Қалымбек Аян Советұлы



бет21/69
Дата06.01.2022
өлшемі1,85 Mb.
#12214
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   69
Алтынғадыс Күнтуғанұлы -

1997 жылы 1 - наурызда Моңғолияның Баян-Өлгей қаласында дүниеге келген. Қалалық «Шабыт» ақындар мектебінің мүшесі. Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 3-курс студенті.



Галлюцинация
Көз алдымда өлең отыр жанарына мұң тұнып,

Қаламымның иегінде шұрқыраған жылқы үні.

Отқа оранып ойым кетті қанатында ауаның,

Аспан үнсіз, Айдың беті күп боп іскен, күлкілі...


Естіледі үнсіздіктен үріккен ұйқы сазы анық,

Таста бəрін, Өмір жайлы,

Өлім жайлы жазалық!

Қап-қара қар, дидарының ұяты өлген қара түн,

"Аппақпын" деп мамық тұрды алақанда сазарып.
Білте тілі қою түннен қан аралас жалап нəр,

Уақыттың сүйіктісі "Ұлымын" деп Ар аттар.

Өлген сөздің мүрдесіне ұзынынан оралған,

Бірін-бірі өртеп жатыр парақтар.


Ақиқаттың ұшқынынан өңін жойып сағым із,

(Қара жолмен шулап кеттік қайтпас жаққа бəріміз)

Қалжаурадым, жүрегіме маза болар жер тауып,

Кел де, мені алып кетші Дəрі - Күз!




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет