Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет282/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   278   279   280   281   282   283   284   285   ...   446
224 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
мыста қолданысқа міндетті т‰рде т‰сетін сөз-
дер: сотка, звондау, ало, уже, мусор, пакет
свет; слэнгтер: маяк тастау, крышасы бар, 
құлаққа теппеші, қоянның суретін салмашы, 
құлаққа лапша ілмеші, жаргондар: жынды 
екен, базар жоқ, т.б. Осы сияқты өзге тілдің 
әсері басым элементтер уыздай таза қазақша 
оралман тілін шұбарлаудың алғашқы баста-
масы болып отыр. Жоғарыдағы сөздерді қа-
зіргі қоғамда қолданбай өмір с‰ру м‰мкін 
емес. Бірақ осы тілдік ‰рдіске ілесіп кету 
репатрианттарға оңайға соқпайды. Себебі жо-
ғарыдағы алынған мысалдардың дені орысша, 
қалғаны орысшадан сөзбе-сөз аударылған. 
Олай болса орысша білмейтін репатриант тілі 
мұндай өзгеріске тосырқана қарауы заңды.
Енді репатрианттар тілі өздері келген елдің 
жергілікті тіліне қаншалықты бейімделгенін, 
сол бейімделу олардың Қазақстандағы тілдік 
ортаға ‰йренісіп, тілдік әрі мәдени сәйкес-
тілікке ие болуына тигізетін кері әсерін сөз 
етейік. 
Мысалы Моңғолия қазақтары кириллицаға 
негізделген моңғол тілінің және сол елдегі ба-
сым тіл ағылшын тілінің алфавитін, ал Қытай-
дағы қазақтар А. Байтұрсынұлы құрастыр- 
ған төте жазуды, қытай тілінің иероглифте- 
рін, және басым тіл – ағылшын тілін ‰йреніп 
өседі. 
Моңғолия және Қытай елінен келген репа-
триант-қазақтар тілінің жергілікті халық тілі-
не бейімделген көрінісін төмендегі мысалдар 
негізінде көруге болады: 
Моңғолиядан келген репатриант-қазақтар 
тілінің бейімделуі: 
Мысалы: чийдэн – шійдін «шійдінді өшір – 
жарықты өшір»; 
магад ‰г‰й – мағат жоқ
«Асан ертең келсе 
мағат жоқ – Асан ертең келуі м‰мкін»; 
 яг – иәк «Бұл сөзді иәк айтасың – Бұл 
сөзді дәл айттың»; 
угаасаа – угаса «Біз угаса бес к‰н оқимыз 
– Біз онсыз да бес к‰н оқимыз»; 
 хашаа – қаша «Ұрылар кеше қашадан 
секіріп т‰сіп, ‰йдегі бағалы заттарды ұрлапты 
– Ұрылар кеше дуалдан секіріп т‰сіп, ‰йдегі 
бағалы заттарды ұрлапты»; 
 ширхэг – шіркек «Маған екі шіркек алма 
беріңізші – Маған екі дана алма беріңізші»; 
заавал – забыл «Ертең забыл кел – Ертең 
міндетті т‰рде кел»; 
 ховор – қобыр «Қазір кітап оқитын жастар 
қобыр ғой – Қазір кітап оқитын жастар сирек 
қой»;
төлбөр, төлбір – төлем «Оқудың
төлбірі 
қымбаттап кетті –Оқудың төлемі қымбаттап 
кетті» т.б. 
Жергілікті жердегі диаспора тіліндегі қа-
лыпты құбылыстардың, тілдік бірліктердің 
Қазақстандағы тілдік нормаға сай келмеуі. 
Оның ішінде қазақ тіліндегі диалект сөздер-
мен қатар қолданылуы. Мысалы: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   278   279   280   281   282   283   284   285   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет