Байланысты: kyraubaeva alma shygystyk kissadastandar 3 tom
Сүлеймен пайғамбар жəне оның жүзігі. Сүлеймен пай-
ғамбар туралы мұсылман мифтерінде оның жүзігіне көп
мəн беріп, жүзігінің күшімен тіпті патша тағын Иеменнен
Иерусалимге көшірген делінеді. Бір күні Сүлейменнің жү-
зігі шайтанның қолына түседі, сөйтіп ол қырық күн пат-
шалық құрады. Шайтан жүзікті теңізде жоғалтып алған
жерінен Сүлеймен пайғамбар балықтың ішінен тауып
алып, патшалығын өзіне қайтарады. Сүлейменнің жүзігіне
бағынған жындар көпір де салыпты деседі. Алты бұрышты
жұлдыз бейнелі жүзік мұсылмандарда қасиетті деп сана-
лады (Мифологический... 1991).
Құран хикаяларында жəне «Қисас-ул əнбиада» Сүлеймен
пайғамбардың егінші мен қойшының дауын шешкендігі, құ-
мырсқа патшалығына кездескені жөнінде ғибратты əңгіме-
лері айтылады.
Сүлейменнің жүзігі қисса кейіпкерлеріне əрдайым кө-
мекке келіп отырады. «Сейфүлмəлікте» үш ай жүрмей қал-
ған кемені жүргізіп жібереді:
Тілегін падишаның қабыл көрді,
Бір адам ұйқысында жетіп келді.
71
70
«Жүзігін Сүлейменнің суға салсаң,
Жүрмей ме, кемең сонда, байғұс», – деді.
Көп үміт жамағаттар үзбе деді,
Бір дəулет келді енді бізге деді.
Жүзігін дарияға ұрып еді,
Кемесі су бетіне жүзе берді.
(«Сейфүлмəлік»).