Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде ) 2-сынып



бет28/39
Дата15.06.2022
өлшемі10,88 Mb.
#36925
түріСабақ
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   39
Байланысты:
b aza-tl-t1 -2-synyp

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Өмірлік жағдаяттарға байланысты сұхбатқа қатысады.




Ойлау дағдыларының деңгейі



Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда.

Автобустың іші ыстық. Бос орын жоқ. Әр аялдама сайын бірі түсіп, екіншілері кіріп жатқан жолаушылар.


Бір аялдамадан автобусқа қарт адам кірді. Жан-жағына қарады. Бос орын жоқ екенін көрді де, отырған екі баланың жанына келіп тұрды. Екеуінің мойындарында асып алған әдемі теннис ракеткаларының қабы бар екен. Өзара күліп, теледидардан көрген спорт жарысын талқылап отыр. Олар ақсақалды көрмегендей болып отыра берді. Балалардың ісіне ренжіген қария:

  • Қарақтарым, тұрмай-ақ қойыңдар, отыра беріңдер. Жас кездеріңде жақсылап күш жинап алыңдар - деді.

Қарияның сөзінен ұялған балалар келесі аялдамада автобустан түсіп кетті.



  • Балалар автобустан не себепті түсіп қалды?

  • Қария оларға қандай сөз айтты? Неліктен?

  • Мәтіннен қандай ой түйдің?

  • Күнделікті өмірде мұндай жағдаяттар кездесе ме? Осыған ұқсас өзің куә болған/ оқыған/ естіген оқиғалар туралы жұпта әңгімеле.




Дескриптор



Білім алушы
- мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді;
- мәтіндегі оқиғаға/кейіпкерлердің іс- әрекетіне қатысты ойын айтады және негіздейді;
- мәтіннің мазмұны бойынша қорытынды жасайды;
- күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттар туралы әңгімелейді.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет