Ацетонжәне кетон бойынша зәр жинау Мақсаты: қант диабетімен ауыратын науқастың декомпенсация дәрежесін анықтау.
Көрсетім: дәрігердің тағайындауы
Жабдықтау: тығыны бар таза құрғақ 250 мл банка, жолдама
Бөлімшенің № бөлменің №
Жолдама Клиникалық зертханаға
Ацетон және кетон бойынша зәр анализі
А.Ж.Т. Асанов А.А.
Күні қолы м/б
Науқасқа нұсқау: "Сіз зәр анализін беруіңіз керек. Таңертеңгі сағат 8.00 – де мұқият дәрет алыңыз, содан соң банкаға 50 – 80 мл ортаңғы зәрдің бөлігін алыңыз. банканы қақпақпен жауып, санитарлық бөлмеге арнайы жәшікке салып қойыңыз".
ЕСКЕРТУ:Егер науқас ессіз болса, катетер арқылы алынады.
Тәуліктік диурезді анықтау Мақсаты: Бүйрек және басқа да мүшелердің қызметін анықтау (жүрек, бауыр,гипофиз)
Көрсетім: дәрігердің тағайындауы
Жабдықтау: 3 л шыны ыдыс
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:
Зәр қабылдағышты дайындау.
Науқасқа түсіндіру.
Алынған мәліметтерді температуралық қағаздың тәуліктік диурез деген графасына жазып немесе ауру тарихына қағазды жапсырыңыз.
А.Ж.Т. Асанов А.А.
Күні: Тәуліктік диурез:
17.03.09. 2000 мл
18.03.09. 2300 мл
19.03.09. 1800 мл
Науқасқа нұсқау:" Таңертең сағат 8.00 –де унитазға дәретке отырыңыз, содан соң тәулік бойы зәрді несеп сауытына жинайсыз, мөлшерін анықтап, жазып алғаннан кейін төгесіз. Соңғы рет банкаға таңғы сағат 8 – де дәретке отырыңыз. Жазылған қағазды мейірбикеге беріңіз".
ЕСКЕРТУ: Тәуліктік диурез бен бір күндік сұйық қажеттілігі су балансы деп аталады. Ішілген сұйықтық құрамында: 1 және 3 тамақ, жеміс – жидектер және де парентеральдық ерітінді көлемі кіреді.Тәуліктік диурез тәуліктік қолданған барлық сұйықтың 70 – 80% құрайды. Дене салмағының жылдам өсуі және ағзаға түскен сұйықтықтың мөлшерімен салыстырғанда зәрдің аз бөлінуі науқастың ағзасында жара пайда болуымен сипатталады.