2.2.1.1 Сұрақ қою арқылы (не істеді? қандай? неліктен?) мәтін түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) және құрылымдық бөліктерін (басы, негізгі бөлім, соңы) анықтау
Пайымдау Сипаттау 1-тапсырма Мәтіндерді түсініп оқы. Әр мәтінге сұрақ қоя отырып, мәтін түрін анықта және сәйкестендір.
Лашын қазіргі кезде сирек кездеседі. Табиғатта саны азайып бара жатқан құстардың қатарында. Сондықтан олар біздің елімізде қорғауға алынған.
Әңгімелеу
Лашын – сұңқар тұқымдасына жататын жыртқыш құс. Лашынның ту сырты көк сұр немесе қара сұр, ал алқымы ақ сұрлау болып келеді.Көзі дөп-дөңгелек, қап-қара. Қанаты ұзын және сүйір, саусақтары салалы.
Мен лашынды хайуанаттар бағынан кездестірдім. Ол ұясында отырды. Ол бізден қорыққан да жоқ.
Дескриптор
Білім алушы - мәтіндерді түсініп оқиды;
- әңгімелеу мәтінін анықтайды;
- сипаттау мәтінін анықтайды;
- пайымдау мәтінін анықтайды.
2-тапсырма Мәтінді түсініп оқы.
Таңғы шуақ
Күн көкжиекке көтерілді. Жердегі тіршілікті ояту үшін көктен күлімдеп қарап, жан-жағына шуақ шашты. Күннің алғашқы шуағы бозторғайға жетті. Ол ұйқысынан оянды да, қанатын қағып- қағып жіберіп, сүйікті әніне басты. Күннің шуағы енді ұйықтап жатқан көжекке түсті. Көжек құлағын тіктеп алып, шық басқан алаңқайға қарай секіре жөнелді. Күн шығысымен айнала жанданып шыға келді. Көктегі күн шаттанып, одан сайын жарқырай түсті.
Мәтінді 3 бөлікке бөл. Әр бөлікті әр түсті қарындашпен қоршап сыз.
Мәтіннің әр бөлігіне сәйкес сурет сал.
Дескриптор
Білім алушы - мәтінді іштей оқиды;
- мәтінді құрылымдық бөліктерге бөледі;
- мәтіннің әр бөлігіне сәйкес сурет салады.