«Тұтқын қыз» (1910 ж.) дастаны бар. Мазмұны жоғарыдағы
«Самұрыққа» ұқсас болғанымен, бұл екі дастан арасында
кейбір айырмашылықтар кездеседі.
Ең əуелі, екеуі де «Шаһнаманың» «Самұрық құс асыра-
ған бала» желісіне жазылғанын айта кетуіміз керек:
– Шырағым, саумысың? – деп, сүйіп бетін,
Əкелген беріп жатыр нан мен етін.
(Ізтілеуов Т., 1972-196).
Алдыңғы дастанда Самұрықты қызды ұрлап əкетуге себеп
бола-тындар – жапалақ пен үкі. Олар Сүлеймен пайғамбар-
дың: «Дүниеде барлық іс – бір Алланың қолында. Тіпті,
Мағрып пен Машырықта жүрген қыз бен жігітті қосам десе
де, Алла біледі. Бұған күмəн келтіргендер сазайын тарта-
ды», – деген сөзіне күдіктеніп: «Алла бізді қайтып басқара
қояды дейсің, əшейін қорқыту үшін айтып тұрған шығар»,
– дейді. Тұрмағамбетте бұл жері елеусіз қалдырылады. Сон-
дай-ақ, алдыңғы дастандағы «бəйтерек» – Тұрмағамбетте
«гүжім дарақ». Қызды дарақтың басындағы ұяда өсіреді:
Көктегі көркейді қыз толған айдай,
Бедеудей, көзі ойнап, қойған байлай.
Ықыласы Самұрықтың сонша келіп,
Еруші ед еміреніп іші майдай.
(Ізтілеуов Т., 1972-192).
Тұрмағамбетте қыздың аты белгісіз. Алдыңғы дастанда
– Шолпан. Шолпан қыз сандыққа кірмей тұрып ұл тауып,
жұбайлар ермек қылып жүреді. Ал Тұрмағамбет дастанын-
да қызды Самұрық Сүлейменге əкеле жатқанда, сандықта
босанады. Алдыңғы дастанда бұл оқиғаны Сүлеймен жүзі-
гімен біліп отырады. Тұрмағамбет оны Жəбірейіл арқылы
айтып жеткізеді. Тұрмағамбет оқиғаны сығымдап, қысқаша
береді. Соңында:
Самұрық сұлтандықтан қалды түсіп,
Жабысып жатып алды, жерді құшып.
279
278
Болған соң халық біткенге қара бетті,
Кешікпей Қап тауына кетті ұшып, –
деп, ғибратты сөздермен бітіреді.
«Рүстем-Дастан» кітабына Тұрмағамбеттің «Шаһнама»
желісімен өзінше жазған 40 000 жол қазақша нұсқасының
жартысына жуығы ғана кіргендігі мəлім. Жарияланған бө-
лімдерін М.Əуезов аса жоғары бағалап, М.Байділдаев,
Ө.Күмісбаевтар арнайы зертеу еңбектер жазды. Біз бұл жа-
ғын қайталап жатпай, Тұрмағамбет ақынның осынау ға-
жап еңбегінің арнайы əңгімелеуде тұратын «Сам палуан»
атты шағын бөлігін тарата айтпақпыз.
Тұрмағамбет өлеңдерінің ерекше бір қасиеті сиясы кеп-
пей жатып, маңайындағы жыршы-жыраулардың жаттап
алып айтуымен көпшілікке тез тарап кетіп отырғандығын-
да болса керек. Осындай бір ретпен «Сам палуан» бізге де
жетті (Айтушы Мүтəліп жырау).
Дастанның бұл бөлімі Зал оқиғасының алдында тұруға
тиісті. Самның Мəликеге үйленуін баяндайтын тұсы:
Дарияның бұрынғы өткен күндерінде,
Қытайдың болған екен бір падишасы.
Жоқ еді еш перзенті ол патшаның,
Бір күні қыз тауыпты зағифасы.
Сол қыздың Мəлике деп атын қойды,
Жиналған əлеуметтің барышасы, –
деп басталып, Мəликені сұрата неше патшалар келсе де,
қыздың бірін қалап бармағаны айтылады. Өзіне лайықты
жігіт таңдап, жиналғандарды аралап, көріп жүргенде қыз
соңынан өтуден дəмелілермен бірге келіп жеткен Сам па-
луанға көзі түседі:
... Гауһарлы басында бар алтын қалпақ,
Есіктей омырауы, төсі жалпақ,
Самға енді көңілі кетіп Мəликенің
Сол жерде қарай беріпті жалтақ-жалтақ.
Самды ұнатқан Мəлике қызметші əйелдерден жүзігін
беріп жі-беріп, шақыртады.
Осыдан қырық күндей өткен соң қызды тартып алмаққа
қасына ерткен бес жүз зəңгісі бар Қараңғы Тау патшасы
келеді. Сам жалғыз өзі бес жүз кісімен соғысып, жеңіп
шығады. Оған риза болған қытай патшасы қызы Мəликені
Самға қосады. Біраз уақыт тұрған соң артында елін сағынып,
атасынан рұқсат сұрап, Сыстанға көшіп кетеді (Сыстан,
Фирдоусиде Систан – Орта Азияда көне заманда мекен-
деген сақ-скиф тайпаларының жері, Сақстан Иран мен
Ауғанстан арасында, Ежелгі аңызда Систанға Самның бабасы
Жəмшид, жылан-патша – Зоххақтан жеңілген соң, қашып
барған. Жəмшидтен тараған батырлар – Систан батырлары
деп аталады).
Дастанның негізгі ойы «Шаһнама» идеясынан шығады
– туған жерді сыртқы жаудан қорғау, елге қорған болған
батырдың ерлігін дəріптеу.
Дастанда қазақтың эпостық жырларындағыдай соғыс
суреттерін əсерлі етуге мəн беріледі. Батырдың ерліктері
сүйсіне жырланып, нақты детальдармен толықтырылып
отырады:
Біреу мұны көріп тұра қашты,
Тайраңдап сол арада жаман састы.
281
280
Оны да өлтіруге Сам палуан
Керкіне астындағы қамшы басты.
Сам жетіп арқасынан найза ұрды,
Көкіректен кере қарыс шығып тұрды.
Ойнатып найза ұшында маймылдайын
Көтеріп кейін қарай алып жүрді.
Алдына падишаның тастап еді
Сол жерде талып жатып жан тапсырды.
Қорыта айтқанда, «Сам палуан» – ежелгі əдебиетіміздің
нəзира дəстүрін шығармашылық көзқараспен тереңдете
пайдаланып, бүгінгі күнге жеткізудің ең жарқын үлгісі дей
аламыз.
Орта Азиялық сюжеттерде деп біз бөліп алған қисса-
дастандардың əрідегі дəстүрі, əрине, «Мың бір түн», «Шаһ-
нама», «Тотынамаға» барып тіріледі. Солардағы айтылатын
желілерге салып, бірақ оқиғаны, оның болған жерін, кейіп-
керлерін, Орта Азия, қазақ өміріне жақындатып алған қис-
са-дастандар туған. Олар: «Таһир–Зуһра», «Əбуғали Сина
– Əбілхарис», «Бозжігіт», «Мұңлық – Зарлық», т.б. Қисса-
дастан жанры дами келе, бұлар таза қазақ өмірінен алын-
ған дастандарға ұласады. Мысалы: «Бозаман», «Жаскілең»,
«Назымбек – Күлше», «Ақбөпе – Сауытбек», «Сырым – Шы-
нар», «Есім – Злиқа», «Мақпал – Сегіз», т.б. (Дүйсенбаев Ы.,
1973; Азибаева Б. 1990). Тіпті, «Қозы Көрпеш – Баян сұлу-
дың» өзінде «Таһир – Зуһра» дастанынан біраз ұқсас-
тықтары бар екенін аңғарамыз.
«Таһир – Зуһра» – өзбек, татар-ноғай, əзірбайжан, түрік-
мен, түркия, қазақ арасында кеңінен танымал сюжет. Ал-
ғашқы нұсқаларын жазған өзбек ақыны Саййоди (ХVІІ ғ.),
Түрікмен ақыны Молла Непес (1810-1862). Қазақша екі
нұсқасы белгілі. Бірі – А.Оразаев (Сатбаева Ш.К., 1982-79),
екіншісі – Ақылбек Сабалұлынікі (Ға шықтық... 1994-180-
259).
Біз Молла Непестің «Зохре – Тахирын» жəне өзбектің
қара сөзбен өлең араласа жазылған «Тахир ва Зухрасын»,
Ақылбектің «Таһир – Зуһрасын» салыстыра қарастырдық.
Сондағы аңғарғанымыз, əр ақын бұл оқиғаны өзінің əдеби
ортасына қарай бейімдеп алған.
Түрікмен нұсқасында: Татария деген мемлекетте Бабахан
деген падиша жəне оның Бахир атты уəзірі болады. Соған
қарағанда, Молла Непес Қазақ басылымын пайдаланса керек.
Өзбекшесінде: «Утган замонда, элу йурты омонда, анави
куринган тоғларнинг ортида, Самарқанднинг сиртида, Узжан
йуртыда Қархон ва Сарихон деганлар утди», – дейді. Яғни,
Қарахан мен Сарыхан – Самарқан маңайында өмір сүрген
адамдар.
Ақылбек те татар нұсқасын пайдаланған болуы керек,
оны ұнатпағанын өлеңмен білдіреді. Оқиғаның болған же-
рін айтпайды, белгісіз, əйтеуір бір патшаның басынан өт-
кен оқиға етіп береді. Оның өзі қазаққа жақындатқысы кел-
ген тілектен туған. Бірақ қиссаның түпкі негізгі қала оқи-
ғасы екені көрініп қалады:
Екеуі көше аралап енді жүрді,
Шəһардан бір дəруіш адам көрді.
Үш нұсқаның оқиғасы да балаға зарығу желісімен бас-
талады. Бұл жерде таза қазақ фольклорының əсері туралы
айту аса дəлелді емес секілді. Өйткені, ол «Мың бір түн-
нің» сюжеттерінде баршылық. Ары қарай Молла Непесте
283
282
жетім балаға қызын бергісі келмеген патша, Тахир мен
Зухраның қарсылық əрекеттері, Тахирды суға ағызып жі-
беруі баяндалады.
Сандық сумен жүзіп отырып үш ай өткен соң Евфрат ар-
қылы Бағдатқа келеді. Осы кезде Бағдаттың Əділ патшасы-
ның қызы Махим Тахирді түсінде көріп, ғашық болған еді.
Қыз Евфраттың жағасында қыдырып жүріп, сандықты тауып
алады. Өсектен қорқып, əкесіне хат жазады: «Мен бір сан-
дық таптым. Соны ішіндегісімен қызыңа сыйла!» – дейді.
Патша рұқсат етеді. Қыз Тахирға алтын белбеу тақтырып,
алтын қалпақ кидіріп, жанына ұстайды (Жүсіп пен Зылиха
сияқты). Бірақ Тахирдің ойы – Зухрада, соққан желден Зух-
раға сəлем айтады. Бір сағаттан соң дауыс ағаштың көлең-
кесінде дем алып жатқан Зухраға жетеді.
Қыз əкесі Зухраны Қарабатыр дейтін немере інісіне
бермекші болады. Тахир еліне келсе, Зухра ұйықтап жатыр
екен. Өлең айтып оятады. Қыз Қарабатыр екен деп, көрпе-
мен басын жауып алып, ашпайды. Тахирдың дутарының
ішегі үзілгенше өлең айтып, қыз оянбаған соң, кете бергенде
барып, Зухра таниды. Екеуі жолығады.
Хасан бағбан бұл оқиғаны патшаға жеткізеді. Олар Та-
хирды ұстап алып, жазалап өлтіреді. Зухра да өзін-өзі өл-
тіреді. Екеуінің моласынан екі қызыл гүл, Қарабатырдың
моласынан қара тікен өседі.
Соңында Əділ патша жорық жасап, Татарияны алады.
Бабаханды жазаламақшы болады. Бірақ, Алланың күшімен
екі ғашық тіріліп, патшаны жазалаудан құтқарады. Тахир
Мехимге де қосылады. Үшеуі бақытты өмір сүреді.
Ал, өзбек нұсқасында: Қарабатыр – Қарахонның палуа-
ны, Сарихан өлген соң, орнына уəзір қылып қойып, қызын
соған бермекші болады. Əкесінің құдаласып қойғанын біл-
мей жүргенде, «Алпамыс» пен «Ер Төстіктегідей» бір кем-
пірдің «Айттырып қойған қызының бар екенін білесің бе?»
– дегенін анықтау үшін, анасының қолын ыстық бидайға
қыса қояды. Анасы шынын айтады. Содан былай Тахир
мен Зухра бір-бірін біліп, ынтық болады.
Тахирды сандыққа салып, ағызып жібереді. Оны Үрге-
ніш жұртында Рүстемхан деген патшаның Гүлайша, Гүлха-
диша деген екі қызы тауып алады.
Зухраны Хаққұл деген молда некесін оқып, Қарабатырға
қоспақшы. Оны Тахир Үргенішке келген керуен басынан
естиді. Еліне келіп, Зухрамен кездесіп жүреді. Тахирды Қа-
рабатыр өлтіреді. Зухра Тахирдің моласына барып өледі.
Қарабатыр да өзіне-өзі қанжар салады. Соңы үшеуінің ба-
сына гүл өсумен аяқталады.
Мұнда Тахир мен Зухраның тірілуі айтылмайды.
Ақылбек Сабалұлында кемпірдің қарғауы, «бидай» желісі
жоқ. Таһир домбыра тартуды үйренеді (Молла Непесте –
дутар). Екеуіне қастандық қылатын – Ғараб – құл Таһир
əскерімен соғысады. Ақыры, Аллаға зарлық етіп, тіленеді,
жаны шығып кетеді. Онан соң Зуһра да Аллаға жалбарына-
ды, тілегін Хақ тағала қабыл етіп, оның да жаны шығады.
Ғараб құл:
Жетіп кеп көзін салды Таһир ерге,
Қасында Зуһра өліп жатыр бірге.
Қанжармен өзін-өзі ол да шаншып,
Ажал жетіп жығылды қара жерге.
Зуһраға ол да ғашық болған екен. Соңы ақ, қызыл гүлді
баяндаумен бітеді.
Ақылбек «Таһир – Зуһра» оқиғасын қоюлау етіп береді.
285
284
Діни жағын баса көрсетеді. Таһирға батырлық сипаттар бе-
ріледі.
Енді оқырман бұл сюжеттің «Алпамыс батырмен» (зын-
данда жеті жыл жатуы), «Қозы Көрпеш – Баян сұлумен»
(Қарабай мен Сарыбай) ұқсас жерлерін аңғарса керек. Өйт-
кені ол жырларды айтушы ақындар дастан жүйесін жақсы
біліп, өз өлеңінде пайдаланған.
«Қозы Көрпеш – Баян сұлудың» ежелгі жыр екенін айт-
қанда (ХІ-ХІІ ғ. Ыбыраев Ш. 1993-21), оның архетипі қайсы,
кейінгі қосылған желілері қайсы, осы жағын терең зерттеу
қажет-ақ.
Біз дастандық желілерді қарастыру тұрғысынан келген-
де, «Қозы Көрпеш – Баян сұлудың» ең көне желілерінің бірі
– «ұнатқан қыз үшін, əкесіне жеті жыл қызмет еткен жігіт»
(Жақып пайғамбар заманында бар), «ғашық қыз бен жігіт,
олардың өлімі», «бейіт басына гүл өсуі» (олардың жаны
шөпке ауысты) жəне «Оғыз қаған жырының» желісі: жер-
су аттарының себебін мифтік уақыт пен кеңістік аясында
түсіндіру, аспан нысандары (Ай, Таңсық) – біріккен болуы
мүмкін деген ойға келдік.
«Таһир – Зуһра» дастанының соңғы жағында Ақылбек
Сабалұлы неше қиссасының басылғанын санамалап берген.
Бұл – ақын шығармашылығын зерттеушілерге зор көмек
беретін мағлұмат. Əуелі қиссаны Ахмед Мұхаммед Зариф-
ұлы деген кісінің татарша нұсқасына сүйеніп жазғанын ай-
тады. Одан соң:
Қазақша өлең қылып жаздым өзім,
Өзім өлсем, жоғалмас осы сөзім.
Хикаятты қиссаға айналдырып,
Қате боп кете ме деп талды көзім, – дейді.
Өз айтуынша, Ақылбек жазған қиссалар: «Ибраһим»,
«Исмағұл», «Кесік бас», «Шаһма» («Əбушаһма»), «Сұм
заман», «Ибраһим Əдһам ұғлы», «Дандан», «Хикмəт ниғ-
мат», «Қырық уəзір», «Марғұба», «Ғабділхалим», «Қырық па-
рыз», «Бес намаз» (бұл екеуі қисса жанрына жатпайды),
«Мактубат», «Алтын балық», «Сəтбек ер», «Таһир – Зуһра»,
«Садуақас» («Қожағафан уа Садуақас» болуы мүмкін).
«Əбілхарыс – Əбуғалисина» дастаны Орта Азиялық сю-
жетке жазылып, қазақ арасында кең тараған. Оның алты
баспа нұсқасы жəне төрт қолжазбасы бар (Дастандар. 1990-
313). Баспа нұсқаларының ішінен Кашафуддин Шаһмар-
данұлы жазған «Халуа Фұрұш» (1898) қазақ қиссасын оқып
шықтық. Бұл «Əбуғалисина» сюжетінің бір тарауы екен.
Халуа сататын Фұрұш деген жігіттің Əбу Синаға кездес-
кені, оның кебектен халуа шығарып берген, ағашты жігітке
айналдырған ғажайыптарын суреттейді. Бұл сюжеттің Қуа-
ныш Баймағамбетов жазған толық нұсқасы 1990 жылы
басылып шықты (Сонда).
Дастанның оқиғасы Бұхара қаласында Əбілхарыс –
Əбуғалисина атты егіз бала тууымен басталады. Екеуі ғы-
лымды меңгеріп, батыс мемлекеттерін де еркін аралап жү-
ріп, жылына бір рет үш сағатқа ашылатын үңгір ішіндегі
кітапхананың хабарын естіп, бір жыл дайындалып, ішіне
кіреді. Кітапхананы жасаған Писағұрұс деген ғалым екен.
Харис пен Ғалисина көптен қалып,
Білтеге шақпақ шағып, етті жарық.
Даярлап құралдарын кірісті олар,
Шығуға қайткенде де ғылым алып.
Екеуі бір жыл отырып, білтенің жарығымен дүние жазу-
287
286
ды ау-дарады. Келесі жылы есік ашылып, жұрт ішке қарай
лап бергенде, сақал-шашы, тырнағы өсіп кеткен екеуі іштен
шығады. Бұлардан секем алып, өлтірмекші болғанда, жұрт-
тың көз алдында көлшікке айналып, жоқ болады.
Сол қалпымен Əбілхарис Бағдаттан шығады. Орманнан
қырық шырша кесіп алып, қыз жігітке айналдырады. Ғажа-
йып монша салдырады.
Моншаға түсуге келген патшаның арманы – Сапа деген
кісінің асқан сұлу қызы Ділəфруз екен, ол қызды тылсым
күшпен əп-сəтте бір жігіті алып келеді.
Осы уақытта Əбуғалисина Нілмен жүріп отырып, Мы-
сырдан шығады. Дəруіш болып, базарға барып халуа сатқан
бір жетім балаға көмектеседі (бұл оқиға «Халуа Фұрұш» атты
жеке дастандарға да өзек болған). Балаға өмірі таусылмас
өнер үйреткісі келеді, бірақ оған халуадан басқа ештеңе
керек болмағанына ренжиді. Əбуғалисина жиырма қап кебек
алдырып, «Жақсы халуа болыңыз!» – дейді.
Жігіт халуасы жүріп, байиды. Мысыр патшасының қызы
Мəликеге ғашық болады:
Бір кезде жарқ етті күн есік ашып,
Шұғылалы төңірекке сəуле шашып.
Қараса күннен сұлу қыз келіп тұр,
Жігіттің жүрегіне сызған машық.
Халуашы жігіт Ғалидің өтінішімен Əбуғалисина патша
қызын қаптаған қыз-əйел, əскердің ортасынан білдірмей,
суырып əкеледі. Келесі жолы əуре-сарсаңға түскен патша
қызының бес саусағын зағыпыранға малып, кірген үйінің
маңдайшасына белгі соғуға ақыл береді. Тағы да тылсым
күшпен зымыратып ала жөнелгенде Мəлике кірген үйінің
есігіне бес саусағын баса қояды. Ертеңіне мұны біліп қалған
Əбуғалисина өз сиқырымен қаладағы барлық үйге сондай
белгі соқтырады. Əуре болған патша көмекке Əбілхарыстың
даңқын естіп, соны шақырады. Оны білген Əбуғалисина
ғылыммен жер мен көкті қарап жаратқан Əбілхарысты
тылсыммен шатыстырады.
Харистің қарап жатқан барлық жолын,
Табуға, адастырды, бермей орын.
Үндістан теңізіне ауыстырды,
Патшаның қызы барып тұрған жерін.
Оның есесіне Əбілхарыс Əбуғалисинаның моншасына
қыс орнатып, мұз қатырып қояды. Осыны көрген халуашы
жігіт Ғали патшаның қызы Мəликені құшқанына қанағат
қылмай, Əбуғалисинаға ғылым үйрет деп жабысады:
– Мұхиттың теңізіндей ғылымыңнан,
Бір тамшы бермедіңіз маған қиып, – деп,
Əбуғалисина оған:
– Жүргем жоқ мұны, балам, саған қимай,
Қаупім бар қала ма деп ішке сыймай, –
деп, «ғылымның бір жеңілін» үйретеді. Ғали жігіт ұстазы-
нан «адамға көрінбейтін өнерді» алады. Осы өнерін пайда-
ланып, Мəлике қызға барып жүріп, білініп қалады. Жігіттің
көрінбей келгенін біліп, патшаның өтінішімен көмекке кел-
ген Əбілхарыс есікті құлыптап тастайды. Ғали сыртқа шы-
ғайын десе, бəрі жабық, жаны қиналған кезде көзі суланып,
«ғылым сүрме» ағып кетеді де, халуашының тең жарымы
көрініп қалады. Оны көрген жұрт: «Жарты адам жүр», – деп
қуады. Ұсталып қалған жерінен ұстазы жендеттердің орта-
289
288
сынан тылсыммен суырып алып кетеді. Патша бұл жігіт-
тің ұстазы бар екенін біліп, соны ұстауға амал іздейді. Əбу-
ғалисина Ғалиға:
Үйретпеуім емес еді сараңдық,
Қараңғылық – міне, осындай надандық.
Енді он минут бармағанда кешігіп,
Өз басыңды жойып едің тамам ғып, – дейді.
Əбуғалисина өзін ұстамаққа келген патша жендеттерінің
бірін маймыл қылып базарда ойнатып қояды, екіншісін май-
мыл мінетін ат қылады, үшіншісін итке айналдырады. Кейін
рақым етіп, адам күйіне түсіреді.
Уəзірді əйелге айналдырып, бір кесе судың ішіне түсіріп
жібереді. Су дегені – айдала болып, əйел екен деп бір қор-
қынышты зəңгі ұстай ала бергенде, Əбу Сина дауыл болып
қасына жетіп келеді. Уəзір жатып жалынады.
Екінші біреу қызық көріп, арабқа айналып, ол да кесенің
ішіне түседі. Оның алдынан ер түрік шығып, басын алмақ-
шы болады. Əбу Синаға жалынып, кеседен əрең шығады.
Олардан Ғалиға патша қызының қосылуына жəрдемші бо-
латын уəдесін алады.
Əбу Сина отырған кісілердің бəріне де сондай таң-тамаша
көргізеді. Патшаның өзін де мойындатады. Қызын Ғалиға
алып береді.
Дастанның соңында Əбу Сина екі таудың арасынан үш
жүз алпыс бөлмесі бар мектеп ашып, əр бөлмеге елу бала-
дан отырғызып оқытады. Өзі ажалдың арғы түбін жоюдың
амалын тауып, монша жасатады:
Жасапты жеті жұлдыз төбесіне,
Жеті ыдыс жасады оның өресіне.
Қасиетін жеті ыдысқа қосты үркердің,
Білімнен сақтап таза оны есіне.
Ғылыммен жеті ыдысқа дəрі толды,
Өлгенде жан енетін денесіне.
Бар өнерін Жамас деген шəкіртіне тапсырып, өзі өлген
соң, не істеу керек екенін үйретеді.
Əбу Сина өлген соң, Жамас ұстазының үйретуімен: мəйітті
келіге сап түйеді, қазанға қайнатады, қамырланған соң,
көрсеткен шыншадағы сұйықты үстіне құяды, оны мəрмəр
қалыпқа салады. Қырық күнде сүйек бітеді. Тағы екі шын-
ша сұйық құйғанда көзін ашып, шəкіртінің бетіне қарап,
«бəриз», – дейді. Онысы: «жəне бір құй», – дегені. Енді бір
құйса, дүниеде мəңгі тірі жүрмек екен. Ақырында шəкірті:
Келетін менің бақыт кезегіме,
Кез болып, бермес бедел ықтиярын, –
деп соңғы шишаны бір ұрып, сындырады. Содан Əбу Сина
салған моншадан осы күнге дейін «бəриз» деген үн шығып
тұрады екен.
Бұл ғажайып, керемет оқиғалы дастанды оқыған кісінің
қиялы дамып, ой-өрісі өсіп, жан дүниесі шар тарапты қамтуы
аян. Ғылымның əлемді өзгертудегі рөлін, мəнін жақсы көр-
сете алған шығарма. Қуаныш Баймағамбетовтың ғылыми
жағдайларды ақындық тілмен оралымды да əдемі жеткізе
алуы таң қалдырады.
Біздің ойымызша, бұл дастанның бастапқы төркіні Орта
Азияға, бүкіл дүниеге белгілі ғалым, медицинаның білгірі
«Медицина Каноны» кітабын жазған Əбу ибн-Синаның
аңыздағы бейнесіне құрылған. Оны негізгі кейіпкер етіп
291
290
алып, қиялмен таңғажайып оқиғалар қосып, тұтас шығарма
тудырған. Дастанның негізгі ойы – ғылым мен білімнің құ-
діретін көрсету. Бұл шығарма арнайы зерттеуді қажет ете-
тін, мəнді де мағыналы дүние демекшіміз.
Орта Азиялық сюжеттерге, сонымен бірге, «Бозжігіт» те
жата-ды. Қазақ, татар, башқұрт, өзбек арасына кең тараған
Ақылбек Сабалұлының бұл дастаны ғасыр басында он бес-
тен астам рет кітап болып шыққан. Оқиғасы «Қозы Көрпеш –
Баян сұлуға» ұқсас. Ауыз əдебиетіне тым жақын стильде
жазылып, қазақтың төл шығармасы болып кеткен. Ы.Дүй-
сенбаевтың (1973), Ш.Сəтбаеваның (1982), Б.Əзібаеваның
(1990) еңбектерінде жан-жақты талданған шығарма болған-
дықтан, арнайы тоқталуды артық көрдік.
Орта Азия сюжетіне жататын тағы бір қисса-дастан
«Ибраһим-Адһам». Ақылбектің «Ибраһим-Адһам» қисса-
сында Ибраһим деген диуана Балх патшасының қызы Мə-
ликеге ғашық болады. Оған «Сырдарияның түбінен екі гау-
һар əкелсең ғана қызды береміз» деген шарт қояды. Ибраһим
Сыр суын үш жыл бойы шелектеп төгеді. Оны көрген кі-
сілер: «Сыр суы мың жыл бойы төксе де, таусылмайды», –
деп, ерлігіне риза болып, 400 гауһар береді. Ибраһим гау-
һарды алып, Балх қаласына келген жерінен, оны ұры деп
қуады. Бұл қайғыға шыдамай, сүйген қызы өліп кетеді. Қызды
жерлегеннен кейін Ибраһим жүрегінің жылуымен тірілтіп
алады.
Əдебиетімізде «Бақтиярдың қырық бұтағы» атты топ-
тама қисса-дастандар да бар. Бұл қазақтың бір тақырып-
тың төңірегінде қырық дастан шығаратын дəстүрлі жайы
(«Қырымның қырық батырын» еске алайық).
«Бақтиярдың» қырық бұтағына жататындығы анықтал-
ған қиссалар: «Шəкір – Шəкірат», «Шеризат», «Дастарқан»,
«Жамсап», т.б., кейде: «Ағаш ат», «Жəхəнша», «Əмір – зада»,
«Алтын балық», «Хасен-Мəлике», «Атымтай Жомарт», «Шаһ-
маран», «Шəмсия», «Теміртаяқ» қиссаларын да жатқызады
(Мыңжани Н., 1994). Сондай-ақ, «Бақтиярдың зары», «Қы-
рық уəзір» тікелей Бақтияр оқиғаларына жатады.
Біздің ойымызша, Шайхызада мен Ақылбек Сабалұлы-
ның «қырық уəзірі» де осы бұтақтың бірі болуы тиіс. Оқиға
ұқсастығы мен жалғастығын көру үшін əуелі «Бақтияр»
қиссасымен таныса кетейік.
Достарыңызбен бөлісу: |