Діни сюжеттер желісіне жазылған қисса – дастандар.
Діни сюжеттердің төркіні «Мың бір түнге» де, Құран,
«Қисас-ул анбиа» оқиғаларына байланысты жатады.
Ақылбек Сабаұлы «Бозжігіт» қиссасында (1911ж): бірін-
ші тарауда айтылып өткен, қиссаларға болған мифтік сю-
жеттердің біразының желісін сипаттап беріпті. (Ел қазы-
насы... 1994-399).
Діни сюжетке жазылған қисса-дастандарға: «Зарқұм»,
«Сал-сал», «Дариға қыз», «Наушаруан сұлу», «Əбу Шахма»,
«Кербаланың шөлінде», «Шəкірт – Шəкірат», «Жүсіп – Зы-
лиха», т.б. жатады. Бұлардың дені – Жүсіпбек қиссалары.
Діни дастандардың имандылыққа тəрбиелеудегі баға жет-
пес құндылығын талдап жазған белгілі ғалым – Рахман-
құл Бердібаев:
«Имандылық тəрбиесінен бейхабар кейбіреулерге бұл
оқиға («Дариға қызда»: оның ұлы Мəди танымай, əкесімен
күресіп, «өз атама қолым тиді, мені жер жұтсын», – деп қара
тасқа еніп кетуі. А.Қ.) қисынсыз қиял ғана болып көрінуі
мүмкін. Əрине, мұнда қиял, əсірелеу күшті. Бірақ, осы
қиялдың əке сыйлауды үйретуге жарайтын мəңгілік ғибра-
ты педагогика пəнінің кез келген ережесінен əсерлі екенін
көрмеуге болмайды. Мəдидің аты аңызға айналуына оның
батырлығынан гөрі перзент парызын биік санайтындығы,
жас буынға берерлік үлгісі басым жатқаны шүбəсіз. Мəдидің
аңыз-əпсана деңгейіндегі бір ғана ісі «əкені қадірле» деген
сансыз ескертпелерден салмақты жатыр», – дейді.
Біздің қолымызға мазмұн мəні тұрғысынан «Жұмжұма
сұлтанға» ұқсас «Беренсоздың қиссасы» атты дастан түсті,
туындыгердің кім екені белгісіз. «Əкесінен көшіріп алған
Сыламия» деген жазуы бар. Дастанның ұзын ырғасы Мұ-
хаммед пайғамбардың кереметін көрсетуге арналған:
Сөйлейтін аз əңгіме сал құлақты,
Бұл кеңес тыңдаушыға ынтымақты.
Сөйлейін пайғамбардың қараматын,
Тұрады медет қыл деп жалғыз хақты.
Мекке мен Мəдинаны биғат қылып, –
Сыламның жарық панар шамын жақты,
деп басталып, ары қарай Хазіреті Мұстафаның заманында
Беренсия Франция деген аруақты хан болғанын баяндайды.
Ханның көпке дейін баласы болмай жүріп, ханшасы бір ұл
табады. Сегіз жастан оқуға беріп, үш ғылымды тауысады:
Забур, Таурат, Інжіл. Ол заманда қалам шариф тарамаған
кезі: «Пайғамбар Қалам Шариф Мəдинеде».
Суретке əлгі бала бағынбайды,
Əкесі көп қыспайды тиянақтап, –
дегеніне қарағанда, бала христиан дінін қабылдамаған.
Бала он алтыға шыққанда қыз айттырып, тойын жасап,
алып береді. Той күні біреу қызғанышпен ханзаданың ба-
сын кесіп кетеді. Патша жалғыз ұлын көмдірмей, тəні шірі-
249
248
мейтін дəрі жағып, дуа қылып, сақтайды. Мəдинедегі Расулға
əкеледі. Расул сандықтың ішінде Беренсоз патшасының
баласы бар екеніне дейін айтып береді. Оны кім өлтіргенін
сұрағанда, Беренсоз патшаның ағасының баласын атайды.
Сенбеген Алдиярханға Расул екі кептерді куə қылады. Ра-
сулдың кереметінен үш айлық жерден екі құс жетіп келіп,
куəлік береді. Осыдан соң Алдиярхан мен оның жанына еріп
келгендер иман айтады.
Дастанның оқиға жүйесіне назар сала отырып, оның
«Жұмжұма сұлтан» оқиғасының екінші бір модификация-
ланған нұсқасы деуге болады. «Беренсоздың қиссасында»
да «Жұмжұма сұлтан» сияқты Алланың жердегі елшісінің
құдіреті мен (Иса, Мұхаммед) өлген адамға жан бітіп, басы-
нан өткен оқиғасын өзі айтып береді, сөйтіп Алланың құді-
ретіне тəнті қылады. «Жұмжұма сұлтан» – осы тақырып-
тағы нұсқалардың бірі. Ондағы оқиға көне Египетте өтеді
жəне Алланың елшісі – Мұхаммедтен бұрынғы Иса пайғам-
бар. Ал «Беренсоз қиссасы» ислам ықпалының араб елдері-
нен тыс жерлерге де тарау мүддесін көздеуден туғандығы
көрінеді.
Діни мифологияны сюжет қылып жазған дастандардың
бірі – «Бозторғай». Оны жазып алған В.В.Радлов болатын.
(Ел қазынасы... 1994-519).
Баяғы Мұхаммед пайғамбар (570-632 ж. туған) мен Əзі-
рет Əлінің (661 ж. қаза тапқан) заманында өмір сүрген мү-
сəпірді қарыздан құтқару үшін Əзіреті Əлінің ерлік жасауы
айтылады.
Əли – мұсылман аңыздарындағы мифтенген бейне, Мұ-
хаммед пайғамбардың немере бауыры, əрі қызы Фатиманы
алған күйеу баласы. Мұхаммед пайғамбарға туыстық қаты-
насына байланысты, оның əулиелік қасиеттері дəріптеліп
көрсетілетін болған. («Алланың арыстаны», «Əулиелер пат-
шасы»). Діни мифтерде Əли Мұхаммед пайғамбардан мұра
болып қалған қылыш Зұлпықар туралы да көп айтылады.
Əли, аңыздардың айтуынша, кісінің кесілген қолын орны-
на салып, арыстанның айбатының бетін қайтарып, Ефрат
өзенінің суын кері ағызған (Қазақ аңыздарында қара суды
кері ағызған əулиелер).
Қазақ ұғымында жүйрік тұлпар ретінде қалыптасқан
«дүлдүл» – Əзірет Əлінің мінген қашыры болатын. Енді бір
аңыздарда: Əзіреті Əлінің намазшамды оқып үлгере алмай
қалған кезде Алла Тағала қайтадан күн шығарған. Жерлен-
генде денесі жеті мəйітке айналып, жеті жерден бейіт қазып
қойған екен деген сөз бар. Əзіреті Əліні Баласағұни «Құтты
білікте»:
Əли – сонсоң, жігерлі, мəрт, сері ер-ді,
Жүректі, отты, ақыл ойы кемел-ді.
Қолы ашық, сара – таза жүрегі,
Білімді, есті, даңқты əрі ірі еді, –
деп жазған (57-бəйіт).
«Бозторғайда» Əзіреті Əлінің жоғарыдағы аңыздардағы-
дай, мифтендірілген бейнесін берген. Ол ашуланғанда, «тү-
гі киімінен найзадай болып шығып тұрады».
Əзіреті Əлі мүсəпірдің қарызын қайтарайын деп, үйіне
келсе, берерге «жалғыз тиыны жоқ екен», Асан – Үсен екі
ұлын кепілдікке беріп, сапарға шығады.
Əлидің бір қасиеті – сөйлеп тұрған кісінің тілін байлай-
ды. Кəпірлердің молдасы мұнара басына шығып, үлгі наси-
хат айтайын десе, аузына сөз де түспей қалады: «Айтайын
деп ентігіп келсе дағы, үлгіден бір ауыз сөз таба алмады».
Сонда молда:
251
250
Қиын жол қияметтің, тар білемін,
Тарт шəдияр пайғамбардың бар білемін.
Күндегі айтқан сөзім біреуі жоқ,
Бір адам пайғамбардан бар білемін.
Кəпірлер бəрі жабылып іздесе де, пайғамбардың шəдия-
ры кім екенін біле алмайды. Сол кезде: «Пайғамбардан
кейінгі мен бармын!» – деп ер Əли орнынан түрегеледі.
Оны өлтірмекші болған кəпірлер, билігін молдасына береді.
Молда он ауыз жұмбақ айтып, таба алмаса өлтіретін бола-
ды. Əзіреті Əлі де: «Егер жұмбағыңның шешуін тапсам,
менің де үш ауыз жұмбағым бар, соны табармысың?» –
дейді. Екеуі келіскен соң молда жұмбағын бастап кетеді:
Бірінші жұмбағы: – «Біреу – екеу болмақ жоқтың» мəнісі
қалай?
Əзіреті Əлі: – Ол неге екеу болсын, жаратқан бəрімізді
жалғыз Құдай, – деп жауап береді.
Екінші жұмбағы: – «Екеу-үшеу болмақ жоқтың» мəнісі
қалай?
Əзіреті Əлі:
– Ол неге үшеу болсын, кəпір дұшпан
Жаратқан бір Құдайдың Ай мен Күні.
Үшінші жұмбағы: – «Үшеу-төртеу болмақ жоқтың»
мағынасы не?
Əзіреті Əлі:
– Ол неге төртеу болсын, кəпір дұшпан,
Құптанның аяғында отыр уəжіп
(Үш рəкəт намаз. А.Қ.).
Бұл жауаптың мағынасы – құптан намазынан кейін, оған
ілесе келетін үтір намазы бар. Яғни, құптаннан кейін үш
рəкат үтір намазын оқу уəжіп (Мұхтасар. 1992-116).
Төртінші жұмбағы: – «Төртеу-бесеу болмақ жоқтың»
мағынасы қалай?
Əзіреті Əлі:
– Төрт шəдияр: екеуі – Омар, Оспан,
Біреуі – Əзіреті Əлі елден болсын
Біреуі – Əбубəкір сыддық болар,
Ол неге бесеу болсын, кəпір дұшпан.
Бесінші жұмбағы: – «Бесеу-алтау жоқтың »мəні не?
Əзіреті Əлі: – «Бесеу – бес уақыт намаз».
Алтыншы жұмбағы: – «Алтау-жетеу болмақ жоқтың» мəні
не?
Əзіреті Əлі: – «Алтауы – алты кəлима» сөз.
Жетінші жұмбағы: – «Жеті-сегіз болмақ жоқ» деген не?
Əзіреті Əлі: – «Жеті – жеті тамұқ».
Сегізінші жұмбағы: – «Сегіз-тоғыз болмақ жоқтың» мəні
не?
Əзіреті Əлі: – «Сегіз деген – сегіз жұмбақ».
Тоғызыншы жұмбағы: – «Тоғыз-он болмақ жоқтың»
мағынасы қандай?
Əзіреті Əлі: – «Ол Ыбырайым Ибраһим пайғамбардың
тоғыз ұлы».
Оныншы жұмбағы: – «Он-он бір болмақ жоқ» деген не?
Əзіреті Əлі: – «Он – он ай құрсақ көтерген ұрғашы».
Кəпір молдасы мұсылман шариғатынан он ауыз сұрақ
қойған соң, Əзіреті Əлі оған қарсы үш сұрақ береді:
1. Ұжмақтың есігіндеге не жаратты?
2. Ұжмақтың төрінде не жаратты?
3. Ұжмақтың миуасында не жаратты?
Молда оны да табады:
1. Ұжмақтың есігінде: «Бисмиллə рахмани рахим» бар
253
252
2. Ұжмақтың төрінде: «Лə илаһа илла Алла» бар
3. Ұжмақтың миуасында: «Лə илаһа илла Алла» бар, –
дегенде тілін кəлимаға өз аузынан келтірген молда да, оның
сөзін қайталаған тамам кəпірлер де мұсылман болып шыға
келеді. «Енді сен бізге иман болдың, не қалайсың?» – де-
генде Əзіреті Əлі баяғы мүсəпірдің қарызын өтеу үшін
алтын күміс теңге беруін сұрайды.
Дастандағы он жəне үш саны – əлемнің мифологиялық
нобайын жасаушы белгілер. Он жəне үш сұрақ арқылы
мұсылман ережелерінің құрылымы жасалады. Бұл сұрақ-
тар мұсылман шариғаттарында айтылады. «Мұхтасарда»:
«Күнə деген не?», «Елу төрт парыз не?», «Мұсылмандық
жөн жосығының сауалдары» деген сауал жауаптар бар.
Құрылымы мен мазмұны жағынан жоғарыдағы сұрақтары
ұқсас.
Осыған ұқсас «Мəлике қыздың хикаясы» бар (Мəлике...
1992). Онда: Үрім шаһарының Мəлік патшасының Мəлике
атты сақыпжамал (көрікті) ақылды жалғыз қызы болады.
Қол астындағы тамам данышпанды жинап алып: «Жүз
сауалым бар, осы сауалыма жауап берген кісіге бай-кедей
деп қарамай, күйеуге шығамын, жауап бере алмаған адам-
ның басы алынады», – дейді. Түркістан өлкесінің білімпа-
зы Ғабділғалым деген жігіт қыздың жүз сұрағына толық
жауап берген соң: «Мен садаға ұстазыңа!» – деп, қыз Ғаб-
ділмəлікпен неке-сін қидырады.
Бұл хикая да «Бозторғай» сияқты, дін шариғаттарын
насихаттау, имандылыққа үйрету мақсатында жазылған. Осы
сұрақтардың əр-қайсысы – діни-дидактикалық шығарма-
ларға өзек болған өсиет сөздер. Мысалы:
– Төрт сауал сұраған кім, оған жауап берген кім? – де-
ген қыз сұрағына Ғабділғалым:
– Мұса пайғамбар Алла Тағаладан сұрады: «Е, бар Құдай!
Саулық бердің, кесел бермесең қайтеді?» Алла Тағала айтты:
«Ей, Мұса, егер кесел бермесем, ешкім мені есіне алмас еді».
«Мəлике қыздың хикаясында» ежелгі мифтердің оқиға-
сы да келтіріледі. Қыздың:
– Неше құсты өлтірсең күнə болады? – деген сұрағына
ғалым жігіт:
– Төрт құсты өлтірсе, күнə табады. Біріншісі – көк қарға,
екіншісі – қарлығаш, үшіншісі – ала көкек, төртіншісі – бай-
ғыз. Бұларды өлтіруге болмайтын себебі, көк қарға – Адам
атаның перзенті еді. Қарлығаш Ибраһим пайғамбардың
отына су келтірді. Ала көкек – Сүлейменнің алдында қызмет
қылушы еді. Байғыз Сүлейменге насихат берді», – дейді.
Бұл айтылған сөздердің мағынасын мұсылман мифте-
рінен табамыз.
Көк қарғаның Адам атаның перзенті болу себебі, біздің
ойымызша, Адам атаның ұлдары Абыл мен Қабыл бір-бі-
рімен таласып, Қабыл Абылды өлтіреді де, өлтіріп алғанын
түсінбей, арқалап ары-бері жүгіріп жүреді. Сол кезде көк
қарға тұмсығымен жерді шоқып белгі береді. Қабыл сонда
ғана түсініп, Абылды жерге көмеді. Көк қарғаның біреуі –
Абыл да, екіншісі – Қабылды бейнелейді.
Жалпы, ежелгі еврей мифтерінде Адам 930 жыл жасап,
130-ға келгенде – Сиф деген бала көреді (одан кейін де ұл-
қыздары болған). Содан бастап Адам атаның ұрпақ хро-
нологиясы түзіледі, оның ішінде Абыл – Қабыл аталмайды.
Соған қарағанда, олар кейіннен қосылған миф кейіпкерлері
болса керек. (Мифологический...1991).
«Ибрахим пайғамбардың отына Қарлығаштың су келті-
руі» желісі: Намрұд патшаның заманында Ибрахим адам-
дарды пұтқа табынудан құтқарып, бір Құдайға сендіруге
255
254
келгені үшін оны отқа өртемек болады. Бірақ, отынды тау
қылып үйсе де, жалындап жанса да, аяқ-қолын байлаған
арқанды ғана күйдірген екен. Сонда бір қарлығаш қанаты-
мен су сеуіп жүрсе керек.
Сүлеймен пайғамбардың жан-жануардың тілін білген-
дігі, оның құмырсқамен, байғызбен жауаптасуы, олардың
əңгімесінен насихат алғандығы да мұсылман мифтерінде
əңгіме болады.
Мəлике қыз оқиғасы – орта ғасыр білімінің шағын эн-
циклопедиясы. Өз заманы үшін жоғарғы деңгейдегі білікті-
лік болып есептелсе керек. Бұл əңгіменің исламды қабыл-
даған елдер үшін, дін ережелерін түсініп, еске сақтауда зор
мəн бар.
Қазақ сюжеттеріндегі Мəлике қыз – «Мың бір түндегі»
«Һарон – Рашидтің алдына барған ғалым қыз» екені анық.
Білімімен Халифаны таңырқатқан қыз: «Мен оқу-жазудан
басқа тарих, əдебиет, астрономия, табиғат, жер-су жаратылы-
сы, философия, емдеу ғылымы, саясат, шариғат, əн-күй,
музыканың бəрін үйрендім. Құранды жеті түрлі мақаммен
оқуды білемін. Соның бəрін білген менің атым – Кəнизəк!
Мұқтажды күнінде сатылу үшін сіздің ордаңызға келіп
отырмын», – дейді (Мың бір түн. 3-108). Сөйтіп, патшаның
бүкіл ғалымдары жиналып қойған сұраққа түгел жауап
береді. Онда «Ықылас» сүресінің мағынасынан бастап, зекет,
пайғамбар хадистері, араб сөздерінің мағынасы, шариғат
ережелері, Құранның оқуға болатын (насих), болмайтын
аяттары (мансұх), жаратылыс туралы, адамның неше сүйек,
неше тамыры бар, іштегі кеселдің түрлері, т.б. көптеген
сұрақтарға жауап береді. Соңында шахмат ойнап та жеңеді.
Күй тартып, неше алуан құбылтады. Бұл топтамаға «Ғалым
қыз» деп ат қойған болар едік.
«Ғалым қыз» тақырыбы қазақ арасында проза түрінде де
тараған. Пекиннен басылған «Ғалым қыз Буадат» «Мың бір
түн» оқиғасымен бірдей. (Қазақ қиссалары. 1986).
Қисса «Бəрсисаны» Шəдінің жазғаны мəлім. Біз алып
қараған қиссада туындыгері көрсетілмеген (Қазан баспа-
сы). Қиссада əуелі «Бəрсисаның» негізі басқа тілден келген-
дігін білдіреді.
«Бəрсиса» атты бір тақуа кісі Хақтан өзгеге мойын бұр-
май, жетпіс жыл тағат қылып жүрді. Үш күнде бір мəрте
тағам жеп, он күнде үйінен бір шығатын. Соны аңдып жүр-
ген бір əзəзіл өз əулетін шақырып, солардың көмегімен жол-
дан тайдырмақшы болады. Оған Абид деген шайтан кіріседі.
Абид шайтан Бəрсисаның он күні өтіп, тысқа шығар
мезгілін аңдып отырып, амандасып, көріседі. Бəрсисаның
қасына отырып, сұқбаттасуға рұқсат сұрайды. Кетерінде:
«Сен менен қасиетті үш дұға үйрен», – деп, «керегі жоқ»,
– дегеніне қарамай, зорлықпен үш дұға үйретеді. Жолда
бір кісінің ішіне жын болып кіріп, одан тəуіп болып қарап:
«Бұл кеселді Бəрсисаға алып барыңдар, соның дұғасы тура
келеді», – дейді. Ол кісі Бəрсисаның дем салуымен жазы-
лып кетеді.
Абид жын енді бір патшаның қызын жынды қылып, тағы
Бəрсисаға жұмсайды. «Ол көнбесе, үйінің жанынан үй тігіп,
қызды соған жатқызыңдар», – дейді. Олар Абид айтқандай,
үй тігіп, қызды жалғыз қалдырады. Бəрсиса дем салып кетіп
тұрады. Көңіліне шайтан кіріп, қызға ой ауады. Бір күні
патша қызы Бəрсисадан буаз болады. Шайтан Бəрсисаға:
Өлтіргін онан дағы қызды тұрып,
Қойған жоқ бұл күндерде ешкім біліп.
Қызыңды жын əкетті деп айтарсың,
Егер де патша сұраса сауал қылып, – деп бұзады.
257
256
Бəрсиса шайтанның сөзіне еріп, қызды өлтіріп, үйінің
сыртынан бір жерді қазып, білдірмей қызды көмеді.
Шайтан болса, көмген жерден қыздың көйлегінің етегінің
бір шетін белгі қылып, шығарып қояды да, патшаға ба-
рып, Бəрсисаның қызды өлтіргенін айтады. Патша уəзірі-
мен, ұлдарымен келсе, Бəрсиса: «Қызыңды жын алып
кетті», – дейді. Олар қайтып кетеді.
Шайтан патшаның ұлдарының түсіне кезек-кезек кіріп,
болған уақиғаны айтады. Олар əкесіне келіп ақылдасып,
қызды көмген жерді тауып алып, Бəрсисаны қыздың мəйі-
тімен бірге патшаға алып келеді. Бəрсиса дар түбінде тұр-
ғанда қол қусырып Абид шайтан келеді. Бар оқиғаны жаңа
естігендей болып, Бəрсисаға: «Маған сəжде қылып, Алла-
дан қайттым» – деп айтсаң, алысқа əкетіп өлімнен құтқа-
рамын, сосын тəубе етерсің», – дейді.
Бəрсиса сəжде қылды басын салып,
«Алладан қайттым», – дейді тілін алып.
Мүрдет боп иманынан ажырады,
Шайтанның алдауына көңілі нанып.
Шайтан сол кезде өзінің кім екенін, бəрін Бəрсисаны
жолдан тайдыру үшін істегенін айтып, кетіп қалады. Бəрси-
саға жетпіс жылдай тынбай қылған ғибадаттан зəредей пай-
да болмайды. Дарға тартылады.
Бұл қисса – аса ғибратты, өнегелі мəні зор, имандылық-
қа баулитын шығарма.
Діни сюжетке жазылған «Сақыпжамал», «Киік», «Ша-
риар», «Құсайын» қиссаларын В.В.Радлов жазып алған екен.
(Ел қазынасы... 1994). Бірақ, діни қиссалар болғандықтан,
кеңес дəуірінде жарияланбай келді.
«Сақыпжамал» (туындыгері белгісіз). Қиссаның мағы-
насы – Құданың құдіреті күшті, оны адам баласы біліп
болмайды. Бір патшаның Сақыпжамал атты қызы өліп, оны
көмген соң, Адам атты дəуріш көрден құлаққа келген үнді
естіп, қызды босатып алады (Ел қазынасы... 1994-498).
Сақыпжамал мен Адам дəуріш қосылып, Ыбырайым ат-
ты ұлы болады. Ол ұлды танып қалған шешесі Сақыпжа-
малды да тауып, көзайым болады. Патша Адамды қасына
алып, жарты шаһарын билетті.
«Киік» қиссасы (Сонда. 1994-502). Бір киік кəпірдің то-
рына түсіп, бауыздайын деп жатқанда, Мұхаммед Мұста-
паға жетіп келіп, əжетіне жарамас, екі лағы бар арық киікті
босатуын өтінеді. Егер қайтып келмесе, құнын төлемек бо-
лады. Киік екі лағын ертіп қайтып келген соң, кəпір киіктің
мойнына белбеу сала бергенде, Мұхаммед Мұстафа тағы
жетіп келеді де: «Киікті жібер де, өзің мұсылман бол!» –
дейді. Мұхаммед пайғамбардың ісіне мойынсынған кəпір
мұсылман болады.
«Шəриар» (Сонда. 1994-506). Мұхаммед пайғамбар төрт
сахабасынан (Əли, Əбубəкір, Омар, Оспан): «Балдан тəтті,
қылдан жіңішке, тастан нұрлы не?», – деп сұрайды. Олар:
«Құранның сөзі – нұрлы, намаз – тəтті», – дейді. Мұхаммед
пайғамбардың қызы Бəтима: «Балбамның жүзі – нұрлы,
бабамның сөзі – тəтті, бабамды өлгенімше сақтамағым –
жалғыз қылдан жіңішке сынды», – дейді.
«Құсайын» қиссасы «Наушарбан сұлу» оқиғасына ұқ-
сас. Наушарбанға үйленген Құсайынға кектенген Жазып-
пен арадағы қақтығыстар сөз болады.
Шəді Жəңгірұлының «Назым Сияр Шəрифі» (Түзу
жол, ақ жол туралы өлең) діни сюжетке жазылған. (1995).
Мұхаммед пайғамбардың өмір жолын суреттеп, оны үлгі
етуге арналған шығарма. Бұл тақырып Шəдіге дейін де араб,
259
258
парсы, түрік тілдерінде көп жазылған болатын: Вахиди
(VIII-IX ғ.), Ибн Хишам (IX ғ.), Махмуд бин Əлидің «Неһдж
ул-Фарадис» (XIV ғ.). Шəді дастаны сияқты, пайғамбары-
мыздың ақ жолын сипаттайтын, тұтас кітап болатын.
Шəдінің қиссасында Хазіреті Расулдың дүниеге келуі,
Расулдың бабасы Ғабдулмақлабтың оқиғасы, Абутəліптің Ра-
сулды Басраға алып барғаны, Расулдың Хадишаға некеле-
нуі, Расулға пайғамбарлықтың келуі, құрайыштардың дінге
кіруі, Пайғамбардың Мəдинаға сапары, Алладан хабар ал-
ғаны, т.б. оқиғалар айтылады. Пайғамбардың тарихи жəне
аңыздық бейнесі көрінеді. Мысалы:
Бір əйелден Пайғамбар: «Мына қойды неге сауып іш-
пейсіңдер?», – дегенде, əйел қойдың өзі арық, ауру, сүт
шықпайтынын айтады.
Пайғамбар қатынға айтты: «Рұқсат берсең,
Бұл қойды мен сауайын қабыл көрсең.
Иншалла, емшегінен сүті шығып,
Жазылып, болып кетер қойлармен тең».
Мүбəрəк Расул қолы тегін емес,
Көп болып емшегінен сүт те келді.
Ол сүтке адамдардың бəрі тойды,
Артығын ыдысына құйып қойды.
Пырақ бейнесі де Пайғамбарымыз туралы аңыз əңгіме
негізінде жазылған. Пырақ Жəбірейілге айтады:
Құдайым Мұхаммедке ғашық қылды,
Өткіздің жылауменен талай түнді.
Армансыз бара едім қияметке,
Үстіме бір мінгізсең Расулды.
(Жəңгілұлы Шəді., 1995-63).
Жалпы алғанда, дастанның Мұхаммед пайғамбар бейне-
сін кейінгі ұрпақ жүрегіне жеткізудің рөлі зор.
Үндінің «Тотынама» сюжеттері қазақ арасында «Тоты-
ның тоқсан тарауы» деген атпен белгілі болып, ертеден та-
раған. Оның қазақ арасына кең тарауына Зийа ад-Дин Нах-
шабидің (XIII ғ.) үнді-санскрит тілінен парсы тіліне ауда-
руы əсер етті. «Тотынаманың» «Мың бір түн» сюжеттерімен
аралас бірігіп кеткен, ортақ əңгімелері көп. Орыс тілінде
М.А.Ширяевтің (1960) жəне Е.Э.Бертельестің (1982) аудар-
маларымен басылып шыққан. Қазақ тіліне Ғ.Сармұрзин
(1970), Ə.Қоңыратбаев пен Т.Қоңыратбаев аударған (1991).
«Тотынаманың» құрылысы, оқиғасының басталуы «Мың
бір түннің» бастапқы бөлігімен ұқсас. «Мың бір түндегі»
Шахерезаданың мың бір күнге созылған əңгімесінің шы-
ғуына себеп, əйел зинақорлығы болатын. Бұл сюжет «То-
тынамада»: Күйеуі сапарға кеткенəйелдің басқаға көз са-
луына тоқтау ретінде, Тотының айтқан əңгімесі түрінде
берілген: «...мен əйел құлағына жағатын қызғылықты əң-
гімелер тауып, соны таңсəріге дейін созуым керек. Сонда
əйел əлгі əңгімені тастап кете алмайды. Сөйтіп отырғанда
түн өтіп, күнде шығады, əйел ғашығына бара алмайды», –
деп ойлапты.
«Тотынаманың» негізгі ой өзегі – əйел мекерлігін сынап,
адалдығын дəріптеуге арналған ғибратты əңгімелерден жи-
нақталған. Кей жерлерде «Мың бір түнмен» бірігіп те ке-
теді. Қазақ қиссашы-дастаншылары «Тотынама» желісіне
көптеген шығармалар жазған. Олардың бəрі əдебиетте тү-
генделіп, жүйелей талданбаған. Енді-енді ғана əңгіме бола
бастады деуге болады.
Əдебиетте негізге желісін «Тотынама» мен «Мың бір
түннен» алатын «əйел мекерлігі мен адалдығы» тақырыбы-
261
260
на жазылған қисса-дастандар қатарына: «Əділ – Зайыт»,
«Патшаның ұлы – Əбділмəлік», «Тотынама» (Майлықожа),
«Рауа бану» (Тұрмағамбет), «Мың бір түн хикаялары», «Ғаяр
қатын», «Қырық уəзір», т.б. жатады. Бұл сюжеттердің «Мың
бір түндегі» желісі – «Уəзір Данданның əңгімесі», «Мəлəкүл
– Мауыт туралы əңгімедегі» «Төрт жүз сексен тоғызын-
шы түн» (бұл сюжет «Рауа бану» мен Əділ – Зайытқа» желі
болған), «Жеті уəзір, бір кəнизəк», т.б.
«Тотынамада» – «Төртінші түн» əңгімесінде: Баяғыда бір
ақкөңіл кісінің əйелі асқан сұлу болса да, түк қызғанбайды
екен. «Қызғанбайтын еркек болушы ма еді», – деп, сына-
мақшы болған балдызы еркекше киініп кеп, апасының қа-
сына жатып қалады. Сырттан келген ері əйелінің жанында
жатқан еркекті көріп: «Ей, жігіт, тұр орныңнан. Ендігі кезек
– біздікі», – депті (Тотынама. 1982-42). Бұған таң қалған
əйелі мен балдызына ғибратты бір əңгіме айтып, «содан
əйелді қызғанбайтын болдым», – дейді. Əңгіме «Мың бір
түннің» – «Ұлы патшаның екі ұлы» сюжетіне өте ұқсас. (Мың
бір түн. I-II).
Орманда бір «піл» кейпіндегі сиқыршы арқасындағы ша-
тырға əйелін салып алып жүреді екен. («Мың бір түнде»:
дию əйелін сандыққа салып, қолтығына қысып жүреді). Піл
жайылып кеткенде, əйелі ағаш басындағы кісімен болады.
Қолындағы жіпте тоқсан тоғыз түйін бар екен. Жіпті тағы
бір түйеді: «Неше адаммен көңілдес болсам, соншама түйіп
отырдым», – дейді.
Осы сюжетті Мейрам Жанайдарұлы «Мың бір түннің
хикаясы» деп жазған екен. (1895 жылы «Дала уалаяты»
газетінде. 41-49 сандарында жарияланған (Қисс...1886-287):
Қатынның достығына жоқ-ты сенім,
Өзі – сенде, жұмысы – өзгеде оның, – дейді.
Ал, «Əділ – Зайыт» пен «Рауа бануда» күйеуі сапарға
кеткендегі əйелдерінің басынан өткен оқиғасы айтылады.
Екі əйелдің іс-əрекеті екі түрлі.
Тұрмағамбеттің «Рауа бануында»: күнкөріс қамымен кү-
йеуі сапарға кетісімен, Рауа қайнысының жаласын, құлдың
қиянатын, кемедегі жігіттердің зəбірін көрсе де, Алланың
шапағат-мейірімінен арын сақтап қалады. Ақыры, патша
болып, өз күйеуіне қосылады.
Ал, «Əділ-Зайыттағы» (Қазақ қиссалары. 1986-5) əйел кү-
йеуі кетісімен, көлденең жігітпен көңілдес болып, оның
жолында баласынан айырылып, абыройы төгіледі. Күйеуі
ешқандай мал-мүлкі болмағандықтан, қайыр тілеп күн кө-
реді екен. Бір адам кездесіп: «Саған арамнан беретін он діл-
дам бар, нəпсіге разы болып, осыны аласың ба?» – дейді.
Сонда Зайыт:
Ей, тақсыр, арамдықтың жолы қиын,
Басуға арам іске келмес күйім.
Адалдан Құдай жолына разы болып,
Берсеңіз разымын жалғыз тиын.
Секілді қардың суы тез суалар,
Арамнан керегі жоқ қылған сыйың, –
деп жауап беріпті.
Зайыттың адалдығына көзі жеткен əлгі адам: «Мал ба-
сың көп болсын», – деп бата береді де, жанынан бір алтын
ділдəні Зайытқа ұсынып, кете береді. Ол ақшаға Зайыт бір
құс сатып алады. Құдайдың құдіретімен, намазшам болғанда,
құс сілкінеді де, қанатының астынан гауһар түседі. Күніне
бір зүбəржат əкеліп беріп тұрады. Зайыт байып кетеді. Ұлды
болып, Барат деп ат қояды. Өзі қажылық сапарына аттана-
ды. Шырғалаң осыдан кейін басталмақшы.
263
262
Зайыт келген соң, əйелі бір жігітпен ашына болады. Жігіт
қапастағы құсты көріп, мəнісін сұрайды. Бұл құстың басын
жеген адам, не патша, не уəзір болмақшы екенін біледі.
Мұны естіген жігіт ашынасына ауруға душар болғанын, тек
осы құстың етін жегенде ғана сауығатынын айтады. Əйел
құстың етін пісіріп жатқанда, баласы жылап, жұбанбай
қояды. Күңі: «Құстың етінен бір тістем беріңіз», – деп сұ-
райды. Əйел ашынама аз боп қалар деген оймен құстың
басын кесіп береді. Құстың басы тимей қалған жігіт баланы
өлтіріп, басын жесе де, бəрібір патша, не уəзір болмақшы
еді. Ертесіне жігіт əйелге келіп:
Басын жесем балаңның оңаламын,
Күліп-ойнап өзіңмен жүре аламын.
Қимасаң жалғыз ұлды Айымханым,
Қараңғы мүлде көрмей жоғаламын, – дейді.
Айымхан масқара болып, оған да көнеді. Бұл жағдайды үй
сыртынан естіп тұрған күң, сол түнде баланы алып, шалғай
бір шаһарға қашып кетеді. Баладан тағы айырылғанын біл-
ген жігіт, əйелмен біржолата ат кекілін кесіп, кетіп қалады.
Зайыт қайтып келсе құс та, бала да, күң де жоқ. Əйел оған
бəрінің де қаза жетіп, өлгенін айтады.
Барат батыр болып өсіп, көп жылдан соң, əкесімен көрі-
седі. Азғын шешесін өлімге бұйырады. Сонда əкесі былай
деп айтады:
Айыбын анаңыздың əшкере етсең,
Жайылар күллі мысыр қаласына.
Кең болсаң, кешірімді, кем болмайсың,
Жақсының кім жетеді бағасына.
Бұл қисса дəстүрлі гуманистік түйінге жүгінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |