Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет172/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   446
тұр – тұрұр; ж‰р – ж‰р‰р; жатыр – жа-
тұрұр. Сөйтіп 
отыр, тұр, ж‰р, жатыр етіс-
тіктерінде көрсетілген қосымша сіңісіп кет-
кендіктен, олардың осы тұлғаларында шақтық 
мағына сақталған, нәтижесінде олар шақтық 
мағына білдіретін ешбір қосымшасыз тікелей 
жіктеліне алады. Қалып етістіктерінің бойын-
да шақтық мағынаның сақталуы – олардың 
грамматикалық ерекше белгісі.
К‰рделі етістік ж‰йесі құрамындағы кө-
мекші сыңарларының грамматикалық қыз-
метіне қарай тілде беске жіктеліп ж‰р: 1.Еркін 
тіркесті (к‰рделі) етістік. 2. Құрама к‰рделі 
етістік. 3. Құранды к‰рделі етістік. 4. Сарала-
малы (аналитикалық) к‰рделі етістік. 5. Тұ-
рақты тіркесті к‰рделі етістік. 
Еркін тіркесті к‰рделі етістікті А.Ысқақов 
тек еркін тіркес немесе жай синтаксистік тір-
кес деп атайды. Еркін тіркесті к‰рделі етіс-
тік деп тіркесіп келген екі етістіктің екеуінің 
де толық мағыналы болып, әрбірі бөлек сұ-
раққа жауап бере алатын, сыртқы тіркесу 
тұлғасы жағынан ғана к‰рделі болатын 
к‰рделі етістік т‰рін аталады. Мұндай тір-
кесте екі толық мағыналы сыңар арасына сөз 
салып айтуға болады: отырып ою – отырып 
ою ою, ж‰гіріп шығу – ж‰гіріп аулаға шығу, 
т.б. Еркін тіркесті етістіктерді шартты т‰рде 
к‰рделі деп береміз. Бұлардың арасындағы 
байланыс – салаласу. К‰рделі етістік ж‰йесін-
де шартты т‰рде көрсетіледі. 
К‰рделі етістік деп екі сыңары да толық 
мағыналы, бірақ мағына жағынан, тұлға жа-
ғынан да тұтастықта болып, к‰рделі бір 
ұғымды білдіретін к‰рделі етістік т‰рін 
атайды: барып қайту, кіріп шығу, келіп кету, 
ала келу, бара келу, т.б. Мұндай т‰рдегі к‰р-
делі етістікте екі т‰рлі қимыл бір тұтастықта, 
бір мезгілде, я болмаса іле-шала бірінен кейін 
екіншісі орындалатын қимылды білдіреді. Бұ-
лардың арасына да/де демеулік шылауын қол- 
данып, оның жалғулықты қызметін көруге бо-
лады: бар да қайт, ал да кел, т. б. Бірақ жалғау-
лық қызметіндегі да/де демеулік шылауынан 
басқа сөз салып айтуға келмейді. К‰рделі етіс-
тікті тіркесті етістік деп те атауға болады. 
Жалпы «к‰рделі» ұғымына екі не одан көп 
сөздердің байланысынан болған тіркестер, 
біріккен, қосарланған тұлғалар енеді. Тіркесті 
к‰рделі етістік ж‰йесі басқа к‰рделі тілдік 
ұқсас бірліктермен ажыратуыда қиындық ти-
гізіп ж‰ргені ақиқат. Мысалы, қайтып кетті, 
кіріп шықты, алып барды т.б. К‰рделі етістік 
ж‰йесіне қатысты келгенде «к‰рделі» т‰сіні-
гінің мәні екі т‰рлі ұғымда жұмсалады: к‰р-
делі ұғымды және к‰рделі тұлғалы етістік. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет