасы жалпы əліпбиге қойылатын талаппен де үйлесіп жатады (фонемалардың санынан əліпбидегі əріптің саны аз-кем төмен болуға тиіс). Мысалы, автордың сингармофонологиялық зерттеуінде 3 дауысты, 17 дауыссыз инвариант-фонема бар, ал əліпбидегі əріптің саны 17. Сонда фонема мен əліпбидегі əріптің сандық қатынасы 20:17. Бұл қатынасты дəстүрлі фонологиялық жүйемен көрсетсек, 26 инвариант фонема: 17 əріп болып шығады. Сондай-ақ бұл əліпбидің үнемділік жағын да айта кетуге болады. Мысалы, қазіргі əліпбиде 100 таңбамен жазылатын сөз сингарможазуда 60-қа жуық таңбамен беріледі (үнемділігі 40/-тай).
1940 жылға дейінгі қолданылған латын жазуы жүйесі мен əліпбиі, əріптердің азын-аулақ ықшамдылығы, болмаса, осы күнгі жазу жүйемізден пəлендей принципті айырмасы жоқ, сондықтан бұл əліпбиге тоқталуды жөн көрмедік. Дегенмен айта кетететін нəрсе – қазіргі жазуымыздағы негізгі жүйе болып табылатын «бір əріп – бір фонема» тəсілі негізінен латын əліпбиі кезінде жасалды. Латын əліпбиі, кейбір ауытқуларды ескермегенде, фонологиялық сипатта болды. Осы күнгі емле принциптері сол кездің өзінде айқындала бастады (жазуда негізгі
дыбыстарды белгілеу, сөздерді бір нұсқада жазу т.б.). Сөйтіп, қазақ жазуы бір жүйеден екінші бір ұқсас жүйеге оңай көшті. Əріптердің фонеманы білдіретін мəні сол күйінде қалды да тек символы (суреті) өзгерді: мысалы, латынша
<р> < п>
/р/ графема р ; қазіргіше /п/ графема п
Сонымен, жоғарыда айтылғандардан қазақ фонологиясында үш түрлі бағыттың бар екенін аңғарамыз.
1. Тоғыз дауыстыға негізделген фонология.
Достарыңызбен бөлісу: |