1.1.5.1 Мәтіннің тақырыбын иллюстрациясы арқылы болжау
Бағалау критерийі
Білім алушы
Иллюстрациясы бойынша мәтіннің мазмұнын болжайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу және түсіну Қолдану
Тапсырма Суретке мұқият қара. Сұрақтарға жауап бер.
Суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген?
Ауа райы қандай?
Әжейге не болды?
Балалар не істеді?
Әрі қарай не болады деп ойлайсың?
Дескриптор
Білім алушы - сурет бойынша сұрақтарға жауап береді;
- оқиғаның соңын болжап айтады.
Бөлім: «Айтылым»
Бөлімше 2.2 «Берілген тақырып бойынша сөйлеу»
Оқу мақсаты
1.2.2.1 Сурет/үлгі бойынша хабарлы және сұраулы сөйлемдердің интонациясын дұрыс қойып сөйлеу (1-2 сөйлем)
Бағалау критерийі
Білім алушы
Сурет бойынша сөйлемдер құрастырады
Сөйлеу барысында дауыс ырғағын дұрыс қояды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма Суретте кімдер бейнеленген? Сурет бойынша сөйлемдер құрастыр. Суретте қандай көрініс бейнеленген деп ойлайсың? Cуретке ат қой.
Дескриптор
Білім алушы - сурет бойынша сөйлемдер құрастырады;
- суретке қатысты ойын айтады;
- сөйлеу барысында дауыс ырғағын сақтайды;
- суретке тақырып қояды.
Бөлімше 2.5 «Оқыған/тыңдаған материал бойынша пікір білдіру»
Оқу мақсаты
1.2.5.1 Оқыған/тыңдаған материал туралы «дұрыс/дұрыс емес», «ұнайды/ұнамайды» үлгісінде қарапайым пікірін білдіру
Бағалау критерийі
Білім алушы
Тыңдаған/оқыған мәтінге қатысты ойын айтады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма Мәтінді мұқият тыңда. Сұрақтарға жауап бер.
Соңғы алма
Күз айы. Рысбек ауладағы жапырақтарды жинап жүрді. Бір кезде ағаш басындағы жалғыз алманы көрді. Алманы алғысы келді. Ол бұтаққа шықты. Бұтақ сынып кетті. Рысбек ағаш түбіндегі кірпінің үстіне құлады. Ол жылап қалды. Үзіліп түскен алманы кірпі алып кетті.
Рысбек не істеді?
Ол нені көрді?
Рысбек алманы қалай алғысы келді?
Рысбек неге жылады?
Оның жасаған ісі дұрыс па? Неліктен?
Дескриптор
Білім алушы - мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді;
- кейіпкердің әрекетіне қатысты ойын айтады;
- өз ойына дәлелді пікір айтады.
Тапсырма Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып жаз. Сөздерді оқы.
Дескриптор:
Білім алушы - көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қояды;
- төл дыбыстарды дұрыс айтады;
- сөздерді қатесіз жазады.
Бөлім: «Оқылым»
Бөлімше 3.2. «Мәтіннің мазмұнын түсіну»
Оқу мақсаты
1.3.2.1 Шағын мәтіндегі жиі қолданылатын сөздердің мағынасын түсіну
Бағалау критерийі
Білім алушы
Сөздерді мағынасына қарай қолданады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді көп нүктенің орнына жақшадағы сөздердің тиістісін қойып, түсініп оқы.
Бір күні ауыз, қол, мұрын, аяқ, құлақ, көз бәрі дауласады.
Құлақ айтады:
Адамға мен пайдалымын. Адам құлақпен ... (иісті сезеді, естиді).
Жоқ, мен пайдалымын, -дейді көз, - Адам көзбен ... (көреді, жүреді).
Бәріңнен біз пайдалымыз! - дейді аяқтар, - Адам аяқпен ... (ұстайды, жүреді).
Тағы қандай дене мүшелері сөзге араласты деп ойлайсың?
Дескриптор
Білім алушы - жақшадағы сөздердің тиістісін қойып оқиды;
- ертегіні ары қарай жалғастырып айтады;
-сөйлеу барысында сөздерді мағынасына сәйкес қолданады.
Бөлімше 3.3 «Мәтіннің жанрлары мен түрлерін анықтау»
Тапсырма Мәтінді оқы. Сұрақтарға жауап бер.
Ертеде кітап пен қалам дос болады. Бір күні қалам көңілсіз жүреді. Кітап досына қызықты суреттерін көрсетеді. Суреттер қаламға ұнайды. Қалам көңілденеді.
Сенің ойыңша, бұл қандай мәтін? Әңгіме ме, ертегі ме?
Оны қандай сөздерден білуге болады? Пікіріңді дәлелде.
Дескриптор
Білім алушы - мәтіннің жанрын атайды;
- мәтіннен жанрды нақтылайтын сөздерді табады.
Бөлімше 3.5. «Түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты алу»
Оқу мақсаты
1.3.5.1 Иллюстрациялы шағын мәтіннен мұғалімнің қолдауымен қажетті ақпаратты табу
Бағалау критерийі
Білім алушы
Сұрақтардың негізінде қажетті ақпаратты анықтайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Сөйлемдерді оқы. Ретін анықтай отырып, мәтін құрастыр.
Мәтіннен төмендегі ақпараттарды тап.
Руслан қайда барды?
Бақшада нелер өседі?
Руслан не істеді?
Руслан күнді қалай өткізді?
Дескриптор
Білім алушы - сөйлемдерді қатесіз оқиды;
- сөйлемдердің ретін анықтай отырып, мәтін құрастырады;
- мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді;
- берілген мәтіннен қажетті ақпараттарды табады.
1.4.2.1 Оқыған/ аудио/бейнематериалдарда кездескен таныс атауларды жазу
Бағалау критерийі
Білім алушы
Тыңдаған/көрген/оқыған материалдардың негізінде заттардың атауларын жазады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
1-тапсырма
Жемістер мен көгөністер туралы бейнематериалды (https://www.youtube.com/watch?v=yzT0efaO0OM) мұқият қара. Сипаттамасы бойынша айтылған жемістер мен көгөністерді анықта және атауын жаз.
Сипаттамасы
Атауы
Ол дәмді, жасыл әрі жұмсақ.
Ол сары, сарғыш болады. Ол өте дәмді әрі жұмсақ.
Ол қоңыр, қатты. Бірақ дәмді.
Ол жасыл, қызғылт болады. Ол өте дәмді, әрі жұмсақ.
Дескриптор
Білім алушы - сипаттамасы бойынша жемістер мен көгөністерді анықтайды;
- заттың атауын сауатты жазады.
2-тапсырма
Суреттегі жемістер мен көгөністердің атауын жаз.
Дескриптор
Білім алушы - суретте бейнеленген жемістер мен көгөністердің атауын жазады;
-сөздерді сауатты жазады.
Бөлімше 4.3 «Пунктуациялық нормаларды сақтау»
Оқу мақсаты
1.4.3.1 Жай сөйлемнің тыныс белгілерін мұғалімнің қолдауымен қолдану
Бағалау критерийі
Білім алушы
Сөйлемді бас әріптен бастап жазады
Сөйлем соңына тыныс белгілерін дұрыс қояды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма Суретті сөйлемдерді оқы. Сөйлемдерді көшіріп жаз. Сөйлемнің соңына тиісті тыныс белгісін қой.
Жазда мен барамын
Сенің бар ма
Алақай, келді
Дескриптор
Білім алушы - суреттің орнына тиісті сөз қойып, сөйлем құрастырады;
- сөйлемдегі сөздерді дұрыс байланыстырады;
- сөйлемдерді қатесіз көшіріп жазады;
- сөйлемнің соңына тиісті тыныс белгісін қояды.