Бөлім: «Геометрияның алғашқы мәліметтері»
Оқу мақсаты 7.1.1.1 планиметрияның негізгі фигураларын білу: нүкте,
түзу
7.1.1.2 нүктелер мен түзулердің тиістілік аксиомаларын
білу және қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
• Негізгі фигураларды сызба бойынша анықтайды
• Нүктелер мен түзулердің өзара орналасуын
анықтайды
• Есеп шарты бойынша сызбаны орындайды
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі Қолдану
1-тапсырма
Әр геометриялық фигура үшін дұрыс белгілеуді пайдаланып олар бейнеленген сурет номерлерін теріп жазыңыз:
№1 сурет.
|
№2 сурет.
|
№3 сурет.
|
№4 сурет.
|
№5 сурет.
|
№6 сурет.
|
№7 сурет.
|
№8 сурет.
|
Нүкте: суреттер № _________________
Түзулер: суреттер №___________________
Дескриптор Білім алушы
нүктелер дұрыс белгіленген суреттерді көрсетеді;
түзулер дұрыс белгіленген суреттерді көрсетеді.
2-тапсырма
А, В және С нүктелерін олар арқылы түзу жүргізе алатындай етіп салыңыз. Осы түзуді қалай атауға болады? Барлық жағдайларды жазып көрсетіңіз.
Түзу бойынан K, M және N нүктелерін мына шарттар орындалатындай етіп белгілеңіз: K және M нүктелері N нүктесінің бір жағында жататындай, ал K және N нүктелері M нүктесінің бір жағында жататындай.
Дескриптор Білім алушы
берілген үш нүктені бір түзу бойында жататындай етіп салады;
түзу атауының барлық жағдайларын жазады;
есеп шарты бойынша нүктелердің түзудегі орналасу ретін анықтайды.
3-тапсырма
m және n түзулері С нүктесінде қиылысады, ал С дан өзге Н нүктесі m түзуінде жатыр. Н нүктесі n түзуінде жата ма?
Дескриптор Білім алушы
m және n қиылысатын екі түзуді жүргізеді;
С қиылысу нүктесін белгілейді;
шартты қанағаттандыратын Н нүктесін бейнелейді;
Н нүктесінің тиістілігін анықтайды.
Бөлім: «Геометрияның алғашқы мәліметтері»
Оқу мақсаты 7.1.1.5 кесінді, сәуле, бұрыш, үшбұрыш, жарты жазықтық
анықтамаларын білу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Геометриялық фигураларды анықтайды
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі
1-тапсырма
Дұрыс тұжырымдарды көрсетіңіз:
Тұжырым
Бұрыш дегеніміз бір нүктеден шығатын екі кесіндімен жасалған геометриялық фигура
Жарты жазықтық – түзудің бір жақ бетінде орналасқан жазықтық бөлігі
Үшбұрыш түзулермен қосылған үш нүктеден тұратын фигура Түзудің нүктемен шектелген бөлігі сәуле деп аталады Кесінді – ең қарапайым геометриялық фигура Кесінді – екі нүктемен шектелген түзу бөлігі
Нүктелер латын алфавитінің кіші әріптерімен, ал түзулер үлкен әріптерімен белгіленеді.
Сәуленің екі шеті болады
Достарыңызбен бөлісу: |