Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет42/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   446
Толеуп Мейиримгуль 
ИССЛЕДОВАНИЯ Т. САЙРАМБАЕВА ПРО СИНТАКСИС СЛОВОСОЧЕТАНИИ И
ПРЕДЛОЖЕНИИ В СОВРЕМЕННОМ КАЗАХСКОМ ЯЗЫКЕ 
В статье анализируются труды выдающегося ученого-лингвиста профессора Т. Сайрамбаева, посвященные 
синтаксису словосочетания, простого и сложного предложения в современном казахском языке. В работах ученого 
рассматриваются важнейшие теоретические вопросы данного лингвистического направления. При исследовании 


34 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
спорных вопросов казахского синтаксиса профессор Т. Сайрамбаев особое внимание уделяет структурным схемам 
и семантическим и функциональным особенностям синтаксических единиц. Опираясь на свои исследования, он 
дает определения синтаксическим терминам. 
Toleup Meyirimgul 
STUDIES OF T. SAYRAMBAEV ABOUT SYNTAX OF PHRASES AND SENTENCES
IN THE MODERN KAZAKH LANGUAGE 
The article analyzes the scientific works of the outstanding linguist professor T.Sairambayev which are dedicated to 
the syntax of phrases, simple and complex sentences in the modern Kazakh language. The papers of the scientist examine 
the most important theoretical issues of the given linguistic stream. While researching disputable issues of the Kazakh 
syntax, Professor T.Sairambayev pays special attention to structural schemes, semantic and functional features of syntactic 
units. According to his own researches the linguist gives definitions to syntactic terms. 
Г. Жылқыбай 
А.Ясауи атындағы ХКТУ доценті, ф.ғ.к.
 
Т.САЙРАМБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ СӨЗ ТІРКЕСІ ТЕОРИЯСЫНА
ҚАТЫСТЫ ҰСТАНЫМЫ
 
 
Қазақ тіл білімінде кенжерек дамыған сала 
ретінде саналатын сөз тіркесі жөніндегі зерт-
теулер қазіргі шақта едәуір биікке көтерілді 
деуге болады. Жалпы сөз тіркесінің ж‰йелі 
қарастырылуына бірталай елеулі еңбек ет- 
кендердің басында С.Аманжолов, Р.Әміров, 
Ә.Аблақов, М.Серғалиев, М.Балақаев, Т.Сай-
рамбаев, 
Е.И.Убрятова, 
Н.А.Баскаков, 
Н.К.Дмитриев, Қ.Басымов сияқты тілші ға-
лымдардың тұрғандығы сөзсіз. 
Дегенмен т‰ркі тілдеріндегі сөз тіркестері 
жөніндегі ең алғашқы таза теориялық туынды 
профессор М.Балақаевтың еңбегінен бастал-
ған болатын. Олай деуіміздің себебі, ғалым-
ның 1954 жылы шыққан «Қазіргі қазақ тілі» 
деген кітапқа енген «Сөз тіркесі» бөліміндегі 
мақаласы мен 1957 жылы жарық көрген «Ос-
новные типы словосочетаний в казахском 
языке» еңбегіне дейінгі зерттеулердің «тек
мектеп грамматикаларының көлемінде айты- 
лып келгендігін», «онда да сөз тіркесіне толық 
анықтама беріп, оның т‰рлі жақтарын егжей-
тегжейіне дейін зерттеген ешкім болмаған-
дығын» оның ізбасар шәкірті Т.Сайрамбаев өз 
еңбегінде атап өтеді. 
Ғылымға ең алғашқы қадамын сөз тіркес-
теріне байланысты ғылыми мақаласымен бас-
тап, тіл білімінің синтаксис саласына жарты 
ғасырлық ғұмырын арнаған ф.ғ.д., профессор 
Т.Сайрамбаевтың елеулі еңбектерінің мол бө-
лігінің жетекшісі М.Балақаев қағидаларынан 
бастау алатындығымен қоса онымен ‰ндес
екендігін байқау қиын емес. Мәселен, «Қа-
зіргі қазақ тіліндегі к‰рделі сөз тіркестері» 
атты монографиясын негізге алсақ болады. 
Аталған еңбекте автор М.Балақаев пен т.б. 
ғалымдарының зерттеулерінен тыс қалған, 
тіпті т‰ркі тілдері бойынша еш сөз болмаған 
мәселелер жөнінде алғаш зерттеу ж‰ргізген 
болатын және бұл д‰ниелердің орнын баса 
алатын еңбектердің қазірде жоқтығын сеніп 
айта аламыз. 
Қазақ тіліндегі сөз тіркесі саласы туралы 
ХХ ғасырдың 20 жылдарынан кейін сөз қоз-
ғала бастағанымен, жалпы тіл білімі бойынша 
ХІХ ғасырдың басында пайда болған қисын-
дық бағыт өкілдерімен байланысты. Сол ға-
сырдың орта кезеңіне дейін беделін жоғалт-
паған бұл бағыттың әр т‰рлі ойлары кейінгі 
зерттеушілер тарапынан қате деп табылғаны-
мен, сөз тіркесін сөйлеммен қатар синтаксис-
тің қарамағында қарау қағидасы жоққа шы-
ғарылмайтын мәселе болып қала берді. Олар 
синтаксистік ұғымдарды формалды логика-
ның м‰ддесі тұрғысында, соған тәуелді мәнде
қарады, синтаксистің міндеті логикалық кате-
гориялардың тілдегі баламасын айқындау деп 
т‰сінді. Сөйлемге болсын, оның м‰шелеріне 
болсын анықтама беруде бірден-бір с‰йеніш – 
қисын заңы деп білді. Сөйлем – қисындық 
пайымдаудың көрсеткіші, ол екі м‰шелі ғана 
болады: оның бірі – субьект, екіншісі – пре-
дикат. Бұл екі категорияның тілдегі көрсет-
кіштері – бастауыш пен баяндауыш дегенді 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет