134 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 Тіркесті к‰рделі етістік – аналитикалық тәсіл
нәтижесіндегі туынды сөз, к‰рделі сөздің бір
т‰рі; сөзжасам ж‰йесінде қаралатын тілдік
бірліктің бірі. Тіркесті к‰рделі етістік сыңар-
ларының қызметіне қарай т‰рлерге бөлінеді.
Әсіресе, көмекші қызметтегі екінші сыңарла-
рының грамматикалық мәні к‰рделі етістік-
терді топқа жіктеуде негізге алынуы тиіс.
Көмекші қызметіндегі етістіктер к‰рделі етіс-
тіктердің т‰рін ажыратуда бірден бір грам-
матикалық өлшем болып табылады. Кез кел-
ген туынды к‰рделі сөз тәрізді к‰рделі етістік-
тердің бастапқы кезеңі – еркін тіркес, тіркесті
сөз болып жасалуы – кейінгі кезең.
Тіркесті сөз немесе тіркескен т‰бір – еркін
сөз тіркесінде бағыныңқы не басыңқы сыңар
болатын кемінде екі мағыналы сөзден құрал-
ған, біртұтас лексикалық мағына, к‰рделі бір
ұғым беретін, біріне бірі сабақтаса байланыс-
қан сөздер жиыны, тобы. Тіркесті сөздердің
өзі еркін сөз тіркесінен туындайды. Мысалы,
келіссөз, келісімшарт, өтемақы, сыйақы, зей- нетақы т.б. сияқты сөздер кезінде еркін сөздер
болып, қазір к‰рделі аталым болып тұрақталды.
Бұл сияқты ерекшелік тіркесті к‰рделі
етістіктердің жасалу жолында да байқалады.
К‰рделі етістіктердің пайда болуы да еркін
тіркес, тіркесті сөз болып келумен тығыз
байланысты. Әрине, мұндай жағдайда к‰рделі
етістік т‰рін жасайтын сыңарлардың толық
мағыналы-мағынасыздығы ‰лкен мән атқа-
рады. Ал к‰рделі етістік т‰рін беретін мәнсіз
көмекші етістіктер м‰лде басқа аталымды
етістік болады.
Құранды етістік деп бірінші, негізгі сы- ңары есімнен, екінші сыңары толымсыз мәнді көмекші етістіктен болған, мағыналық жа- ғынан к‰рделеніп, тұлғалық жағынан екі т‰р- лі сөздің біртұтастықта тіркескен, бір ұғым- ды (к‰рделі) етістік т‰рін атайды. Мысалы:
сарт ету, көмек ету, жәрдем ету, дем алу, ән салу, жақсы көру, т.б. Бұлардың арасындағы
байланыс – сабақтасу. Құранды к‰рделі етіс-
тіктердегі көмекші етістік арқылы қимылдық
ұғым, әрекет беріледі, ал қимыл әрекетті та-
нытып, негізгі мағыналы қызметті атқаратыны
– есім сөздер. Құрандыда көмекші етістік-
тердің қызметі сөзжасамдық қимыл мәнді
жұрнақтарға жақындайды. Бұл етістік т‰рін
тұлғалық жағынан к‰рделі етістік деп айту
қиын, өйткені к‰рделі етістік болу ‰шін екі
сыңар да етістік сөзден болу керек. Мұнда
етістік деп аталуы басыңқы сығарлы көмекші
етістікке ғана байланысты. Ал «к‰рделілік»
ұғымы екі сыңардың мағыналық жақтан тұ-
тасуына қатысты айтылады.