Алматы №1 (135) 2012


етістік, сараламалы етістік



Pdf көрінісі
бет169/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   446
    Бұл бет үшін навигация:
  • , ету
етістік, сараламалы етістік (аналитика-
лық), тұрақты етістік т‰рін жасауда маңыз-
ды орын алады. Бұлар етістік категорияла-
рының барлық т‰рінде бола алады. Тіркескен 
етістіктерімен бірігіп, к‰рделі пысықтауыш, 
к‰рделі баяндауыш қызметін атқарады.
Мәнсіз немесе толымсыз көмекші етістік-
тер деп негізгі лексикалық мағынасынан то-
лық айырылған, тек қана жетекші (толық 
мәнді негізгі) етістікке тіркесу арқылы өзінің 
грамматикалық мағынасын аша алатын, таза 
көмекшілік қызмет атқаратын етістіктерді 
атайды. Бұларға е етістігінен қалыптасып та-
раған өткен шақты еді (жедел өткен шақ)
екен (бұрынғы өткен шақ), емес (болымсыз 
есімшелі) етістіктері, ету және де, жаздау 
етістіктері аталады. 
Еді, емес, екен толық мәнді есімді, етіс-
тікті сөздерге тіркесіп қолданылады (жас 
екен, жас еді, ‰лкен емес, барады екен, т. б.). 
Аталмыш етістіктер көрсетілген тұлғала-
рымен т‰бір етістікті бірлік болып қолда-
нысқа еніп кеткен; дайын т‰бір тұлғалық тә-
різді көрсеткіштері 3-жақтық нөлдік тұлғаны 
да айқындайды. Бұл дайын тұлғаларында же-
дел өткен шақтық (е-ді), бұрынғы өткен шақ-
тық қимылды жоққа шығару (болымсыздық) – 
(е-ме-с), өткен шақтық қимылды нақтылау (е-
кен) грамматикалық мағыналары бар. Осын-
дай ‰стемелі грамматикалық мағыналық бел-
гілерімен бұлар негізгі толық мағыналы етіс-
тіктерге, есім сөздерге тіркесіп, аталған грам-
матикалық мағыналарды қолданылған сөзімен 
бірлесіп білдіреді. Яғни бұлар өткен шақтық 
мағынаны білдіріп, тіркескен сөзімен к‰рделі 
баяндауыш қызметін атқарады. 
Еді көмекшісі ауыз екі сөйлеуде жекеше 
т‰рдегі 3 жақтық жіктік жалғаулы қолданыста 
«едім, едің (едіңіз), еді» деп әдеби қалыпты 
т‰рмен бірге ауызекі сөйлеуде «ем, ең, ед» 
(сыпайы т‰рінен басқасында) т‰рінде ықшам-
далып айтыла береді (барып ем, келіп ең, 
айтып ед). Тіркескен сөздерімен белгілі бір 
синтаксистік қызмет атқарады, негізінен, к‰р-
делі баяндауыш ж‰йесін береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет