Қалымбек Аян Советұлы



бет17/69
Дата06.01.2022
өлшемі1,89 Mb.
#12216
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   69
Байланысты:
мөлдір бұлақ 2018

Серік Ғабдуллаұлына
«Бармаңдар ақынды жұрт жерлегенде...»

М.Мақатаев


Көргенім жоқ тірісінде ақынды,

Барғаным жоқ сапарына ақырғы.

«Келме!» деді – Мұқағали өтінді,

«Барма!» деді – Мұқағали ақырды.


Ақынды ақын түсінбесе, кім ұғар?

Құстар сынды олардың да тілі бар.

Бір көшеде қатар келе жатып та

Дауыстамай сөйлеседі ұлылар.


Олар тіпті мың-мың сайрам бақтарды,

Бақ ішінде жанып жатқан оттарды,

Жанған отты уыстаған сұлуды

Бір-ақ шумақ өлең екен деп қалды.


...Ақын солай қалды есінде елінің,

Ақ бұлтқа орап түсініксіз өмірін.

Өлең келді аттандырып серігін...

Өлең келді: «Оралды, – деп, – Серігің!»


Өлең келді...

Өлең келді, бауырым,



Мен Серікті өлең ғой деп таныдым.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет