Қалымбек Аян Советұлы


Ат жалынан аңқыған сағыныш



бет18/69
Дата06.01.2022
өлшемі1,85 Mb.
#12214
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   69
Ат жалынан аңқыған сағыныш
I

Алқымына аспанның тұнса күміс,


Мың сергелдең түндерім, мың сабылыс.
Ауылымды аңсатып тұрар, шіркін
Ат жалынан аңқыған бір сағыныш.
Сол сағыныш құлын жас таныс маған.
Таныс маған... біртіндеп алыстағам.
Ертегі айтар әжеден шет кеткелі,
Көзі түзу бақытпен табыспағам.
Бөрі соқпақ тағдырдың жолы, дәйім.
(Жоғалайын... сол көшке жолығайын!)
Шашаң шерде, жастығым, неге сенің,
Салтанатың арабы торыдайын!?
Жарысып өте шығар бәйге-бес күн.
Ебі желдей құлаты саймен естім.
Базары тарқап кеткен балалық шақ,
Жармасып қалды үрпіне қай белестің?!
Аспандап құстар қайтқан әр ізбенен,
Кездерімдей көңілсіз ән іздеген...
Сүйреп келем сүлдерін тағдырымның,
Балды бармақ уақытым бәдіздеген.
...Ат жалында арманда кеткен кімдер?
Қара өлең, жырын жазам көктемнің, кел!
Қырғауылдың мойнындай мың құбылып,
Қайта айналып соғардай өткен күндер.
Қоңыр таулар күбірлеп тілегімді,
Аңыратып ақ сорбас үлегімді,
Жалғыз түнде жетермін қолыма алып,
Қызыл изен қадалған жүрегімді.
II

Сөйлесе қызыл тілім майда, керім,


Тоса ма мені әлі де сайдағы елім.
Он бармағы қыналы құрбылардың,
Әні қалған белдерім қайда менің.
«Алты азулы тазының» - әулеті деп,
Тепеңдеген талай таң әндетіп ек.
Сырма желдің соңынан ере барсам,
Сол ауылды табам ба сәулеті бек?!

Түлігімді сайлатып, баққан жерім,


Бопық төс баурайларым мақтан, менің.
Ала қашып жүргені-ай құла дүзге,
Жел қабыз, жез тағалы ақтаңгерім.
( ... Жалғанға бір, жаһанға бір өгеймін...)
Түбіне әр талыңның түнегеймін.
Қына түске боялған жүрегімнің,
Түбінен ұли берді-ау дүрегей мұң.
Тулап кетіп тұлпардай ай тағалы,
Қиялымда жүз барып қайтам әлі.
Дариға, сері күнім сырға таққан,
Қайыңдар өлеңімді айта ма әлі?!
Сөйлесе қызыл тілде қандала бар.
Туған жұрт-ай мұң-зары қанда да бар!
Көкірегіме қонады бір қара өлең,
Әр түтіні ауылымның таңбалаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет