Алыптасуы мен дамуы


Зерттеу жұмысының ғылыми және тәжірибелік маңызы



бет5/8
Дата13.05.2023
өлшемі141,73 Kb.
#92846
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Байманова ОРИГИНАЛ

Зерттеу жұмысының ғылыми және тәжірибелік маңызы. Аталған зерттеу жұмысы Қазақстандағы тарих ғылымы саласындағы ауқымды ғылыми-тарихи шығармашылық тұрғыдан жазылған еңбек ретінде Республиканың әлеуметтік-мәдени секторының жұмыс тобына өз кезегінде қажетті құжаттарды даярлауда қолданылуы мүмкін. Бұл еңбектегі тұжырымдар ЖОО-да Қазақстан тарихы мен Қазақстан тарихының теориялық-методологиялық мәселелері және Тарихи-мәдени мұра мен Дүниетану негіздері сияқты жаңа пәндеріді оқытуда, ауызша тарихи білімге байланысты арнайы курстарды жүргізу барысында қажеті болады деп санаймыз. Диссертациядағы ізденіс нәтижелері бүкіл ұлттық дәстүрлі білімнің ғылымның мәдениеттің теориялық жағы мен ХХ ғасырдағы оған жасалған қиянат тарихын білуге қызығушылық танытушы оқырманға керекті мәліметтер алуына мүмкіндік беріумен бірге, соғыстан кейінгі кезеңнің даму тарихын жалпы түсінуге жол ашып, оны терең білуге ұмтылдырады.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Бұл тақырып отандық тарихнамада жеке және арнайы тақырып ретінде алынып зерттелмеген тақырыптардың бірі болып саналады. Зерттеу жұмысы қойылған міндеттерге сәйкес жүйелі және кешенді түрде жүргізілді. Бұрынғы зерттеулерді салыстыра отырып тәуелсіз көзқараспен ашып көрсетеміз.
Зерттеудәі ғылыми жаңалығы:
- Соғыстан кейінгі білімнің қалыптасуы мен дамуы теориялық-методологиялық жағынан негізделінді;
- Соғыстан кейінгі ғылымды дамыту қайнар көздерінің мәнділік сипаты пайымдалды;
- Зерттеу кезеңіндегі білімнің, ғылымның, мәдениеттің қалыптасуы мен даму үрдісінің қоғамдағы әлеуметтік-саяси және экономикалық жағдайларға тәуелділігі ашылды;
- Соғыстан кейінгі білімнің, ғылымның, мәдениеттің қалыптасуы мен даму кезеңдері жүйеленді;
- Қазақ ағартушылары мен ұлттық интеллигенция өкілдерінің білім, ғылым, мәдениетті дамытуға қосқан үлестері сарапталды;
- Оқу пәні ретіндегі Қазақстан тарихының қалыптасу ерекшелігі ашылып, оның республикадағы тарихи білімді дамытудағы рөлі көрсетілді;
- Қазақстандағы тарихи білімді дамытуда кеңестік партиялық - таптық идеологияның ықпалы ашылды;
- Зерттеу жылдарында жинақталған Қазақстандағы тарихи білімді дамыту тәжірибесінің оңды және келеңсіз жақтары диалектикалық арақатыста бағамдалды;
- Мәдениет саласындағы жетістіктер мен кемшіліктер ашылып көрсетілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет