Алибаева. Г. А, Петренко В. А, Сариева. К. Х


Науқасты фиброгастродуоденскопияға дайындау



бет95/118
Дата18.05.2023
өлшемі0,51 Mb.
#94363
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   118
Науқасты фиброгастродуоденскопияға дайындау
М ақсаты: Науқасты сапалы тексеруге дайындықпен қамтамасыз ету, ұлтабар, асқазан және он екі елі ішектің шырышты қабатын тексеру.
Жабдықталуы: залалсыздандырылған гастроскоп, сүлгі, тексеруге жолдама.
ФГДС-ті дәрігер жүргізеді, мейірбике көмектеседі.
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:

  1. Науқасқа тексерудің мақсаты және өту барысын түсіндіріңіз және келісімін алыңыз.

  2. Науқастың психологиялық д айындығын жүргізіңіз.

  3. Науқасқа тексеру таңертең ашқарынға жүргізілетінің айтыңыз. Тамақ қабылдауын, су, дәрілік препараттарды қабылдауға, темекі шегуге, тіс тазалауға болмайды.

  4. Кешке қарай науқасты жеңіл кешкі аспен 18 сағатта қамтамасыз етіңіз, кешкі астан кейін науқас ішіп, жемеуі тиіс.

  5. Тексеру алдында науқастың тіс протезі болса, алып тастауын қадағалаңыз.

  6. Науқасқа эндоскопия кезінде сөйлеуге және сілекей жұтуға болмайтынын ескертіңіз (сілекейді науқас сүлгіге немесе салфеткаға түкіреді).

  7. Науқасты эндоскопиялық кабинетке сүлгімен, ауру тарихымен, жолдамамен белгіленген сағатқа апарыңыз.

8.Тексеруден кейін науқасты бөлмеге ертіп апарыңыз және 1-1,5 сағатсыз жұтыну жолының толығымен қалпына келгенінше тамақ қабылдамауын сұраңыз, темекі шекпеңіз.
Ескерту!

  • Т/а егу жүргізілмейді, тексеру ағзасының жағдайын өзгертеді.

  • Биопсияға материал алынған жағдайда тағам суық күйінде беріледі.



Науқасты колоноскопияға дайындау
Мақсаты: науқасты сапалы тексеруге дайындықпен қамтамасыз ету, жуан ішектің шырышты қабығын тексеру.
Жабдықталуы: колоноскоп, Эсмарх кружкасы, шылапшын,кайнатылған су; фортране; клеенка, жаялық, дәретсауыт, салфеткалар, резеңке қолғап, ва­зелин, шпатель, дезерітінді бар сыйымдылық; колоноскопияға жолдама. Колоноскопияны дәрігер өткізеді, мейірбике көмектеседі.
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:
1.Науқасқа емшараның мақсатын және өту барысын түсіндіріңіз және оның келісімін алыңыз.
2.Науқасқа психологиялық дайындық жүргізіңіз.
**3. Дайындықтағы бұзылатын жағдайларды ескертіңіз.
4.Науқасқа тексеру таңертең ашқарынға өткізілетінін ескертіңіз.
5.Тексеруге 2-3 күн қалғанда метеоризмнің алдын алу үшін шлаксыз диета тағайындалады, науқастың емдәмінен газ жинайтын тағамдар - көкөністер, жемістер, сүт, нан алынып тасталады.
6.Тексерер алдынан 2 күн бұрын ауру басатын заттар тағайындалады (схема бойынша фортране).
7.Кешкісін тексеретін күні науқасқа тазарту клизмасын 1,5 литр көлеміндегі сумен жасау керек.
8.Тексеретін күні таңертең тексеруден 3 сағат бұрын науқасқа тазарту клизмасын жасау керек.
9.Белгіленген сағатта науқасты эндоскопиялық кабинетке ауру тарихымен бірге апарыңыз.
10.Тексеруден кейін науқасты бөлмесіне апарыңыз, бақылау және тыныштықты қамтамасыз етіңіз.
Ескерту!
- жуан ішекті нәжістен сұйықтықтан босату – дайындықтың ең маңызды міндеті, нәтижесі тексерудің табысын қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет