Алыптасуы мен дамуы



бет3/8
Дата13.05.2023
өлшемі141,73 Kb.
#92846
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8
Зерттеу жұмысының нысаны Соғыстан кейінгі жылдардағы білім мен ғылымның мәдениеттің дамуы
Зерттеудің пәні. Соғыстан кейінгі жылдарда Қазақстанда білімнің, ғылымның мәдениеттің қалыптасуы мен даму үрдісін қарастыру.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеу кезеңіндегі Қазақстандағы білімнің ғылымың және мәдениеттің қалыптасуы мен дамуын жүйелеу және оның перспективалары мен тенденцияларын анықтау мақсаты қойылып, оны жүзеге асыру үшін мынадай міндеттер белгіленді:
- Соғыстан кейінгі жылдарда білімнің даму факторларын айқындау;
- Қазақстандағы білім мен ғылымның мәдениеттің кезеңдеріне жан-жақты сипаттама беріп, оның өзіндік ерекшеліктерін анықтау;
- XX ғасырдыі 50 жылдардағы ұлттық интеллигенция өкілдерінің тарихи білімді дамытуға қосқан үлестерін бағамдау;
- Соғыстан кейінгі жылдарда ғылымның пән ретінде қалыптасуының ерекшеліктері мен оның білімді дамытудағы рөлін көрсету;
- кеңестік идеологияның білімнің ғылымның мәдениеттің дамуына тигізген ықпалын зерттеп білу;
- қарастырылып отырған мәселені бүгінгі күннің талаптарына сәйкес одан әрі жетілдіруді қамтамасыз ететін тарихи білімнің дамуындағы оң тәжірибелерді сараптау;
Тақырыптың зерттелу деңгейі. XX ғасырдағы Қазақстандағы тарихи білімнің қалыптасуы мен дамуын теориялық жағынан жүйелі зерттеу үшін, тарихи зерде мен дәстүрлі тарихи білім деген ұғымдарға әдебиетте берілген анықтамалардың байыбына бару керек. Оның мәнінің тереңде жатқанын шығыстанушы В.П. Юдиннен табамыз [1]. ХХ ғасырдың басындағы кәсіби тарихшылар - А. Чулошников, А. Рязанов, Б. Герасимов, С. Асфендияров, М. Тынышбаев, Х. Досмұханбетов, Қ. Кемеңгеров, Т. Шонановтар мен осы ғасыр ортасындағы Е. Бекмаханов та ауызша тарих айту деректерін өз зерттеулерінде кеңінен пайдаланып, Қазақстан тарихының очерктері мен оқулықтарын жазды. Осы кәсіби тарихшылардың ішінде тұңғыш рет ресми түрдегі үкімет шешімі бойынша мектепке арналған Қазақстан тарихының программасы мен Қазақстан тарихының очерктері жарық көрсе, бұл - профессор С. Асфендияровтың шығармашылық еңбегінің нәтижесі еді. Өкінішке орай, оның очеркі мен бағдарламасы тұрмыста пайдаланылмаса, 1960-жж. КСРО тарихына бейімделіп шығарылған Е. Бекмахановтың оқулықтары мен бағдарламалары Қазақстанның барлық оқу орындарында КСРО тарағанша оқытылып келді. Кеңесте ЖОО-ның студенттеріне, орта мектеп оқушыларына, аспиранттарға КСРО тарихы мен жалпы тарихтан дәріс берудегі оқу жоспарының үлгілік жобалары, тарихшылар даярлаудың құрылымдық ұстанымдары, ЖОО-ның ережелері, тарихтан сабақ берудің әдіс-тәсілдері т.б тарихи білімге қатысты мәселелер көтеріліп, оның шешімдері, шын мәнінде, КСРО тарағанша басшылыққа алынды.
1959 жылғы 3-қазанда КОКП Орталық Комитеті мен КСРО Министрлер Кеңесінің Мектептерде тарихты оқытудағы кейбір өзгерістер туралы қабылданған қаулысында одақтас республикалардың тарихын оқыту қажеттігі мен оның маңызы атап көрсетілді. Бірақ бәрібір, бұл қаулының шешімінің орындалу нәтижесінде де одақтас республикалар тарихына, оның ішінде Қазақстан тарихына да, КСРО тарихының жанынан берілген қосалқы мәртебеден басқа өзгеріс бола қойған жоқ болатын. Ұлы Отан соғысы жылдары және 40-жылдардың соңында ежелгі дәуірден бастап кеңес дәуірін түгелдей қамтыған түріндегі қазақ халқы тарихының ғылыми жолмен жазылу мәселесіне тарихшылар М. П. Вяткин, А. М. Панкратова, қоғам қайраткерлері І.О. Омаров пен М. Әбдіхалықовтар Қазақстан тарихының томдарын шығару арқылы өлшеусіз үлес қосты. Бұл ретте 1945 жылы КСРО Ғылым Академиясының Қазақ филиалының жанынан құрылған Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих, археология және этнография институт ұжымы еңбегінің жинақталған нәтижесі, 1977-1981 жылдары қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген бес томдық Қазақ КСР тарихын шығарумен белгілі. Қазан төңкерісінен тәуелсіздік алғанға дейінгі үлкен де күрделі кезеңді қамтитын Қазақстандағы тарихнама және тарих ғылымының даму жолдары мен негізгі бағыттары І. Қозыбаевтың еңбектерінде жаңаша көзқараспен кеңінен талданды [4].
Қазақстан КСРО құрамында болған кезде еліміздегі дәстүрлі тарихи білімдік ой-сананы дамуыту тежелген жоқ. Ол С. Мұқановтың, С. Аманжоловтың, М. Ақынжановтың, Х. Әділгереевтің, Н. Мыңжанидың, Х. Арғынбаевтың, М. Мұқановтың т.б. еңбектері арқылы ашық, ал М. Әуезов пен І. Есемберлин, О.Сүлейменов сияқты бірқатар ақын, жазушылардың шығармалары арқылы астарлы түрде өз жалғасын тапты. 1961-жылғы Г.Н. Голиковтың мақаласы [].
1950-жылдардың соңы мен 60-жылы жарияланған тарихи еңбектердегі ой-санаға тарихнамалық талдау жасау жағынан құнды. Оның ой-тұжырымдары Қазақстанда Г.Ф. Дахшлейгер, Д.И. Дулатова, П.Г. Галузо, З.А. Алдамжаров, М.Қ. Қозыбаев еңбектерінде жалғасын тапты [5].
Жұмыстағы деректердің келесі тобын тарихи білімнің қалыптасуы мен дамуына ерекше үлес қосқан тарихшы, философ, экономист, педагог, психолог, политолог, филолог ғалымдардың тарихнамалық мұралары мен тарих ғылымы мен білімінің теориялық-методологиялық түжырымдамаларының негізін қалаған тұлғалардың еңбектері құрайды.
Ғылыми, саяси және әдеби көркем шығармалар да зерттеу жұмысына тартылды; Сонымен қатар тарихи білімді дамытуға қатысты қоғам және мемлекет қайраткерлерінің жарық көрген материалдары мен мемуарлық еңбектері ғылыми айналымға түсті; Сондай-ақ мерзімді басылымдарда әр жылдары жарық көрген мақалалар мен статистикалық, библиографиялық құжаттар зерттеу жұмысының деректік негізінің бірі болды; Кеңес және Тәуелсіздік жылдары ауық-ауық өткізіліп, тарихи білімді игеруді жетілдіру мен оны таратудағы жоғары оқу орындарының қызметі мен тарихи білімді дамыту жобаларын ұсынған ғалымдардың шығармашылық мұраларын талқылаған халықаралық, Одақтық, Республикалық және аймақтық деңгейдегі конгрестер мен симпозиумдардың, конференциялар мен сессиялардың, сондай-ақ түрлі кеңес шешімдерінің материалдары дерек ретінде алынды; КСРО-ның, Каз.КСР-нің және тәуелсіз Қазақстан Республикасының білімге қатысты шығарған заңдық құжаттарын, тұжырымдамалар мен білім стандарттарын, бағдарламаларды деректік қажетке жараттық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет