Алыптасуы мен дамуы


Қолдануға ұсынылатын негізгі тұжырымдар



бет6/8
Дата13.05.2023
өлшемі141,73 Kb.
#92846
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8
Қолдануға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:
- қоғамның әлеуметтік-саяси және экономикалық жағдайларының әсері болған ХХ ғасырдың 50-60 жылдар аралығындағы Қазақстандағы білім мен ғылымның мәдениеттің қалыптасуы мен дамуының бейнесін тарихи-теориялық жағынан қайта жаңғыртудың өзектілік мәні жоғары;
- қазақ ағартушылары мен ұлттық интеллигенция өкілдері қалдырған тұжырымдамалық идеялардың Қазақстандағы тарихи білімді дамытуға ықпалы болған;
- Соғыстан кейінгі кезең идеологиялық және саяси кедергілерге тәуелді болып келді;
- тоталитарлық режімнің қазақ халқының ұлттық тарихына шек келтіруі Қазақстандағы тарихи білімнің дамуына да нұқсан келтірді;
- Қазақстандағы білім мен ғылымның мәдениеттің дамуындағы келеңсіздіктерді ескеріп, оң тәжірибелерді анықтау қажеттігі - білімді модернизациялауға бет алған бүгінгі күні, тарихи білімді дамытуға бағытталған жаңа стратегиялық жобалар жасауға мүмкіндік береді.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Диссертациялық зерттеу жұмысының құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен және әр бөлім тараушадан құралады. Мұнымен қоса, қорытынды бөлім мен пайдаланылған әдебиеттер тізімі қамтылған.

1 СОҒЫСТАН КЕЙІНГІ ЖЫЛДАРДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫҢ ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМГЕ ТИГІЗГЕН ӘСЕРІ ЦЕНЗУРАЛЫҚ ИДЕОЛОГИЯНЫҢ КӨРІНІСІ


1.1 Соғыстан кейінгі жылдардығы саяси жағдайлардың қоғамдағы көрінісі

¥лы Отан соғысы аяқталғаннан кейін еліміэдің экономикалық жағдайы өте қиын болды. Жау қолында болған қалалар мен селолардың тек қирандылары ғана жатты. Кеңес Одағы байлығының үштен бірі жойылып кетті. 1710 қала, 70 мыңнан астам деревнялар мен селолар, көптеген зауыттар мен фабрикалар, шахталар, мыңцаған шақырым теміржолдар және т.б. істен шығып қалды. Соңғы тарихи деректер бойынша, Кеңес Одағынан соғыста 30 млн-ға жуық адам қаза болды Бұл елдеп адам ресурстарының тапшыл-ығына алып келді. Осынау қиындықтарға қарамастан қысқа мерзім ішінде халық шаруашылығын қалпына келтіру керек болды. Қазақстан халқы халық шаруашылығын қайта қалпына келтіру ісіне белсене араласты. Ондаған қала-лар мен аудандарға туысқандық көмек жасады. Мыңдаған қазақстандық жұмысшылар мен мамандар Ленинград пен Сталинградта, Брянск пен Донбаста, Солтүстік Кавказда, Украинада, Белоруссияда және Кеңес Одағының басқа да аудандарында аянбай еңбек етті. Ал Қазақстанда ел экономикасын бейбіт өмірге қайта бейімдеу шаралары жүргізілді.
Ұлы Отан соғысы жеңіспен аяқталғаннан кейін Қазақстан еңбекшілері бейбіт құрылысқа қайта оралды. Соғыс Қазақстан экономикасына да үлкен зардаптарын тигізді. Өнеркәсіп өнімдерінің, әсіресе бұқара халық көп қолданатын тауарлар өндіру түрлері қатты қысқарды. Еңбек ресурстарының проблемасы едәуір шиеленісті. Ауыл шаруашылығының материалдық-техникалық базасы әбден төмендеді. Сондықтан Кеңес өкіметі, оның жергілікті басшы органдары халық шаруашылығын қалпына келтіруге айрықша көңіл бөлді, оның қарқынын шапшандатуда тиісті шаралар жүзеге асырыла бастады. Елдің шаруашылық құрылысы мен мәдени саласына мемлекеттік бюджет пен күрделі қаржы қайта бөлінді. Әскери шығындар барынша қысқартылды. Республикада соғыс қажеттерін өтеуге жұмыс істеген жүздеген кәсіпорындар азаматтық өнімдер шығару үшін қайта құрылды.
1945 жылы КСРО Қарулы Күштерінің едәуір бөлігін запасқа шығару есебінен Қазақстанға 104 мың солдат пен офицер, ал 1947 жылдың 1-ші қаңтарына қарай 188,2 мың адам келді [25]. Өнеркәсіпте 8 сағаттық жұмыс күні қалпына келтірілді. Соғыс кезіндегі мерзімнен тыс жаппай жұмыс істеу және демалыс күндерінде қызмет ету тоқталды. Жұмысшылар мен қызметкерлерге ақы төленетін демалыстары берілді.
1946 жылы 18 наурызда қабылданған төртінші бесжылдыққа арналған жоспар бойынша соғыстан бүлінген аудандарды қалпына келтіру, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының соғыстан бұрынғы дәрежесіне жетіп, одан едәуір асып түсу міндеті белгіленді. Сонымен бірге онда Қазақстан экономикасын өрге бастыруға үлкен мән берілді
1946 жылы 18 наурызда қабылданған төртінші бесжілдыққа (1946-1950 жж.) арналған жоспар бойынша соғыстан бүлінген аудандарды қалпына келтіру, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының соғыстан бұрынғы дәрежесіне жетіп, одан едәуір асып түсу міндеті белгіленді. Сонымен бірге онда Қазақстан экономикасын өрге бастыруға үлкен мән берілді [26].
1946 жылға карай зауыттар мен фабрикалар қайта жандана бастады, өнеркәсіп орындары қайтадан іске қосылды. Ауылдар жанданып, қалалар қирандыдан тазартылды. 1945 жылы 23 маусымда КСРО Жоғарғы Кеңесінің сессиясы қабылдаған демобилизация туралы Заңнан кейін миллион даған жауынгерлер бейбіт тіршілікке қайта оралды. Демобилизациямен қатар кеңес басшылығы кеңестік азаматтарды жұмысқа орналастыруға, әскери ендірісті шаруашылық мақсаттағы өнім шығаруға конверсиялау секілді күрделі жүмыстар жүргізді [27].
Қазақстан халқы соғыстан кейінгі төртінші бесжылдық жоспардың көрсеткіштерін орындауға құлшына кірісті. Бұл кезде, әсіресе ауыр өнеркәсіптің қара металлургия және түсті металлургия саласы ойдағыдай дамыды. Теміртаудағы қазақ металлургиялық қайта өңдеу зауытында үш прокат станы мен екі мартен пеші, Ақтөбе ферросплав зауытының үшінші кезегі іске қосылды. 1950 жылы металлургиялық процестердің тұйық цикілімен жұмыс істейтін Қарағанды металлургия зауытының құрылысына арналған дайындық жұмыстары басталды. Өскеменде қорғасын-мырыш комбинатының құрылысы одан ары жалғасты, 1947 жылы ол алғаш рет мырыш берді. Балқаш мыс қорыту зауытының қуатын арттыру жөніндегі жұмыстар одан ары жүргізілді. Жезқазғанда аса ірі мыс балқыту комбинатының обьектілерінің кешенін салу жалғастырылды. Текелі қорғасын-мырыш комбинатының екінші кезегін іске қосуға әзірлік бас-талды. Шымкент, Риддер қорғасын зауыттары мен жұмыс істеп тұрған басқа да кәсіпорындар қайта құрылып кеңейтілді.
Төртінші бесжылдық тапсырмаларын орындау барысында өнеркәсіп салаларында жаңа техника түрлері енгізіліп отырды. Қарағанды көмір бассейнінде жұмыс істейтін алты жаңа шахта іске қосылды. Саран учаскесі пайдалануға берілді. Көмір ашық әдіспен қазылатын Екібастұз кен орны пайдалана бастады. Бесжылдық аяғына таман көмірді шабу мен қопару және оны темір вогондарына тиеу толық механикаландырылды.
Радиоқабылдағыш пен радио нүктелерінің саны 1940 жылмен салыстырғанда 2 есе дерлік көбейді. Өнеркәсіп, жол қатынасы салаларындағы зор көлемді жұмыстарды ойдағыдай жүзеге асыруда маман жұмысшы кадрлар шешуші рөл атқарды, олардың саны есті. Егер 1945 жылы өнеркәсіпте 304 мың адам жұмыс істесе, 1950 жылы ол 366 мыңға жетті. Өнеркәсіп жұмысшыларының көбі негізінен машина жасау мен металл өңдеу салаларында еңбек етті. Соғыстан кейінгі жылдары халық шаруашылығында істейтін әйелдер саны азая түсті: 1945 жылғы 51 пайыздан 1950 жылы 40 пайызға дейін кеміді. Бұл республика әлеуметтік саласындағы едәуір жетістік еді [27].
Соғыс аяқталған соң басқару органдарын қайта күру басталды: халық комиссариаттарының максаттары және міндеттері өзгере бастады, милитаризмнен бас тартуға нүсқау берілді. Мемлекеттік Қорғаныс комитеті таратылды, мекемелерде 8 сағаттық жұмыс күні қайта қалпына келтірілді, уақытынан артык жұмыс істеу жойылды. Экономиканы бейбіт жолға көшіру жоспары белгіленіп, ол жүзеге асырыла бастады. Мысалы, Алматыда Киров атындағы зауыт, Алматы ауыр машина жасау зауыты бейбіт өнім шығаруға кірісті. Қазақстанға кезінде елдің еуропалық бөлігінен көшіп келген көптеген жұмысшылар жаңа Отанда қалуға ынта білдірді. 1946 жылы наурызда КСРО Жоғарғы Кеңесінің бірінші сессиясында «КСРО халық шаруашылығын қайта қалпына келтірудің және дамытудың 1946-1950 жылдарға арналған төртінші бесжылдық жоспары туралы Заң» қабылданып, онда елеулі қаржыны республиканың ауыр өнеркәсібін дамытуға, жаңа темір жол желілерін салуға, ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін арттыруға жұмсау қарастырылды. Соғыстан кейінгі құрылыстьң болашағы, жақсы өмірге деген үміт республика еңбекшілерін мемлекет жоспарын орындауға рухтандырды. Зауыттар, кәсіпорындар, өндіріс салалары арасында социалистік жарыс ұйымдастырылды. Қарағанды көмір бассейннің кеншілері еңбекте қомақты табыстарға қол жеткізді. Бұл жылдары еңбектің озық төсілдерін насихаттау, тәжірибе алмасу, ерекше көзге түскендерді марапаттау кең құлаш жайды. Жоспарды орындаудың, үлкен жетістіктерге жетудің жолдары қоғамдық жиындарда жиі-жиі талқыланды. Кез келген жаңсақтық немесе жетістіктен тиісті қорытындылар жасалып отырды. Адамдар да болашаққа, Компартияға сеніммен қарады. 1946-1951 жылдары еңбекшілердің қалың топтарының күш- жігері, қажырлы қайрат көрсетуінің аркасында республикада болат прокаты, қара және түсті металлургия, тау-кен және кемір өнер- көсібіне арналған жасанды талшық өндіру жолға қойылды. Осы жылдары қара металлургия өндірісі кендяен дамыды. Теміртау металлургиялық зауытында үш прокат станы және екі мартен пеші, Ақтөбеде ферроқорытпа зауытының үшінші кезегі іске қосылды. 1947 жылы Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты алғаш рет мырыш шығарды. Балқаш мыс қорыту зауытының қуатын арттыру жұмыстары жалғастырылды. Республикада көмір өндіру қарқынды дамыды [28].
Экономиканың интенсивті дамуы көлік және байланыс жүйесін қатар дамытуды талап етті. Қазақстандағы ауыр өнеркәсіптің дамуы өз кезегінде көлік жүйесінін кеңейе түсуіне ықпал eттi. 1950 жылы ұзындығы 483 км Мойынты-Шу темір жол тармағы салынды. Солтүстіктен оңтүстікке қарай Трансқазақстан магистралін салу жұмыстары жүргізілді. Жамбыл-Шолақтау темір жол желісімен пойыздар жүре бастады. 1960 жылы темір жол желісі 1945 жылғымен (8,2 мың км) салыстырғанда 11,47 мың км-ге жетті. Темір жолдағы қалыпты жұмыс оның жекелеген бөліктерінің Түркістан-Сібір, Қарағанды, Орынбор, Ташкент, Омбы, Рязань-Орал, Томск темір жолдарының кұрамына кіруіне байланысты күрделене түсті [29].
Республикада ауыр өнеркәсіпті қалпына келтіріп, тез дамыту, сондай-ақ женіл тамақ және тоқыма өнеркәсібін одан әрі өркендету көзделді. Халықтың материалдық қажеттерін қанағаттандыру ісі екінші кезектегі мәселе болып саналды. Төртінші бесжылдық жоспарда Қазақстанның халық шаруашылығы мен мәдениетін дамытуға мән берілді. Ауыр өнеркәсіпке, темір жол желісін салуға, ауылшаруашылық дақылдарының өнімін арттыруға қаржы бөлінді. Қазақстанға бөлінген күрделі қаржы одақ бойынша үшінші орында болды. Төртінші бесжылдықта бүкіл елде өнеркәсіп өнімі 1940 жылғымен салыстырғанда 40%-ға өсетін болып белгіленсе, Қазақстанда ол 2,2 есе артатын болды [30].
Соғыс техникалары мен оның бөлшектерін шығаратын зауыт –фабрикалар қарапайым тұрмыстық заттар шығаруға негізделді. Жеңіл және тамақ өнеркәсібіне аса зор мән берілді. Алайда ауыл шаруашылығы техникалары, егістік алқаптарын қаматамасыз ететін шикізаттар жетіспеушілігі білінді.
1946 жылғы 16 қыркүйекте ауыл шаруашылығында орын алған ауыр жағдайды жою туралы қаулы қабылданды. Осы қаулыға сәйкес савхоздар мен колхоздардың бұрынғы зардаптарын жою басталды. Ауыл шаруашылығын жаңа техникамен қамтамасыз ету үшін мемлекет арнайы қаражат бөлді. Төртінші бесжылдықтың аяғына қарай Қазақстан ауыл шаруашылығында 50 мың трактор, 16 мыңнан астам комбайн, ондаған мың автомашина, шөп шабатын және басқа машиналар болды [31]. 1950 жылы еліміздегі колхоздарда 76% МТС-тер жұмыс істеді. Осы уақыт аралығында ұсақ совхоздар ірілендіріліп, 1952 жылғы қаңтар айындағы санақ бойынша 3670 совхоз қалды. Яғни совхоздар саны екі есеге қысқарды. 1948 жылдан бастап ауылдарды электр жарығымен қамтамасыз ету жұмысы басталды. Сөйтіп, төртінші бесжылдық жоспары бойынша 752 совхоз, 317 МТС электр жарығымен қамтамасыз етілді [32].
Қабылданған төртінші бесжылдық жоспары бойынша егістік көлемі ұлғайып, бір миллион гектардан артық жерге егін егілді. Ауыл шаруашылық дақылдарының шығымдылығы артты. Малдың жалпы саны да артты. Алайда соғыстан кейінгі халықтың тұрмысы өте нашар болды. Тұрғын үйлер, халық тұтынатын өнеркәсіп тауарлары жетіспеді. Республиканың сауда орындарының жұмысы әлі де болса нашар болды. Медицина мекемелерінің санының өсіуіне қарамастан, әлі де медициналық көмек көрсету сапасы төмен болды.
Әлеуметтік және мәдени іс-шараларға мемлекеттің шығыны өсті. Осы мақсаттарға арналған шығындар тек Қазақ КСР-нің мемлекеттік бюджеті есебінен соғыс кезіндегі 441,4 млн. рубльден төртінші бесжылдықта 930,5 млн. рубльге дейін немесе екі еседен астам өсті [33]. 1947 жылы желтоқсанда ақша реформасын жүзеге асыру және карточкалық жүйенің жойылуы, азық-түлік пен өнеркәсіп тауарларының қалыпқа келтірілуі халықтың өмір сүру деңгейін көтеруде маңызды рөл атқарды.
1947 жылы 16 желтоқсанда карточкалық жүйе жойылды. Сонымен қатар, өнімнің негізгі түрлері – нан және ұн өнімдері, ет, өнеркәсіптік тауарлар бағасы 10-12%-ға арзандады. Әсіресе, 1950 жылы бағаның төмендеуі байқалды. Жалпы алғанда, төртінші бесжылдықта бағаның үш есе құлдырауы жалғасты. Рубльдің сатып алу қабілетінің нығаюымен қатар жұмысшылардың жалақысының өсуі жүргізілді. КСРО-да жұмысшылар мен жұмысшылардың орташа айлық жалақысы бес жылдың ішінде екі есеге өсті [34].
Әлеуметтік экономиканың өсуі нәтижесінде колхоздар едәуір нығайды, колхозшылардың табыстары өсті. Бірақ қалалармен салыстырғанда ауылдық жерлерде өмір сүру деңгейі әлі де төмен болды. 1950 жылдардың басында колхозшы жұмысшының немесе қалалық қызметкердің өз еңбегі үшін алатынынан орташа есеппен төрт есе аз алды [35].
Осы жылдары үстеме жұмыс алынып тасталды, ақылы демалыс қалпына келтірілді. Мемлекеттік және кооперативті кәсіпорындар мен ұйымдардың инвестицияларының арқасында халық үшін тұрғын үй құрылысы кеңейе бастады. Осылайша, төртінші бесжылдықтың аяғында жұмыс істейтін халықтың әлеуметтік жағдайы соғыс алдындағы жылдармен салыстырғанда жоғары болды.
Соғыстан кейінгі 1946 жыл елдің ауыл шаруашылығы үшін ауыр жыл болды. Сол ЖЫЛҒЫ қуаншылық ауыл шаруашылығының онсыз да күрделі жағдайын ауырлатты. Кеңестер Одағының еуропалық бөлігінде жарты ғасыр болып көрмеген қуаңшылық соғыстан зардап шеккен аудандардың ауыл шаруашылығына қиын тиді. Оған байланысты Одақты астықпен және етпен қамтамасыз етуде шығыстағы аудандардың, соның ішінде Қазақстанның рөлі бұрынғыдан да арта түсті. Жұмыс қолының азайып, ескі ауылшаруашылық техиикасының істен шығып қалғанына, ал жаңаларының жетіспеуіне қарамастан, республика ауыл-село еңбеккерлері өздерінің мемлекет алдын-дағы өнім тапсыру жөніндегі міндеттемелерін ойдағыдай орындап отырды. Сонымен қатар соғыс кезінде және соғыстан кейінгі жылдарда совхоз және колхоз өндірісін ұйымдастыруда көптеген кемшіліктердің орын алғаны анықталды. Колхоз өмірінің демократиялық негізгі заңы - ауыл шаруашылық артелінің Жарғысы өрескел бұрмаланды. Колхоздарды әкімшілдікпен басқару күшейіп, колхоз бастықтары оның мүшелерінің жалпы жиналысында сайланбай, жоғарыдағылардың нұсқауымен тағайындалды. Колхоздардың меншігі талан-таражға түсті. Колхозшыларға еңбек күнге өнім бөлінбеді. Олардың еңбекке ынталылығы төмен болды. Осыған байланысты әкімшіл-әміршіл жүйе қатал саясат жүргізіп, село тұрғындарын мәжбүрлікте ұстады. Олардың саяси құқықтары аяқ асты етіліп, туған жерлерінен кетуіне тыйым салынды. Еңбек ақы төлеуде теңгермешілік орын алды. Колхоздарда, совхоздарда өндірілген астықтың тұқымдық кордан басқасы мемлекетке дайындық қорына алынды. Колхозшылардың, совхоз жұмысшыларының жеке шаруашылықтарынан ет, сүт, жүн дайындау жүргізілді.
Сондықтан мұндай өрескел кемшіліктер мен бұрмалаушылықтарды жою үшін нақты шаралар жүзеге асырылды. Соғыстан кейінгі кезеңде ауыл шаруашылығы артелінің жарғысын бұзушыларға қарсы күрес күшейді. 1946-1947 жылдары колхоздарға қарыздар болып келген мекемелер мен ұйымдардан 214 млн. сом ақша, 540 мың гектар заңсыз, алынған жер қайтарылды [35]. Колхоздарды басқаратын білікті маман кадрлар жетіспеді. Оларды тек екі жоғары оқу орны - Қазақ ауылшаруашылық және Алматы зоотехникалық малдәрігер институттары және 18 ауыл шаруашылық техникумы даярлады [36]. 1947 жылы колхоздардың басшы кадрларын даярлайтын екі жылдық алты мектеп ұйымдастырылды. Ауыл шаруашылық өндірісін көтеру үшін және оның материалдық-техникалық базасын нығайтуда республикадағы ұсақ колхоздар қабілетсіз болды. Бұл колхоздарды ірілендіру жөнінде мәселені алға қойды.
1949 жылдан бастап ұсақ колхоздарды ірілендіру шаралары іске асырылып, республикада соғысқа дейінгі 6400 колхоздан 1950 жылғы қаңтарда 3670 колхоз қалды, олардың жалпы саны 2 есеге жуық қысқарды. Колхоздағы шаруа қожалықтардың саны 92-ден 160-қа дейін, егіс көлемі - 862- гектардан 1657 гектарға, ірі қара саны 360-тан 670-ке, қой мен ешкі -1969-дан 3915-ке дейін көбейді. Колхоз өндірісін шоғырландыру колхоздардың бүкіл қызметіне игі әсер етті [39]. МТС-тар техникасы неғұрлым өнімді пайдаланыла бастады.
Ауыл шаруашылығының материалдық-техникалық базасы нығайтылды. Төртінші бесжылдықтың аяғына қарай Қазақстан шаруашылықтарында 50 683 трактор, 16 мың-нан астам комбайн, ондаған мың автомашина, шөп шабатын және басқа машиналар істеді [40]. Алайда бұлардың басым көпшілігі ескі, моральдық жағынаи да тозып, ескірген техника болатын. Ауыл-селода механизаторлар қатары өсіп, МТС қызметкерлерініғі жыл сайынғы орташа саны 10 мың адамға көбейді.
1948 жылы республикада ауылдар мен селоларды жаппай электрлендіру жорығы басталды. Сөйтіп, төртінші бесжылдық тұсында 752 колхоз, 317 МТС, 164 совхоз және 193 селолық аудан орталықтары электрленді. Селолық электр станцияларының қуаты 1945 жылмен салыстырғанда 2,8 есе өсті [41].
Республикада төртінші бесжылдықта егіс көлемі бір миллион гектардан аса ұлғайды. Ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығы артты. 1950 жылы астықтың жалпы түсімі 47 654 центнерге жетіп, соғыстан бұрынғы дәрежесінен 89 пайыз асып түсті [42]. Ірі қара малдың, қой мен жылқының жаңа тұқымдары өсіп жетілді. Атап айтқанда, қазақтың ақ бас сиыры, алатау сиыры, қазақтың биязы жүнді қойы, арқар-меринос қойы, Қостанай жылқысы будандастырылып, жаңа тұқым алынды. Малдың жалпы саны өсті: ірі қара-27, қой мен ешкі - 70, жылқы - 71 пайыз көбейіп, шошқа - 2,7 есе артты. Дегенмен ауыл шарушылығын өркендетуде елеулі қиыншылықтар мен кемшіліктер болғанын да айтуымыз керек [43].
Бұл кезде республиканың мал шаруашылығы мейілінше ауыр жағдайда еді. 1951 жылы бар болғаны 4,5 миллион ірі қара (1928 ж. 6,5 млн. болған), 1,5 млн. жылқы (3,5 млн.), 127 мың түйе (1 млн.) болды. Тек қой саны бойынша, олардың тез өсетіндігі есебінен, 1928 жылдың дәрежесіне жақындады. 1928 жылы 18566 мың қой болса, 1951 жылы қой мен ешкінің саны 18036 мың басқа жетті [44].
Халық шаруашылығын қалпына келтіру және одан әрі дамуы еңбекшілердің тұрмыс дәрежесінің біршама артуына көмектесті. 1947 жылы желтоқсанда ақша реформасы жүргізілді, карточка жүйесі жойылды. Республикада халықты азық-түлік және өнеркәсіп тауарларымен қамтамасыз етуде бірқатар нақты шаралар жүзеге асырылды. 1946 жылы 1 қаңтардан бастап соғыс салығының жойылуы және халықтан табыс салығын жинаудың жаңа сараланған түрін енгізу жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек ақысын арттыруға жағдай жасады. Олардың айлық орташа еңбек ақысы 1940 жылғы 29,8 сомнан 1950 жылы 62 сомға дейін кетерілді [45].
Қоғамдық шаруашылықтың өсуі нәтижесінде колхозшылардың кірістері көбейді. 1950 жылы колхоздардың 60 пайызға жуығы әр еңбек күпге 1 килограмнан астық берді. Дегепмен ауыл-селоның тұрмыс дәрежесі қалаға қарағанда едәуір төмен болды. Ауыл-селодағы ауыр жағдайды өзгерту мәселесіне 1950-жылдардың орта шеніне дейін көңіл бөлінген жоқ.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет