Алғы сөз Уəли Нұргелді



бет7/58
Дата06.10.2024
өлшемі1,09 Mb.
#146937
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   58
Байланысты:
Қазақ графикасы мен орфографиясының теориялық негіздері

жуан

жіңішке

езулік

еріндік

ашық

қысаң

а

+



+



+



ə



+

+




+



ы

+



+





+

і



+

+





+

о

+





+

+



ө



+



+

+



ұ

+





+



+

ү



+



+



+

е



+

+



?

?

Басқа дауыстылар, салыстырып қарасаңыз, ең аз дегенде бір-бірінен бір айырым бойынша дараланып тұрады, ал <е> туралы мұны айтуға болмайды. Егер бұл дауыстыны ашыққа жатқызсаңыз <ə>-ден, қысыңға жатқызамыз <і> -ден айырымы болмай қалады.
Əдетте бұл дауыстылар былайша топтастырылып жүр.


жуан

а, о, ы, ұ

жіңішке

ə, ө, і, ү, е

езулік

а, ə, ы, і е,

еріндік

о, ө, ұ, ү

ашық

а, ə, о, ө, е

қысаң

ы, і, ұ, ү, е

Біздің ойымызша, бұл фонетикалық ыңғайдағы таптастыруға жатады. Ал фонологиялық таптастыру бұлай болмауға тиіс, өйткені бір топқа жа- татын дауыстылар екінші топтың мүшесі бола алмайды.
Дыбыс – фонема – графема – əріп – əліпби
ІІ. Бес дауыстыға негізделген фонологиялық жүйе (А.Байтұрсынов).
<а> [а], [ə]
<ы> [ы], [і]
<ұ> [ұ], [ү]
<о> [о], [ө]
<е> [е]
Бұл жүйе бойынша, сөздегі күллі дыбыстардың басын қосып фонети- калық бір бүтін етіп тұратын нəрсе – дауыстылардың жуан-жіңішке əуезі (тембрі).
ІІІ. Үш дауыстыға негізделген фонология (Ə.Жүнісбеков).
1. ашық – [а], [ə]
2. қысаң – [ы], [і], [ұ], [ү]
3. дифтонг – [е], [о], [ө]
Бұл жүйе бойынша, сөздегі күллі дыбыстардың басын қосып, бір бүтін етіп жұмылдырып тұру жуан, жіңішке, еріндік, езулік əуез арқылы жүзеге асады.
Бірінші топтағы таптастырудан ІІ жəне ІІІ топтағы таптастырудың үлкен айырмасы бар. Соңғы екі таптастыруда бір типке жататын дауыс- тылар екіншісінде қайталанбайды. Міне, бұларды сондықтан фонология- лық таптастырудың алғашқы үлгісі деуге болады.


    1. Əліпбидегі əріптің аттары


Қазіргі жазуымызда қайта қарай отырып, негіздей түсетін нəрсе – əліпбидегі əріптердің аты. Жазудағы əріптердің атын алдымен екі топқа бөліп қарау қажет тəрізді. Бірінші топқа жататындар – дауысты- ларды таңбалайтын əріптердің аты. Бұл топтағы əріптердің атауы не- гізінен ашық буындағы дауыстылардың дыбысталуына сəйкес келеді. А-на, ө-сір, ə-ке, е-рік, ұ-сын, ү-кі т.б. Дауыстылардың дыбыстық ортаға неғұрлым тəуелсіз реңкі алдымен осындай ашық буында көрінеді. Осы реңктің əліпбидегі əріптің атауы болып жұмсалуы дау тудыра қоймайды. Шешімі қиынырақ көрінетін нəрсе – екінші топтағы əріптердің атауы. Қазіргі əліпбидегі б əріп [бе], г – [ге], ғ – [ға], д – [де], ж – [же], з – [зе], к – [ка], қ – [қа], л – [эл], м – [эм], н – [эн], ң– [эң], п – [пе], р – [эр], с – [эс], т – [те], х – [ха], һ – [һа], ш – [ша] түрінде айтылады деп көрсетілген (Қа- зақ тілінің орфографиялық сөздігі. Алматы, 1963). Аталған сөздің кейінгі басылымдарында (1978, 1988) əріптердің осы атауы беріліп жүр. Кезінде


«затын алған соң атын да бірге алайық», əріптердің орысша аталуы мен қазақшасы ұқсас болсын деген ыңғайда осылай болып кеткен тəрізді. Бұл аталған əріптердің атын орысша нұсқасымен салыстырсақ, сөздікте ата- луын [бе], [ве], [ге], [пе], [че]; ал қалғандарын [дэ], [ка], [эл], [эм], [эн],

[пэ], [эр], [тэ], [эф], [ха], [цэ], [ша], [ща] түрінде берген (Ожегов С.И. Словарь русского языка. М., 1960. 14-б.).
Ал соңғы жылдары шыққан сөздіктерде [бе], [ве], [ге], [пе] дегендер, [че] -ден басқасы [бэ], [вэ], [гэ], [пэ] түрінде беріліп, дауыссыздарды білдіретін барлық əріптердің атауы бір нұсқада көрсетілген (Орфогра- фический словарь русского языка. М., 1986. 12-б.). Бұдан байқайтыны- мыз орыс əліпбиіндегі дауыссыздарды таңбалайтын əріптердің аты жуан фонемалардың дыбысталуына сəйкес алынған. Орыс əліпбиіндегі əріп- тердің аттарында бірізділік бар, сонымен қатар олардың неге бұлай ата- латыны өзінен-өзі байқалып тұр.
Ал қазіргі əліпбиіміздегі əріптердің аты бір кездегі орысша нұсқамен берілген күйде жүр: [бе], [ве], [ге], [пе] т.б. Сондай-ақ ң əрпінің атын [эң]; к əрпінің атын [ка] деп беру ешбір қисынға сыймайды. Немесе əліпбиде- гі д, б, ж, əріптерінің аты үшін [де], [же] делініп жіңішке дыбысталуы берілген, ал л, р, қ, ғ, т.б. əріптер үшін [эл], [эр], [қа], [ға] делініп жуан түрі берілген. Əріптердің бұлай аталуында негіз бар екенін түсіну қиын. Міне, мұндайлар əліпбидегі əріптердің аттарын, əйтеуір, келісе салу жолымен емес, қалайда бір негізге сүйене отырып, олардың айтылуын
бір ізге түсіру қажет екенін көрсетеді.
Қазақ дауыссыздары əдетте жалаң түрде дыбысталмайды. Олар дауыс- тылардың айтылуына иек сүйей отырып, тоғыз реңкте түрлене алады: [ба], [бə], [бы], [бі], [бұ], [бү], [бе], [бо], [бө]. Өзге дауыссыздар да осы тəрізді, тек [у] ғана езулік [ы], [і] дыбыстарымен айтылмайды да, өзге дауыстылармен түрлене береді. Бұл жерде əріптің аты үшін ашық буын түрін алудың мəні бар. Өйткені мұндай фонетикалық жағдайда дауыссыз- дар неғұрлым тəуелсіз реңкте жұмсалады. Сонымен бірге жоғарыда ай- тылған тоғыз түрленудің ішінен біреуін дауыссызды белгілейтін əріптің аты етіп алу қажет. Мысалы, біздің аңғаруымызша, сол тоғыз түрленудің ішінен фонетикалық жағдайға неғұрлым тəуелсізі – /бы/. Мұны анықтау- дың еш қиындығы жоқ: кез келген қазақ аудиториясына бұл, бүл, бел, бөл, бор, бар, бүр сөздеріндегі мына бірінші əріпті жеке-жеке дауыстаңыз десе, бəрі дерлік ол əріпті [бы] түрінде айтып береді. Мұндайды мектеп тəжірибесінен де жиі байқауға болады: «Мұғалім кез келген бір оқушыға алфавитті оқытып шығып, ол оқушының алфавиттегі əріптерді дұрыс айтты ма, əлде қате айтты ма, соны бақылай, сол бақылаудың негізінде жаңа сабақты бастап жіберу керек. Өйткені кейбір оқушылар б/бе, г/ге, с/ эс, т/те, ф/эф деудің орнына б/бы, г/гі, с/сы, т/ты, ф/фы деп қате айтады» (Қазақ тілін оқыту методикасы. Алматы: Мектеп, 1988. 62-б.). Шын- дығында, баланың əріптерді бұлайша дыбыстауы дұрыс. Əріптердің атын бұлай айта отырып, оқушы сол дауыссыз дыбыстың тоғыз түрленімінің ішінен неғұрлым тəуелсіз түрін тауып отыр, сондықтан əріптің атауы да дəл солай болуға тиіс. Ал əріптердің [эс], [ка], [эл], [эм], [эн], [эң] деген
Дыбыс – фонема – графема – əріп – əліпби
атаулары қысқарған сөзді былай қоғанда, қазақтың кəдімгі жай сөздерін оқуға үйлеспейді.
Сонымен, белгілі бір дауыссыздың тоғыз түрлі нұсқасының ішінде қалайда біреуі əліпбидегі сол дауыссызды білдіретін əріптің аты болуы шарт.Ал дауыссыздың тоғыз нұсқасының ішінде неғұрлым дыбыстық ор- таға тəуелсізі осы дауыссызды белгілейтін əріптің атауы ретінде алынуға тиіс. Міне, осыны негізге ала отырып, əліпбидегі əріптердің аттарын бы- лайша атауға болады:
1. б – [бы], ғ – [ғы], д – [ды], ж – [жы], з – [зы], қ – [қы], п – [пы], с – [сы], ш – [шы]:

  1. к, г əріптері тек жіңішке дауыссызды таңбалайтын болғандықтан, олар [кі], [гі] түрінде айтылады;

  2. Үнділерді білдіретін əріптер былайша бірыңғай аталуға тиіс:

а) м – [мы], н – [ны], ң – [ңы], л – [ыл], р – [ыр]. Бұлай болатыны кейбір үнділердің алдында селбеспе дауысты болады;
ə) тəжірибеге қарағанда и əрпі /ій/ түрінде жіңішке дыбысталады. Кейбір оқушылардың ми деген сөзді (мій) деп оқитыны да сондықтан. Міне, осындай негіздерге сүйене отырып, қазақ сөздерінің жазылуында қолданылатын 26 (28) əріптің əліпбидегі атын былай деп алуға болады:
А – [а], Ə – [ə], Б – [бы], Г – [гі], Ғ – [ғы], Д – [ды], Е – [е], Ж – [жы], З –
[зы], И – [ій], К – [кі], Қ – [қы], Л – [ыл], М – [мы], Н – [ны], Ң – [ңы], О – [о],
Ө – [ө], П – [пы], Р – [ыр], С – [сы], Т – [ты], У – [ұу], Ұ – [ұ], Ү– [Ү], Ш – [шы], Ы – [ы], І – [і].
Сонымен, бұл тарауда айтылғандарды түйіндей келгенде, қазақ фоноло- гиясын зерттеуде үш бағыт бар екенін байқауға болады. Біріншісі – тоғыз да- уысты мен он жеті дауыссызды жеке-жеке фонемалар деп қарастыратын фо- нология. Соңғы кездегі зерттеулерде бұл акцентті фонология деп аталып жүр (Жүнісбеков Ə. Жүсіпов М.); екіншісі – сингармофонология (осы аталған ав- торларда). Сингармофонологияның, біздің байқауымызша, екі нұсқасы бар: а) А.Байтұрсыновтың бес дауысты, екі əуезге (тембрге) құрылған фонологи- ясы; ə) Ə.Жүнісбековтің үш дауысты, төрт əуезге негізделген фонологиясы.
Жазу қалайда белгілі бір фонологиялық негізге табан тірейді. Қазір- гі жазу – фонологияға негізделген жазу. Бұл жазудың құрылысы сөздің жуан-жіңішке, еріндік-езулік əуезде айтылуын жеке-жеке дауыстыларды əріппен белгілеу арқылы жүзеге асады. Ал сингармофонологияға табан тіреген жазу сингарможазу деп деп аталып жүр. Бұл жазудың басты өз- гешелігі сөздің жуан жəне жіңішке əуезі жеке-жеке əріптермен емес, бір ғана дəйекші арқылы белгіленеді. Ал Жүнісбековтің үш дауысты төрт əуезге құрылған жазудың өзгешелігі төрт əуез арнайы əріптермен бел- гілебей, дəйекшінің əртүрлі қойылуы арқылы беріледі. Сөйтіп, бұл жа- зулардың қай-қайсын болмасын жазудың фонологиялық типіне, фоне- мографиялық түріне жатқызуға болады. Ал фонемографиялық жазудың

өзін а) дəстүрлі-фонологиялық жазу, ə) сингарможазу деп бөлуге болады. Ал сингарможазудың екі нұсқасы бар: екі əуезге құрылған жазу (А.Бай- тұрсынов), төрт əуезге құрылған жазу жобасы (Ə.Жүнісбеков). Енді осы тараудың басында айтылған Л.Р.Зиндердің жазуларды топтастырған схе- масына қайта назар аударып, оны əрі қарай жалғастырсақ, былай болып шығады:




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет