Алыптасуы мен дамуы


-1960 жылдардағы ғылым мен білімнің жағдайы цензуралық идеологияның көрінісі



бет7/8
Дата13.05.2023
өлшемі141,73 Kb.
#92846
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Байманова ОРИГИНАЛ

1.2 1950-1960 жылдардағы ғылым мен білімнің жағдайы цензуралық идеологияның көрінісі

Қоғамдық-саяси жүйеде 20-жылдардың ортасында орныққан қатаң әкімшіл-әміршілдік жүйе 40 - 50 жылдары шарықтай түсті. Бұл қоғамдық-саяси өмірдің барлық саласынан көрініс тапты. Адамның табиғи құқығын шектеу, ұлттық мүддені ескермеу, мемлекеттік басқару жүйесіне ықпал жасау сияқты олқылықтардың шегі болмады. Қоғамдық-саяси және мәдени өмір орталықтан басқарып отырған Коммунистік партияның қатаң бақылауына алынды. Сталиннің жеке басына табыну қоғамдық өмірде берік орын алды. Үкімет басшылары түрлі желеулермен заңдылықтарды өрескел бұзып, мемлекеттік билікті теріс қолданып жатты. Оған өзгеше ойлайтын адамдарды қудалауға жаңа науқан ашқан БКП (б) Орталық Комитетінің 1946 жылдың 14 тамыздағы "Звезда" және "Ленинград" журналдары туралы қаулысы бұл құбылыстың нақты дәлелі бола алады. Қазақстан партия комитеттері өз жұмысын аталмыш қаулының аясында жүргізді. Москва мен Ленинградта "Лениградтық іс", "Дәрігерлер ісі" жүргізіліп жатқанда Қазақстанда талантты тарихшы "Бекмахановтың ісі" ұйымдастырылды [11].


Е.Бекмаханов соғыс жылдары А.П.Кучкин, А.М. Панкратова, Б.Д. Греков, Н.М. Дружинин және тағы басқа кеңес тарихшыларымен бірлесіп Қазақ КСР тарихын даярлаған болатын. Кітап 1943 жылы баспадан жарық көрді. Алғашқыда еңбек жоғары бағаланғанына қарамастан, көп ұзамай сынға алынып, әсіресе, кітаптағы ұлт-азаттық көтерілістерге берілген баға қызу айтыс тудырды. Е.Бекмахановтың 1947 жылы жарық көрген "Қазақстан XІX ғасырдың 20-40 жылдарында" деген көлемді еңбегі де сынға ұшырады. 1950 жылы "Правда" газетіндегі "Қазақстан тарихының мәселелерін маркстік-лениндік тұрғыдан жазу үшін" деген мақалада Е.Бекмаханов еңбегі айыпталды. 1951 жылы 10 сәуірде Қазақстан Компартиясының Орталық Комитеті "Правда" газетіндегі мақала бойынша қаулы қабылдап, "Бекмахановтың буржуазиялық-ұлтшылдық көзқарасын айыптады". Қаулыны жүзеге асыру барысында тарих ғылымдарының докторы Е.Бекмаханов Ғылым академиясындағы қызметінен босатылып, барлық ғылыми атақтарынан айырылып, 1952 жылы 4-желтоқсанда 25 жылға сотталды. Е.Бекмахановпен қатар республиканың көрнекті қоғамтану ғалымдары А.Жұбанов, Х.Жұмалиев, Б.Шалабаев, Б.Сүлейменов, Е.Смайлов, жазушы Ю.Домбровский осындай жалған айыптармен жазаланып, сондай-ақ Ә.Марғұлан, Ә.Әбішев, С.Бегалин секілді ғалымдар мен жазушылар саяси және буржуазиялық-ұлтшылдық қателіктер жіберді деп айыпталды. 1948 жылы "космополитизммен", яғни шетел мемлекетерінің мәдениетіне көңіл бөлушілермен күрес науқаны басталды[2]. Космополитизм науқанында Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ халқының мақтанышы болып келген Шортанбай, Шәңгерей, О.Қарашев феодалдық-реакцияшылдар деп танылып, ал кейінгі кеңес әдебиетшілері - Б.Кенжебаев, Т.Нұртазин, Ә.Қоңыратбаев, Е.Ысмайылов ұлтшылдар ретінде қудаланды. Ғылым Академиясының президенті Қ.Сәтбаев "Едіге батырға" алғысөз жазғаны үшін "ұлтшыл" атанса, М.Әуэзов 1945 ж. жарық көрген "Абай өмірінің және творчествосының биографиялық очеркі" еңбегінде Абайды "феодалдық ақындар Шортанбай, Мәшһүр Жүсіп Көпеев ортасында суреттегені үшін" қудаланады. Екі зиялыға да осындай орынсыз кінәлар тағылғаннан кейін, Москваға қоныс аударуға мәжбүр болды. "Космополиттер" қатарына белгілі шығыстанушы, академик В.В.Бартольд та енгізілді. Оған "араб, иран, қытай мәдениеттерін жоғары көтерген" деген мағынадағы кінә тағылды. Сонымен қатар 1946 жылы А.Маметованың "Абай Құнанбаев" атты әдеби еңбегіне де космополиттік деген кәні тағылып, басылымнан алынды. 1952 жылы баспадан С.Мұқановтың "Балуан Шолақ", С.Мұқанов алғысөз жазған Қ.Аманжолов пен Х.Бекхожиннің "Батырлық эпосы", Қ.Сатыбалдиннің "Әлия", М.Хакимованың "Мәншүк" еңбектері қайтып алынды. Осылайша соғыстан кейінгі жылдарда пісіп-жетіліп келе жатқан қоғамда өзгеріс қажет деген ұғымды әкімшіл-әміршілдік жүйе тұншықтырып тастады. 1953 жылы Сталин қайтыс болғаннан кейін қуғын-сүргін науқаны біраз баяулады. Сталиннің өз кезінде жоспарлаған Қазақ КСР Ғалым Академиясының тарих, археология, этнография институтын, тіл және мәдениет институтын, Кеңестік жазушылар Одағын "ұлтшылдардан" тазалау саясаты тоқтатылды [12].
1953 жылы мамыр айынан бастап социалистік қоғамдағы қайшылықтар, жеке тұлға мен халықтың тарихтағы рөлі, Сталиннің жеке басына табыну мәселелері төңірегінде алғашқы пікірлер айтыла бастады. Кезінде ОГПУ, НКВД-ні басқарып, әкімшіл-әміршіл жүйенің адамзатқа қарсы жасалған қылмыстарын заңдастырған Берия ату жазасына кесілді. "Үштіктер", "Бестіктер", "Ерекше кеңес" жойылып, ГУЛАГ МҚК-не берілді. Л.П.Берияның қылмыстық іс-әрекетін үзілді-кесілді тоқтату қоғамдық өмірді демократияландыру жолындағы маңызды кезең болды. Бірақ бұл - әкімшіл-әміршіл жүйенің күйреуі емес болатын. Сотталған адамдар бұрынғыша лагерлерде отырды, ал адам құқығының аяққа басылуына Сталиннің өзі сияқты қатысы болған көптеген саяси қайраткерлер жоғарғы өкімет орындарында отыра берді. 1954 жылы Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игерудің басталуы республикадағы қоғамдық өмірге үлкен әсерін тигізді. Тың жерлерді игеру науқаны барысында кадрлар өрескел түрде алмастырылды. Он жылдың ішінде Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетінің бірінші хатшысы алты рет өзгертілді. Бірінші хатшы Ж.Шаяхметовтің орнына КСРО мәдениет министрі П.Понаморенко тағайындалды. Ал үкімет басындағы Н.Оңдасынов орнына Д.Қонаев келді. 1955-1957 жылдары Қазақстан компартиясы Орталық Комитетінің екінші хатшысы қызметін атқарған Л.И.Брежнев П.Понаморенконың орнына көтерілді[3]. Кейінгі басшылар: Н.И. Беляев (1957-1960), Д.А.Қонаев (1960-1962), И.Юсупов (1962-1964) болды. Бұл науқан барысында тағайындалған басшылардың көбі қазақ тарихын, ұлттық табиғи ерекшеліктерін білмейтін. Сондықтан науқан нәтижесі экологиялық, демографиялық, рухани зардаптар алып келді. 1956 жылы 14 ақпанда Москвада КОКП-ның ХХ съезі өтіп, онда Сталиннің жеке басына табыну айыпталды. КОКП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Н.С.Хрущев бастаған коммунистер партиясы сталиндік диктат үстемдігін әшкерелеп, талдау жасауға тырысты. "Жеке басқа табынушылық және оның салдары" туралы мәселе 25 ақпанда съездің жабық мәжілісінде көтеріліп, съезд өткен соң, жарты жылдан кейін, 30 маусымында "Жеке басқа табынушылықтың зардаптарын жою" жөнінде қаулы қабылданды[4]. Н.С.Хрущевтің ХХ съездегі Сталиннің жеке басына табынушылығын әшкерелеу" туралы баяндамасының толық мәтіні 33 жыл өткен соң ғана 1989 жылы жарық көрді. Тарихта "жылымық" деп аталып жүрген 1954-1964 жылдары біршама басшылықтың ұжымдық принциптері енгізіліп, әміршіл-әкімшіл басқару жүйесі босаңси бастады. Қоғамдағы кеңес және қоғамдық ұйымдардың рөлі біршама өсті. Қоғамдық өмірді демократияландыруға бағытталған бұл шаралар біршама ой еркіндігін тұғызды. Нәтижесінде мыңдаған кінәсіз сотталған адамдар лагерлерден босатылып, партияның кейбір көрнекті қайраткерлері ақталды. 1930-1950 жылдары істі болған зиялылардың істері қайта қаралып, 1953-1956 жылдары партия қатарынан шығарылған 5456 адам, Ұлы Отан соғысы жылдары жау басып алған территорияларда қалғандары үшін жазаланған 243 коммунист ақталды [12].
Сондай-ақ, 1954 жылы Е.Бекмаханов, Қ.Сәтбаев, М.Әуезов еліне оралды. К.Бекхожин, С.Мұқанов, С.Кенебаев партия қатарына қайтадан алынды. Әйтсе де, Н.С.Хрушев пен оның төңірегіндегілердің Сталиндік тәртіпті сынға алуы үлкен ерлік болғанымен, олар әбден орныққан әміршіл-әкімшілдік жүйені толық жойған жоқ. Әлі де кінәсіз соталған адамдар түрмелерде қалды. Ресейлік патша өкіметінің отарлау саясатын ақтау мақсатында, Қазақстанның Ресейге өз еркімен қосылғандығы кеңінен насихатталып, қазақтардан бірыңғай коммунистік ұлт шығаруға бағыт алынды. Тарихи шындық ақтандақ қалпында қалып, кеңестер жүргізген қанды қырғын біржақты көрсетілді. А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ж.Аймауытов және т.б. алаш қайраткерлерінің қызметіне саяси әділ баға берілген жоқ. Ұлттық республикалардың егемендігі жоққа шығарылып, экономика салаларында жалпы бағытты белгілеу, кадрларды тағайындау және тағы басқа көптеген мәселелер орталықтағы шағын топтың қолында қала берді. Қайта құрулар соңына дейін жеткізілмеді. Сталиннің өлімінен кейін жасалған іс-әрекеттің жартыкештігінің салдарынан бір жағынан депортацияға ұшыраған башқұрттар, қалмақтар, шешендер, ингуштар мен қарашайлықтардың автономиясы қалпына келтірілсе, ал, екінші жағынан қырым татарлары, немістер, месхет түріктеріне өз автономиясын қайта құруға әкімшіл-әміршілдік жүйе тиым салды [11].
Әкімшіл-әміршіл жүйені мойындаған қазақ зиялыларына біраз кешірімдер жасалғанымен тоталитарлық тәртіп зиялыларды бақылауын тоқтатпады. Мысалы, 1953-1954 жылдары М.Әуезовтің "Ақын аға", К.Шаңғыбаевтың "Намыс" және т.б. еңбектері басылымнан алынып, жариялауға тиым салынды. 1956 жылы 19 желтоқсанында КОКП Орталық Комитеті жергілікті партия ұйымдарына "Партия ұйымдарының бұқара арасындағы саяси жұмысын күшейту және жау элементтердің антисоветтік бас көтеруіне тыйым салу жөнінде" арнаулы жабық хат жолдады. Сөйтіп, тұтқындау науқанының жаңа кезеңі басталды. Саяси тұрғыда басқаша ойлаушылар қоғамның қайшылықтарын ашық айтқандары үшін қудаланды. Бір ғана мысал, 1956 жылы белгілі тарихшы Э.Н.Бурджалов "1917 жылғы наурыз-сәуір айларындағы большевиктердің тактикасы" аты мақаласы үшін қызметтен алынып, қудаланды. Ал, 1957 жылдың 3 айында ғана "Советтік шындықты бұрмалағаны үшін" және өткенді қайта қарағаны үшін 100-ден астам адам тұтқындалды. Мұндай келеңсіздіктер 60-шы жылдары да қоғам өмірінен орын алды. 1959-1960 жылдары 155 еңбектің жариялануына партия тарапынан тыйым салынды. 1960 жылы Қазақстан жазушылар одағы республика компартиясының төрағасына С.Торайғыровтың творчествосын қайта қарау туралы ұсыныс жіберді. Екінші жіберілген хатта Шәкәрім творчествосын қайта қарауға рұқсат сұрады. Бұған жауап ретінде республика компартиясы 1961 жылы Қазақстан жазушылар одағының қызметін қанағатсыз деп тауып, ұлт мәселесін көтерушілермен күресті жандандырды [3].
Осы жылдары, керісінше, орыс тілінің рөлін ұлтаралық тіл ретінде көтеру мәселесі өте маңызды болды. Коммунистік идеологияны басшылыққа алған Н.С.Хрущев республиканың барлық өміріне тікелей араласты. Қазақстанның оңтүстік аудандары Өзбекстанға берілді. Тың өлкесінде 6 облыстың өлкелік партия комитеті біріктіріліп, тікелей Мәскеуге бағындырылды. Ақмола - Целиноградқа, Батыс Қазақстан - Орал облысына айналды. Ұлт саясатындағы бұрмалаушылықтар халық арасында, әсіресе, зиялылар мен жастар арасында түрлі наразылықтар туғызды. Кеңестік жүйе оларды барынша жасырып, бүркемеледі. Осылайша, Теміртаудағы толқу кезінде тәртіпсіздіктің салдары ретінде бағаланды. 1963 жылы Мәскеуде оқитын қазақ жастарының бір тобы Б.Тайжанов, С.Ақатаев, М.Тәтімов, М.Ауэзов бас болып "Жас тұлпар" атты ұйым құрды. Мақсаты - қазақ жастарының ұлттық санасын ояту. Мұндай ұйымдар кейінірек Ленинградта, Киевте, Алматыда, Одессада, Ригада, Павлодарда, Қарағандыда, Ақмолада, Семейде, Шымкентте және басқа жерлерде пайда болды [6].
Қазақстанды орталықтан басқару ұлттық егемендікті толығымен шектеді. Әсіресе, экономиканың әскери сұранысқа сай бейімделуі қоғамға теріс ықпалын тигізді. 1949 жылы 29 тамызда Семей, Павлодар және Қарағанды облыстарында салынған ядролық сынақ полигоны орны толмас адам өмірі мен экологиялық және қаржылық шығын әкелді. 1963 жылға дейін полигонда ашық ауада 113 жарылыс жасалса, 1964 жылы жер астына көшіріліп, 1989 жылға дейін 343 сынақ жасалды. Н.С. Хрущев мемлекеттің "коммунизмге өтуіне байланысты" жаңа Конституцияның жобасын жасауды ұсынғаннан кейін, 1961 жылы Конституциялық комиссия құрылады. Бұл комиссияның жобалары 1977 жылы КСРО Конституциясын жасауда пайдаланды. Сол жылдардағы конституциялық заңдарда жазылған демократия талаптары із жүзінде жүзеге аспады. ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі КСРО Кеңесіне бағынды. Сонымен бірге Жоғарғы Кеңес тек бір палатадан тұрды, яғни балама болмады. Конституцияда тәуелсіз деп көрсетілгенімен, құқық қорғау, прокуратура органдары да орталыққа бағынды. Ал биліктің тармақтары: заң шығару, атқару, сот-тергеу, прокуратура Коммунистік партияға есеп беріп, бұйрық-жарлықтарын орындап отырған. Ешбір кеңестік заңда бұл процесс заңдастырылмағанымен, іс жүзінде әкімшіл-әміршіл жүйе билік құрды. Депутаттарды сайлау науқандары да демократиядан мүлдем алшақ еді. КСРО Жоғарғы кеңесіне 20 мың адамнан біреу, облыстық кеңеске 5 - 8 мың адамнан - біреу, аудандық кеңеске 1000 адамнан - 1 таңдау негізінде жүргізілді. Дауыс берушілер іс жүзінде депутаттарды көрмеді, білмеді. Дауыс беру тек сөз жүзінде жүргізілді. Депутаттарды халық таңдамады, жергілікті әкімшілік органдар "тағайындады". Сайлаған депутаттар өз міндеттерін білмеді. Депутаттар орындауға тиісті мәселелерін атқару комитеттеріне өтініш ретінде беріп отырды. Саяси қателікке толы Хрущев қызметінің соңы 1964 жылдың қазан айында аяқталды. КОКП-ның Орталық Комитетінің Пленумында 1-хатшы қызметіне Л.И. Брежнев сайланса, ал Министрлер Кеңесінің төрағасы болып А.Н.Косыгин тағайындалды [9]. Олардың ізін ала Қазақстан КП ОК 1- хатшысы болып Д.А. Қонаев сайланды. Соғыстың зардабы мәдениет саласының дамуында да үлкен қиыншылық тудырды. Республиканың интеллигенция өкілдері, мәдениет қайраткерлерінің соғысқа алынуы, мәдени мекемелер, оқу орындары мен мектептердің санының азаюы елдің мәдени даму үрдісіне кедергі келдірді.
Аталған кезеңде дүниеге келген шығармаларда тек майданда ерлік көрсеткен жауынгерлер мен ауыл еңбеккерлерінің өмірі бейнеленді. Олардың қатарына Ғ.Мүсіреповтің "Қазақ солдаты", Ә.Нұрпейісовтың "Курляндия", С.Мұқановтың "Сырдария", Ғ.Мұстафиннің "Миллионер" еңбектерін жатқызуға болады. Сонымен қатар республика әдебиеті жазушылар Ә.Нұрпейісовтың, Т.Ахтановтың, Б.Момышұлының, С.Мұқановтың, Ғ.Мүсіреповтің, ақындар Қ.Аманжоловтың, Х.Ерғалиевтің т.б. жаңа шығармаларымен байыды. М.Әуезовтің "Абай жолы" романы дүние жүзіне танылды. М.Төлебаевтың "Біржан мен Сара", Брусиловскийдің "Дударай", Қ.Қожамияровтың "Назугул" опералары Қазақстанның музыкалық мәдениетінің алтын қорына кірді. 1946 жылы ҚазКСР Ғылым Академиясы ашылып, оның тұңғыш президенті болып Қ.И.Сәтбаев сайланды [17]. Ғылым Академиясының толық мүшелері болып көрнекті ғалымдар - М.Әуезов, Ә.Бектұров, М.И.Горяев, А.Қ. Жұбанов, Н.Г.Кассин, Н.Т.Сауранбаев, мүше-корреспонденттеріне Н.О. Базанова, Р.А. Барукаев, Ә.Х.Марғұлан, М.И.Усанович және т.б. сайланды.
50-шы жылдардың аяғында Қазақстан Ғылым Академиясының жүйесінде 50 ғылыми зерттеу институты жұмыс жасады. 1958 жылы Орталық Қазақстанның комплексті металлогендік әрі болжамдық картасын жасағаны және оның методикасын зерттегені үшін ғалымдар: И.И.Бек, Р.А.Борукаев, Г.Ц.Медоев, Д.Н.Казанин, Қ.И.Сәтпаев және басқалары Лениндік сыйлыққа ие болды. Ал жоғарғы оқу орындарының құрамына тоқталар болсақ, 50-ші жылдары 13 институт: Семейде - малдәрігерлік-зоотехникалық және медициналық, Қарағандыда - медициналық, политехникалық және педагогикалық, Атырауда, Қостанайда, Шымкентте және басқа жерлерде педагогикалық институттар ашылды. Соғыстан кейінгі жылдарда мектепте білім беру ісі тоталитарлық тәртіптің ықпалынан шықпады. Партия, комсомол және пионер ұйымдары, мұғалімдер жас ұрпақтың санасы мен мінез-құлқын қатаң бақылауда ұстады [7].
Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Кеңес халқы көптен күткен жеңіс
жолында барлық қиыншылықтардан мүдірмей өтті. Кеңес мектебінде тәрбиеленген
көптеген біздің түлек. Ұлы Отан соғысы майданында ерлікпен, жанқиярлықпен
күресіп, тылда ерен еңбектің үлгісін көрсете білді.
Соғыстан кейінгі жылдарда республика еңбекшілерінің алдында орасан
зор міндеттер тұрды. Ең алдымен, тез арада соғыстың зардаптарын жою, халық
шаруашылығы мен мәдениетімізді тез арадан қалпына келтіру, еліміздің
экономикалық және мәдени дамуын қамтамасыз ету. Отанымыздың қорғаныс қуатын
одан әрі нығайту. Бұл міндеттерді орындауда еліміздің зиялы кадрлары ерекше
роль атқарды.
Ұлы Отан соғысында жауды жеңгеннен кейін кеңес халқы соғыстың халық
шаруашылығына келтірген зиянын қайдан қалпына келтіруге ерекше өрлеу
жағдайында жігерлене кірісті.
1946-1950 ж.ж арналған халық шаруашылығын қалпына келтіру және
дамыту туралы соғыстан кейінгі бесжылдық жоспарда соғыс кезінде қираған
мектеп үйлерін тек ғана құрылыстар салу, мектептердің жүйелерін одан әрі
дамыту, балаларды міндетті жетіжылдық оқытумен толық қамту үшін соған
сәйкес жағдайлар жасау және орта мектептердің жоғары сыныптарында
оқитындардың санын 31,8 млн.адамға жеткізу көзделді.
Соғыс жылдарында қиратылған мектептерді қалпына келтіру және жаңа
мектеп үйлерін салуда, олар үшін оқу-шығармашылық жабдықтарын даярлауда
мектептерді қамқорлыққа алған өндірістік мекемелер белсене қатысты, ал
ауылдық жерлерде – кеңшарлар мен ұжымшарлар, сонымен қатар еңбекшілердің
өкілдері мұғалімдер, мектеп оқушылар кеңінен қатыстырылды.
Осындай шараларды іске асырудың нәтижесінде 1949 ж.жалпыға бірдей
міндетті жетіжылдық білім беруді барлық жерде енгізу үшін толықтай
мүмкіншілігі жасалды. Партияның ХІХ съезі халық шаруашылығын дамытудың 1951-1955 жж. арналған бесжылдық жоспарында төмендегі міндеттерді қойды: жалпыға бірдей жетіжылдық білім беруден жалпыға бірдей орта білім беруге көшуді
аяқтау (республика орталықтарында, республикаға, облыстық, өлкелік және ірі
өндіріс орталықтарында). Өткен бесжылдықпен салыстырғанда съез қалалық және
ауылдық мектептер үшін мектеп үйлерінің құрылысын 70 пайызға арттыруды
белгіледі. Осының нәтижесінде бұл жылдары біршама жетіжылдық мектептердің
жүйесі артты, сонымен қатар орта мектептердің әсіресе ауыл мектептерінің
жүйесі өсті. 1955-56 оқу жылы ауылдық жерлерде еліміздің орта мектептерінің жалпы
санының жартысынан астамы орналасты. 1959-1960 оқу жылы жалпы білім беретін
мектептерде 33361 мың, ал 1964-1965 оқу жылында – 46700 мың адам оқыды.
1964 жылы сегіз жылдық мектепті 4 млн.адам бітірді, орта білім беретін
мектепті – 1 млн 400 мың адам тамамдады [33]. Соңғы 5 жылда 7 мыңнан астам жаңа
сегізжылдық мектептер ашылды. Жалпыға бірдей міндетті білім беруді іске
асыруда ерекше жетістіктерге қарамастан, ауылдық мектептердің әлі де
көптеген мектеп жасындағы балалар оқытумен қамтылмаған.
Ұлы Отан соғысына дейінгі қалыптасқан халыққа білім беру жүйесі, оның
ішінде жалпы білім беретін орта мектептің құрылысы соғыстан кейінгі
жылдарда да ешқандай елеулі өзгеріссіз сақталды. Директивтік құжаттарда
айтылғандай, мектептің жұмысында кейбір өмірмен, тәжірибемен байланыс
болмады, оқытудың сөздік сипаты берік орын тепті.
Партияның ХІХ съезі өзінің шешімдерінде жалпы білім беретін
политехникалық мектепті құрудың қажеттігін атап көрсетті, бірақ ол
партияның ХХ съезінде де күн тәртібіне қойылғанмен, бұл шешімдер іске
асырылмады. 1956-1960 жж.арналған халық шаруашылығын дамытудың жоспарында
жалпы білім беретін мектепте политехникалық оқытуды одан әрі дамытудың
міндеттері қойылды.
50-жылдары орта мектептің жоғары мынып оқушыларының саны біршама
артты. Егер де 1950-1951 оқу жылында ҮІІІ-Х сыныптарда 2 млн.адам оқыса,
1955-56 оқу жылында олардың саны 6 млн.адамға жетті. Орта мектептердің
санының өсуіне байланысты пән мұғалімдерінің қажеттілігі артты. Егер де
1950-51 оқу жылында олардың саны 1330 мың болса, ал 1958-59 оқу жылында
олар 1813 мың адамға жетті [34].
50-жылдардың екінші жартысында, ХХ съезден кейін оның шешімдеріне
сәйкес оқу орындарының жаңа түрлері мектеп-интернаттар ашылды, оларға
негізінен жалғыз басты аналардың, еңбек және соғыс ардагерлерінің, сонымен
қатар жанұясында бала тәрбиелеуге қажетті жағдайы жоқардың балалары
қабылданды. Соғыстан кейінгі жылдарда мектептің өмірімен байланысына, оның
ішінде мектептегі политехникалық оқытуға ерекше мән берілді. Мәселен, 1954-
55 оқу жылынан бастап, РСФСР мектептерінде оқу жоспарына төмендегі пәндер
енгізілді: І-ІҮ сыныптарда – еңбек, Ү-ҮІІ сыныптарда – шеберханадағы және
оқу-тәжірибе алаңдарындағы практикалық сабақтар, ҮІІІ-Х сыныптарда
машинатану, электротехника және ауыл шаруашылығынан практикумдар. Осындай
пәндер одақтас республикалардың мектеп бағдарламаларына да енгізілді.
Оқушыларды қоғамдық пайдалы еңбекке баулудың өте қажетті түрлерінің бірі
оқушылардың өндірістік бригадаларын ұйымдастыру болып табылады. Алғашқы рет
осындай бригадалар 1955 ж. Ставрополь өлкесінде ұйымдасты, ал содан кейін
басқа облыстар мен республикада кең өріс алды.
40-жылдардың аяғы мен 50-жылдардың бас кезінде педагогика ғылымы
мектептің оқу-тәрбие жұмысының идеялық-саяси деңгейін арттыру мәселелерін
зерттеуге және практикалық іс-әрекетке оқушыларды даярлауға ерекше мән
берді. Бұл кезеңде педагогика теориясы мен тарихынан монографиялар мен
оқулықтар жарық көрді: Н.К.Гончаровтың “Педагогика негіздері” (1947),
И.А.Кайровтың педагогикалық институттар мен универсиеттерге арналған
“Педагогика” оқулықтар (1948), И.Т.Огородников пен П.Н.Шимбиревтің
“Педагогика” оқулығы (1950), Б.П.Есипов пен Н.К.Гончаровтың педагогикалық
училищелерге арналған “Педагогика” оқулығы (1950) [35].
Партияның ХХ съезі (1956) педагогика ғылымының алдына көптеген жаңа
өзекті мәселелерді қойды және мектептің оқу-тәрбие жұмысының деңгейін
арттыру, политехникалық білім беруді дамыту, мектептің өмірден алшақтығын
жоюдың қажеттігін атап көрсетті. Осыған байланысты Педагогикалық ғылымдар академиясының және педагогикалық институттардың педагогикалық кафедрасының ғылыми бағыты мектептердің өзекті мәселелерін зерттеуге біріктірілді: орта мектептегі жалпы және политехникалық білім беруді оқытуды ұйымдастыру және әдістері, мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастырудың ғылыми негіздері, балалардың жас және дара ерекшеліктерін ғылыми жаратылыстану және психологиялық тұрғыдан зерттеу.
50-жылдардың аяғында мектептегі білім берудің мазмұнын
жетілдірудің жолдарын теориялық және экспериментальдық ізденістер басталды.
Осыған байланысты жан-жақты мәселелер зерттелді: білім берудің мазмұнының,
ғылымның, техниканың және мәдениеттің деңгейі мен сипатына тәуелділігі, жас
өспірімдерді тәрбиелеу мен білім беруге қойылатын жаңа талаптар;
оқушылардың оқытудың әртүрлі тәрбие жұмысының бағдарламаларын құрудың
қағидалары және т.б.
Педагог-теоретиктер 7-10 жастағы балалардың бастауыш мектепте оқыту
үрдісінде жалпы дамуының мәселелері зерттелді. Профессор Л.В.Занковтың басшылығымен “Оқыту және даму” атты өте күрделі және болашағы зор мәселе бастап зерттеліне бастады, сонымен қатар орыс тілі және арифметиканы оқыту мәселелері, алты жасар балалардың сауат ашу, санау, жазу дағдыларын қалыптастыруда тәжірибе жұмыстары жүргізілді. Қарастырып отырылған кезеңде педагогика тарихынан зерттеу жұмыстары кеңінен жүргізіле бастады. Оның нәтижесінде педагогикалық институттарға арналған “Педагогика тарихы” (1955) оқу құралы жарық көрді. Сонымен қатар Е.Н. Медынскийдің “Украина мен Белоруссиядағы ХҮІ-ХҮІІ ғғ. Туысқан мектептері” (1954), Н.А.Константинов және В.Я.Струминскийдің “Ресейдегі бастауыш білім берудің тарихы очерктері” (1949), М.Ф.Шабаеваның “Орыс прогрессивті – демократиялық, педагогикасының қалыптасу тарихынан” (1951), Н.А.Константинов және Е.Н.Медынскийдің “РСФСР кеңес мектебі тарихының очерктері” (1948) және т.б. Аса көрнекті орыс педагогтары К.Д.Ушинскийдің, Д.Д.Семеновтың, В.Я.Стоюниннің, В.И.Водовозовтың, Н.И.Пироговтың, Л.Н.Толстойдың, П.Ф.Лесгафтының еңбектері кеңестік тарихи-педагогика ғылымын байытты [38].
Жалпыға бірдей орта білім беруді жүзеге асыру.
1958 жылы 24 қыркүйекте СССР Жоғарғы Кеңесі қабылдаған “Мектептің
өмірмен байланысын нығайту және СССР-де халық ағарту жүйесін одан әрі
дамыту туралы” заң жалпыға бірдей міндетті сегіз білім беруді енгізу туралы
шешім қабылдады. 1962 – 1963 оқу жылы барлық жетіжылдық мектептер сегіз
жылдық мектептерге айналды. Халық ағарту органдары мектеп жүйесін қайта
құруды және педагогикалық кадрларды орналастыруда біршама жұмыстар атқарды.
ХХІІ съезде қабылданған партия бағдарламасында бүкіл кеңес халқының
мәдени деңгейі мен ғылыми білім беруді арттыру мақсатында жалпыға бірдей
орта білім берудің қажеттігін жариялады.
Бұл талаптар 10 қараша 1966 жылы қабылданған “Жалпы білім беретін орта мектептің жұмысын одан әрі жақсарту шаралары туралы” қаулысында көрініс тапты. Бұл қаулыда мектептердің материалдық-техникалық бағасын нығайту үшін ынталандыратын шараларды белгіледі (мектеп құрылысы, оқу жабыдықтары, мектеп жиһаздарын және оқу құралдарын шығару, мектеп бөлмелері мен зертханаларды жабдықтау және т.б.)
Бұл шешімдерді іске асыруда негізгі ұйымдастыру шараларының ішінде РСФСР
Педагогикалық ғылымдар академиясын СССР Педагогикалық ғылымдар академиясына айналдыру және одақтық-республикалық министрлікті құру болды.
Бастауыш мектепте төртжылдықтан алынатын білімнің деңгейін түсірместен
үшжылдық бастауыш оқытуға көшу іске асырылды.
Жетіжылдық толық емес орта мектеп сегізжылдық жаппай міндетті оқытуға
айналды.
Сегізжылдық мектеп оқушыларды ғылыми білімнің, ептіліктің және
дағдының жан-жақты көлемімен қаруландыру және олардың жан-жақты даму
мүмкіншілігін қамтамасыз ету болып табысады. Ол шәкірттерді толық орта
мектепте білімін жалғастыруға даярлайды және сонымен қатар болашақ еңбек іс-
әрекетіне дайындық береді. Оқушылар жалпы білім алумен қатар,
политехникалық даярлықты алады, техника саласында кейбір мәліметтер алады,
қарапайым жалпы 
Оқу-тәрбие процестерін саясаттандырумен қатар жалпы көрсеткішті қудалау, оқу процестерін жасанды жүргізу, оқушылардың оқуға немқұрайлы қарауы орын алды. Осының салдарынан 20 жылдың ішінде (1950-1970) қазақ мектептерінің саны 3891-ден 2577-ге дейін азайды, ал сабақ орыс тілінде жүретін орыс мектептерінің саны 1,5 мыңға көбейді. Қазақ тілі тек тұрмыстық қолданыс дәрежесінде сақталса, орыс тілі негізгі мемлекеттік тіл ретінде қолданылды [39]. Кітаптардың 95 % орыс тілінде басылды, теледидар хабарларының 70 % эфирде тек орыс тілінде жүргізілді. Кеңестік тәртіптің бұл қылмысының нәтижесінде қазақ халқының ұлттық мәдениетінің аясы жылдан жылға тарылып, тіпті ұлттық территорияға қауіп төнген жағдайлар орын алды. Сонымен, қаралған жылдары республикада интернационализм түсінігі үстем идеологияға айналды. Ұлттық мәселелердің барлығы тек интернационалдық тәрбиені жақсарту арқылы шешіледі деген түсінік негізінде ұлыдержавалық шовинизм жатты. Ұлттық салт-санадан гөрі кеңестік салт-сана үстемдікке ие болып, көбірек дәріптелді [39].
Н.С.Хрущев Қазақстанды сынақ алаңы сияқты пайдаланып, көптеген тың тәжірибелерді, оның ішінде келешегі жоқ тәжірибелерді сынақтан өткізіп байқап көрді. Гидропоникалық әдіспен өсімдік өсіру, жүгері егу т.б. осы сияқты тәжірибелер Қазақстан шаруашылықтарында байқаудан өтті [38].
2 ТАРИХИ БІЛІМ ХХ ҒАСЫРДЫҢ 1950-1960 ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ КЕҢЕСТІК ИДЕОЛОГИЯ АЯСЫНДА

2.1 1940 жж. мен 1950-жылдардың басындағы тарихи білімнің идеялық-саяси шектелуі


Ұлы Отан соғысының әкелген адам мен материалдық шығыны қыруар еді. Қаншама дүние - мүліктің қирағанымен бірге Кеңес Одағы миллион адамын жоғалтты . Адам жаны түршігелік сан , әлемдік тарих мұндай алапат қырғынды бұрын көрмепті . Алайда адам шығынын Кеңес үкіметі ұзақ жылдар бойы жасырып келді . Партия комитеттері басты назарды соғыс кезіндегі И.В.Сталиннің жеңісті ұйымдастырудағы ұлы еңбегіне және Коммунистік партияның басқарушы әрі бағыт беруші рөліне аударып келді. Орталық органдардан түсетін нұсқауларды Қазақстанның мемлекеттік мекемелері де басшылыққа алып отырды. Сталиндік билік Кеңес Одағы халықтарының қанкүйлі соғыста жеткен жеңіске өздерінің елде кемеңгерлік басшылық жасай білуі мен байланыстырады. Көп ұзамай қырғи қабақ соғысдеген атқа ие болған халықаралық жағдайдағы ахуал ширыға түсті. Мұны ушықтыруға И.Сталин мен оның командасының кінәсі, батыс держевасы мемлекеттері лидерлерінің , атап айтқанда , Ұлыбританияның премьер министрі УЧирчилльден және АҚШ президенті ГТрумэннен бірде - бір кем есесті. Кеңес Одағы батыс елдерімен ұзақ бәсекеге түсетін деп, жанталаса қаруланға мәжбүр болып қана қойған жоқ, соғыс қажытқан кеңес еліне қажет несие алу мүмкіндігінен де айырылады. КСРО - ның көптеген аймақтарында, мысалы Қазақстанда 1945-1948 жылдары аштық қайтадан бел алды. Бұрын прогрессивті деп жарияланған патшалық билікке қарсы бүкіл ұлт азаттық қозғалыстың бәрі енді реакциялық ", ал шет аймақтарды отарлау - басқа халықтарға революциялық және жарқын болашаққа жол ашып беретін, достықты нығайту фактісі болып шыға келеді.


Осы секілді бейғылыми тұжырымдардың қызылкөз уағыздаушылары, табанды большевиктер " дейтін партия функционерлері А.Жданов, А.Андреев және М.Суслов еді. Барлық партия, Жоғары оқу орны, мектеп және басқа да қоғамдық бірлестіктер мен ұжымдар өз жұмыстарын қатаң түрде осы саясат шеңберінде құруға тиіс болды. Бұған қатаң бақылау орнатылды. Басқаша ойлаған кез келген ғалым немесе қарапайым адам, арнаулы органдар тарапынан бақылауға алынды, олардың тұтқындалып, сотталуы да ықтимал етеді Ішкі саясатта Сталиндік билік халықтың рухани өмірін бақылауды күшейтті. КСРО халықтарын қуғындау саясаты И.Сталиннің 1945 жылы 24 мамырда сөйлеген Жеңіс атымен деп аталатын сөзінде нақты айтылған еді. Жеңіс күні сөйлеген сөзінде И.Сталин кеңес халықтарын емес орыс халқын асыра мақтады. Ол орыс халқы Кеңес Одағының басқарушы күші соғыста шешуші рөл атқарғанын және де өзінің Кеңес Одағының құрамына кіретін ұлттардың ішіндегі ең ұлы ұлт мойындаған көсемі екенін ашық айтты. Сталиннің сөзі тегін еместі. Ол кеңестік жүйе орталығы тұжырымына қайта оралуды аңғартқан еді. Тарихшы Н. Верт айтқандай, 1930 жылдардағы секілді, елдің жаңа тарихын жасауға баса көктей әрі дөрекі түрде кірісті. 1946 жылы тарихқа жаңаша қарау жолдарын қарастыра алмағаны үшін «Исторический журнал» жабылды. Бұрынғының орнына ашылған «Вопросы истории» журналының өзі 1949 жылы қатаң тазартуға ұшырады. 1949 жылы қаңтарда КСРО ҒА сессиясы, партия комитеттерінің бақылауымен, батысқа бас июге қарсы күрестің өрістеуі барысында, орыс ғылымының тарихи артықшылығын дәлелдеді. Оған ешқандай негізсіз - ақ бірқатар жаңалықтар басымдығы телінді, олардың қатарында: радио, жоғары қуатты лампа, трансформатор, ұшақ, парашют, электр қуатын жеткізу бар еді.
Шындық жайына қалып , батыс ғалымдары ашқан көптеген жаңалықтар айтылмады . Орыстың өткен тарихы тілге тиек етіле бастады. Орталықтандырылған билікті күшейту үшін Сталинге осындай қадам қажет болды. Барлық партия және мемлекеттік мекемелер өз жұмыстары осы қатаң саясат шеңберінде құруға тиіс болды. Басқаша ойлайтын кез келген ғалым немесе қарапайым адам арнаулы органдар тарапынан бақылауға алынды , олардың тұтқындалып, сотталуы да ықтимал еді. Негізгі бөлім Ұлт зиялыларын қудалаудың жаңа толқыны Кеңестік патриотизмнің сталиндік доктринасы Отанды өткен тарихымен бірге құрмет тұту және коммунизмді құру секілді екі құрылымнан тұрды. Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейін Сталин орыс халқына КСРО - дағы бірінші халық дәрежесін беруді ойлады, өйткені оның данышпандығы мен тарихын ұлықтау арқылы, тек осындай ұлттан ғана ленинизм - сталинизм тумақ деген ойды халық санасына сіңіруге болатын еді.
Пролетариат тарихта тұңғыш рет нағыз өз Отанын тапты. Бұқара халық мемлекеттен өзінің тап жауының қаруын ғана емес, тағдырын өз қолына алған , халық Өкіметі органын да көре білді. Осындай жағдайда қоғам дамуының бұрынғы сатысына тән патриотизмнен принциптік тұрғыда әлдеқайда жоғары, жаңа құбылыс түрінде кеңестік социалистік патриотизм қалыптасты . Біздің патриотизмімізде туған халық пен елге деген адалдық, өз мемлекетіне, кеңестік қоғамдық - саяси құрылысқа шексіз берілу, оның негізін қалаушы көсемдеріміз Ленин мен Сталинге деген сүйіспеншілікпен ажырамас әрі түгелдей тоғысқан.
Осы айтылғанға қарап, коммунистік идеал мен кеңес мемлекетінің саясатын жақтаған жан ғана өзін патриот санай алады деген қорытынды шығаруға болады. Тап осы ойдың астарында Қиядағыны қалт жібермейтін партиялық дүрбі принципі тұрмаса, патриоттық көзқарас тұрғысынан мұндай қорытындыны дұрысқа жатқызуға болар еді. Сол себепті жағдай халық жауларын , ұлтшылдарды, Отан сатқындарын іздеудің пайдасына шешілді. Ондай таңбамен марапатталғандар, социалистік қоғамның қайыршылары, Коммунизмге қарыштау ұранының жаулары түрінде қарастырыла бастады. Кеңестік қоғамдығы интеллигенцияның жағдайы бұрынғыша қайшылыққа толы болды. Интеллигенция өзінің оппозициялық немесе саяси белсенділік деңгейіне қарамастан, сталиндік билік, сондай - ақ тоталитаризм үшін түгелдей жау элемент саналды. Екінші жағынан, кеңестік тоталитарлық мемлекет интеллектуалды саладағы қызметкерлер тапшылығын кез келген басқа елдерден гөрі қатты сезінетін еді. Бұл аса маңызды үш себепкекеңестік үлгідегі тоталитарлық жүйенің таптық тұрғыда идеологияландырылуына, оның әлемдік көшбасшылыққа ұмтылушылығына және ғылым, білім мен тәрбие ісіне биліктің өктемдік етуіне байланысты болды.
Сондықтан да тоталитаризмге, өзін бір тұтас күш деп сезінетін интеллигенция қажет емес, оған керегі интеллигенцияның бас шұлғитын бөлігі ғана еді. Қаулы соғыстан кейінгі Қазақстанда интеллигенцияға қарсы кең ауқымды шаралар жүргізуге жол ашып берді. Ұлы Отан соғысы жеңісінен кейін пайда болған тоқмейілсу, ендігі жерде жанды аман сақтау үрейі мен алаңдаушылыққа ауысты. Қоғам өмірінде күдік пен торығушылықтың тыныс тартылар атмосфрерасы қалыптасты. Соғыстың алдындағы жылдардағыдай саяси даурықпа жарнаманы бетке ұстаған түрлі ұрандарды пайдалана отырып, заң бұзушылық пен билікті асыра қолдану жалғаса берді. Өмір сүріп отырған саяси жүйе өздігінен дамуға мүлде дәрменсіз екенін көрсетті. 50 - жылдарға қарай Коммунистік партия түбегейлі түрде бұл жүйенің басшы күшіне айналды. Осы жүйенің барлық басқа буындары - мемлекеттік мекемелер, кәсіподақтар мен басқа да қоғамдық ұйымдар Компартияның бақылауымен жұмыс істеді. Қалыптасқан дәстүр бойынша, Коммунистік партияның бастаушы және бағыт беруші рөлі, партия ұйымдарының қоғам өмірінің алуан түрлі саласына , әкімшілік бұйрықпен тікелей араласуы түрінде қабылданды. Компартия мемлекеттік органдар Құзырындағы мәселелерді шешуді өз қолына алып, барша халықты өз алдына өмір сүру мүмкіндігінен айырды. Кеңестік қоғамның соғыстан кейінгі даму жоспары сталиндік антидемократиялық, тоталитарлық социализм моделімен ерекше қабысып жатты.
50 - жылдары қоғамдағы бейбіт өмірді қалыптастырумен байланысты құндылықты қайта бағалау көрінісі байқала бастады. Елімізде әлеуметтік бағдарламаға бет бұру мәселесі бұрынғыдан да айқындала түсті. Алайда қоғамдық сананың барлық деңгейінде сезіле бастаған елді жаңғыртудың кешенді бағдарламасына өтуге кеңестік Қоғамның қасаң Әлеуметтік - саяси құрылымы кедергі келтірді . Оның үстін , аса ауыр соғыстағы жеңіс, соғыстан кейін сол кездегі басшылық жасау жүйесін тиімді деп білуге негіз жасады, ал басшылардың көпшілігі әкімшілік басқару тәсілінің сара жол екендігіне сенді. 50 - жылдардың бас кезінде социализмнің сталиндік үлгі идеологиясы өзінің шырқау биігіне жетті. Міне, осындай күрделі жағдайда қоғамдық ғылымдар партия комитеттерінің қатаң бақылауымен дамыды . Әсіресе қоғамдық ғылымдардың мұнан әргі жағдайында БК ( б ) П ОК - нің 1946 жылғы 14 тамыздағы «Звезда» және «Лениград» журналдары туралы қаулысының зардабы қатты тиді. Бұл директивалық құжаттың қабылдануы интеллигенцияны, басқаша ойлайтын адамдарды қудалау мен соңына түсудің жаңа кезеңін өрістетті. Қазақстан партия комитеттері де өз жұмыстарын Орталық Комитет қаулысының шеңберінде жүргізді. Болашаққа жарқын жол және ондағы мемлекеттің рөлі жөнінде белең алған науқан аясында Ескі әлем идеологиялық түсінігі мен моралін Қоғамдық санадан ығыстыру мәселесі күн тәртібіне қойылды. Бұл проблема кеңес мемлекетінің негізгі проблемалары санатынан орын ала бастады. Елге буржуазиялық идея арқылы еніп отырған халық санасындағы ескілікпен күрес, табиғат пен қоғамға бейғылыми көзқарастан, ырымшылдықтан, ескі әдеттен арылу ендігі жерде кеңес азаматтарының санасын жоғары коммунистік деңгейге көтеру жолындағы күрес деп қаралды. Ондағы айтпағы большевиктік партия мен коммунизм мұратына адал болу еді. Партия мен мелекет ескінің сарқыншылығы және буржуазиялық идеяның әсерімен күресу мақсатында ендігі жерде мемлекеттік саясат деңгейіне жеткізілген кеңестік патриотизмге ден қойды. Сол кездегі ресми насихаттың тілімен айтқанда, бұл патриоттық тәрбие - кеңес халқына жат буржуазиялық космополитизмге құл болып, бас шұлғуға қарсы аяусыз күрес деп танылды.
Ұлы Отан соғысы кезінде ерекше белең алған халықтың патриоттық сезімін одан әрі өз мақсатында пайдалану ресми идеологияның басты назарында болды. Онсыз да соғыс халықтың бүкіл материалдық және рухани күшін жұмылдыруды талап еткен еді. Кеңестік патриотизмнің сталиндік доктринасы Отанды өткен тарихымен бірге құрмет тұту және коммунизмді құру секілді екі құрылымнан тұрды. Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейін Сталин орыс халқына КСРО - дағы бірінші халық дәрежесін беруді ойлады, өйткені оның данышпандығы мен тарихын ұлықтау арқылы, тек осындай ұлттан ғана ленинизм - сталинизм тумақ деген ойды халық санасына сіңіруге болатын еді. Даңғаза саяси айдар тағылған патриотизм ұранын кеңестік билік өз қажетіне қолдана білді. Сталин дәуірі насихатының жаңа табысына айналған ол, өзінің күні таусылар қарсаңында, соғыстан кейінгі кезең идеологиялық жұмысында ерекше маңызға ие болды. Сірә осы бір мезгілді әсіресе патриотизмнің сталиндік құбылнамасының дүниеге келуіме байланыстыруға болатын секілді. Әсіресе оның айқын көрініс тапқан саласы гуманитарлық ғылымдар, нақты айтқанда тарих, тіл, әдебиет және өнер саласы еді.
Қоғам қайраткерлері мен ғалымдарды саяси құдалау одақтас республикалардың гуманитарлық ғылымдарында да белең алды. Әсіресе Қазақстан, Украина, Башқұртстан секілді ірі республикаларда саяси құдалау көбейе бастады. Республиканың танымал тарихшысы Әлкей Марғұланның көзқарасы ғылымға жат деп жарияланды. 1952 жылы қарашада Қазақстан Компартиясы ОК Бюросы қабылдаған қаулы негізінде идеялық саяси қате жіберілген кітаптарды жою туралы шешім қабылдады. Кітапханалар мен сауда жүйесінен алынып көзін жойған кітаптар тізімінде Батырлар жыры, Айтыс, Қасым Аманжоловтың Өзім туралы, Мариям Жагорқызы және т.б. кітаптар болды. 40 - жылдардың аяғына қарай ҚазКП ОК бірнеше қаулы қабылдады. 1947 жылы 21 қаңтарда XX ғасырдың басындағы рухани мұраны зерттеуге тыйым салынды. 1947 жылғы 1 ақпанда ҚазКСР ҒА Тіл және әдебиет институтының жұмысындағы өрескел саяси қателіктер туралы қаулысы қабылданды. Бұл қаулыға іле - шала арнай тапсырмамен институттың бүкіл жұмысына топырақ шашқан жосықсыз мақалалар қаптап кетті. Соғыстан кейінгі қудалаудың айрықша белгісі саяси кінә тағу еді.
Қазақтың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов, көрнекті әдебиеттанушы ғалымдар Петр Галузо, Есмағамбет Ысмайылов, Қажым Жұмалиев, Әуелбек Қоңыратбаев, Бейсенбай Кенжебаев, Әмина Мәметова, Темірғали Нұртазин және т.б. феодалдық - рулық құрылымды дәріптегені үшін жұмыс орындарынан босатудан бастап сотқа тартуға дейінгі әртүрлі құдалауға ұшырады. Қазақстан ғылымы мен Мәдениетіне 1947 жылғы 1 ақпандағы қаулының тигізген зардабы зор еді. Оқулықтарды қайта жазу, ғылыми ережелерді таптық көзқарас тұрғысында түсіндіру тап содан басталған - ды. Қазақстан азаматтары тарихи - мәдени мұраны бұрмалаған, идеологиялық анайы қалыпта меңгеруге тиісті болды. Ленинград пен Мәскеуде қолдан жасалған Ленинград ісі, Дәрігерлер ісі жүріп жатқан кезде, Қазақстанда Бекмаханов ісі ұйымдастырылды.
Қазақ тарихының ХХ ғасырдың 40 жылдарында шындыққа бейімделіп, қайта жазылуы Е. Бекмаховтың есімімен байланысты. Бірақ оның жазған еңбектері соғыс жылдарындағы «халықтар достығы» ұранын көтерген кеңестік саясаттың либералистік көріністерін шебер пайдаланудың жемісі болатын. Шынында, 1943 жылдан бастап соғыстағы орыс халқының рөлі күшейген тұста, «халықтар достығы» миссиясының аяқталуымен, орыстық шовинизм элементтері белең алып Е. Бекмахановты қуғындау да басталып кеткен еді. Дегенмен Е. Бекмаханов қазақ тарихын «Ақтандақтардан» арашалауды бірінші болып бастап берді.
«Е. Бекмахановтың ісінен» кейінгі ұлттық тарихи білімнің тұмшалануы 1947 жылы құрылған «Білім» қоғамының қызметімен де байланысты. Ол соғыстан кейінгі тарихи білімдегі бағытты марксизм-ленинизм ілімімен безендіріп, оның өрісіндегі ұлттық белгілерді санадан аластау үлгісін көздеген қоғамдық ұйым болды. Сөйтіп 1920-40 жж. әр түрлі саяси идеялық жоспарлардың күш алуынан ұлттық тарихи білімнің даму қарқыны барған сайын тежеле берді.
ХХ ғасырдың 20-40 жж. Қазақстандағы ұлттық тарихи білімнің тежелуі кеңестік педагогикалық оқу жүйесіндегі қарама-қайшылықтардан ерекше байқалды.
1920 жылдың өзінде Қазақстандағы мұғалімдер саны 1914 жылмен салыстырғанда 2 есеге артты. Әртүрлі оқу орындары мен мектеп саны да өсті [36]. Осыған байланысты тарихи білімнің ғылыми тұрғыдағы жүйелі жолға түсуі де басталды. Бірақ бұның бәрі әскери өктемдікпен барынша тез жүргізілді.
1928 жылдың күзінде ашылған ҚазМУ-де 2 факультет жұмыс істеді (педагогикалық және ауыл шаруашылық). Педагогикалық факультеттің тіл және әдебиет бөлімінде этнография бөлімшесі құрылды, бірақ онда Батыс және Ресей тарихы басыңқы түрде, ал Қазақстан тарихы этнографияға бейімделіп қосалқы түрде ғана оқытылды. Бұл үрдіс 6 жылға созылып, 1934 жылы тарих-экономика факультеті ашылды. Оның алғашқы деканы қазақ халқының тарихынан хабары жоқ, 1905-1907 жж. революция жайлы еңбек жазған Е.Ф. Федеров деген болды. 5 жылдық факультеттің студенттері тек үшінші курста ғана 1440 сағаттық 1 жылға жоспарланған оқу жүктемесінің ішінде 150 сағатқа жоспарланып әлі жүйелі жолға түсе қоймаған «Қазақтар тарихымен» таныса алды [37].
Республикада 1940 жылдарға дейін тарих факультеттері бар 10 мұғалімдер және педпгогикалық институттар жұмыс істеді [37]. Бірақ бұлардың бәрінің тарихи білімдік бағытында тіл мен әдебиет және педагогика пәндері басыңқы оқытылды. Біздің байқауымызша, мұндағы ой (идея) комунистік тәрбиені насихаттауға бағытталып, кеңестік тарихи білімнің рөлін көтеру болатын. Яғни кез-келген саясатты жүзеге асыруда тіл мен тәрбиенің рөлі жоғары болса, кеңестік дәуірдегі большевиктер өз саясаттарын осы логикаға бейімдей отырып, ұлттық тарихи білімнің өрісін шектеп, болашағы бұлыңғыр комунистік тәрбиені насихаттау бағытын жүргізді.
Кеңес қоғамының тарихындағы «Халықтар достығы» ұраны ІІ дүниежүзілік соғыс кезінде күш алды. Халықтың социализмге деген шексіз сенімінен өсіп шыққан осы ұран, алдамшы саясаттың нәтижесі болса да, соғыс басталғанда кеңес адамдарының негізгі денін көзсіз ерлікке бастады. Тарихшы Е. Бекмаханов та кеңес азаматы ретінде осы сенім жетегінде қала отырып, қазақ тарихының ұлттық сипат алуын қайта жандандырған талантты ғалым еді. Ол «Халықтар достығы» ұранын пайдаланып, ХІХ ғасырдың 20-40 жж. Қазақ тарихының күмәнді жақтарын күлден аршып алудың тамаша үлгісін көрсете алды. Бірақ соғыстың соңына қарай белең алған ұлы орыстық шовинизм саясаты ұлттық тарихи білімдік ой түрткінің бәрін кеңестік идеологияның құрсауында ұстады. Тарихшы Ә. Тәкеновтың сөзімен айтсақ, «Ол заманда «ұлы орыс халқына бойсұнған кіші халықтар» өз тарихын оларды біріктіріп, басын қосып, компартияның басшылығы арқасында социалистік прогреске жеткізгені тұрғысынан ғана пайымдауға міндетті болды». Ендеше, Е. Бекмаховтың 1950 жылдары жазықсыз жазалануы да «Ұлы» орыстық шовинизм көріністеріне мән бермеген кеңестік саясаттың салдары еді [38].
Е. Бекмаховты сынау оның К. Қасымұлы бастаған көтерілістің ұлт азаттық сипатын ашуымен ғана емес, қазақстан тарихының кезеңдерге бөлуімен де байланысты болатын. Ол оны былай бөлген еді:
1) туыстық кезеңге дейінгі; 2) туыстық кезең; 3) феодалдыққа дейінгі кезең; 4) Қарлұқ кезеңі. Бұған сын айтқан А. Якуниннің пікірі бойынша, бұндай бөліс ғылыми жағынан дәлелденбеген, әрі кеңестік құрылыс тарихы кезеңдерге кірмей қалған. Е. Бекмаханов кеңестік саясат күштеуімен «Справедливая критика» деген мақала жазып, осы «қатесін» мойындауға мәжбүрлендірілген еді. [38], Бұл – кеңестік құрылыстың тарих ғылымының жүйелі жолға түсуіне жол салуымен бірге, оның ұлттық сипатын тежеуге тырысқан саясатының көрінісі болатын.
1958 жылы 24 желтоқсанда қабылданған «Мектептің өмірмен байланысын нығайту және КСРО-да халыққа білім беру жүйесін одан әрі дамыту туралы» Заң бойынша, оқуды еңбекпен ұштастыруға байланысты тарихи білімде коммунизмді насихаттау іс-шаралары басталып кетті. Бірақ ұлтттық тарихи білімге мән берілмеген соң, бұндай іс-шаралар өзінің мәресіне жете алмады. Ұлт республикалары осы заңдағы идеяларды көшірумен айналысып, ұлттық тарихи білімнің дамуын ескерусіз қалдыруға тағы да мәжбүр болды.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 1958 жылы 28 наурызда КСРО Жоғары Кңесінің 24 наурыздағы Заңына сәйкес өз Заңын қабылдап, қазақтардың ғасырлар бойғы мешеулігінің жойылуы мен рухани өміріндегі жетістіктерінің бәрі ұлы орыс халқының көмегі арқылы болғанын мәлімдеді [39]. Сөйтіп осы Заңның тасасындағы қазақ халқы құлдық психологиядан арылмаған бейшара күйінде қалып, ұлттық тарихи білімнің дамуына заңдық тұрғыдан шек келтірілді.
Дегенмен 1959 жылдың 3 қазанында КОКП Орталық Комитеті мен КСРО министерлер Кеңесінің «Мектептерде тарихты оқытудағы кейбір өзгерістер туралы» қаулысы қабылданып, одақтас республикалардың тарихын оқып-үйрену мәселесін қарап шешуге көңіл бөлінді. 1960 жылы 16 мамырда республиканың Министрлер Кеңесі «Қазақ КСР тарихы бойынша 7-8 және 9-10 кластарға арналған оқулықтар жазуға бәйге жариялау туралы» қаулы қабылдады. Алайда бәйге жүзеге аспай, Республика оқу министрлігі профессор Е. Бекмахановқа «Қазақ КСР тарихы» бойынша 7-8 кластарға арналған элементарлық курсты және 9-10 кластар үшін жүйелі курстар жазуды тапсырды. Ресейге қосылудың пайдалы жағын басыңқы көрсеткен осы оқулықтар баспадан дер кезінде басылып шықты [40].
КОКП-ның ХХІІ съезд шешімдерінен кейін ағымдағы мәселенің бәрі коммунистік құрылыстың артықшылықтарын насихаттауға бағытталған тұста, коммунистік партияның кеңес қоғамындағы жетекші, басқарушы, бағыт беруші күші ретіндегі рөлін ашып көрсету бірінші кезекте, осы тарихи білім үлесіне тиді. Сөйтіп ол ХХ ғасырдың 60 жылдарының басынан бастап коммунистік идеологияның нағыз қолшоқпарына айналды. Тіпті КСРО-дағы барлық оқу орындағы тарихтан басқа пәндердің бәрінің де идеялық – білімдік бағыты біреу болды. Ол – коммунистік идеялылық, буржуазиялық идеологияға төзбеу, социалистік патриотизм мен пролетарлық интернационализм. Бірақ коммунизм орнатуда асығыстыққа барған кеңес басшылығы, 60-70 жылдары қарама-қарсылықты шешімдер қабылдаумен бір мезгілде жалпы халықтық тарихи білімдік ой-сананың қалыптасуына да жағдай жасағанын байқамай қалды. Осы аралықта тең жартысынан көбі КОКП мамандары болған республикадағы тарихшылар қауымы, тарихи білімдегі жеке басқа табыну идеясын санадан ығыстыруға жаппай кірісіп кетті. Бұл үрдіс, тарихтағы бұқара халықтың рөлін көтеру мен тарихи білімнің шынайы болуындағы маңызын арттырумен қатар жүргізілді.
2.2 1950 жж. соңы - 1960 жж. басындағы тарихи білімге Е.Бекмахановтың
қосқан үлесі

Ермұхан Бекмаханұлы Бекмаханов тарихшы ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ Кеңестік Социалисттік Республикасының ғылым Академиясының корреспондент мүшесі 1915 жылы қазіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданыда № 10 ауылда Жасыбай деген жерде кедей шаруа Бекмахан Бегенұлының шаңырағында дүниеге келген [40]. Назар аударатын мәлімет: кедейлер тобына жататын бұл отбасы Абылай ханның ұрпағы екендігі, ал Ермұхан Абылайдан тараған жетінші буын екендігі соңғы кездерде ғана ашылып айтыла бастады. Ермұхан Бекмаханов көрнекті ғалым, ұлтымыздың сүйікті перзенті, қазақ тарихының жанашыры, ұлы тұлға. Ермұхан Бекмахановтың қоғамдағы орны, тарих ғылымына қосқан үлесі, тұлға ретінде өмір жолынан алатын өнегесі зор, адами қасиеттері ұрпаққа үлгі тұтарлық қасиеттері басым. Ермұханның әкесі Бекмахан Мұса Шормановтың немере інісі Зында Шормановтың малын баққан. Бекмаханның Бәпіш деген әйелінен Дінше, Ермұхан және Қамияш деген үш баласы болады. Бекмахан мал бағып жүріп өкпесіне суық тигізіп алады да, Ермұхан алты жасқа толмай жатып қайтыс болады. Әкесінен жастай қалған Ермұхан өз бетінше өмір сүруге талпынып бала кезінен, білімге бет бұрып,1925-1931 жылдар аралығында Баянауылдағы мектепте оқиды. Мектепті бітіргеннен кейін Семейдегі Жұмысшы факультетіне оқуға түседі [40]. Сол жылдары Қазақстанда күштеп ұжымдастыру салдарынан ашаршылық орын алып, Ермұханның анасы мен кішкентай қарындасы қайтыс болады. Ермұханның әкесінің қайғысының үстіне анасы мен қарындасының қайғысы қосылып, тағдыр тәлкегін санасымен қабыл алып, өмірдің ескегін өзі қолына алып, қиыншылыққа мойымай қарсы тұрып, ерік - жігері мықты тұлғаға айналады. Осынау қиын сәттерде өзін-өзі қамшылап, алға ұмтылады.


1933 жылы Семейдегі Жұмысшы факультетін тәмамдаған Ермұхан ҚазПИ-дің физика-математика факультетіне түсу мақсатында Алматыға жол тартады. Қәзіргі Семейдегі М.Әуезов атындағы сақталған деректер бойынша бұл кісі сол кездегі осы оқу орнына түсіп, біраз уақыттан кейін Алматыға кетеді. Алматыда ол ағасының досы Диқан Әбілевті кездестіреді. Диқан Әбілев Ермұханға шолақ белсенді жерлестерің сенің төре тұқымынан екеніңді жәрия етіп, қудалауға түсіруі мүмкін деп, Орталық Ресейдегі оқу орындарының біріне түсуге кеңес береді [41]. Дихан Әбілевтің кеңесімен Тамбов педагогикалық институтында жаңадан ашылған тарих факультеніне түсуге құжаттарын тапсырады. Халықтық ағарту комиссариаты Ермұханның Тамбов қаласына жетуі үшін қаражат бөледі. Осылайша тарихшы болуды ойламаған Ермұхан өзінің ғылымдағы алғашқы қадамын бастайды. 1936 жылы Халықтық ағарту комиссариатының шешімімен Тамбов педагогикалық институтының тарих факультеті жабылып, ол факультеттің студенттері Воронеж педагогикалық институтына ауыстырылады. Воронеж қаласында айдауда жүрген Алаш қозғалысының белді мүшелері Халел Досмұхамедов және Мұхаметжан Тынышбайұлымен танысады. Халел мен Мұхаммеджанның әсері Ермұханның келешекте кәсіби тарихшы атанып, үлкен ғалым болуына зор ықпал етеді [23].
1937 жылы Ресейдің Воронеж қаласындағы педагогикалық институтын бітіргеннен кейін Қазақ КСР халық ағарту комиссариатының жанындағы ғылыми зерттеу институтында еңбек еткен.
Тарихта қалған қазақ ғалымдарының ішінде алғашқы болып тарих ғылым докторы атанып (1946 жылы) және ол атақты лагерьден кейін екінші рет басқа тақырыппен тағы да қорғап шыққандығы мәлім (1957 жылы).
Сондай - ақ Ермұхан Бекмаханов Қазақстан тарихы кафедрасын жоғарғы оқу жүйесінде алғаш рет ашып, меңгерген еді. Ерекше назар аударсақ, Ермұхан Бекмахановқа дейін Қазақстан жоғарғы оку орындарында тек қана СССР тарихы және Жалпы тарих кафедралары ғана болғаны белгілі. Тынымсыз еңбегінің арқасында Ермұқан Бекмаханов Қазақстан тарихы кафедрасына ең бірінші түрен салушы ғана емес (1948 ж.), лагерьден аман - есен елге оралғаннан кейін де қайтадан осы бағытта қызметін жалғастырып, тарихта ұлы мұра қалтырған танымал тұлға (1958 ж.) Осы бағытта, оның нағыз ер азамат,халқының игілігі үшін тайсалмай басын тәуекелге тіккен күрескер және қайраткер екенін көре отырып,үлгі тұтамыз,дәріптейміз,құрмет тұтамыз.Білім саласында да айрықша үлес қосқан, Ермұхан Бекмаханов жас ұрпақтың келешегі үшін қазақ тарихшыларының ішінде арнайы мектеп оқушыларына арнап 7-8, 9-10 класс оқулықтарын жазып, қол таңбасын мұра қылып қалдырып, толағай еңбегінің арқасында тарих сахнасында ойып тұрып өз орнын биіктен сайлап кеткен ғалым [35]. Аталмыш оқулықтары тарихқа сусаған қазақ еліне қарлығаштай қанатымен аузына су бүріккенге теңестіруге болады. Жоғарыда атап көрсеткен оқулықтар Қазақстан мекептерінде 30 жыл бойы қызмет жасап, тарихи құндылықтарды ашып көрсетуде жол сілтеген, бағдар берген, баға жетпес тарихи мұраға айналды. Тарихшы-ғалым Ермұхан Бекмаханов "Қазақстан тарихын" мектепте және жоғарғы оқу орындарында оқытудың алғашқы әдістемелік- тәжірбиелік еңбектерін жазды. Соғыс жылдары нақты айтсақ, 1941-1945 жылдардағы соғыстың ауыр кезеңінде басталған бұл еңбек бірнеше оқу құралында, әдістемелік брошюраларда және 1966 жылы жарияланған "Очерки Истории Казахстана" пособие для учителей кітабында жарық көрді [36]. Сондықтан да Е. Бекмаханов қазақтың тарих саласы бойынша алғашқы ғалым -әдіскері бола білді.
Ермұхан Бекмаханов қазақ тарихшыларының ішінде алғашқы болып Қазақстан тарихы бойынша "библиографиялық көрсеткіш" жасап,тарих ғылымының дамуына айрықша үлес қосты. Ермұхан Бекмахановтың үлкен жауапкершілікті мойнына ала отырып, редақторлық жасауымен 1964 жылы жарық көрген "Библиография по истории Казахстана" аннотированный указ-тель. вып. I. Дореволюционный период аталатын қалың кітап әлі күнге дейін таптырмас, баға жетпес мұра болып келетіндігін мақтанышпен айта аламын [7]. Ермұхан Бекмахановтың қазақ тарихы бойынша жазып кеткен барлық үлкенді - кішілі еңбектерінің бәріне қысқаша шолу жасаған бұл кітаптан жоғары етіп әлі еңбек жазған зерттеуші бар деп айтуға әлі ертерек деп санаймыp. [35]
Ғалымның еңбектері 1938-1939 жылдары Халық мұғалімі (қазіргі Қазақстан мектебі) журналында жарық көрді. Ермұхан Бекмахановтың тарих ғылымына аяқ басуы соғыс кезеңімен ұштасып, соған қарамастан қай жерде қызмет жасаса да әр қадамы жемісті болды. Осындай жағдайда білім саласында үлкен із, өшпестей тарихи мұра қалдырған- кеңес заманында сталинизмнің құрбаны болған, тұңғыш кеңес тарихшыларының бірі, әрі бірегейі, кеңес тарих ғылымында доктор атағына ие болған азамат, профессор, Қазақстан Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі - Ермұхан Бекмаханов еді [73]. Ермұхан Бекмаханов - обьективті ғылыми шындықтың жағындағы зерттеуші бола білді. Оның есімі осынысымен де биік тұғырға шығып, ел есінде сақталып, шет елдерде де жоғары беделге ие болды. Бұндай қасиет екінің бірінің бойынан табыла бермейтін еді. Ермұхан Бекмаханов жайлы пікір айтқан аузы дуалы, академиктер Греков, Панкратова, Дружниндер кеңес тарих ғылымын жасаушы, Бекмахановты қолдаушы және өз пікірлерін ешуақытта өзгертпеген, тіпті ең жоғары партия басшылары алдында да жасырмаған ұлы тұлғалар еді,себебі ғалымның енбектері жас ұрпаққа баға жетпес тарихи мұра еді. Сол кезде бұл мамандардың қолдауы Ермұханның мықты маман,ғылыми негізі бар баға жетпес білім иесі екендігін көрегендікпен танып білгендіктерін дәлелдеп берді.Ермұхан Бекмаханов 1937 жылы Ресейдің Воронеж қаласындағы педагогикалық институтын бітіргеннен кейін Қазақ КСР халық ағарту комиссариатының жанындағы ғылыми зерттеу институтында еңбек еткен.
Тарихшы Ермұхан Бекмаханов 1946-1947 жылдарда Қазақ КСР Ғылым академиясында жаңадан құрылған Тарих, археология және этнография институты директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, 1947 жылдан бастап, өмірінің соңына дейін, нақты айтсақ 1966 жылдың мамыр айының алтысына дейін Қазақ мемлекеттік университетінде өзі ұйымдастырған Қазақстан тарихы кафедрасын басқарған мықты маман еді.Ғұмырының соңғы сәттеріне дейін ел игілігі үшін тер төгіп,қызмет жасаған ғалымның есімі жыл өткен сайын жаңғырып,зерттеулердің нәтижесінде жаңа қырынан танылып келеді.
Ермұхан Бекмахановтың ғылыми мұрасы оның тақырыптарының алуан түрлі болуымен, тарихи мәселелерді кең қамтуымен және оларды байыпты шешуімен ерекшеленді. Оның еңбегінің бастысы 1947 жылы Алматыда орыс тілінде жарық көрген "XIX ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан" атты монографиясы болды. Осы тақырыпта 1946 жылы Мәскеуде тарих мамандығы бойынша докторлық диссертация қорғаған [63].
Асыра сілтеу, бұрмалау және күдікшілдік бел алған осы тұста бұл еңбекке пікір айтушылардың кейбіреулері оны Кенесары Қасымұлы бастаған қозғалыстың тарихын ақтау тұрғысынан көрсеткен еңбек деп бағалап, оны буржуазияшыл-ұлтшыл идеологияны дәріптеуші деген саяси кінәға ұшыратты. Ермұхан Бекмаханов еңбегіне байланысты пікірталастар 1947 жылдың екінші жартысында бұрынғыдан да күшейе түсті. Ермұхан Бекмаханов бірақ айтқанынан қайтпады. Халқы үшін жан аямай күрескен Кенесары Қасымовтың батыр екенін дәлелдеген, оның кітабын да, өзін де қызыл империя аямай жазалады. 1947- 1950 жылдарда Ермұхан Бекмахановтың күйі өте ауыр болды, күн өткен сайын оған тиген моральдық соққының салмағы арта берді.
Ұлы Отан соғысы жылдарында Республиканың халық ағарту комиссариатының басқарма бастығы болған. Сонымен қатар Алматы қаласының жоғарғы оқу орындарында ұстаздық қызмет атқара отырып, ғылым саласына өз үлесін, қол таңбасын қалтыра бастайды. 1946-1947 жылдарда Қазақ КСР Ғылым академиясында жаңадан құрылған Тарих, археология және этнография институты директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, 1947 жылдан бастап, өмірінің соңына дейін, ягни 1966 жылғы мамырдың алтысына дейін Қазақ мемлекеттік университетінде өзі ұйымдастырған Қазақстан тарихы кафедрасын басқарды. Е. Бекмахановтың ғылыми мұрасы оның тақырыптарының алуан түрлі болуымен, тарихи мәселелерді кең қамтуымен және оларды байыпты шешуімен ерекшеленді. Оның еңбегінің бастысы 1947 жылы Алматыда орыс тілінде жарық көрген XIX ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан атты монографиясы болды. Осы тақырыпта 1946 жылы Мәскеуде тарих мамандығы бойынша докторлық диссертация қорғаған. 1947 жылы Алматыда «ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан» деген атпен орыс тілінде жеке монография түрінде жарық көрді [25]. Асыра сілтеу, бұрмалау жөне күдікшілдік бел алған осы тұста бұл еңбекке пікір айтушылардың әсері оның өміріндегі қиын кезеңдердің бастауына айналса да, елге деген құрмет оны тек алдыға жетеледі демеу болды, жанына қуат, көңіліне медет берді, алайда, кез - келген азаматтың, әр адамның өмірінде туған жері жүрегінен ойып тұрып орын алатыны белгілі. Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов: "Әр адамның туып-өскен елі, жасынан жаттап өскен ғадеті, нанымы, тұрмыс қалпы - сол адамның ақыл мінезіне із қалдырмай тұрмайды. Бұл қалдырған із - көңілге кіріп, ерікті билеп, әр адамға өзінің елін сүйгізіп, елдігін іздетеді" [23] - деп айтқандай, Баянауыл-ұшы-қиыры жоқ қазақтың сары даласының кіндік ортасында орналасқан көрікті де қасиетті мекен Ермұхан үшін де ерекше еді. Өзінің туған жеріне Мекке-Мәдинадай құрмет көрсеткен қазақ баласы үшін Баянауылда ұшқан құстың қанаты талатын, жортқан аңның тұяғы шыдамайтын қазақтың сайын даласы ата-анасының көзіндей болып жылушырап, өзіне тартып тұратын. Кейде ата-анасын аңсап сағынғанда мейірім көзіндей болып көрінетін.
Ермұхан Бекмахановтың аяулы анасы туралы жазып қалтырған мәліметтері жоқтың қасы. Балалық шағы өте ауыр жағдайда өткен бала ғалымның тағдыры жүректі сыздатар қасіретке толы десек те болады. Ермұханның өз қолымен жазып қалдырған өмірбаянында былай деп қана қысқа қайырады: шешем колхозшы, 1932 жылы қайтыс болды дегеннен басқа анасы туралы сыр ашпайды. Ауыр қайғысымен бөліскісі келмеді ме көп ашыла бермейді. Алайда расында да оның анасы мен қарындасы сұмдық та сұмпайы аштық жылдарында ашаршылықтан қайтыс болып, олардың мәйіттерінің қайда қалғаны да беймәлім болды. Бұл қасірет Ермұханның жүрегін тілімдеп, мәңгілік сағынышқа айналды.
Анасы мен туған қарындасынан көз жазып қалған Ермұхан тек туған бауыры, ағасы Діншенің қолдауымен ғана мектепте білім алады. Артынша Ермұхан Баянауылда жетіжылдық мектепті тамамдаған соң 1932 жылы Семей қаласындағы жоғарғы оқу орнына даярлайтын бір жылдық курсты оқып шығады. 1933 жылы Қазақ АКСР Оқу-ағарту халық комиссариатының жолдамасымен Воронеж қаласындағы мемлекеттік педагогикалық институтқа қабылданып, 1937 жылы тарих факультетін тамамдайды. Міне, осыдан кейін ғалымның тарихқа салған сүре жолдары басталады. 1937 жылы Ермұхан Бекмахановтың педагогтық қызметі Алматыдағы № 28 мектептен басталады.
Мектепте қызмет жасай жүріп Ермұхан Бекмаханов өзінің білімділігі мен білгірлігін таныта біледі. Ол әр бір шәкірттің жақсы білім алуы үшін аянбай еңбек етеді. Алғаш мектептен басталған оның бұл алғашқы қызметі оны болашақ ғылымға үлкен жол салып бергендей еді.
Ермұхан Бекмаханов мектепте оқытушылық қызмет жасай жүріп, 1937 жылдан бастап Алматы қаласындағы педагогика ғылыми-зерттеу институтында (қазіргі Ы. Алтынсарин атындағы қазақтың білім проблемалары институты) да еш ойланбастан ғылыми жұмысын бастап кетеді. Осы жылдары ғылыми-зерттеу институтында өзінің білімділігі мен іскерлігін танытқан Ермұхан Бекмаханов көп уақыт өтпестен, 1939 жылы аталған институттың директоры қызметіне дейін өзінің еңбекқорлығы арқасында қол жеткізеді. Аталмыш қызметте 1940 жылға дейін тиянақты жұмыс жасап, өзінің бойындағы іскерлік, ұйымдастырушылық қабілеттерімен көзге түседі. Ермұхан Бекмаханов сондай - ақ ҚазПи-ді (қазіргі Абай атындағы педагогикалық ұлттық университет) аспирантура бөлімін тамамдап, 1940-1941 жылдары БКП(б) Орталық комитетінің жанындағы жоғарғы партия мектебінде оқып білім алады. Дерек мәліметтерінің көрсетуі бойынша Ермұхан Бекмаханов 1940 жылы партия қатарына өтеді [43].
Ермұханның өмірінің қиын да сындарлы жылдары екінші дүниежүзілік соғыстың басталуымен тұспа-тұс келді. Соғыстың аты соғыс. Сұм соғыс ешкімді де аямады. Алпауыт соғыс барша халықтың берекесін кетіріп, елдегі ауыр күндерді де, қиыншылықтарды да бастан өткізген болатын. Ермұхан Бекмаханов соғыс қиыншылығына қарамастан өзінің білімін толықтырумен болды. Халқының білімін көтеріп, сауаттылығын нығайту жолында оқу орындарында талмай жұмыс жасады. Елдегі ауыр жағдай ерік - жігері мықты Ермұханның білімге деген құлшынысына тосқауыл қоя алмады. Нақты тоқтала кетсек, Ұлы Отан соғысы жылдарында ҚазПИ-дің білім жетілдіру институтында білікті маман ретінде көріне білді. Үлкен ұстаздық жолды басынан кешірген болашақ ғалым 1947 жылы қазақтың қара шаңырағы ҚазМУ-де (қазіргі әл-Фараби атындағыКазҰУ) ұстаздық жолын жалғастырумен болды.
Бұдан кейінгі тұста Ермұхан Бекмаханов ғылымдағы өзінің сара жолын салып жатты. 1941-1942 жылдары Ермұхан Бекмаханов ҚазКСР Оқу халық комиссариатында мектептер басқармасының бастығы қызметін абыроймен атқарды, қай жұмыстың басында болсада асқан жауапкершілікпен, тиянақты қызмет жасап, өзінің ортасында үлкен абырой мен сенімге ие болды. Бұл әрбір адамның бойынан табыла бермейтін ерекше қасиет еді. Ал 1942-1944 жылдар аралығында - Қаз (б) КП Орталық Комитетінің лекторы, 1943-1948 жылдар аралығында ҚазКСР Ғылым Академиясының тарих, археология, және этнография институтында (қазіргі Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты) аға ғылыми қызметкері, біраз уақыт институт директоры болған С. Юшковтың орынбасары болды.
Ермұхан Бекмаханов өзінің алтын уақытын бөліп, денсаулығына да көңіл бөлместен тынымсыз еңбек етіп, барлық ғұмырын білім саласына арнады.Соның айғағындай Қазақстан жоғары оқу орындарына арнап алғаш рет оқулықтың жобасын жасады және оны сол күйінде жариялады. Ғалымның бұл ойы сол кезеңде іске аспағанымен біздің қазіргі жасап отырған дүниенің негізін қалап кеткендігін бүгінгі күні үлкен құрметпен мойындап, мақтанышпен растай аламыз. Алайда, Ермұханның осы жетістігіне Қазақстан тарихшылары тек 90-шы жылдары ғана қол жеткізгендігі ақиқат [41].
Ермұхан Бекмаханов Қазақстан жоғары білім жүйесінде алғаш рет тарих факультеті студенттерінің негізінде Қазақстан тарихы бойынша мамандар дайындауды іске асырды. Ол кезеңде бұл шешуі өте қиын мәселе еді, себебі Қазақстан тарихы бойынша мамандануға тек қана басқа ұлт өкілдері ғана емес, СССР - тарихы, Жалпы тарих кафедрасында қызмет істеп, нан тауып жүрген қазақтар да қарсы болды.Қоғамдағы қарсылықтарға қарамастан мақсатын жүзеге асыра алды.Тек қана 90-жылдардың басына дейін университеттік білім беру жүйесінде тарих факультетінің студенттері мамандық таңдау мүмкіндігіне ие болды.Ермұхан Бекмаханов қысқа ғұмырында жиырмаға жуық жас азаматтарға үлкен ғылымға жолдама беріп, ұстаздық- жетекшілік жасады. Олардың ішінен кейін қазақ тарих ғылымына үлкен үлес қосқан ғалымдар да шықгы. Бұл да Ермұхан Бекмахановтың үлкен азаматтығы, өзі жас болса да, өзгеге бас болған даналығы екендігін бүгінгі таңда үлкен мақтанышпен еске аламыз. Ермұхан Бекмахановтың басты құндылығы да осында ол Қазақстанда тарих ғылымын оқыту жүйесінде аспирантура институтын, оның бағдарламалары мен негізгі талаптарын қалыптастырып кетті [46].
Ермұхан Бекмаханов өзінің ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында 1941-1943 жылдар аралығында мәскеулік тарихшылардың Қазақстанға келетіндігін пайдалана отырып Қазақстан тарихының алғашқы академияльқ нұсқасын жасады. Соның нәтижесінде Қазақстан тарихына қатысты жүздеген жылдар бойы жинақталған деректерді қорытып, тарихнамалық еңбектерге баға беріп, қазақ тарих ғылымының нұсқасын жасады. Бұл теңдесі жоқ қызмет еді.1943 жылы шыққан "История Казахской ССР" КСРО құрамына енген орыс емес ұлттардың тарихына арналған алғашқы академиялық еңбегі болды.
Өзін жан -жақты тұлға ретінде таныта білген, үлкен дарын иесі, қазақтан шыққан алғашқы ғылым докторы, профессор Ермұхан Бекмахановтың өскен ортасы мен туған жерінің киелі табиғаты оның болашақтағы үлкен өмір жолына аяқ басуда үлкен рөл атқарғаны айқын. Қазақта Терек те текті жерге өседі деген тамаша теңеу сөзі осыны растап тұрғандай. Тіпті оның жары Халима Бекмухамедова былайша есіне алады: Егер мен Ермахан Бекмахановты кездестірмесем, менің өмірім мүлде бұлай болмаушы еді. Мен оның арқасында жоғарғы оқу орынының оқытушысы, ғылым кандидаты, доцент, аспиранттарға ғылыми жетекші де болдым, - деп есіне алады. Сол сияқты ерекше қабілетті ғылым иесін қазіргі жас ұрпақтың көз алдына елестетуде Халима Бекмухамедованың естелігінен берілген мәліметтер арқылы нақты деректер беруге болады [45].
Ермұхан Бекмаханов бұдан кейінгі тұста өзінің мол ізденісі мен тәжірибесінің арқасында ұлтының тарихына, қазақ елінің тарихына мол мұра қалдыра білді. Әрине бұның барлығы оңай келген жоқ. Осыншама ғылым жолындағы жетістіктер Ермұхан Бекмахановтың ұзақ жылдар бойы айналысқан еңбегінің жемісі, ізденіске толы тынымсыз күндерінің нәтижесі екендігі баршаға мәлім.
Ермұхан Бекмахановтың алғашқы ғылым жолындағы кездері уақытпен санаспай атқарған еңбектері мен ізденістері педагогика саласымен тығыз байланысты болды. Әр кез балалармен жұмыс жасаған тұста мектеп құралдарының тапшылығы мен методикасынан қиыншылықтардың кездесуі болашақ ғылым иесін қатты толғандырды. Сондықтан да сапалы білім беру ісінде алғашқы кезекте методикалық құралдың қажет екендігі байқалды. Сол себебті де қазақ мектеп оқушылары үшін тұңғыш рет ерте дүние тарихы мен КСРО халықтары тарихы бойынша методикалық құрал жасауға барлық ерік - жігерін аямастан атсалысты. Ғалымның еңбектері 1938-1939 жылдары Халық мұғалімі (қазіргі Қазақстан мектебі) журналында жарық көрді. Ермұхан Бекмахановтың тарих ғылымына аяқ басуы соғыс кезеңімен ұштасып,соған қарамастан қай жерде қызмет жасаса да әр қадамы жемісті болды.Осындай жағдайда білім саласында үлкен із, өшпестей тарихи мұра қалдырған-кеңес заманында сталинизмнің құрбаны болған, тұңғыш кеңес тарихшыларының бірі, әрі бірегейі, кеңес тарих ғылымында доктор атағына ие болған азамат, профессор, Қазақстан Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі - Ермұхан Бекмаханов еді [43].
Ермұхан Бекмаханов - объективті ғылыми шындықтың жағындағы зерттеуші бола білді. Оның есімі осынысымен де биік тұғырға шығып, ел есінде сақталып, шет елдерде де жоғары беделге ие болды. Бұндай қасиет екінің бірінің бойынан табыла бермейтін еді. Ермұхан Бекмаханов жайлы пікір айтқан аузы дуалы, академиктер Греков, Панкратова, Дружниндер кеңес тарих ғылымын жасаушы, Бекмахановты қолдаушы және өз пікірлерін ешуақытта өзгертпеген, тіпті ең жоғары партия басшылары алдында да жасырмаған ұлы тұлғалар еді, себебі ғалымның енбектері жас ұрпаққа баға жетпес тарихи мұра еді. Сол кезде бұл мамандардың қолдауы Ермұханның мықты маман, ғылыми негізі бар баға жетпес білім иесі екендігін көрегендікпен танып білгендіктерін дәлелдеп берді. Ермұхан Бекмаханов 1937 жылы Ресейдің Воронеж қаласындағы педагогикалық институтын бітіргеннен кейін Қазақ КСР халық ағарту комиссариатының жанындағы ғылыми зерттеу институтында еңбек еткен.
Тарихшы Ермұхан Бекмаханов 1946-1947 жылдарда Қазақ КСР Ғылым академиясында жаңадан құрылған Тарих, археология және этнография институты директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, 1947 жылдан бастап, өмірінің соңына дейін, нақты айтсақ 1966 жылдың мамыр айының алтысына дейін Қазақ мемлекеттік университетінде өзі ұйымдастырған Қазақстан тарихы кафедрасын басқарған мықты маман еді. Ғұмырының соңғы сәттеріне дейін ел игілігі үшін тер төгіп, қызмет жасаған ғалымның есімі жыл өткен сайын жаңғырып, зерттеулердің нәтижесінде жаңа қырынан танылып келеді.
Ермұхан Бекмахановтың ғылыми мұрасы оның тақырыптарының алуан түрлі болуымен, тарихи мәселелерді кең қамтуымен және оларды байыпты шешуімен ерекшеленді. Оның еңбегінің бастысы 1947 жылы Алматыда орыс тілінде жарық көрген "XIX ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан" атты монографиясы болды. Осы тақырыпта 1946 жылы Мәскеуде тарих мамандығы бойынша докторлық диссертация қорғаған [53].
Асыра сілтеу, бұрмалау және күдікшілдік бел алған осы тұста бұл еңбекке пікір айтушылардың кейбіреулері оны Кенесары Қасымұлы бастаған қозғалыстың тарихын ақтау тұрғысынан көрсеткен еңбек деп бағалап, оны буржуазияшыл-ұлтшыл идеологияны дәріптеуші деген саяси кінәға ұшыратты. Ермұхан Бекмаханов еңбегіне байланысты пікірталастар 1947 жылдың екінші жартысында бұрынғыдан да күшейе түсті. Ермұхан Бекмаханов бірақ айтқанынан қайтпады. Халқы үшін жан аямай күрескен Кенесары Қасымовтың батыр екенін дәлелдеген, оның кітабын да, өзін де қызыл империя аямай жазалады. 1947-1950 жылдарда Ермұхан Бекмахановтың күйі өте ауыр болды, күн өткен сайын оған тиген моральдық соққының салмағы арта берді. Ермұхан Бекмахановты қаралау компаниясы Тілеуқажы Жанайұлы Шойынбаев, Хадиша Гилимқызы Айдарова және А.Ф. Якунинің қол қойған КСРО-ның басты газеті - "Правда" газетіндегі 1951 мақаладан басталады [54].
Е.Бекмахановты қудалау Қазақстан тарихы ғылымында Қазақстанның Ресейге қосылу проблемалары Кеңестік идеология тұрғысында зерттелінді. Ол түгелдей зиян, жартылай зиян және прогрессивті құбылыс деген сияқты үш қырынан танылды. Е.Бекмахановтың идеялық қарсыластарының бірі А.Ф.Якунин 1950 жылы Правда газетінде Қазақстан тарихы мәселелерін маркстік - лениндік тұрғыда жазу үшін атты мақала жариялады. Ол мақаласында былай деп жазды: Тарихшы М.Н.Покровский және оның мектепсымағы орыс емес халықтардың Ресейге қосылуын түгелдей зиян деп жазғаны мәлім. Осыдан келіп, Ресейге қарсы келген кез келген ұлттық қозғалысты оның сипаты мен мақсатына мән берместен Покровскийдің мектебі оны ұлт - азаттық прогрессивті, тіпті революциялық деп санады. Жартылай зиян формуласы ғылыми тұрғыда дұрыс, алайда оны шебер пайдалана білген жөн. Осы формуланың ғылыми мәнін ревизиялауға ұмтылыстың қандайы болсын негізсіз әрі зиянды. Бұл арада 20-30 жылдардағы кетпес тарихшыларына марксистік емес тарихи тұжырымдауға қарсы тұру, бірбеткейлік, жөнсіз білгірлік тән болды. М.Н. Покровскийдің мектебі сол кездің өзінде қатал сынға ұшыраған болатын.
Бұл дәстүр соғыстан кейінгі жылдарда біршама қарапайым нұсқада жалғасты. Осы айтылғандар арасында, Е.Б. Бекмахановтың «ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан» монографиясын КСРО ҒА Тарих институтында, ҚазКСР ҒА Тарих, археология және этнография институтында талқылануы назар аударарлық жайт. Бұл талқылаулар стенограммалы Қазақстан тәжірибесінде қолданылған тоталитаризм идеологиясының мазмұны мен ауқымын ашып көрсету тұрғысында назар аударарлық тарихи дерек көзі болып табылады Кенесары Қасымов бастаған 1837-1847 жалдардағы ұлт - азаттық көтеріліс және Кенесары ханның тарихтағы рөлі жайлы зерттеулер Қазақстанда қалыптасқан тоталитарлық режимнің идеологиялық мәнін айқын бейнеледі. Маркстік - лениндік - сталиндік ғылым жақтаушылар партиялық тазалығын жақтаушылар партиялық одан бері, мемлекеттік басшылықтың әкімшіл бұйрық пайдаланды.
Тарихшы Ермұхан Бекмаханов 1946-1947 жылдарда Қазақ КСР Ғылым академиясында жаңадан құрылған Тарих, археология және этнография институты директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, 1947 жылдан бастап, өмірінің соңына дейін, нақты айтсақ 1966 жылдың мамыр айының алтысына дейін Қазақ мемлекеттік университетінде өзі ұйымдастырған Қазақстан тарихы кафедрасын басқарған мықты маман еді.Ғұмырының соңғы сәттеріне дейін ел игілігі үшін тер төгіп,қызмет жасаған ғалымның есімі жыл өткен сайын жаңғырып,зерттеулердің нәтижесінде жаңа қырынан танылып келеді.
Ермұхан Бекмахановтың ғылыми мұрасы оның тақырыптарының алуан түрлі болуымен, тарихи мәселелерді кең қамтуымен және оларды байыпты шешуімен ерекшеленді. Оның еңбегінің бастысы 1947 жылы Алматыда орыс тілінде жарық көрген "XIX ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан" атты монографиясы болды. Осы тақырыпта 1946 жылы Мәскеуде тарих мамандығы бойынша докторлық диссертация қорғаған [16, б.63].
Асыра сілтеу, бұрмалау және күдікшілдік бел алған осы тұста бұл еңбекке пікір айтушылардың кейбіреулері оны Кенесары Қасымұлы бастаған қозғалыстың тарихын ақтау тұрғысынан көрсеткен еңбек деп бағалап, оны буржуазияшыл-ұлтшыл идеологияны дәріптеуші деген саяси кінәға ұшыратты. Ермұхан Бекмаханов еңбегіне байланысты пікірталастар 1947 жылдың екінші жартысында бұрынғыдан да күшейе түсті. Ермұхан Бекмаханов бірақ айтқанынан қайтпады. Халқы үшін жан аямай күрескен Кенесары Қасымовтың батыр екенін дәлелдеген, оның кітабын да, өзін де қызыл империя аямай жазалады. 1947- 1950 жылдарда Ермұхан Бекмахановтың күйі өте ауыр болды, күн өткен сайын оған тиген моральдық соққының салмағы арта берді. Ермұхан Бекмахановты қаралау компаниясы Тілеуқажы Жанайұлы Шойынбаев, Хадиша Гилимқызы Айдарова және А.Ф. Якунинің қол қойған КСРО- ның басты газеті - "Правда" газетіндегі 1951 мақаладан басталады. Артынша 1951 жылы университеттегі жұмысынан қуылып, партия қатарынан шығарылды.
Кенесары бастаған көтерілісті ұлт - азаттық оқиға деп қабылдаушыларға қарсы шыққандардың арасында Х.Г. Айдарова көзге түсті. Ол: Әлбетте, біз 1943 жылдан 1947 жылға дейін БК (б) П ОК - нің Башқұртстан, Татарстан, Украинадағы идеологиялық мәселелерге арналған, «Звезда» және «Ленинград» журналдары туралы, сондай - ақ Қазақстан Компартиясы ОК - нің ҚазКСР тарихының екінші басылымы туралы, Қазақ КСР ҒА Тіл және әдебиет институты жұмысындағы өрескел қателіктер туралы шешімі бар екенін, сонымен бірге Жданов жолдастың философиялық мәселелер жөніндегі пікірталаста сөйлеген сөзінде зерттеулер мен көпшілікке арналған жұмыстарда партиялық, жауынгерлік бағытты ұстану керектігін тағы қайтара еске салғанын жақсы білеміз. Қоғамдық ғылым саласында осы тұжырым және Ленин мен Сталин еңбектерін басшылыққа алу керек, - деп ұлттық сипаттағы зерттеулерді сынға алды [46].
Осылайша бірқатар қазақстандық ғалымдарды қудалауға жол ашылды. 1950 жылы 26 желтоқсанда «Правда» газетасінде Т.Шойынбаев, Х.Айдарова мен А.Якуниндердің бірлесіп жазған «Қазақстан тарихын маркстік - лениндік тұрғыдан баяндайық» атты мақаласы жарық көрді. Осы мақала кеңестік тарих, жалпы гуманитарлық ғылым тағдырында зұлматты рөл атқарды. Оған мақаланың екі тезисі дәлел бола алады. Онда: 1) Қазақстан тарихының маңызды кезеңдерінің бірін баянда- ды қолға Бекмаханов оның мәніне бара алмаған, феодалдық-монархиялық ұлтшылдық төркінін түсінбеген және де мұрағаттық - әдеби мағұлматтарды қате пайдаланып, тарихты бұрмалаған. Автор маркстік - лениндік ғылыми ұстанымнан ауытқыған, тарихи оқиғаны буржуазиялық - ұлтшылдық көзқарас тұрғысынан; 2) алған шынаны туралы ерттеулері керек. Бұл тарихи оқиғаға маркстік - лениндік көзқарас тұрғысынан келу деген сөз. Өкінішке қарай, ғылыми - зерттеу жұмыстардың бәрі бірдей осы талапқа сай келмей жатыр деп көрсетілді.
Осы мақала 1951 жылы 21 ақпанда өткен КСРО ҒА Тарих институты Ғылыми кеңесіліп, талқылау нысанына айналды. С.Л. Утченко мақаланың талқылау айтындығын, онда екі ұдай пікірдің жоқтығын айтты. Алайда ол А.М.Панкратова, Н.М. Дружинин, М.В. Вяткин сияқты ғалымдардың осы қозғалысқа қате, марксизмге кереғар баға бергенін атап көрсетті.
Ғылыми кеңес өз қорытындысында Е. Бекмахановтың жұмысы марксизмге жаr ұлтшылдық көзқараста жазылған деген баға берді. А.М. Панкратова Е. Бекмахановтың еңбегін сәтті қадам деп бағалап, қорытындыға кол қоюдан бас тартты. Алайда Е.Бекмахановтың еңбегіне Ресейге қарсы ұлттық көтерілісті дәріптейтін, орыстарға қарсы кітап деген жала жабылды. 1951 жылы 16 сәуірде партия жиналысы болып, онда Е. Бекмахановты БК (б) П қатарынан шығару жөніндегі 13 сәуірдегі нәрсенімі бекітілді. Оны институттан шығару мәселесі қойылды.
Сол жылы Институт Ғылыми кеңесінің кеңейтілген отырысы шақырылып, онда Е.Бекмахановқа тарих ғылымдарының докторы атағын беру жөнінде шешімді алып тастау жөнінде Бүкілодақтық аттестациялық комитетке өтініш жасалды. Е. Ділмұхамедов («1937-1947 жылдардағы К.Қасымұлы бастаған қазақтар көтерілісі») пен А.Жиреншин («Абай және оның орыс достары») қатаң сөгіспен жұмыстан шығарылып, тарих ғылы кандитаты дәрежесінен айырылды.
1951 жылы 10 сәуірінде Қазақстан Компартиясының Орталық Комитеті «Правда» газетіндегі мақала туралы қаулы қабылдап, онда мақаланы дұрыс деп тапты. 1951 жылы сонда ҚазКСР ҒА Президумы мақалаға қайта оралып, 1951 жылғы 10 сәуірдегі ҚазКП ок Бюросы қаулысын жүзеге асыру шаралары
және олардың туралы қаулы қабылдады, онда ұлттық індет вирусынан тазару және түп тамырымен жою бағдарламалары қарастырылды.
1951 жылы БОАК Е. Бекмахановты ғылыми дәрежелері мен атағынан айырды.
Артынша 1951 жылы университеттегі жұмысынан қуылып, партия қатарынан шығарылды. Ермұхан біраз уақыт Алматы облысы, Нарынқол ауданында мектепте тарих пәнінен сабақ берді, көп кешікпей Жамбыл облысы, Шу ауданындағы Новотроицк селосындағы мектепке мұғалім болып орналасты. Осы жерде жұмыс істеп жүрген жерінен 1952 жылы 5 қыркүйекте тұтқындалды. Екі айға жуық тергеу жұмыстары жүргізіліп, 1952 жылдың 3 қарашасында № 699 іс бойынша Ермұхан Бекмахановты айыптау қорытындысы дайын болды. Ермұханның жары Халима Бекмаханованың естелігінен: Тергеу үш айға созылды [45]. Тергеудің өн бойында қорқыту мен қоқан-лоққы қатар жүрді. Сот 1952 жылдың 2 желтоқсанында болды. Жоғарғы Соттың ғимараты Гоголь мен 8-ші март көшелерінің бұры - шында болатын. Ермұқанды 4 солдат айдап алып келді. Ол маған жақындамақшы болған, мен де ұмтылдым, бірақ бізді айырып жіберді. Соттың үш күнінде көптеген куәлар келіп, кетіп жатты [46].
1952 жылы 24 мамырда ҚазКСР ҒА Президумы отырысы Е.Бекмахановты қызметінен босатты. Е.Бекмахановтың ұлтшылдығымен қатар, ағылшын - американ агентурасымен байланысы бар адам ретінде бар құқығынан айырылып қуғындалды. ҚазКСР Жоғары Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Е. Бекмахановты қылмыстық кодекстің 59-10 бабының 2 бөлім 2УК бөлімі 58-2 бап санкциясымен, түзету лагерінде 25 жыл қамауда ұстауға, 5 жыл конститутциялық құқығынан айыруға және дүние мүлкін тәркілеуге үкім шығарды.
Қазақ халқына тән барлық жақсылық атаулыны бойына сіңіре біліп, табиғатынан ерекше батыл, зерделі, Отансүйгіш, білімге құштар, іздемпаз болып өскен, ұлағатты азаматы, алғашқы профессионал тарихшысы Ермұхан Бекмаханов өкінішке орай не бары елу жасында ғана дүниеден өтті. Ғалымның артында мол ғылыми мұра, қалыптасқан зерттеу әдістері мен тәжірибе, казақ тарихының қилы кезеңдері мен оқиғалары туралы ой нышандары өскелең ұрпаққа құнды мұра болып қалды. Ермұхан Бекмахановтың жасаған ісі, қалтырған мұраларының бәрі қазіргі қазақтың азаматтарынан үлкен жауапкершілікті, азаматтықты, жанашырлықты талап етті. Ермұхан Бекмахановтың тарих ғылымындағы ұлан-ғайыр және жанкешті еңбегі жөнінде соңғы жылдары баспасөзде біраз жазылды.
Олардың ішінде Әбу Тәкенов, Манас Қозыбаев, Кеңес Нүрпейісов, Талас Омарбеков сияқты ғалымдар мақалаларында Ермұхан Бекмахановтың тарих ғылымындағы еңбектері әділ бағаланып,өз дәрежесінде құрметке лайық екендігі нақтыланып,баспасөз беттерінде жарық көрді. Ғалымның жары Халима Бекмұхамедова көп жылдар бойы ғалым туралы естеліктерді жинастырып, оны да жинақтап баспадан шығарды [48]. Осыдан бірнеше жыл бұрын Манас Қозыбаевтың жетекшілік етуімен Ермұхан Бекмахановтың өмірбаяны мен ғылымдағы еңбегін саралаған кандидаттық диссертация қорғалды [49]. Аталған диссертация жұмысында Ермұхан Бехмахановтың өмірі мен қызметі айтыла келіп, тарих ғылымына қосқан үлкен үлесі нақтыланған еді.Ермұхан Бекмахановтың еңбектерінің дені қазіргі кезде библиографиялық өте сирек кездесетін дүниелерге айналды. Сондықтан да Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, осы оқу орнының басшысы, ұлтжанды азамат Ерлан Мұхтарұлы Арын бастап Ермұхан Бекмахановтың ғылыми мұрасын елге таныту мақсатында,ізденіске толы жылдардың жемісін көріп, мол еңбек сіңірді. Бұл жұмыс 2003 жылы басталып, алғашында Рухнама сериясынан Ермұхан Бекмахановқа арналып арнайы кітап болып жарыққа шықты. Бүл кітаптың ішіне Ә. Тәкеновтың ғалым туралы жазған тарихнамалық шолу мақаласы, Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісіне қатысты,нақтылай келсек азаттық күрес туралы жазған Ермұхан Бекмаханов тараулары, Ермұхан Бекмаханов жайында жазылған әдебиет тізімі енгізілген еді [10].
Ұлы тұлғаға көрсетілген құрмет ретінде Ермұхан Бекмахановтың 90 жылдығы қарсаңында Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлодар мемлекетгік университеті ғалымның мерейтойына арнап арнайы халықаралық конференция,ғалымның шығармаларының жинағын шығару, библиографиялық көрсеткіш дайындау міндетін қойды,бұл іс артынша республикалық дәрежеде қолдау тауып,жоғары деңгейде өтті. Жүйелі жүмыс нәтижесінде оқырман қолына ұсынып отырған жеті томдық Ермұхан Бекмаханов шығармаларының жинағы жарық көріп, оқырмандарына жол тартты.
Ермұхан Бекмахановтың жеті томдығының - бірінші томы Ермұхан. Бекмахановтың өмірбаяны және шығармашылық еңбегі туралы көлемді очеркімен басталды,оны жүзеге асырған авторлары Е.М. Арын және Ж.О. Артықбаев болды. Бұл томға 1943 жылы жарияланған Қазақ ССР-і тарихының Ермұхан Бекмаханов жазған тарауларының орысша және қазақша түп нұскалары да енді.Кезінде Қазақ ССР-і тарихының алғашқы басылымы сол кезеңдегі идеологияға байланысты сынға ұшыраған болатындығы баршаға аян [10].
Жинақтың екінші томында Казахстан в 20-40-е годы XIX в. деп аталатын ғалымның аты шулы монографиясы толықтай енсе, бұл кітапты жариялағанда Қазақ ҒА сирек кездесетін қолжазбалар қорында сақталған 1947 жылғы жарияланған нұсқа мен 1992 жылы Әбу Тәкеновтың басшылығымен жарияланған нұсқалары енгізілген.
Жинақтың үшінші томға ғалым-тарихшы Ермұхан Бекмахановтың 1958 жылы жарыққа шыққан «Присоединение Казахстана к России» атты монографиясы толығымен енген. Ал жинақтың төртінші томында Ермұхан Бекмахановтың мектепте, жоғары оқу орындарында Қазақстан тарихын оқытуға арналған әдістемелік-тәжірибелік еңбектері және 1966 жылы жарық көрген Очерки истории Казахстана (пособие для учителей) оқу құралы енгізілген. Жинақтың бесінші томында Ермұхан Бекмахановтың Қазақстан тарихы мәселелеріне арналған, әртүрлі басылымдарда жарық көрген ғылыми мақалалары жинақталған. Аталған томға енгізілген ғалымның кейбір мақалаларының партиялық-идеологиялық бағытта жазылуын оқырман сол уақыттың талабына байланысты деп түсінуі керек деп бағалаймын.Жинақтың алтыншы томына Е. Бекмахановтың XIX ғасырдың 20-40 жж. Қазақстан монографиясы бойынша Алматыда өткіз ілген 1948 жылғы шілде талқылауының стенограммасына енді. Жалпы, редколлегияның дискуссия материалдарын жеке том етіп жариялаудағы мақсаты оқырманға ғалымның күрескерлігі және сол кезеңдегі тарих ғылымының дамуы туралы мәліметтер беру.Сондай - ақ стенограмма материалдары Кеңес Нұрпейісовтың жариялауымен Алматыда 2000 жылы жарық көрген бірінші басылымынан өзгеріссіз берілген. Жетінші томның материалдарын негізінен Ермұхан Бекмаханов туралы құжаттармен замандастарының естеліктері құрайды [12].

3 СОҒЫСТАН КЕЙІНГІ ЖЫЛДАРДАҒЫ МӘДЕНИЕТТІҢ КӨРІНІСІ


3.1 Соғыстан кейінгі театр, драматургия саласындағы еңбек


Ұлы Отан соғысның алғашқы айларынан бастап Ресейдің, Украинаның, Белоруссияның шығармашылық топтары Қазақстанға келе бастады. 1943 жылдың басында республикаға көшіп келіп орналасқан театрлардың саны жиырмаға жетті. Алғашында Шымкентке қоныс ау дарған Моссовет атындағы театр кейін Алматыға келіп орналасты. Украинаның И.Франко атындағы театры Г.Юраның басшылығымен Семейде жүмыс істеп жатты. Киевтің Леся Украинка атындағы театрының актерлері Республикалық орыс театрының құрамына келіп косылды. Мемлекеттік Беларусь театры Орал кдласында өнер көрсетіп жатты. Бұлардан басқа Қазақстанға Днепропетровскінің Луганскінің, Днепродзержинскінің, Полтаваның, Артемовскінің жөне басқа қалалардың театрлары көшіп келді.


Алматыға Мәскеу мен Санкт-Петербург киностудиялары да қоныс аударды. Қазақстанда Г.Уланова, С.Прокофьев, С.Эйзенштейн, Д.Михайлов, Ю.Завадский, В.Морецкая сияқты көптеген орыс мәдениетінің ірі кайраткерлері қызмет істеді.
Ұлы Отан соғыс жылдары театрлар репертуарынан бұрыннан қойылып келе жаткдн пьесалармен қатар әскери тақырыпқа арналған М.Әуезовтің "Сын сағатта" (1941), М.Әуезов пен Ә.Әбшевтің (Намыс гвардиясы) (1943), С.Мұкановтың (Жеңіс жыры) (1942), Ф.Вольфтің "Профессор Мамлок" және Ө.Әбішевтің "Қырағылық" (1941) атты драмалық шығармалары орын алды. Бұл уақытта Қазақ драма театрының актерлік өнермен катар режиссура саласында біршама тәжірибе жинақтағаны байқалды. Оған дәлел — осы театрда қойылған "Профессор Мамлок" спектаклі. Бұл кездері театрда көбіне актерлердің рөл үстінде жұмыс істеуіне, сахна сырын меңгеруіне, орындаушылық шеберлігінің жетілуіне баса назар аударылды. Осы жылдары қойылған спектаклъдер қызғылықты режиссерлік шешімімен, сахналық жинақтылығымен ерекшеленді.
Тікелей әскери тақырыпты қозғайтын М.Әуезовтің (Сын сағаттар) спектаклін режиссер А.Тоқданов сахнаға шығарды. Бұл — қазақ драматургиясындағы отты жылдар кезеңіне байланысты үгіт көтерген алғашқы пьеса. Жазушы ауыр күндердегі адам жанының ішкі дүниесіне барлау жасады. Кеңес өкіметі адамдарының достық, туыстық, саналы бірлігін өз шығармасына негізгі өзек етіп алды. Ұлы шайқас кезінде кеңес адамдарының патриоттык. сезімінің артуы, Отан алдындағы азаматтық борышъш терең сезінуі спектакль режиссурасының негізгі ой-түжырымына айналды. Спектакльде еңбек пен соғыс майданындағы адамдардың үлы ерлігі өзіндік әсерлі шешімін тапты.
ХХ гасырдын 50-60 жылдарында репрессияларға қарамастан Қазақстан мәдениеті жетіліп, әдебиеттің дәстүрлі және драма жанрлары дами түсті. Қазақстанда әуесқой театр топтары болды. Олардың ішінде ең танымал болғандары - Семей әуесқой театр тобы және Халықка білім берудің Орынбордағы қазақ институты. Институт негізінде 1926 жылы қаңтарда Қызылордада тұңғыш кәсіби қазақ театры ашылды. Онда М. Әуезов, Ж. Шанин, С. Қожамқұлов, Қ.Қуанышбаев, Қ.Жандарбеков, З.Атабаева және басқа да дарынды драматургтер, режиссерлер және артистер жұмыс істеді. Қазақ сахна өнерінің тарихында соғыс жылдары аса маңызды, әрі қызықты кезең болып табылады. Қазақ театрларының осы аз уақыт ішіндегі аса жемісті еңбегінің нәтижесінде жасалған спектакльдердің бірсыпырасын республикасы мәдени өмірінің алтын қорына кірді. Олар қазіргі заман тақырыбына қойылған «Намыс гвардиясы», тарихи тақырыпқа арналған «Ақан сері–Ақтоқты» және классикалық шығарма «Асауға тұсау» спектакльдері. Сахнаға қайта лайықтап, өңделген «Еңілік–Кебек» трагедиясының жаңа нұсқасы мен драматург Ғ.Мүсіреповтың «Қозы Көрпеш –Баян сұлу», «Ақан сері–Ақтоқты» трагедиялары, Ш.Құсайынов пен Пеншевскийдің «Алдар көсе» комедиясы да қойылған. Бұл спектакльдерге ортақ жай-халық өмірінің тарихи ерлігі, олардың азаттық жолындағы күресі мен жан сұлулығын ашып күрсетеді, соны паш етушілік. Мұнда ой-нысана «Қобыланды» спектакльіне де тән. Осы айтылған ұлттық драматургиялық туындылардан Академиялық драма театры репертуарында берік орын алып, ұжымның шын мәніндегі кезендік табысы болғаны – «Ақан сері -Ақтоқты» трагедиясы.
Театрға өз үнімен келген драматург Ғ.Мүсірепов бұл трагедиясында үлкен проблемалық мәселе көтерді. Пьесаға өзек болған негізгі оқиғалар қазақтың ардагер ұлы, серілігімен аты шыққан әнші Ақан тағдырымен тығыз байланысты. Драматург Ақан арқылы бас бостандығы үшін болған күресті, шиеленісе шешілетін тартысты көрсетті. Спектакльді қойған режиссер М.И.Гольдблат шығарманың идеясын ашуға көп еңбек сіңірді. Ол өзі қойған ұлттық спектакльдің баса көрсету үшін көптеген шартты сахналарды енгізеді. Спектакльге салтанатты сәнділік беруге тырысқан. Мұның өзі әсем бояулармен дайындалған декарациялар мен көпшілік қатынасатын сахналарда ерекше байқалып отырды. Көтеріңкі романтикалық сазда қойылған «Ақан сері–Ақтоқты» спектаклі театр сахнасында ұзақ уақыт бойы қойылып келеді. Біраз үлгісі жасап барып, бұл спектакль Академиялық драма театр репертуарына берік орнын қайта алып отыр. Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігінде «Ақын трагедиясы» деген атпен астананың талғампаз қауымына көрсетілген болатын.Ш. Аймановтың режиссурасымен қойылған бұл спектакльді көркемдеуші –суретші А.Ненашев, Ш.Мусин (Ақан), З.Шәріпова (Ақтоқты), Қ.Әділшінев (Науан), Ы.Ноғайбаев (Балуан), М.Сүртбаев (Жалмұқан) тағы басқа актерлер жасаған сахналық образдар жұртшылық назарын аударған-ды. Театр бұдан басқа халық ертегілері негізінде жазылған Ш.Құсайыновтың «Алдар көсесі» мен Ә.Тәжібаев пен Г.Рошальдің «Жомарттың кілемін» көрсеткен. Соңғысын қойған режиссер Ә.Ысмайылов. Бұл спектакльдерде Қ.Қуанышбаев, Қ.Бадыров, Ш.Айтматов, Х.Бөкеева секілді актерлер өз шеберліктерін танытып, шығармашылық биографияларының тың белестерін ашты [54].
Қазақ театрының қайраткерлері бұл жылдарда бойындағы барша шығармашылық күшін сарқа еңбек етті. Соғыс жылдарында сахнаға жаңа спектакльдер әзірлеудің үстіне олар әскери бөлімдерге, ауруханаларға, республиканың колхоз, совхоздарына барып, үнемі ойындар көрсетіп отырды. Көптеген концерт бригадалары майданның алғы шебіне барып, Кеңес Армиясы жауынгерлерінің алдында өнер көрсетті. Кейде тұтас ұжымдар республиканың шалғай аудандарына гострольге шықты. Соғыстың қиын күндерінде оларға аяқ артар лау да болмады. Артистердің жаяу–жалпылы шұбап колхоздарға барып, бара сала еңбекшілерге егін жинауға, шөп шабуға көмек көрсетісті. Қазақ актерлері бұл жылдары қажырлы еңбектің үлгісін танытты. Күнделікті жұмыстың, жүріс–тұрыстың қиыншылығына қарамастан олар өзінің шығармашылығына биік талап қойып, ойын–сауық, спектакльдерінің көркемдік дәрежесіне ерекше мән беріп отырды. Олардың шығармашылық жағынан өсе түсуіне Қазақстанға көшіп келген кеңес сахнасы шеберлерінің де көмегі аз болған жоқ. Жоғарыда айтылған актерлермен бірге кеңес жауынгерлерінің арасында ойын–сауық қойып, қанатты өнер дүниесінен үлкен қызықты концерт беруден – Елубай Өмірзақов, Хадиша Бөкеева бастаған театрдың бір топ актерлері арнайы сапармен. сапармен алдынғы майдан шебіне барып қайтқан [44].
Ұлы Отан соғысы бітісімен соғыс тематикасы ұмыт бола қалған жоқ. Қайта ол бұрынғыдан да терең, жаңғыра түскен еді. Бұл міндетті орындауда жол бастаушы болған Академиялық драма театры, кеңес адамдарының жеңімпаздық құдыретін сипаттаған Б.Чирсковтың «Жеңімпаздар» атты пьесасы өз сахнасына қоюды таңдады. Бұл пьесаны қоюға театр 1947 жылдың басында арнайы, белгілі кеңес режиссері Г.А.Товстоноговты шақырып, спектакльдің сахналық көркемдеу жұмысын Э.В.Чарномский атқарған.
«Жеңімпаздар» – ерекше жоғарғы идеялы, саяси өткір, психологиялық өзгеше шешімде жазылған шығарма. Автор өзінің бұл пьесасын соғыс оқиғаларының эпопеясы етіп біреуді көздеген. Пьесадағы негізгі қайшылықтар – әртүрлі әскери доктриналарға қарсы тұрған кеңес әскери басшылығының позициясы ірі масштабта берілген. Осыған сәйкес, мұндағы тарихи даму процесі және адамдар тағдырлары өмірлік шындықпен жеткізілген. Адамдар тағдырлары мен мемлекет тағдырының бірлестігін көрсету арқылы автор өзінің түпкі ойын кеңінен тұжырымдаған деуге болады. Чирсков өзінің пьесасын әскер драма деп өте дәл атаған. Соғыстың қайнап жатқан кезінде, үлкен–кіші демей, әрбір солдаттың, әрбір командирдің Отанға, халыққа деген беріктігі, өлім мен өмір сынынан өтіп отырады. Мұндағы барлық мақсат генерал Муравьевтың – «Бізге тек қана соғысты ұту еместек қана, бейбітшілікті де ұту қажет» – деген сөздерімен әрбір жауынгердің жауапкершілігі бір жерден шығып отырды. Пьесаның саяси –идеялық күші де осы бірлестікте [55].
Қазақ театрының спектаклі де осы тұрғыдан шешілген. «Жеңімпаздарды» қойған Г.А.Товстоногов кеңес адамдарының қайсар мінезін, мұқалмас қайратын баяндайтын спектакль жасауға тырысқан. Сол себепті ол, кейіпкерлер бейнелерінің психологиялық ерекшеліктерін анықтауға аса көніл бөлген (58).
Соғыс жылдары театр сахнасында сирек көрсетілген колхоз өмірі соғыстан кейінгі дәуірде қайтадан қолға алынды. Әсіресе, 50-жылдардан бастап қазақ театры бұл тақырыпқа бірыңғай бет бұра бастады. Ғ.Мұстафинның «Миллионері» (1950, мамыр), Ә.Тәжібаевтың «Гүлден, даласы» (1952, қазан) мен М.Иманжановтың «Менің махаббатым» (1953, қараша) пьесалары сахнаға шықты.
1958 ж. Мәскеуде өтетін Қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне даярлық 1956 жылдан басталды. Мәскеу көрерменіне, талғампаз сыншы қауымға қандай спектакльдер апару керек деген сауал туды. Спектакльдерді іріктеу жұмысы басталды. Фольклорлық, тарихи тақырыптар негізінде қойылған сахналық туындыларды іріктеу онша қиынға түскен жоқ. «Ақан сері–Ақтоқты», «Шоқан Уәлиханов», «Асауға тұсау» Мәскеуге апаруға лайық деп бағаланды. Ал, замандас келбеті, замана тақырыбына бағышталған спектакльдер ішінен Қазақтың академиялық драма театры қойған «Жалғыз ағаш орман емес» атты спектакль қазақ театр өнерінің осы кезеңдегі татымды дүниесі ретінде ұсынылды. Онкүндік кезінде Мәскеу көрермендері де, ондағы театр сыншылары да бұл спектакльді жақсы атап өтті. «Советская культура» газеті «Жалғыз ағаш орман емес» спектаклі туралы арнайы мақала жариялап: «Қазақтың академиялық театры Мәскеуде тұңғыш рет спектакль көрсетіп, қала тұрғындарының ризалықпен қол соққанын естіді. Сәт сапар, достар!» [59], –деп жазды. Осының алдында республикалық «Социалистік Қазақстан» газеті спектакльді талқылау мәжілесінен есеп және көлемді мақала жариялап, сахналық туындының құндылығын республиканың баспасөзі де атап өткен болатын .
«Жалғыз ағаш орман емес» спектаклінде көрермен жұртшылық бұрынғы «Гүлден, даладағы» кейіпкерлері Телғара, Жанас, Арман, Анар, Тоқбике, Ұлсүйгендермен қайта дидарласады. Алайда, екі пьесадағы ұқсастық осымен ғана бітеді. «Жалғыз ағаш орман емес» бүтіндей жаңа жоспарда шешілген, жаңа пьеса еді. Режиссер Ә.Мәмбетов тырнақалды спектаклін жаңа шешімге құраған: нәтижесінде «Гүлден, далаға» қарағанда «Жалғыз ағаш орман еместе» кейіпкерлер әректі нанымды, тартыс ширақ болып шықты.
Кәсіби диплом иесі, жаңа көзқарастағы жас та жалынды режиссер Әзірбайжан Мәмбетовтің үлкен сахнаға келуі өнерсүйер жұртшылықты елең еткізді. Қазақтың Құрманғазы атындағы Мемлекеттік консерваториясының актерлік бөлімі мен театр жанындағы студияны тәмамдаған үркердей талантты топ: Ф.Шәріпова, А.Әшімов, Н.Мышбаев, С.Оразбаев, Р.Сейтметов, Ә.Молдабеков, Е.Жайсаңбаев, Т.Тасыбекова, С.Қожақов, Б.Имашеваларды өнер толғауы құдіретті ұжымға өзгеше леп берді. Қарымды режиссер Ә.Мәмбетов пен жоғарыдағы жас артистер арасындағы шығармашылық байланыс қомақты нәтижелерге қол жеткізді. Қазақтың Академиялық драма театрының өнерлі труппасынан талантты өнерпаздар – Оразғали Жұмағұлов, Бәкен Әмірхамзин, Қалкен Әділшінев, Әбсемет Сабырбаев, Әмірғали Есембаевтермен қатар, көптеген жас буын актерлер тобы өнер сахнасынан тікелей майдан сахнасына тартты. Бұлардың кейбіреулері өздерінің сүйікті театрларына қайтып оралған жоқ. Олар Отан –ананы жаудан азат ету жолында ерлікпен қаза тапты.
II-дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдары республика театрлары халқымыздың бейбіт құрылыстағы еңбегін көрсетуді басты мақсат етіп қойды. Осы кезеңде Қазақ драма театрымен қатар қазіргі Атырауда, Таразда, Қарағандыда, Семейде және Шымкент қалаларында облыстық драма театрлары жұмыс істеді. 1955 жылы Еңбекшіқазақ пен Қаратал ұжымшар-кеңшар театрларының негізінде Талддықоған облыстық драма театры ұйымдасты. 50-жылдары театр сахналарында ұлттық тарихи-фольклорлық драматургия бойынша спектакльдер қою ісі қайта жалғастырылып, біршама жандана түсті. Осыған орай Ғ.Мүсіреповтің «Амангелдісі» (1952), С. Мұқановтың «Шоқан Уәлиханов» (1955) және Ә. Тәжибаевтың «Майрасы» (1957) секілді тарихи-ғұмырнамалық тақырыпта жазылған жаңа пьесалар қойылды. Әуезов романының желісімен “Абай” спектаклі (инсценировкасын жасағандар Айманов пен Л С Штейн 1949) сахнаға шығарылды. 1957 – 58 жылы Алматы қаласында “Театр көктемі” деген атпен облыстық театрлардың алғашқы байқауы өткізілді. Байқауда Гурьев (қазіргі Атырау), Семей (қазіргі Шығыс Қазақстан) және Шымкент (қазіргі Оңтүстік Қазақстан) облыстық драма театрлары жүлдегер атанды. Қазақ әдебиеті мен өнерінің 1958 жылы Мәскеуде өткен онкүндігінде Айманов, Қ.Қуанышбаев, В.Б. Харламова КСРО халық артисі, сондай-ақ Ш.Жандарбекова мен С.Майқанова ҚазКСР-інің халық артисі деген құрметті атаққа ие болды, ал Бөкеева, Е.Я. Диордиев, С.Қожамқұлов пен Е.Өмірзақов Ленин орденімен марапатталды. 60-жылдардағы республика театр өмірі тақырыптық бағыт-бағдары мен сахналық жанрының әр алуандығымен ерекшеленді. Бүгінгі күннің көкейкесті мәселелеріне арналған төл пьесалар қою ісі одан әрі жалғасын табумен қатар шет ел драматургиясының туындылары да сахнада кеңінен қойылды.
50-60-шы жылдарда қазақ театр тарихындағы шығармашылық ізденістердің жарық кезеңі болып саналады. М. Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театры сахнасында қойылған спектакльдер театрдың алтын қорына енді. Олардың ішінде Катерина ролінде Х. Бөкеева ойнаған А. Островскийдің «Грозасы», Гарпагон ролінде Қ. Қармысов ойнаған Ж. Б. Мольердің «Сараңы», Катарина мен Петруччио рөлдерінде Х. Бөкеева мен Ш. Айманов ойнаған В. Шекспирдің «Асауға тұсауы», Тоғанай рөлінде С. Майқанова ойнаған Ш. Айтматовтың «Ана-Жер-Анасы», Мольердің ролінде Н. Жантөрин ойнаған М. Булгаковтың «Кабала святошы» басты рольдерде А. Әшімов, Ф. Шәріпова және Ы. Ноғайбаев ойнаған Ә. Нұрпейісовтың «Қан мен тері» (1973 ж., реж. Ә. Мәмбетов) ерекше орын алады.
Соғыстың кейінгі жылдарында театр және драматургия сапасын жақсарту мен творчествалық мүмкіндіктерді көтеру мақсатында 1948 жылы Орал қаласындағы қазақтың музыкалық комедия театры Гурьевтіктерге келіп қосылды. Ол театрдан Т.Ерғалиев, Ш.Оразғалиев, А.Ақжарова, Қ.Жумаева, жас таланттар А.Айтқалиев, К.Иманғалиев, Ғ.Үмбетов театрдың бас режиссері Н.В.Молчанов т.б. қызметкерлер театр коллективімен бірігіп енді “Гурьев музыкалық драма театры” болып атанды. Бұл жылдардан бастап сахнада музыкалық драмалар, оперетталар қойыла бастады. М.Ақынжановтың “Алтын сахасы”, Гогольдің “Ревизоры”, Типоттың “Малиновкадағы той”, Ғ.Мүсіреповтың “Қыз Жібегі” мен “Ертарғыны” спектакльдері және “Роз Марии”, “Шалқыған теңіз” опереттасы болған.
Театр ұжымы өздерінің шеберліктерін арттыру жолында көп ізденіп, үйрену нәтижесінде елеулі табыстарға жетті. 1950-1960 жылдар аралығында қойылған “Абай”, “Үйлену”, “Амангелді”, “Асауға тұсау”, “Ыбырай Алтынсарин”, “Абай” пастановкалары актерлардың шеберліктерін меңгеруге көп септігін тигізді.
1956-1957 жылдар Алматыда өткен алғашқы Республикалық театр көктемінде Ташкент театр институтының түлегі, театрдың бас режиссері Т.Дүйсебаев қойған С.Мұқановтың “Ботагөзі” ҚазССР – нің мәдениет министірлігінің сыйлығын алды. Астанаға көрсетуге Ә.Тәжібаевтың “Көңілдестер”, Б.Малиннің “Шұға, Б.Қорқытовтың “Асыл жандар”, М.Ақынжановтың “Исатай-Махамбет”, Шиллердің “Зұлымдық пен Махаббат” қойлымдарын көрушілер қауымы жылы қарсы алды. Әсіресе “Көңілдестер” (режиссері Қ.Доғалақов) қойлымы жоғары бағаланып, замандасымыздың бейнесін жасауы театрдың көрнекті табысы болды. Творчестволық ізденістің нәтижесінде Қ.Төлеков пен З.Сүлейменоваға Халық артісі, А.Ахметова, Ж.Манаповаға, Қ.Иманғалиеваға, Ы.Иманкуловтарға Республикаға еңбегі сіңген артистер деген құрметті атақ және бірінші дәрежелі дипломдар мен бағалы сыйлықтар берілді. Бір топ артистердің Қазақ ССР Жоғарғы Советінің грамотасымен наградталуы театрдың келбеті, творчестволық жолының дұрыс бағытпен келе жатқанын көрсетті.
Қазақтың кәсіби театр өнерінің қайнар көзі халық шығармашылығына (әнші, ақындар айтысы мен шешендік өнерге), ежелден келе жатқан әдет-ғұрып пен тұрмыс-салтқа (беташар,бәдік, жар-жар, жоқтау, қоштасу, қыз кәде, шілдехана), ойын-сауық (алтыбақан, қызойнақ, қынаменде, ортеке, судыр-судыр) пен Алдар Көсе, т.б. секілді күлдіргі қулар өнеріне саяды. Қазақ халқының қоғамдық ортасында туған, қиыннан қисын табар тапқыр, ой-қиялы жүйрік, ділмар адамның жиынтық бейнесі болып, аты аңызға айналған Алдар Көсе, Жиренше шешен, Қожанасыр мен Тазша бала есіміне байланысты күлдіргі әңгімелер ел арасында ертеден белгілі. Ал Айдарбек, Битан-Шитан, Зәрубай, Күндебай, Қантай-Тонтай, Мауқай, Текебай, Торсықбай, т.б. белгілі халық қуларының өнері туралы кезінде Ш.Хұсайынов пен Қ.Қуанышбаев (“Шаншарлар”), Ж.Шанин (“Айдарбек”, “Торсықбай”), т.б. драматургтар пьесалар жазды. Қуанышбаев, Е.Өмірзақов т.б. актерлер өз ойындарында халық қуларының бай тәжірибесін мол пайдаланды.
Қазақтың көрнекті ақыны, драматург, әдебиет, театр зерттеушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор, қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әбділда Тәжібаевтың қазақ-кеңес әдебиеті мен өнерінің қалыптасу, даму кезінде өмір сүруі және барлық шығармашылық үдерістің бел ортасында болуы оны қазақ театрының дамуының күрделі кезеңдерінен шет қалдырмады. Ұлт драматургиясын жасауға белсенді араласып, оған азық болар пьесалар жазуда біраз тер төкті. Үлкен шеберлікті талап етер күрделі жанр ерекшелігін игеруде отандық және әлемдік драматургтердің үздік туындыларын зерделеп, сахнаға арналған өзіндік көркем шығарма жазуға барын салды. Драматургия саласында М.Әуезовпен бірігіп жазған «Ақ қайың» деп аталатын тұңғыш пьесасынан кейін қазақ театрларының репертуарына олжа салған көптеген пьесалары дүниеге келді. 1964 жылы жарыққа шыққан ақынның «Жүректілер» атты пьесалар жинағына: «Майра», «Жалғыз ағаш орман емес», «Көңілдестер», «Қыз бен солдат», «Монологтар» сияқты драмалары мен «Той боларда», «Дубай Шубаевич» секілді комедиялары енді. Оның «Көтерілген күмбез», «Жомарттың кілемі», «Біз де қазақпыз» («Халқым туралы аңыз») атты аңыздық желіге құрылған пьесалары кезінде кеңестік идеологиялық қыспаққа ұшырады. Бұл бұрынғы Одақ көлемінде БК(б)П ОК-нің «Драмалық театрлардың репертуары және оны жақсарту шаралары туралы» қаулысына сәйкес (26.8.1946) жүргізілген кезекті жазалау науқаны болатын. Ұлттық тақырыпты көтерген қаламгер қуғындалды, халқының рухани мұрасын әспеттегені үшін жапа шекті. Театр – автор арасында болған осындай тығыз қарым-қатынас Ә.Тәжібаевқа қазақ драматургиясы жайлы келелі ой түюге, театр мен орындаушылар шығармашылығы жайлы театрсыншылық тұрғыда қалам тербетті. Оған ақындығына қоса біраз жылдар Қазақ ҚСР Ғылым академиясы жүйесіндегі М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында ғылыми-зерттеу жұмыстарымен шұғылдануға сеп болды. Ол 1945-1948 жылдары Тіл және әдебиет институты аталған ғылыми мекеменің Жамбылтану бөлімінің меңгерушісі, кейін араға жылдар салып 1962-1984 жылдар аралығында ол М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Театртану бөлімінің аға ғылыми қызметкері, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарады. Осы жылдары ғалымның қаламынан шыққан қазақ әдебиетінің поэзиясы мен прозасынан бөлек драматургия жанрындағы жылт еткен жаңалыққа сергек қараған суреткерлік һәм сыншылық көзқарасы бір ізділікпен даму үстінде көрініс береді. Сол еңбектің нәтижесінде оның қаламынан шыққан «Өмір және поэзия» (1960), «Қазақ драматургиясының дамуы мен қалыптасуы» (1971) атты монографиялық жұмысын аяқтады. «Қазақ театрының тарихы» (1-2 тт., 1975, 1978) атты академиялық зерттеу еңбекті құрастыруға қатысып, басылымның редакциялық жұмысын басқарды. «Жылдар, ойлар» (1976), «Жаданның хаттары» (1980), «Хаттар сөйлегенде» (1980), «Өмір мен ерлік» (1985) атты сын, эссе, прозалық кітаптарыңда әдебиет пен өнерге қатысты тұщымды пікірлерге қалдырды. Біз бұл кітаптарда жарияланған Әбділда – театр зерттеушісінің «Бүгінгі қазақ драматургиясы», «Жасарған пьеса, жаңарған спектакль», «Мемлекеттік драма театры туралы бір-екі сөз», т.б. мақалаларынан заманауи театр мәселесіне белсенді араласқанын көреміз. Сондай бір драматургияға арналған көлемді мақаласының аясында Әбділда ақынның драматургтік, театрсыншылық қырын танимыз.
Біз ақынның Әдебиет және өнер институтына екінші мәрте жұмысқа келуі және драматургия мен театр өнерін зерттеуіне бет бұруына байланысты дерекке тоқтала кеткенді жөн көрдік. Бұл ресми анықтамалық дерекпен ақынның өзі айтқан дерегі арасында алшақтық бар болып көрінген бір фактіні анықтап өткеніміз жөн секілді. Өзінің: «Ғабит Мүсірепов те маған аға болған» атты естелігінде ақын: «Ғабит бірінші, мен екінші хатшы болып сайланған жылы Ғабең көп айларды Мәскеуде, Европа, Азия елдеріндегі жиналыстарда өткізіп жүрді. Мен мұнда қарап жатпай, қазақ драматургиясы туралы бір пленум, қазақ балалар әдебиеті туралы екінші пленум өткіздім» – дейді. Сөз тасыған біреулердің бұл істелінген жұмыстар жайлы Ғ.Мүсіреповке дұрыс ақпарат бермеуі, екеуінің арасындағы суысуға алып келеді. Екеуара әңгіменің қандай тонмен өткендігі жайлы: «Ол Әбеке деген соң мен Ғабеке дедім. Мен сол күні 1960 жылы Орталық Партия комитетінің жәрдемімен Академияның әдебиет және өнер институтына ауыстым, әдебиеттің ғылыми жұмысына қоса жегіліп кеттім. Бұл да екеуміздің бір келісім таппай қалған жылымыз еді» – дейді. Демек, Ақынның өзі жазып қалдырған жылды дереккөзге айналдыруымыз орынды және кейбір анықтамалық дереккөздерде жазылғандай ол бірден институттың бөлім меңгерушілігіне тағайындалған жоқ. Ә.Тәжібаевтың Әдебиет және өнер институтына келуі, қазақ драматургиясының табиғатын зерттеу үшін докторлық тақырып алып жазуға байланысты ойының пайда болуы жайын біз «Қазақ поэзиясының жарық жұлдызы» атты профессор Тұрсынбек Кәкішевтің естелік мақаласынан табамыз. Институт қабырғасындағы Ә.Тәжібаевпен алғашқы кездесулерінен дерек бере отырып Т.Кәкішев өзінің «Қазақ әдебиеті сынының тууы» деген зерттеу еңбегін бөлімде талқылап, жаңаша көзқарастағы әдебиеттегі сын жанры жайлы зерттеуін: «Әбекең «мен де оқып танысайыншы. Октябрге дейін сын жанры туды, дүниеге келеді дегеннің өзі қызық екен» деп он баспа табақтық қолжазбамды үйіне алып кетті. 3-4 күннен кейін бөлімде қайта кездестік. – Әй, Тұрсынбек, сенің жұмысыңды оқи бастадым. Мынау «Халықтық эстетика» деген тарауың маған қатты ой салып, мазамды алып жүр. Мен де драматургия жайында бірдеме жазсам ба жүр едім. Соған түрткі салып жүрсің ау тегі, – деп аяқ жағын тарамдатпады. Талай жерде әңгіме үстінде айтып жүр дегенді естідім. 1969 жылы «Қазақ драматургиясының дамуы мен қалыптасуы» деген еңбегі жарық көріп, оның бірінші «Алтын құндақ» деген тарауында менің кітап болып шықпағы былай тұрсын, әлі дау-дамайдан арыла алмай жүрген монографияма сілтеме жасағаны бар» – дейді. Институтқа аға ғылыми қызметкер болып келгеннен кейін араға біраз жылдар салып барып ол «Қазақ драматургиясының дамуы мен қалыптасуы» атты докторлық диссертациясын қорғайды және сол жылдан Театр және кино бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. Сол кездегі Одақтың Бас хатшысы Н.Хрущев Кеңестер Одағында социализм толық жеңіске жеткенін 1959 жылы кезектен тыс ХХІ партия съезінің трибунасынан жариялады. Онымен қоймай бұл жеңімпаз идея өз төңірегіндегі басқа елдерге де тарап халықаралық кеңістікте социалистік лагердің құрылғаны мәлім болды. Съезде қабылданған 7 жылдық жоспарға сай елімізде дамыған социализмді құру кезеңі басталып 20 жылдан кейін Кеңестер Одағының халқы коммунизмге аяқ басатынын межелеген. «Американы қуып жетіп, басып озатын» ұран да осы съезде Н.Хрущевтің аузымен айтылды. Бұл ХХ съезден кейінгі елдің жаңа бағыт ұстанған, өмірді, өнер мен мәдениетті жаңаша пайымдауға бет бұрған кездегі елдің халі болатын. Өзгерген заман, адам, замандастар бейнесі, заманауи драматургия мен театр үшін маңызды тақырып болды. Осыдан кейін іле-шала өткен ҚЖО басқармасының 1960 жылы ІІ пленумында Ә.Тәжібаев жасаған «Бүгінгі қазақ драматургиясы» атты баяндамасында қоғамдық-саяси мәні бар осындай мәселелерге назар аудара отырып қазақ театры мен драматургиясының тынысына толымды баға береді, әрі қарай дамуына бағыт сілтейді. Театрмен белсенді жұмыс жасаған драматург қазақ әдебиеті, қазақ драматургиясы, театры, жалпы қазақ руханиятының бел ортасында жүрген ол театрдың тәжірибесі мен теориясын, драматургияның қыр-сырын терең біліп, олардың арасындағы байланыс негізін ашып, үйлесімін дөп басып берген суреткер екендігін анық көрсетті. Ә.Тәжібаевтың сан алуан шығар-машылық қырларының ірі саласы – драматургия. Драматургияның теориясы мен тарихы, тәжірибесін қатар алып жүрді. Көптеген пьесалары еліміздің сахналарында қойылып ол қазақ театрымен өте тығыз шығармашылық байланыста болды. Оның алғашқы драматургтік қадамы тәжірибелі қаламгер М.Әуезовпен бірге 1938 жылы жазған «Ақ қайың» пьесасы болды. 30-ға енді толатын Әбділданың жаңа сала – драматургиядағы алғашқы бет алысына баға берген М.Әуезовтің пікірі зерттеушілер үшін құнды. Ол: «Мен Әбділдамен драматургияда аз уақыт бірге қосылып жазып көрдім. Соны, жаңа жанрда алғаш жазғаны сол болса да, осы бірге істескен еңбек үстінде Әбділданың шалым-орамын, талант-тәжірибесін толық танып, шын бағаладым» – дейді. Бұл еңбегі сол жылы елімізде жарияланған пьесалар бәйгесінде 2 орынды иеленеді. Осыдан кейін Ә.Тәжібаев өзге автормен, жеке дара да пьесалар жазып қазақ театр сахнасында жиі қойылатын авторларға айналады. Өнертану докторы, театртанушы ұстазымыз Бағыбек Құндақбайұлы «Ақын драматургиясы» атты мақаласында осы шығармашылық қырын саралай келе: «Драматургия саласындағы мол еңбектің нәтижесінде оннан астам пьесалар жазылып, театр репертуарын жасауға үлкен еңбек сіңіріп кеткен жазушы-драматург. Ақын пьесаларының дені бүгінгі күн тақырыбына арналған. Олардың ішінде «Жалғыз ағаш орман емес», «Көңілдестер» өмір болмысының актуалды мәселелерін көтеріп, ымыраға келмейтін жаңа мен ескінің, жақсылық пен жамандықтың, адамгершілік пен зұлымдықтың тартысына құрылған» – деген пікір білдіре отырып драматургтің маңызды бір қырына тоқталады. Ол өз заманының жыршысы болуы. Әрине, драматургтің тарихи тақырыпқа да барып сәтті шығармалар жазғанын жақсы білеміз. Соның ішінде замандастарды театр сахнасына алып шығуда көп еңбектенген. Тақырып демекші, кеңестік дәуірдің гүлдеген өмірін, еңбек адамының жеңістерін жырлайтын бұл кезең жайлы «Қазақ әдебиетінен» келген Жарасқан Әбдірашевке берген сұхбаты бар. Сұхбатта әдебиет пен театрда қаулап көтеріліп жатқан «...тракторшы, шопан, дәрігер, диқан, тағы сол сияқты тақырыптарға қалай қарайсыз? – деген сұрағына ақын Ә.Тәжібаев: «Мәселе – мамандықта емес, ең әуелі адамдықты, адамның асыл қасиеттерін көтеруде, оны жамандықтың шаң-тозаңынан таза ұстау үшін табандылықпен күресуде, сол жолда рухани күштілікпен тіресуде» – деген кесімді жауап береді. Ақынның бұл пайымы шығармашылықпен айналысамын деген бүгіннің де суреткері үшін темірқазық ой боларына иманымыз кәміл. Қаламгердің ұлт театры мен драматургиясы жайлы жазған докторлық ғылыми зерттеу жұмысы өзінше бір төбе. Т.Кәкішұлының пайымдауынша, Ә.Тәжібаевтың ғылымға қосқан үлесінің бір парасы драматургиядағы ұлттық салт-дәстүрдің молынан көрініс беруін ашуы. «...қазақ өміріндегі театрлық көріністерді өзіміздің ауыз әдебиетіміздің үлгілерінен, тұрмыс-тірлікте көп кездесетін көріністерден (қыз ұзату, келін түсіру, шілдехана т.б.) қазақ театрының ғана емес, драматургиясының элементтерін мол тауып, ғылымға жаңалық қосқан-ды» – дейді [78]. Әр кездері жазылып жарияланған драматургия мен театр туралы ойлары да арнайы, бөлек зерттеуді қажет етеді. Бұл еңбектер жазылып арада өткен 60 жылда өзінің құндылығын жоғалта қоймаған. Ақын-драматургтің замандасы болған ұлттың біртуар тұлғалары – қаламгерлер пьесалары жайлы терең талдауды біз осы мақала мысалынананық көреміз. Онда кешегі мен бүгінгі драматургия арасындағы өзгешеліктер, кейіпкерлердің ойлауы мен сөйлеуі, қазақ авторларының эволюциялық даму үстіндегі ізденістері кеңінен сөз болады. Бүгінгі ХХІ ғасыр драматургиясында да біз осындай өзгерістердің ізін, кеше жазылған пьесаны қоюға қиналған режиссердің бүгінгі кейпін көреміз. Уақыт көшіне ілесу, заманның тынысын тамыршыдай дөп басып жаза білу, әр кезде де қиын шаруа болған. Бұл ортаға салып талқылауды қажет ететін тақырыпты Ә.Тәжібаев осы мәселелерді дер кезінде көтеріп, қазақ театрының азығы болған драматургия жайлы келелі сөз қозғайды. Ол кәсіби драматург, білікті сыншы, сырлы сөзден өрнек салған талантты ақын ретінде қазақ театрына керекті тақырыпты, замандас кейіпкер келбетін көргісі келеді. Өзінің 1958 жылғы жазған «Мемлекеттік драма театры туралы бір-екі сөз» атты мақаласында драматургия мен театр жайлы ойына анық көз жеткіземіз. Ол: «Драматургиямыз бен театрымыздың өмірі – егіздің өмірі сияқты. Біріне-бірін қосақтамай сөйлеп те, жазып та көрген емеспіз. Мұның себебі түсінікті: пьеса алдымен театр үшін жазылады, біз көп пьесалардың журналдарда басылғанын, кітап болып шыққанын оқымастан бұрын, оларды театрлардан көреміз. Сондықтан, жазушылар туралы да, қоюшылар туралы да пікіріміз бір желіге құрылады. Бұл театр мен драматургия тарихында қашаннан келе жатқан салт. Әдебиет пен театр сахнасының қосындысы спектакль боп аталған соң, оны бірлестіріп әңгімелеу әбден заңды» – дейді [79]. Ол әдебиет пен театр өнерін, мәтін мен оның сахнада ойналатын нұсқасын бөліп-жармайды. Екі ірі саланың бірлігін, ертеден қалыптасқан үрдістің ажырамас ұғым екендігін қарастырады. Осыдан келіп оның шығармаларының, ондағы жанр ерекшеліктерінің бірі-екіншісімен астасып, өзара ықпалдасып жатуы заңдылық болса керек. Ә.Тәжібаев «Жасарған пьеса, жаңарған спектакль» атты мақаласында М.Әуезовтың «Еңлік-Кебек» пьесасының жаңа редакциялық нұсқасының тұсаукесерінен кейінгі пікірімен білдіреді. Соңғы жасалған редакциялық нұсқанының жетістіктерін айта келе автор пьесаның финалдық сахнасына сыни көзқарасын білдіргенде: «Мен Мұқаң пьесасына барынша әділ болуға тырыстым. Бірақ, ең соңғы картинасына күдіксіз қарай алмағанымды да жасырмаймын. Әрине онда жақсы тіл, ақындық ойлар жоқ емес, Абыздың ақырғы монологындағы оптимистік рухқа да сүйсінеміз. Әйтсе де тау тағысындай жүректі де білекті геройлардың қол, аяғын нәрестемен бұғаулау, жыламсақтыққа түсіру, өлімнен қорықпаса да оған ақырғы демдеріне дейін қарсыластырмау, бұл шығарманың міні деп білемін... Өз ойымша Мұқаң пьеса финалын сабыла іздеп, сарқыла қуанып тапқан демеймін» – деп қорытады. Бүгінгі таңда «Еңлік-Кебек» трагедиясы М.Әуезовтің осы соңғы түзетулерімен қолданыста. Жоғарыда айтылған Ә.Тәжібаевтің трагедияның соңғы сахнасындағы редакциялық ескертулеріне келсек, Есенді жеңген Кебектей батырға, Абыздай тау тұлғаға нәрестені құшақтатып, «қол, аяғын нәрестемен бұғаулау, жыламсақтыққа түсіру, ақырғы демдеріне дейін қарсыластырмау», жарқын өмірге, келешекке үлкен оптимистік көзқарапен қарайтын суреткердің өзіндік ұстанымының беріктігін, драматургтің трагедия финалындағы шешіммен келісе алмайтындығын көреміз. Бұл сол кездің тұлғаларына тән сыншылдық, көрген кемшілігін дәлелді айта алатын турашылдығын көрсетсе керек. Қазақтың классик драматургтері, замандас қаламгерлер М.Әуезовтің «Еңлік – Кебек» пен «Дос, бедел досын» және Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері – Ақтоқтысы» мен «Сен қайтер едің» пьесаларын салыстыра отырып көркемдік деңгейін саралайды. Алдымен «пьеса поэзиялық дәрежеге жетпей тұрып сахналық та құнды шығарма бола алмайтынына» назар аударады. Екі бағыттағы ескілік кейіпкерлері мен замандас жастарды сипаттауда алғашқы Еңлік пен Ақтоқтыда бар романтикалық, поэтикалық үн театр өнерінің қай кезде де негізі болып қала беретіндігіне баса көрсетеді. Екі автор да аталмыш шығармаларында жалындаған жастардың өмірін суреттейді, екеуінде де жас шамасында сәйкестік бар. Бірақ, автор: «...Кешегі алыс заман Ақтоқтысы жақынымыздай, сырласымыздай, ал бүгінгі өз қыздарымыздың құрбысы Ақбота сондай алыс, сондай жат. Себебі Ақтоқты поэзиядан туған бейне, ал Ақбота поэзияға айналып үлгермеген кездейсоқтардың бірі, күнде естіліп, артынша ұмытқа айналатын көп хабарларымыздың бірі» – дейді. Айтса, айтқандай-ақ. Бүгінгі күні де бұл драматургтер үшін өзекті мәселе, өзекті тақырып. Қоғамның келбетін ашатын замандастар бейнесін сомдаудағы драматургтер тарапынан беріліп жатқан сипаттамалар, оларды сомдаудағы бейнелік штрихтардың жұтаңдығы. Автор пьесаның көркем жазылуы мен сахнаға қойылуы, пьесаның оқылуы барысындағы адамдардың бойындағы «қасиеттері жүйке мен мидан, олардың терең сезімдері арқылы туып жатқан жоқтығын» баса көрсетеді. Драманың табиғатын тереңнен білгендіктен Ә.Тәжібаев замандастарының шығармаларындағы жіберілген кемшіліктерді барынша ашып көрсетеді. Сахнаға сол дәуірдің замандастар образын әкелу мәселесі өзекті болып, оны әр суреткер өзінше түсініп, өзінше шешкенін қазақ театр тарихынан жақсыбілеміз. Күрделі тақырыпты автор мен театр оңайлықпен игерген жоқ. Талай айтыс-тартыстар туып, қызу пікірталастарға жалғасты. Оның астарында ресми кеңестік идеологияның таптық көзқарастары мен ұстанымдарға бағындырылған қақтығыстары жүріп жатты. Ә.Тәжібаевтың жоғарыда келтірілген ойын жалғайтын дерекке мысалды біз Сәбит Мұқановтың 1941 жылы 29 мамырда Мұхтарға Мәскеу қаласынан жолдаған хатынан да көреміз. Онда ол өзінің М.Әуезовке деген іштегі өкпе-назын ашық айта келе драматург пьесаларындағы осы мәселеге деген өзінің ойын былай білдіреді: «Менің есептеуім бойынша, совет өкіметін мойындағаннан кейін Советтік Қазақстанның өмірінен алынып жазылған оншақты пьесаң бар екен. Айтшы, сонда осының ішінде көркемдігі жағынан «Қаракөзбен», не «Еңлік-Кебекпен» теңдесетін біреуі бар ма? («Еңлік-Кебек» туралы пікірім жоғары. Мен оны бұл арада сенің совет дәуіріне дейінгі әдеби қайраткерлігіңнің тұсында жазылған шығарма деп бағалаймын). Турасын айтқанда, совет тақырыбы туралы ізденістеріңнің кезінде сен өзіңе де, қазақ әдебиетіне де абырой әпермейтін бір пьесадан кейін бір пьесаны жаздың» – дейді. М.Әуезовтің драматургиядағы 1941 жылға дейінгі жазған дүниелерін С.Мұқанов «қазақ әдебиетіне де абырой әпермейтін» туындылар қатарына жатқызады. Мұнда Сәбиттің Мұхтарға тілін батыра отырып айтқаны әрине біржақты, қатты айтылған пікір десекте, жазылған, сахнаға қойылған Мұхтар шығармаларының көрерменнің ықыласына алдыңғы туындылары секілді іліге қоймағандығын баса айтқандығын көреміз. Біздіңше, М.Әуезов 2 жылға жуық түрмеде отырып шыққаннан кейін сол кезге дейінгі жазғандарынан баз кешіп, бұдан әрі қарай кеңестік өмірді жырлайтын «дұрыс» шығармалар жазуға отырады. Бұл жүйе алдында өзінің жаңарған, кеңестік жүйе суреткері екендігін дәлелдеуге жасаған әрекеті болды. Ә.Тәжібаев өзінің драматургия жайлы ойын сабақтай келе: «Жаман пьесаны жақсы театр көтере алмайды, сондықтан театрларымызға жарамды пьеса керек десек, сол жарамды деген пьесамыз ең алдымен әдебиеттік шығарма болуға тиіс» – дейді. Бұл тілегін ол өз замандастары М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, Ш.Хұсайынов, Ә.Әбішев, Қ.Сатыбалдин, М.Ақынжановқа және өзі – Ә.Тәжібаевқа да қарата, атын атап, түсін түстеп айтады. Ол «сан түрлі адамдары жөнінде көркем әдебиеттің құнды қазынасын байыта түсерліктей, тілге орамды, жүрекке жылы, оқушыны еліктіре аларлықтай пьесалар жазған жоқпыз» – деп, өзгелер мен өзінің кемшіліктерін де мойындайды. Оқиғаны баяндауда сол кездегі кино өнерінің камераның көмегімен фильм жасаудағы соны әдіс-тәсілдерін, сахна өнеріне тигізіп жатқан мол ықпалы мен мүмкіншілігін, проза жанрының сипаттау, баяндау құралдарының мол мүмкіндіктерін айта келе, драматургиямен салыстыра қарап, автор, таза драматургия жанрының әрқашанда өзіндік деңгейі сол күйінде ешқандай қоспасыз-ақ керемет көркем туынды жасауға мүмкіндік беретініне сенімі нық екендігіне білдіреді. Ол: «Біз сахнаға киноны да, баяндаушыны да алып шықпаймыз. Екеуінің де драматургияға керегі жоқ; драматургия кеше де, бүгін де, ертең де өз құралдарымен ғана, яғни, диалогімен, монологімен ғана күшті. ...Егер ең қымбатымыз, ең асылымыз адам дейтініміз рас болса, егер адамды ашу, адамды сүю, адамды көркейту мұратымыз дейтініміз рас болса, Шекспир драматургиясы бізге мәңгі жолдас, мәңгі дос» – деп, әлемдік классик авторды мысалға ала отырып, қазақ қаламгер-драматургтеріне жазу шеберлігін ұштауда, көркемдік биікке көтерілуде Шекспирді иық теңестіретін меже, нақтылы нысана ретінде үлгі етеді. Драматургия табиғаты ширақ өрілген оқиға желісіне, кесек кейіпкерлер галереясына, олардың арасындағы қызу қақтығыстарға құрылады. Қақтығыс, тартыс болмаса оқиғаның өрбуі, сахнадағы әрекеттің алға қарай жылжуы қиын да күрделі шаруа. Қоғамда бұған дейін болып келген тартыссыздық теориясы сахналық шығарманың бойындағы қуатын алып әлжуаз, болбыр баяндаулар мен қолдан жасалған идея мен шындық үшін күреске толы шығармалармен толған кеңестік-қазақ театр сахнасына жаңа дем, соны серпіліс әкелетін өткір драматургиялық коллизияға негізделген шығарма қажеттігін автор жақсы сезінеді және дәл сол кезде әріптестерінен талап етеді. «Иә, аты, атағы зор, әрі үлкен, әрі салмақты беделге айналған, даңқ құмар, шен құмар, ақша құмарлармен беттесу қиын. Оларды мақтай берсең, қостай берсең ғана жағасың, ал күдікжасасаң, мінін айтсаң біткенің: зор беделдің өсегі де қуатты, зеңбірекше аямай соғады да, шалқаңнан түсіреді. Ал, оның жарамсақтары құдіретті мәртебеге қошемет көрсетіп, қол соғады. Әдетте біз әділдік жеңеді, адал еңбек өзіне лайықты қасиетті орнын алады дейміз. Ол дұрыс. Біздің міндет – сол әділдіктің жеңгенін, адал еңбектің өз орнын алғанын, Сальерилердің қалай әшкереленгенін, құлағанын көрсету ғой. Ендеше, қазіргі бар, кейін де көпке дейін бола беретін конфликтілерді жұқартпауымыз, жасырмауымыз керек» – деген автор, театрдың шикзаты болып саналатын кесек драматургияның келбетін ашатын табиғатынан ауытқымауды, әр шығарманың қызу тартысқа құрылған табиғатын жеңілдетпеуді талап етеді. Өзімен замандас драматургтардың комедия жазудағы мәселенің байыбын бір жақты ашу, «ақ немесе қара» деген бояумен көрініс берген ортақ кемшіліктерінбағалай келе ол: «Біз жарамсыз мінездерді, жат құлықтарды аламыз да, әбден жамандаймыз. Бірақ, солардың неліктен жаман болғанын түсіндірмейміз, көрсетпейміз» - деп, ол өзінің «Жалғыз ағаш орман емес» комедиясындағы жіберген «әттеген-айына» тоқталып талдайды. 1958 жылы Мәскеуде өткен Қазақстанның әдебиеті мен өнерінің екінші декадасына барған бұл спектакль сахнаға қойылуы барысында қаншалықты авторлық, режиссерлік дайындық сүзгісінен өткен болатын. Ақын-драматургтің сөз саптауынан өзі көтерген ортақ мәселедегі авторлық көзқарасын, приципшілдігін анық көреміз. Оқиға кейіпкерінің ішінен белгілі әрекетке баруын, оның «...көптеген себептердің ең күрделілерін тереңнен іздеп таппай, жаңашылдарға қарсы, саналы түрде көнбейтін, нақты себебін таппай «өмірден артта қалды» деген абстракциялық формулаға оңай сүйене салсақ штамптан құтыла алмаймыз. Штамп бар жерде ой тереңдігі жоқ, автордың ақындық қанаты да кең жазылмайды» – деген қорытынды жасайды. Әбділда – сыншы, Әбділда – драматург шығармасындағы артық-кем тұстардың түп-төркініне өнерде ауысып кетуі оңай, жеңіл жасалатын таптаурындық, штамп секілді жаңалық іздеуден шаршап, сергектік қалғыған тұста жіберілетін қателіктердің бетін ашып береді. Мұндай мойындаулар осы ұрпақтың басында болған «сын және өзін-өзі сынау» үлгісінде жазылып шыққан және орынды ескертпелерімен құнды. Біздің бүгінгі таңда айтылған сынға ер тоқымын бауырына салып асау аттай мөңкитін өнер қайраткерлерінің жалаңаштанған нәзік психикасының жанында бұл ұрпақтың жаны сірі. Талай қиындықтар тезіне шыдас берген, талай өткір сынды басынан өткізген құрыштай шыныққан аға ұрпақтың өкілі екендігін көреміз. Автордың сол кездегі жаңа қарқынмен дами бастаған қазақтың комедия жанрына қалам тербеген драматургтер пьесаларына берген бағасы мен сыни көзқарстары да бүгінгі күні өзінің өзектілігін жоғалтпаған. Қалың қазақ көрермендерінің арасында үлкен қызығушылық тудырған Қалтай Мұхамеджановтың «Бөлтірік бөрік астында» комедиясына тоқтала келе: «...көркемөнердің күресетіні қылмыстың өзі ғана емес, оның шықан тегі, асқынған себебі, біз әрбір бұзықтықтың, терістіктің тамырын балталау үшін, ең алдымен оның философиясын әшкерелеуіміз керек.Қалтай пьесасының да осы жағы жетпей жатыр» – дейді [79]. «Біздің пьесаларымыздағы иллюстрациялық элементтер драманың тіліне де әлсіздік, көпсөзділік элементтерін кіргізеді. Сәтті табылған драмалық ситуациядағы характерлердің өзара қатты қақтығысулары диалогтан от жылтылдатып, шоқ шашыратады ғой. Ал, драманың өзі емес, оған сипаттама, кепілдік ретінде қосылған материалдарда ондай күшті болмайды» – деген ой қорытады [80]. Сыншы атап өтетін әрбір шығарманың негізгі түп қазық – идеясын тауып алып сол төңіректе шиырлатып тереңнен қазу керектігіне назар аудартады. Автор Садықбек Адамбековтың «Күн мен көлеңке» комедиясын жіліктей шағып талдай келе, «Тұман сияқтылардың да өз әрекеттеріне лайық өмір сүру қағидасы үлкейтіңкіреп айтқанда философия болуға тиіс. Өйтпейінше сахнадағы өмірдің заңдылығы көрінбей, логикалық сенімділігі жетпей жатады... Сатиралық комедияға жағымды геройларды алған екенсіз, оларға қызмет істеу керек. Оларға көреген көз, аңғарғыш зейін, естігіш құлақ, сезімтал жан, төзімпаз сабыр, айтар тіл, қорытқыш ой беру керек. Тұмандар осындай адамдардың ішінде өмір сүре алсын, соларға айла-тәсілін қарсы жұмсай алсын. Оқиға сонда қызады, пьеса сонда қызық болады. Біз бұзақы, теріс адамдармен қатар жарқыраған өмірді, өмір жасаушы шеберлерді көрер едік» – деген комедия жанрының табиғатын терең түсінген, «Той боларда», «Дубай Шубаевич» секілді комедия жазған драматургтің салиқалы ойын оқимыз [80]. Әдебиеттің драматургия жанрымен 40 жылға жуық тұрақты айналысқан оның бұлай айтуға әбден құқығы бар. Себебі, Ә.Тәжібаевтың комедиялық пьесаларымен соғыстан кейінгі жылдарда қазақ театрында жаңа серпілістер бастау алады. Жоғарыда аттары аталған қазақ комедиографтарының шығармашылықтарына жол ашқан да Ә.Тәжібаевтың шығармалары болғаны анық. Ақын-драматург өзінің белгілі «Монологтар» сахналық поэмасының кейіпкерлері қазақтың танымал тұлғалары, әрқайсысы тарих пен тағдыр шырмауында сергелдеңмен артында ұмытылмастай із тастап, автордың замндасы ретінде үн көтерді. Әбділда бұл туындысында өзін толғандырған өзекті мәселені Күләштің аузына салады. Қазақтың бұлбұлы Күләш Байсейітованың монологінің өн бойында осы замандастар образы, бүгінгі күннің кейіпкерлері өз деңгейінде көтерілмегені сөз болады. Күләш замандасының, танымал әнші-актрисасының көкейіндегі үн, асқақ арман болып тыңдармандарға бет бұрады. Күләш: «Дегенменен бір арман бар, Бүгінгі апа, сіңілілерді Көрсете алмай келемін. Таппай жүрмін композитор, ақынның Жас ғашықтар сырын айтқан өлеңін. .... Баяным да, Ақтоқтым да ардақтым. Мейлі олардың бас-басына арнаулы Ескірмейтін ескерткіштер орнатсын. Құттықтаймын, қуанамын мен бұған Әйтсе-дағы бүгінгі қыз арманым. Қараңдаршы, тұр ғой міне алдымда Жарастықтың жалтылындай сандығым!» – деген сөздер. Күләштің опера сахнасында жасаған алдыңғы лек классикаға айналған образдар галереясынан бөлек толымды жұмысының әлі де болса көңілі толмайтынын бейнелі береді. Сахна саңлағының арманы мен аңсары ауған замандас бейнесінің қанша сұраса да әліге дейін көңілінен шықпай жатқанын баса көрсетеді. Бұл жоғарыда жазылған сыни мақаладағы ғалым-зерттеуші Ә.Тәжібаевтың поэзиядағы ақын-драматург Ә.Тәжібаевқа айтқан, бірінің ойын екіншісі толықтырған көрінісі. Мұнда, драматургия жайлы жоғары трибунадан айтқан сыни пікірлерінің жалғасын, көтерер тақырыптарының, замандас кейіпкерлерді сомдаудағы шығармашылық еркіндіктің тапшылығын айқындай түседі. Біздің ойымызша, бұл тақырып, өмірі де шығармашылығы да, өлімі де аңызға айналған Күләш атты қазақ сахнасының феноменіне, «чудосына» (Ғ.Мүсіреповтің анықтамасы – М.А.) айналған талантты өнерпаздың көркемдік келбетін сахнадан замандастарының бейнесін жоғары деңгейде талантты етіп сомдай алатын тұлға – актрисаның ашылмай кеткен шеберлік қырлары, толық іске аспаған шығармашылық шабыттың іштегі тұнған мұңы секілді бейнелі берілген. Ә.Тәжібаев театр өнерін дамытуға, оның драматургиясының өсуіне кәсіби театр сынының орны жоғары екендігіне мән береді. Театрдың теориялық мәселелеріне байланысты театр тарихы мен театр сынының орны зор екендігін жақсы сезінеді. Оларды зерттеуші ғалымдардың аздығы қынжылтады. Театр шығармашылығы сыни көзқарассыз тоқырауға ұшырайтынын, әділ де салмақты болуы керектігін баса көрсетеді. Ол: «Театр мен драматургиямыздың мамандалған зерттеушілері мен айналып болған жолдастарымыз жеткілікті емес. Драматургиямыздың дамуына бұл да үлкен бөгеттің бірі. Сын драматургияның проблемалық мәселелерін көтере білетін, аз тәжірибеміздің өзін мол қорыта білетін, шеберлік жайында ғылыми, дәлелді кеңес айта алатын өзге елдердегі озық драмашылдардың жақысы үлгілерін ұғындыра алатын, ешкімнен сескенбейтін, үлкен беделдер алдында майысып, қайыспайтын, өкпелесіп қалған жолдастарын қауып түсуге құмартпайтын болуы керек. Жасырмайық, бізде мұндай драматургия және театр сыны әлі жоқтың қасы» – деп ой қорытады. Біз ғалымның бұл ойын бүгінгі қазақ драматургиясының, театрының хал-жайына назар аудара отырып келтіргіміз келеді. Драматургияны, театрды зерттеп жазатын, сыншы пікірінің қажеттігін баса көрсеткен автордың осындай өзекті ойы бүгін де күн тәртібінен алынған жоқ. Алып тастауға болмайды. Себебі біз Ә.Тәжібаевтың осы ойы арқылы қазақ драматургиясы мен театры, театр сынына, жалпы ұлт театрының келешегіне назар аударғымыз келеді. Театрының жарқын болашағы оның жасаған спектакльдерін тек қана жылы сөз, сыпыра мақтаудан тұрмақ емес. Сындарлы ой, салмақты сын айтып, оның оң бағытын көре біліп, орнымен айтатын білікті мамандардың көзқарасы қажет. Ойымызды қорыта келгенде, қазақ мәдениетінің көрнекті өкілі, ұлт поэзиясының, театрының қоржынына көптеген сүбелі шығармаларымен олжа салған Әбділда Тәжібаевтың өзге де шығармашылық, ғылыми-зерттеушілік қырлары келер ұрпақтың назарында болары анық. Уақыт талабына сай жаңа герой жасау жолында үлкен күш-жігер жұмсап сахнаға алып шыққан замандастар бейнесі, оны жасау жолындағы Ә.Тәжібаевтың театр мен драматургиядағы ізденістерін сараптап, ақын-драматургтің ғылыми-зерттеушілік келбетіне назар аудардық. Бұл және бұдан басқа да қырлары әлі де болса тереңірек қазуды, ауқымын кеңейтіп зерттеуді қажет етеді. Ол зерттеулер келешектің үлесінде.

3.2 Соғыстан кейінгі кино мәдениетің жағдайы



Кино өнерінің тарихына көз жүгірте отырып, қоғамда күрделі саяси өзгерістер мен өтпелі кезең болған жағдайда деректі кино өнеріне деген сұраныстың күрт өсетіндігіне куә боламыз.
Кинематография – кинофильмдерді шығарумен және оны көпшілікке ұсынумен шұғылданатын бұқаралық өнер түрі.
Соғыстан кейінгі жылдары, әсіресе, деректі кино өндірісі қарқынды өркендейді. Республика өмірінде болып жатқан маңызды оқиғалар мен құбылыстар негізінен киножурналдар мен деректі фильмдерде көрініс тапты. Егер, 1946 жылы студияда бар болғаны екі деректі очерк түсірілсе, 1948 жылдан бастап, әр апта сайын қазақ және орыс тілдерінде “Советтік Қазақстан” киножурналын шығара бастайды. Бұрын “Советтік Қазақстан” журналын бір-екі ғана режиссер монтаждаған болса, ендігі жерде О.Әбішев, Г.Баканова, Е.Бельская, Н.Гольденберг, Х.Дәулетбеков, М.Слуцкая, Э.Файк секілді режиссерлар жұмыла кірісе бастайды [69]. Алайда, бұл жылдары түсірілген фильмдердің көркемдік сапасы айтарлықтай сәтті болмады. Өйткені, авторлардың оқиғаға байланысты жеке көзқарасы, бақылауы көрінбей, фильмдердің кейіпкерлері бірін-бірі қайталап отырды.
1948 жылы жарық көрген “Советтік Қазақстан” киножурналының көптеген сандарында алдыңғы қатардағы озат әйелдердің бейнесі көрініс тапты. Мәселен, №16 арнайы тақырыптық санында облыстық, аудандық және қалалық комитеттерін басқарып отырған әйелдер бас қосқан республикалық семинарға арналады. “Ауылдан келген қыздар” киноочеркінде Қазақ қыздар педагогикалық институтында оқитын студенттердің өмірін көрсетсе, “Жас таланттар” режиссер Х. Дәулетбеков, оператор И.Гитлевич Алматы консерватория сының студенттері туралы әңгімеленеді. “Советтік Қазақстан” киножурналының жиі шығып отыруы халық шаруашылығының маңызды мәселелерін көрсетумен қамтамасыз етті [70]. Журналдың көптеген сандарында озат еңбеккерлердің тәжірибесі көрініс тауып, режиссерлар әрбір санын сюжеттік тұрғыдан түрлендіріп отыруға талпынды. Журналдың №22 санында әртүрлі тақырыптағы алты сюжет беріледі. Оның екеуінде Ыбырай Жақаев пен Дариға Жантақованың портреттері, одан кейінгілерінде “Көктемгі жайлауда” («На весенних пастбищах»), “Балапандар фабрикасы” (“Фабрика цыплят”), “Октябрьдің қарсаңында” (“Навстречу Октябрю”), “Астық жинауға дайынбыз” (“Готовы к уборке”) сюжеттеріне орын беріледі. Осылайша, режиссер бір журналда портрет, очерк және репортаж жанрларында түсірілген сюжеттерді біріктіреді. Бұл журналдың “географиялық” ауқымын кеңейтіп, республика өмірін әр қырынан көрсетуге мүмкіндік берді. Ал, №20 санында “Социалистік еңбек ерлері жасасын!” (“Слава Героям Социалистического Труда”), “Республиканың егіс алқаптарында” (“На полях Республики”), “Жер асты пайдалы қазбалардың барлаушылары” (“Разведчики подземных богатств”), “Астаналық бес баскетбол командасының ойыны” (“Матч пяти столичных баскетболных команд”) атты төрт сюжет енгізіледі [71]. Яғни, автор журналдың бір санында әр түрлі мағынадағы оқиғаларды кеңірек қамтуға тырысады.
“Советтік Қазақстан” киножурналының сюжеттерінде портрет жанрының алғаш рет пайда болғанын айта кеткен жөн. Кино өнері, соның ішінде, деректі кино шеберлері үшін экранда кейіпкердің толыққанды бітім болмысын ашып көрсету өте маңызды болды. Киножурналдың көптеген сандарында жетістіктер мен кемшіліктер бірге жүріп отырды. Бұл маңызды тақырыптарды ашып көрсетуде схематизмге ұрындырып, ауыл шаруашылығының еңбек озаттарының бейнесі үстіртін ақпараттық деңгейде ғана қалып отырды. Еңбек процесінен гөрі оның соңғы нәтижесін көрсету жиі орын алды. Сондықтан, кейіпкерлердің астық жинауда немесе мал шаруашылығындағы жоғарғы көрсеткіштерге қалай жеткені түсініксіз болып қалып отырды.
Сюжеттердің мұндай схематизмге бой алдыруына кейбір режиссерлардың операторларға сенім арта отырып, түсіру жұмысына қатыспауы себеп болды. Кадрлардың көпшілігі әдетте, цех, ферма немесе егін алқабындағы дайын өнімдерді жалпы планмен түсірумен ғана шектеліп отырды. Ал, диктор өзінің міндетін мөлшерінен асыра орындаған кейіпкердің аты-жөнін ғана атап өтеді. Сондықтан, кейбір қызығушылық тудыратын сәттер соңына дейін ашылмай, көптеген кейіпкерлердің бейнесі солғын күйде қалып қойып, олардың мінез-құлқындағы, болмысындағы өзіндік қасиеті көрінбейтін үрдіске әкеліп соқтырды. Бұл үрдіс кинематографиялық штампқа әкеліп соқтырды. Мұндай кемшіліктердің басым болуына “Советтік Қазақстан” киножурналына енген сюжеттер мен очерктердің көпшілігінің көркемдік сапасы мен тақырыбына байланысты нақты жоспардың болмауы да әсерін тигізді [72].
Бұл орайда, фильмдердің идеялық көркемдік сапасын көтеру үшін сценарий жұмысын қолға алу қажеттілігі туындады. Студияға келіп түскен сценарийлердің көпшілігі идеялық көркемдік тұрғысынан жарамсыз болды. Сол себептен, бұл іске Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсірепов, Ғабиден Мұстафин, Әбділда Тәжібаев сияқты Қазақстанның белгілі жазушылары шақырылады. Редактор-кеңесші қызметіне ақын Ғали Орманов келеді. Ол Жамбылдың жүз жылдығына орай түсірілген деректі фильмнің сценарийін жазса, жазушы Қ.Сатыбалдин халық күйшісі Дина Нүрпеисоваға арналған “Дина” хроникалық фильмінің авторы болады. Сондай-ақ, 1948 жылы режиссер И.Верещагин түсірген “Красная Звезда колхозы”, 1949 жылы режиссер Х.Дәулетбековтың “Кеген жерінде” (“В Кегенской долине”) фильмдерінің сценарийін жазады. Сонымен бірге, жаңа сценарийлерді қолға алу жұмысы қатар жүреді. Бұл кезеңде оннан астам қысқаметражды деректі фильмдер түсіріледі [75].
1949 жылы студияның тарихында тұңғыш рет толықметражды түрлі-түсті “Советтік Қазақстан” фильмі экранға шығады. Қазақстанның Кеңес үкіметі орнаған отыз жыл ішіндегі табыстары мен жетістіктері көрсетілген бұл фильм халық шаруашылығы мен мәдени құрылыстың әрқилы саласына шолу жасау принципіне құрылған. Өнер мен ауыл шаруашылығы тақырыптарын бөле-жара қарастырмай, бір-бірімен байланыстыра көрсетеді. Мысалы, Кенен Әзірбаев астық жинаушылардың алдында домбырасымен ән айтып жатса, екінші бір ауданда ҚССР-дың Халық әртісі Күләш Байсеиітова мен жас әнші Байғали Досымжановтың еңбеккерлер алдындағы өнер көрсету сәттері бейнеленеді [76].
Соғыстан кейінгі алғашқы жылдары түсірілген хроникалық-деректі фильмдер Қазақстандағы кино өндірісінің қарқынды дамуын қамтамасыз етті. Бұл жылдары Қазақстан деректі кино өнеріне О.Әбішев, Э.Файк, Н.Бейсеков, И.Верещагин, Х.Дәулетбеков, М.Дулэпо, Я.Смирнов, И.Чикноверов секілді талантты режиссерлар мен операторлар келеді. Соғыстан кейінгі жылдары түсірілген деректі фильмдер мен хроникалық сюжеттердің барлығы жоғарыда аталынған деректі кино шеберлерінің есімімен тығыз байланысты.
Қазақстанның халық шаруашылығы, ауыл шаруашылығы, ғылым, өнер, әдебиет салаларындағы маңызды жаңалықтар деректі кино өнерінде қамтылды. Мысалы, “Қазақ ССР-ның Ғылым Академиясы” фильмінде Ғылым Академиясының ашылуы, “Ауылдан келген қыздар”, фильмінде Алматы педагогикалық қыздар институтының алғашқы түлектері туралы әңгімелейді. Ал, Қазақтың Мемлекеттік консерваториясының бес жылдығына арналған “Жас таланттар” фильмінде консерватория тарихының алғашқы беттері көрініс табады. Қазақтың музыка өнеріне еңбегі сіңген Е.Брусиловский, А.Жұбанов сияқты композиторлар мен Е.Серкебаев, Б.Төлегенова, Н.Меңдіғалиевтардың студент шағындағы бейнелері көрініс табады. Өнер тақырыбы, сондай-ақ, Ораз Әбішевтің “Дина” фильмдерінің негізгі арқауы болады [77].
Сондай-ақ, 1946-1950 жылдар аралығында түсірілген деректі фильмдер назарынан алғашқы құрылыстар тыс қалмайды. Мысалы, “Теміртаудың дүниеге келуі” фильмінде Қазақстандағы алғашқы қара металлургия және синтетикалық каучук заводтарының құрылысы, Теміртау қаласының құрылысшылары және металлургтермен байланыстырыла әңгімеленсе, “Текелі” фильмінде Текелі қорғасын комбинатының құрылысы көрініс табады. Ауыл шаруашылығы тақырыбына “Красная Звезда колхозы”, “Алыс жайлауда” “Қызыл ту колхозы”, “Жаңғырған дала”1951ж, сияқты тағы да басқа фильмдер түсіріледі [78].
Алайда, жоғарыда аталған фильмдердің барлығына тән ортақ кемшілік - баяндау, сырттай сипаттау деңгейінде ғана қалып отырды. Ал, экрандағы көрініс диктор мәтінінің мазмұнына сай бейнеленген иллюстрация ролін атқарды. Сол себептен, кейіпкер кадр сыртындағы баяндау әуеніне қарай әрекет етті. Яғни, бұл фильмдер сыртқы әдемілікке, тікелей үгіт-насихат мақсатына құрылады.
1950-жылдары Қазақстан деректі киноөнерінде тақырыпты көркемдік тұрғыдан ашуда, кейіпкердің бітім-болмысын, мінез-құлқын көрсетуде елеулі өзгерістер басталады. Деректі кино шеберлері штампқа айналған схематизм, иллюстрациялық көріністерден, сыртқы әдеміліктен бас тартуға талпыну барысында әртүрлі тәсілді қолданады. Солардың бірі - кейіпкердің әңгімесіне немесе монологына құру. Бұл тәсіл, әсіресе, О.Әбішевтің осы кезеңде түсірілген шығармаларында жиі қолданылады.
1956-жылы түсірілген “Біздің қалада” фильмінде Балхаш мыс балқыту заводының бас инженері Ә.Әлімжановтың әңгімесі арқылы Балхаш қаласы, мыс балқыту заводы туралы баяндайды. Фильмнің композициясы қарапайым жұмысшыдан үлкен бір цехтың бастығы дәрежесіне дейін көтерілген кейіпкердің әңгімесіне құрылады.
“Ширек ғасыр бұрын мұнда Қазақстанның Бетпақдала деп аталатын ең бір қатаң шөл даласы болды. Ал енді, мына тұрғызылған қалаға қарап, өз көзіме сенбеймін”- деп бастайды кейіпкер өз әңгімесін [76]. Фильмнің өне бойында Әлімжановтың ішкі ой-толғаныстары кадр сыртынан оқылған мәтін арқылы беріледі. Әлімжанов өз қолымен тұрғызған Балхашты құрметтейді. Сондықтан, үлкен ұлы Серғазы онжылдықты бітірген соң, тау-кен интститутына түсіп, Балхашқа қайта оралғанын қалайды. “Оның ойы-басқа мамандық. Қалай ренжімессің? ”-деп ішкі мұңын баяндайды. Әлімжановтың әңгімесі экранда театр, мектеп үйлері, демалыс парктері, қызу жұмыс үстіндегі құрылысшылардың көріністерімен ұласып жатады. Экраннан кейіпкерді отбасы, дос-жарандары арасында отырған немесе жұмыстағы сәттерін көреміз. Фильмде ол әртүрлі планда, яғни алыстан түсірілген, орта және ірі пландармен көрсетіледі. Алайда, кейіпкердің тарихын, ішкі ойын экрандағы көріністер емес, оның әңгімесіне сай интонация ерекшелігімен оқылған диктор мәтіні арқылы байыптаймыз. Мәтінді оқыған диктор - қазақ кино өнерінің белгілі қайраткері Шәкен Айманов.
“Біздің қалада” фильмі жайлы О.Әбішевтің өзі былай дейді: “Біраз жылдар өткен соң, Балхашқа тағы бір жолым түсті. Бір эпизодқа керекті кейіпкерлер іздей жүріп, Әлімжанов деген фамилияға көзім түсті. Бұл – сол баяғы Әубәкірдің ұлы Серғазы екен. Сөйтсем, әкесі бекер қауіптеніпті. Серғазы инженер мамандығын игеріп, әкесі жұмыс істеген заводта еңбек етіп жүр екен. Мен үшін фильмнің тағы бір ерекшелігі – мәтінді Ш.Аймановтың оқуы еді. Бір күні Шәкен Айманов шақырады дегенге барсам: “Ореке, мына фильмнің материалы маған ұнап отыр. Мәтінін өзім оқысам қайтеді” – деді [77]. Оқып шықты. Шын мәнінде Ш.Аймановтың бірқалыпты, ойлы дауыс ырғағы, жеңіл қазақша акценті фильмге бірден жылылық пен шынайы ұлттық калорит енгізді”. Фильм 1958 жылы Москвада өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігінде, Орта Азия республикалары мен Қазақстан киноөнерінің байқауында ерекше аталынып өтеді.
“Біздің қалада” шығармасында қолданылған белгілі бір кейіпкердің әңгімесіне құру тәсілі О.Әбішевтің көптеген фильмдерінде, мысалы, “Қазақ жерінде”, “Жұмысшы қыздар”, “Арман аралы”, “Желден де жүйрік” фильмдерінде кездеседі. Алайда, бұл көркемдік тәсіл әр фильмде мазмұнына, материалының ерекшелігіне сай әрқалай қолданылады. Бұл орайда кейіпкердің әңгімесі фильмге бейнелік, бағдарламалық мағлұмат, сонымен бірге экрандағы көріністерге бірыңғай үндестік енгізеді. Мысалы, екі бөлімді “Қазақ жерінде” фильмін алып көрейік. Егер, “Біздің қалада” фильмі Ә.Әлімжановтың әңгімесіне құрылса, бұл фильмде әкесі мен баласы арасындағы диалог арқылы өрбиді [78].
Фильмнің ең басында шексіз жатқан кең дала. Алыстан көрінген салт атты біртіндеп жақындап келеді. Бұл - осы жерде дүниеге келіп, бүкіл өмірін өткізіп келе жатқан жергілікті ақсақал Қалдыбай Мақатов. Алыстан көрінетін құрылысы қызу жүріп жатқан Теміртау қаласында ұлы Азат еңбек етуде. Көрермен ақсақалмен бірге жаңа тұрғызылып жатқан Теміртаудың құрылысымен, жұмысшылар өмірімен танысады. Бірақ, қай көріністе болмасын, басты назарда үнемі әке мен баланың бейнелері болып отырады.
“Жақында ғана бұл өңір адам аяғын баспайтын шөл дала еді. Ал, одан ертеректе мұнда тек байлардың ғана малы бағылатын. Қазір...”- деп, әкесі өлкенің кешегі қалпын еске алып әңгімелесе, ұлы бүгінгі тұрғызылып жатқан қала мен тұрғындары жайлы баяндайды [79]. Осы арқылы фильм кешегі мен бүгінгі күнді салыстырады. Ең соңғы көріністерден Азаттың әкесін шығарып салып, қалаға кері қайтқанын көреміз. Ал, ақсақал ең алғашқы көріністегідей атқа мініп, кері қайтып барады. Бұл көрініс басында және соңында екі түрлі мағына береді. Бірінші кадрдан бұл өлкеде бұрынды-соңды болып көрмеген алып құрылысқа сеніңкіремей көз салған, ал, соңында бәрін өз көзімен көріп, көңілімен сенген ақсақалды көреміз.
Алайда, жоғарыдағы айтылған фильмдерге тән ортақ кемшілік -алдын-ала ұйымдастырылған көріністерге жол беріледі. Кейіпкердің көңіл-күйін, ішкі сезімін көрсетуде алдын-ала ұйымдастыру көркемсуретті киноның драматургиясына тән құбылыс екендігі белгілі. Ал, көркемсуретті киноның элементтері деректі экранда қолданылса, көріністер мен кейіпкердің іс-қимылындағы шынайылық жоғалады. Жалпы, 1950-жылдары Кеңес елінде түсірілген деректі фильмдерде ойдан алынған сюжеттер жиі кездеседі. Ал, бұл еңбеккердің жұмысын, өмірін әсірелеп, әдемілеп көрсетуге әкеліп соқты. Нәтижесінде, “Біздің қалада”, “Қазақ жерінде” фильмдеріндегі кейіпкерлердің өмірі, еңбегі тек лирикаға, романтикаға толы кейіпте бейнеленді. Бұл кемшіліктер 1950-жылдардағы Қазақстан деректі киносына тән ортақ қасиет болды.
Аталмыш кезеңде Қазақстанда түсірілген деректі фильмдер тек композиция принципі, жанры, баяндау тәсілдерімен ғана емес, сондай-ақ, тақырыбының әрқилылығымен назар аудартады. Көптеген фильмдерде диктор мәтінін бейнелі түрде жеткізуде, оның формаларын түрлендіруге деген талпыныс байқалады. Деректі кино өнері уақыт өткен сайын көркемдік бейнелеу тәсілдерін жаңарту жолына түседі. Бұл материалдың тақырыптық, көркемдік шешімін табуда қолданылған сәтті ізденістердің біріне айналды.
1950-жылдардың орта шенінде басталған Қазақстандағы тың жерлерді игеру тақырыбы кино өнерінде, соның ішінде деректі кинода кең орын алды. Бұл тақырып жайлы “Жастарға арналған сөз». “Нан мен адамдар” кітаптары жарық көреді. Көркемсуретті кино жанрында “Мазасыз көктем”, “Біз осында тұрамыз” фильмдерімен бірге, тың тақырыбына деректі фильмдер көптеп түсіріледі. Деректі кино тың игеру тақырыбын ең алғашқылардың бірі болып бейнелейді. “Советтік Қазақстан” киножурналында алғашқы тың игерушілер туралы түсірілген сюжеттер жиі көрсетіліп отырды. “Қазақфильм” киностудиясында “Тың өлкесі” атты тың тақырыбына арналған фильмдер түсіру өндірісі ұйымдастырылады [80].
Оқиғаларды жиі және дер кезінде түсіруге тырысқан деректі кино шеберлері тың игеру басталған өлкелерге аттанып жатты. Алайда, бұл фильмдердің көпшілігі мазмұны мен формасы жағынан бірін-бірі қайталап отырды. Олар жаңа жерге қоныс аударушылардың бір-бірімен кездесу сәті, егістік даласында қаз-қатар тізілген тракторлар легі, совхоздар құрылысы мен озат егіншілердің бейнесін көрсетуден әрі аспайды. Нәтижесінде бұл шығармаларда автордың жеке басына тән шығармашылық қолтаңбасы қалыс қалып қойды. Мысалы, 1955 жылы түсірілген “Қазақстанның тың өлкесінде” фильмінде оқиға мазмұнына терең үңілмей, тың жерді игерудің сыртқы белгілерін ғана тізбектеп көрсетеді. Сондай-ақ, тың тақырыбына түсірілген фильмдердің көпшілігінде кадр сыртынан айтылатын мәтінінің мазмұны мен экрандағы көрініс арасындағы драматургиялық байланыстың үйлесімсіздігі байқалады.
Бұл кемшіліктер тек тың игерудің алғашқы жылдарында ғана емес, кейінгі жылдары түсірілген фильмдердің басым көпшілігіне тән болды. Алайда, 1958-жылы түсірілген “Астық дән - нанымыз” фильмінде бұл кемшіліктен бас тартуға деген талпынысты байқауға болады. Шығармада ауа райының қолайсыздығы себебінен астықты жинай алмай қалу мүмкіндігі туралы әңгімеленеді. Фильм авторлары тың игеру тақырыбына қатысты қалыптасқан үйреншікті көзқарастан алшақтауға тырысады. Бұл кейіпкерлердің тың игеру ісіне деген жеке қарым-қатынасы арқылы көрсетіледі.
1950-жылдары өнер мен мәдениет, әдебиет тақырыбына түсірілген фильмдердің көпшілігі режиссер О.Әбішевтің есімімен тығыз байланысты. 1955-жылы түсірілген “Құрманғазы атындағы оркестр” фильмінде оркестрдің өзіндік ерекшелігіне басты назар аударылады. Өнер ұжымының талай ғасырдан бері берік қалыптасқан ұлттық дәстүрді сақтауы мен биік профессионалды деңгейінің бірыңғай екендігін көрсетеді. Бірінші кадрда домбырада ойнаған халық күйшісі көрінеді. Автор бұрын қазақ даласында инструментальды аспаптар ансамблі болмағанын, бұған дейін домбыра үнінің жалғыз естіліп келгендігін, музыкалық шығармалардың оркестрдің орындауында тек соңғы жылдары пайда болғандығы туралы баяндайды. Экраннан Қ.Қасымов пен Э.Романенконың қолдарынан шыққан домбыра мен әртүрлі деңгейдегі, бірақ өзінің қайталанбас тембрін сақтаған, әбден жетілген толыққанды үні шығады [81]. Соның дәлелі ретінде оркестрдің орындауындағы көптеген шығармалардың сазы естіледі. Әрбір орындалған шығармаға көріністік мінездеме беріледі. Мысалы, Құрманғазының “Сары-Арқа” күйі орындалуы сәтінде ұшы-қиыры жоқ шексіз далада желмен жарыса шапқан салт аттыны көреміз. Бұл шабыстың әрбір ырғағы, жылдамдығы күйдің ырғағымен үйлесіп, мазмұнын аша түседі. Немесе, Абай атындағы Опера және Балет театрының сахнасында Ш.Қажығалиевтың дирижерлығымен орындалып жатқан “Шаттық Отаны” симфониялық күйінің мазмұнына, ырғағына қарай экранда өзгеше көріністер, яғни, тың өлкесінде жиналып жатқан астық, фабрика мен заводтардың алып құрылыстары... пайда болады. Фильмнің басты ерекшелігі - музыка мен көріністің бірыңғай үндестік табуында. Киноочерк тек музыкалық шығармаға мінездеме беріп қоймай, А.Жұбанов, А.Шаргороцкий, С.Шабельский сияқты өнер қайраткерлерінің оркестрдің құрылуына көп жылдар еңбек сіңірген тарихы, белгілі домбырашылар - Ғ. Баязитов пен оркестрге жаңа келген талантты жастардың өнері мен қызметі көрсетіледі. Көптеген эпизодтарда оркестрдің басқа қалаларда қойған концерті бейнеленеді. Режиссер “Құрманғазы атындағы оркестр” фильмінде үстіртін көріністерден гөрі, тақырыпты “ішінен” ашуға тырысады [82].
“Халық таланттары” мен “Өнерпаздар байқауы” фильмдері халық арасынан шыққан талантты өнерпаздарды экран арқылы танытуға арналған. “Өнерпаздар байқауы” 1954 жылы түсірілген “Халық таланттары” фильмінің заңды жалғасы іспетті. Екі фильмде де Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген өнерпаздар өнерін көрсетеді. Негізгі көріністер-концерттік номерлер мен көрермен залы. Екеуінде де камера концертті көрермен ретінде залдан “бақылайды”. Монтаж ырғағы байсалды аталмыш екі фильм 50-60 жылдардың телеконцерт бағдарламасының эстетикасымен түсірілген. “Өнерпаздар байқауы” фильмінің ракурстары бірыңғай, үнемі бір нүктеден түсіріледі. Ал, “Халық таланттарында” концерттік номерлер арасында сахнаға шығатын өнерпазды хабарлаушы ретінде қолданылған титр жазулары фильмде ақпарат қызметін атқарады [84].
Ал, “Өнерпаздар байқауы” фильмінде әрбір өнерпазды кадр сыртынан диктор таныстырып отырады. Бұл шығармада әртүрлі ракурспен түсіру әдісі кездеседі. “Халық таланттары” фильмінде диктор дауысын басында және соңында ғана естиміз. Режиссер екі фильмде де халық арасынан шыққан таланттарды көрсетіп қана қоймай, сахнадағы әрбір өнерпаздың қайталанбас ерекшелігіне, өнеріне мән аудартады. Ешқайсысын назардан тыс қалдрымай, әрқайсысын жеке-жеке алып зерттейді. Автор әрбір кейіпкер-өнерпазына сүйіспеншілікпен көз салады.
1950-жылдары Қазақстанда түсірілген деректі фильмдерде ауыл шаруашылығы тақырыбы кеңінен қамтылады. “Жылқышылар”,“Шәкен Ахметжанова”, “Екінші тың шақырады” тағы басқа көркемдік шешімімен қызықты фильмдер түсіріледі. Мысалы, “Екінші тың шақырады” шығармасы жылдың төрт мезгіліндегі шопан жұмысын көрсетуге құрылған композициясының ерекшелігімен қызықтырады. Алайда, өзге фильмдердің көпшілігіне тән кемшілік, яғни, кейіпкердің актерға айналып кетуі бұл шығармаға да тән қасиет.
Сонымен, 1946-1960 жылдардың аралығында Қазақстан деректі киносы Республика өмірінде болған маңызды оқиғаларды қамтуға тырысты. Әрине, материалды образды түрде ұйымдастыру барысында көркемдік шешімін табуда, кейіпкерлердің бітім-болмысын ашу жолында шығармашылық сәттіліктермен қатар кемшіліктер бірге жүріп отырды. Алайда, мұның бәрі Қазақстан деректі киносының келесі даму кезеңіне алып баратын алғашқы нышаны мен баспалдақтары еді.
Ғылыми-көпшілік киносы - деректі киноөнерінің маңызды жанрларының бірі болып саналады. Оның бастапқы элементтері киноөнерінің алғашқы жылдарында-ақ пайда болды. Бүгінде сексен жылдан астам тарихы бар ғылыми-көпшілік киносындағы маңызды мәселелер мен бейнелеу тәсілдері көп жылғы тәжірибелерге сүйене отырып, көптеген теориялық еңбектерде кеңінен қамтылды. Алайда, әлі күнге дейін терең әрі жан-жақты зерттеуді талап ететін, шешуі табылмай жатқан сұрақтар жиі кездеседі.
Белгілі теоретик және сценарист И.Васильков кино өнерінің маңызын ғылыми түсініктің күшті құралы ретінде қарастыра келіп, былай дейді: “Кино өнері жәрмеңкелік аттракцион кезеңінен өтіп барып, жалпыға өзін мойындатқан өнер деңгейіне көтерілуі заңды еді. Тек, содан кейін ғана өнертапқыштардың бастапқыда көздеген облысында кеңінен тарауы тиісті болды” [85]. Киноөнерінің көмегімен көптеген ғылыми жаңалықтардың ашылу мысалдары жиі кездеседі. Өнеркәсіп, медицина, ауыл шаруашылығы, космонавтика салаларындағы сансыз жетістіктермен көпшіліктің таныс болуына кинокамераның тигізген әсері мол болды.
А.Горький кезінде нақты ғылым салалары туралы эмоциональды және бейнелі тұрғыда насихат жүргізуге шақырды. Яғни, бұл ғылыми-көпшілік киносының басты ерекшелігі болатын. Оның негізгі мақсаты – ғылым жетістіктерін эмоциональды-бейнелеу тәсілдерімен көпшілікке жеткізу.
1958-жылы өткен Ғылыми киносы Халықаралық ассоциациясының 13-ші конгресінде совет делегациясының бастамасы бойынша ғылыми-көпшілік киносының анықтамасы мен қызметі туралы төмендегідей нақты шешім қабылдайды: “Белгілі бір ғылым саласының негіздері немесе ғылым мен техникада ашылған жаңалықтарды насихаттауды мақсат тұтқан кино шығармаларын ғылыми-көпшілік фильм деп атаймыз”. Ғылыми-көпшілік киносына қойылған басты шарт – ғылыми материалды көркемдік тұрғыда көрсету барысында тарихи шындық пен ғылыми жаңалықтар негіздерін бұрмаламау болды. Белгілі теоретик Л.Гурова 1980-жылы жарық көрген “Кино и наука” атты кітабында былай дейді: “Ғылым-көпшілік киносы ғылыми идея мен кинематографиялық иллюстрациясы арасын жалғастырып тұрған көпір қызметін атқармайды. Бұл – экрандық бейнелер көмегімен ғылыми ойлаудың ерекше тәсілі...” [80].
Ғылыми-көпшілік киносы өзінің көркемдік даму тарихында бірнеше сатылардан өтті. Бұл Қазақстан ғылыми-көпшілік киносына да тән құбылыс болды. Қазақстанда ең алғашқы ғылыми-көпшілік фильм 1927-жылы түсіріледі. Бұл - режиссер В.Карин мен оператор В.Патепаның Бүкілресейлік Востоккино акционерлік қоғамының Алматыдағы өндірістік бөлімінде түсірген төрт бөлімді “Қазақстанның өмірі мен тұрмысы” этнографиялық фильмі болатын. Мұнда қазақтардың өмірі, жұт жылдарындағы кедей-кепшіктің ауыр хәлі көрсетіледі. Үш жыл өткен соң “Қазақстанның жануарлар әлемін білесің бе?”, “Алтын жағалаулар” фильмдері түсіріледі.
Қазақстанда алғашқы түсірілген “Қазақстанның жануарлар әлемін білесіз бе?”, “Қазақстанның өмірі мен тұрмысы”, “Алтын жағалаулар” фильмдерінде көбіне көріністі (видовой) фильмдердің элементтері басым болды. Мысалы, “Қазақстанның өмірі мен тұрмысы” фильмінде республиканың табиғатын көрсетуге кеңінен орын беріледі. Фильм жалпы планмен түсірілген тау көріністерімен басталады. Тау етегінде орналасқан киіз үйлер, жайылып жүрген еліктер, киіз үйдің алдында байлаулы тұрған жылқы...көріністеріне айналдыра жасалынған панорама. Енді камера таудан ағып жатқан өзен суына “көз салады”. Кері шегініп бара жатқан камера көзіне таудың ұшар биігі ілінеді. Келесі кадрларда орта планмен түсірілген алқызыл гүлге оранған кең далада жайылып жүрген төрт түлік малдарды көреміз. Фильмді көріністі (видовой) кино жанрында түсірілген деп айтуға болар еді. Алайда, титрда жазылған “Қазақстан - мал өсірушілер елі”, “Қазақстанның мал шаруашылығы халық шаруашылығының өзге салаларымен салыстырғанда 54 пайызын құрайды“, “3500 метр биіктіктегі жайлау” және тағы басқалары фильмге көпшілік-экономикалық очерктің белгілерін енгізеді [81].
Өнеркәсіптің қарқынды дамуы мен ауыл шаруашылығындағы түбегейлі өзгерістер ғылым және өнеркәсіп арасындағы тығыз байланысқа деген қажеттілікті талап етті. Қазақстанның ғалымдары ауыл шаруашылығы саласында белең алған өзекті мәселелердің түйінін шешуге жұмыла кіріседі. Осыған байланысты ғылым мен техникалық білімді кеңіту және дамыту формаларын іздестіре бастайды. Бұл ретте ғылыми-көпшілік киноның қажеттілігі туындайды.
Шөл далаларды бағындыру, тың жатқан жерлерді игеру, көп салалы өндірістерді іске қосу - Қазақстанда ғылыми-көпшілік киноның жиі түсірілуіне және қарқынды дамуының себепкері болды. Қазақстанда түсірілген ғылыми-көпшілік фильмдердің мазмұны мен тақырыбы жоғарыда айтылған мәселелерді кеңінен қамтиды. “Шөл даланы бағындыру” фильмінде Бетпақ даланы кешенді түрде зерттеу, “жансыз” даланы түлету туралы баяндаса, “Академик Завадовскийде” Қазақстандағы қойдың асыл тұқымын шығаруға ықпал еткен ғалымның зерттеу жұмысы туралы әңгімелейді. “Астық базасы”, “Мичуриншілер”, “Жылқышылар”, “Қазақстанның тың жерлерінде”, “Қазақстандағы жүгері өнімі”, “Екібастұз” фильмдері ғылыми-көпшілік киноның алуан түрлі тақырыбын қамтиды [85].
Соғыстан кейінгі жылдары ғылыми-көпшілік жанры деректі кинематограф сияқты бүкіл кеңес кино өнерінің алып тармағына айналып, Москва, Ленинград, Киев, Свердловск ғылыми-көпшілік студияларының жұмысы өркендей түседі және тақырып тұрғысынан бейбіт өмірдің жаңа мақсаттарымен үндестік табады. Авторлардың басты назары халық шаруашылығы мен ғылымдағы өзекті мәселелерге ауады. Мұның басты себебі Орталық партия комитетінің 1944-жылғы қабылдаған қаулысы болды. Онда қарапайым халық пен еңбеккерлердің білімін көтеру мақсатында ғылыми-ағарту үгіт–насихат жұмысы ұйымдастырылуы қажет, яғни, ғылым, техника мен мәдениет жетістіктерімен, табиғаттың алуан құбылысының қыр-сырымен халық жетік таныс болуы керек делінген. Бұл қаулыны орындау ғылыми-көпшілік кинематографының үлесіне тиеді.
1946-1950 жылдары биология, зоология, медицина, география, физика, химия т.б. ғылымдары бойынша фильмдер өте көп түсіріледі де, халық шаруашылығы, әсіресе, ауыл шаруашылығындағы маңызды мәселелер назардан тыс қалып қояды.
Ал Қазақстанда 1946-50 жылдары түсірілген ғылыми-көпшілік фильмдердің саны өте аз болды. 1945-жылы түсірілген “Түрлі-түсті металлдар” фильмі хромит, алтын, молибден сияқты сирек кездесетін түрлі-түсті металдарды өндіру туралы, “Алматының алмалы бақтары” шығармасында Қазақ Ғылыми-зерттеу Институты ғалымдарының “Горный гигант” колхозының бақшашыларымен біріге отырып, алманың жаңа сорттарын өсіріп шығаруы туралы көрсетіледі [86].
1953-жылы Орталық Партия Комитетінің қыркүйек айындағы пленумында ауыл шаруашылығы тақырыбында түсірілген ғылыми-көпшілік фильмдердің көркемдік сапасының төмендігі үшін кино өнері тосын сынға тап болады. Осы жылдың соңында ауыл шаруашылығына арналған фильмдер өндірісі мен прокат мәселесі едәуір өркендейді. Колхоздар мен совхоздарда “Ауыл шаруашылығының жаңалықтары” атты киножурналы жиі көрсетіліп отырады. “Ғылым және техника” кезеңдік журналын шығару қолға алынады. Бұл журналдың номерлерінде ғылыми жаңалықтар, алдыңғы қатарлы өнеркәсіп озаттарының тәжірибесі кеңінен көрініс табады. Халық шаруашылығының маңызды салалары бойынша толықметражды фильмдер түсіріле бастайды [87].
Ғылыми-көпшілік кинематографындағы өзекті мәселелер, сценарий жазу әдістемесі, режиссердың шеберлігі, шығармашылық қолтаңбасының ерекшелігі туралы теориялық еңбектер пайда болады. Мұндай еңбектердің қатарында В.Жданның “Драматургия научно-популярного фильма”, Б.Альтшулердің “Композиция сценария научно-популярного фильма” кітаптары жарық көреді [88].
Бұл теориялық еңбектерде ең алдымен ғылым мен өнер арасында нақты байланыс бар екендігін дәлелдейді. Олардың айтуынша, ғылыми-көпшілік киносына көркемсуретті кинематографтағы сияқты табиғаттың органикалық және анорганикалық өмірінде өтіп жатқан маңызды процесстерді көрсету тән. Алайда бұл ғылыми-көпшілік киносының өзіндік ерекшілігі бар екендігін жоққа шығару емес деді. Мұндай теориялық тұрғыдағы пікір-таластар ғылыми-көпшілік киносының кинематографтың маңызды, әрі салмақты тармағына айналғанын дәлелдеді.
Соғыстан кейінгі жылдардағы кинематографтың алдындағы басты мәселе-ғылыми тереңдікті жан-жақты бейнелеуге мүмкіндік беретін сәйкес формалармен үйлестіру алдыңғы орында тұрды. Ал, аталмыш кезеңдегі ғылыми-көпшілік киносында көріністі(видовой) фильмдер жиі түсіріледі. Қазақстанда түсірілген мұндай фильмдердің қатарына: “Ертіс өзені бойында”, “Город в степи”, “Баянауыл” т.б. фильмдерін атап өтуге болады [89].
“Ертіс өзені бойымен” фильмі Өскемен, Семей, Павлодар қалаларына су электр станциясы мен Өскемен қорғасын комбинатының құрылысына, Алтай және Зайсан көлі маңындағы табиғаты әсем жерлерге киносаяхат жасаса, “Баянауыл” фильмі Павлодар облысындағы Баянауыл өлкесі табиғатының көркемдігі, көрікті табиғаты, өзен-көлдері жағалауларында орналасқан шахтерлар, құрылысшылар, тың игерушілерге арналған демалыс үйлері көрініс табады.
1950-жылдары, әсіресе, ауыл шаруашылығында ғылым жетістіктерінің қолданылуы туралы фильмдер көптеп түсіріледі. Бұл орайда 1955 жылы түсірілген “Қамыс үй”, 1956-жылғы “Желдеткіштер”, “Қазақстандағы жүгері өнімі” фильмдерін атап өтуге болады [90].
Ғылым мен өндіріс арасындағы тығыз байланыс идеясы “20 жыл ішіндегі Қазақстан мал шаруашылығы”, “Біздің Қызыл Ту колхозы, “Бетпақдала”, “Мичуриндіктер” фильмдерінде көрініс табады.
Режиссер В.Шелепеннің “Қазақ ССР-ның Ғылым Академиясы”. Ғылым Академиясының ұйымдастырылу сәті бейнеленіп, Қазақстан ғалымдарының зерттеп жүрген мәселелеріне тоқталады. Алты бөлімді фильмнің алғашқы екі бөлімі академияның ашылуы жайындағы ресми хабарға арналады. Кадрлардан мінбеде сөз сөйлеген И.Бардин, Қ.Сәтпаев, А.Бектұров, С.Кеңесбаев т.б. ғалымдардың бейнесін көреміз. Фильмнің ресми бөлімімен қазақстандық ғалымдарды байланыстыратын көпір ретінде Қ.Сәтпаевтың геологтар тобымен кездесу сәті қолданылады. Шығарманың бұдан кейінгі мазмұны ғылымның әр саласында еңбек етіп жүрген ғалымдардың зерттеу жұмыстарына арналады. Төртінші бөлімі тұтасымен биологтардың еңбегіне, бесінші бөлімі зоология ғылымына, ал соңғы бөлімі ғалым-энергетиктердің еңбектеріне арналады. Фильм Қазақстанның Ғылым Академиясының ашылуына орай өтіп жатқан мерекелік сессияда сөйлеген Қ.Сәтпаевтың баяндамасымен аяқталады.
Қазақстанның әдебиеті, мәдениеті мен тарихына арналған бірқатар фильмдер дүниеге келеді. Солардың ішінде өзіндік ізденісі, талпынысы бар “Тастар сөйлегенде” және “Қазақтың ұлттық кәсібі” фильмдеріне көңіл аударуға болады. “Тастар сөйлегенде” фильмінде X-XIX–ғасырларда салынған ежелгі ескерткіштер Орталық Қазақстандағы Алаш және Жошы хандардың, Оңтүстік Қазақстандағы Айша Бибінің мазарлары, Ахмет Яссауи мешіті, Омар мен Тұрдың кесенелерін көрсету арқылы Қазақстанның ежелгі тарихына барлау жасауға талпынады. 
Алайда, соғыстан кейінгі жылдары түсірілген ғылыми-көпшілік фильмдердің көріністері иллюстративті деңгейде қалып отырды. Кино тілінің жұтаңдығы салдарынан фильмнің мазмұны мен тақырыбының ашылуы кадр сыртынан айтылатын диктор мәтініне жиі жүгінді.
1950-60 жылдар аралығында, Қазақстанда түсірілген ғылыми-көпшілік фильмдерінде жаңа кино тілі мен сюжеттерді құрудағы жаңа әдістер пайда болады. Бұл болашақта түсірілетін фильмдердің толыққанды, сәтті шығуына себепкер болған алғашқы талпыныстар мен ізденістер болатын.

ҚОРЫТЫНДЫ


Кеңес еліндегі ХХ ғасырдың 50 және 60 жылдың бас кезінде Сталин тоталитарлық, әміршіл-әкімшіл жүйенің нығаюы кезеңі болып табылады. Осы кезең социализм идеалогиясы өзінің шарықтау шыңына жетті. Кеңес және Қазақстан қоғамы дамуының соғыстан кейінгі жоспарлары демократияға қарсы, тоталитарлық Сталиндік социализмнің үлгісіне үйлесіп жатты. Сол кезеңдегі күрделі жағдайдың Қазақстандағы біліміне, ғылымына, мәдениетіне тигізген әсері бұл диссертациялық жұмыстың өзектілігі мәселесі болып табылды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет