«Бәдәуилер: «Иман келтірдік», - деді. (Уа, Мұхаммед! Сен) оларға айт: «Сендер иман келтірмедіңдер, тек, «біз мойынсындық» - деңдер. Ӛйткені, иман әлі жҥректеріңе кірмеді де...» («Хұжрат» сүресі, 14-аят). Міне, осы
секілді аяттар жүрегіне иман орнықпаған, ҽрі толық қуаттамаған адамның
жағдайы баян етелуде.
Иманның жүректің қуаттауынан тұратындығы туралы айтылған хадистер
де бар. Олар:
«Кісінің тілі мен жүрегі тең болмайынша ол иман келтірген болмайды...» (Кҽнзул ирфан, 1001 хадис, 18);
«Аллаһтан басқа тәңір жоқ екендігіне және Мұхаммед Аллаһтың елшісі екендігіне шын жүрегімен куәлік еткен кісіге Аллаһ жәһәннәмды харам еткен» (Муслим, Иман-17).
«Аллаһ жәннәттықтарды жәннәтқа, жәһәннәмдықтарды жәһәннәмға тастайды. Содан кейін: «Қараңдар, жүрегінде титтей иман болған біреуін тапсаңдар, оны жәһәннәмнан шығарыңдар», - дейді». (Бұхари, Иман-15;
Муслим, Иман-82).
Имам Матуриди бойынша иман тек тілмен айту ғана болғанда Аллаһ
Тағала Құранда екі жүзділер мен «бҽдҽуилер» туралы былай демес еді.
Матуриди, екі жүзділердің жүрегінде иманы жоқ бола тұра, тілдерімен ғана
иман еттік деуі Аллаһты алдау ҽрі ол иман еткенге жатпайды деп қарастырады.
Сондықтан да иман етудің негізгі қағидасы – жүрекпен бекітіп, тілмен айту
дейді.
Сондай-ақ, Имам Матуриди ешқандай қиыншылыққа тап болмаса да
сенімін тілімен айтпаса, яғни иманын жасырған кісі мүмин бола алмайды дейді.
Ҿйткені, ешқандай кедергісіз сенімін тілмен айтпау жүректегі иманын
бекітпеген болып есептеледі. Иманның мекені жүрек болғандықтан, жүрекке
орныққан иманға үкім етуге, яки оны күштеп шығаруға ешкімнің құдіреті
жетпейді.
Имам Матуриди «Китабут Таухид» атты еңбегінде «Жҥрегі иманмен орныққаннан кейін зорлық кӛрген адамнан басқа жандар иман келтіргеннен кейін Аллаһқа қарсы келсе, сондай-ақ біреу кӛңілін