Касым Б. Сложные глаголы в тюркских языках
Статья об особенностях образования сложных глаголов в тюркских языках.
Kasim B. Complex verbs in turkic languages
Article is about the features of the formation of complex verbs in the Turkic languages.
Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 135
Г. Қ. Қайдарова,
ҚМҚызПУ, Алматы. Қазақстан
ДАУЫССЫЗ ДЫБЫСТАРДЫҢ БУЫН ҚҰРАМЫНДАҒЫ
АРТИКУЛЯЦИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қазақ тіліндегі дауыссыздардың буын құ-
рамындағы артикуляциялық т‰рленімі фоне-
тикада арнайы қарастырылмаған. Бірлі-жарым
зерттеулер негізінен буынның акустикалық
көрсеткіштерін талдауға арналған. Ал буян-
ның бастау көзі артикуляция екенін ескерсек,
онда кез-келген зерттеу алдымен артикуля-
цияға арналу керек. Тіл бірліктерінің, оның
ішінде буынның, алдымен артикуляциялық маз-
мұны ашылмаса, зерттеу нәтижелері толық
болмайды.
Буын құрамындағы дауыссыздардың әуез
т‰рленімінің артикуляциялық негізін сипаттап
шығу ‰шін арнайы инстументал программа
жасалғанына жоғарыда тоқталдық. Програм-
маның негізгі мақсаты буын құрамындағы
дауыссыздардың тірек дауыстымен артикуля-
циялық ұласу жолдарын анықтау болатын.
Сондықтан да буын құрамындағы дауысты-
лардың сол құрамдағы дауыссыздың артику-
ляциясына ықпалын анықтау жолында әрт‰рлі
амалдар қолданылды. Соның бірі дауыссызға
алды-артындағы дауыстылардың артикуляція-
лық әсерін табу болды. Ол ‰шін буынның ды-
быстық құрамын өзгертіп отыруға тура келді.
Мысалы, АТ бір буынды сөз. Ендеше Т дауыс-
сызы өзінен бұрын тұрған дауыстымен тығыз
артикуляциялық байланыста екені к‰мансыз
болып табылады. Ал енді АТА сөзінің құра-
мында екі буын бар. Дауыссыз біркелкі дауыс-
тының ортасында тұр. Ендеше дауыссыздың
қай дауыстының арткуляциялық ықпалында
екенін тап басып, көрнекі (иллюстратив) т‰рде
сендіре айту қиын болады. Бұл жерде буынды
көкірек көзімен (интуитив) бөліп беру жеткі-
ліксіз. Оның көрнекі дәлелі тағы керек. Өйт-
кені буын мәселесі жалпы фонетикаға (общая
фонетика) барып ұласады, ал жалпы лингвис-
тика мамандары қазақ тілінің буын жігін
т‰йсіне бермеуі анық. Сонымен қазақ тілі-
нің буын табиғатын артикуляциялық тұрғы-
дан т‰сіндірудің амалын қарастыруға тура
келеді.
Сөз жоқ, буын құрамындағы дыбыстардың
арасындағы артикуляциялық байланыс – жал-
пы лингвистикалық құбылыс. Алайда буын
құрамындағы дыбыстардың артикуляциялық
байланысының т‰рлері әр тілде әрт‰рлі бо-
лады. Сөйтіп тілдердің өзара ерекшеліктерінің
бір белгісі буынға келіп тіреледі.
Бұл мәселені шешу ‰шін өз тұсымыздан
"әуез бірлігі" (тембральная общность, целост-
ность) деген ұғым ендіріп отырмыз. Оның
негізгі мазмұны қазақ тіліндегі буын белгілі
бір әуезбен айтылады, ендеше сол буын
құрамындағы дыбыстар өзара тығыз артику-
ляциялық байланыста болады. Сол артику-
ляциялық байланыстың т‰рін табу керек.
Қазақ тіліндегі буын әуезінің құрамы мен
ж‰йесін анықтап алған соң, соған лайық
инструментал материал құрастырдық.
Мысалы, жоғарыдағы бір буынды АТ сөзін
төмендегідей етіп т‰рлендірдік:
АТ > АТА > АТЫ > АТ
Ұ (атұу)
Сонда бастау буын-сөздегі дауыссыз енді
келіп ‰ш т‰рлі фонетикалық жағдайға т‰сті:
ашық, езулік, жуан А – Т – ашық, езулік, жуан
А; ашық, езулік, жуан А – Т – қысаң, езулік,
жуан Ы; ашық, езулік, жуан А – Т
– қысаң,
еріндік, жуан Ұ. Енді осы сөздердің салыс-
тырмалы артикуляциялық моделін жасаймыз
(16, 17 сурет), сонан соң олардың акустикалық
көрінісін талдаймыз. Артикуляциялық талдау-
ды акустикалық нәтижелермен пысықтап оты-
рамыз. Дауыссыз қай дауыстымен әуездес
шықса, сол екі дыбыс өзара буын құрап тұр
деген сөз. Әрі қарай артикуляциялық сипат-
тамасын акустикалық талдаудың нәтижесімен
тиянақтап, белгілі бір қорытындыға келу ғана
қалады.
2.2.3.1 Жуысыңқы дауыссыз дыбыстардың
буын құрамындағы әуез т‰рленімі.
Жуысыңқы дауыссыздарды алуда мән бар,
өйткені олардың артикуляция-акустикалық
көрінісі тоғысыңқы дауыссыздарға қарағанда
анық шығады. Бұл зерттеу жұмысын біршама
жеңілдетудің және оның көрнекілігін артты-
рудың амалы болып табылады. Тіл ж‰йе бол-
ғандықтан, жуысыңқы дауыссыздардың негі-
зінде алынған зерттелім нәтижелері тоғы-
сыңқы дауыссыздарға да тән болып шығады.
|