Алибаева. Г. А, Петренко В. А, Сариева. К. Х



бет66/118
Дата18.05.2023
өлшемі0,51 Mb.
#94363
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   118
Байланысты:
sestrinskoe delo

Назар аударыңыз! Егер тамызғыш ерітіндіге толып кетсе тамшыны көрмейсіз және санай алмай қаласыз.

  1. Ауа шығарғышты ашыңыз.

  2. Бұрау қысқышты ашып ұзын түтікшені ерітіндіге толтырыңыз, ішіндегі ауасы түгелімен шығып және жүйенің басынан ерітінді тамшылап шығуы керек.

  3. Бұрау қысқышты жабыңыз.

  4. Инесін кигізіңіз.

ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:

  1. Науқасты ыңғайлы қалыпқа жатқызыңыз (емшараны дәрігер немесе жоғары білікті мейірбике орындайды).

  2. Науқастың шынтағының астына клеенкалы жастықшаны қойып тамырын тексеріңіз.

  3. Науқастың иығын салфеткамен жауып, иығының ортаңғы бөлігіне бұрауды байлаңыз. Бұл кезде науқас жұдырығын жұмып-ашып жұмыс жасауы тиіс.

  4. Пункциялайтын жерді 70% спиртпен екі рет мақта шариктерімен өңдеңіз (мақта шариктерін ҚКЖҚ-на салыңыз).

Назар аударыңыз! Алдымен терінің кең аумағы, кейін – тек егу жасалатын жері өңделеді.

  1. Ерітіндіні инеден өткізіп, иненің қақпағын шешіңіз.

  2. Сол қолыңыздың үлкен саусағымен тамырды тесетін жерден төменірек нықтап белгілеп алыңыз.

  3. Науқастан жұдырығын жұмып тұруын сұраңыз.

  4. Инені тамыр ішіне 1/3 бөлігін енгізіңіз.

Назар аударыңыз! Егер сіз тамырға түссеңіз иненің канюлясынан қан көрінеді.

  1. Бұрауды шешіңіз, науқастан жұдырығын ашуын сұраңыз.

  2. Жүйенің қысқышын ашыңыз.

  3. Қысқыш арқылы тамшының түсу жылдамдығын реттеңіз.

  4. Инені лейкопластырьмен бекітіп, үстінен залалсыздандырылған салфеткамен жауып қойыңыз.

  5. Науқастың жағдайын қадағалап тұрыңыз.

ЕМШАРАНЫ АЯҚТАУ:

  1. Инъекция орнына тері антисептиктеріне (70% спиртке) малынған мақта шаригі немесе салфетканы басып тұрып инені суырып алыңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет