296 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012
сөз тіркесі арқылы т‰ркі халықтары әуел бас-
тан-ақ, ынтымаққа, бірлікке, достыққа құштар
халық екенін танытқан.
«Ұранымыз көк бөрі
болсын!» сөз тіркесі арқылы көк бөрідей қай-
ратты, қайсар, батыл болуға шақыратындығы,
оны ұран дәрежесіне дейін көтерілуімен бай-
ланысты т‰сіндіруге болады.
Көк бөрінің бейнесі қазақ туларына салы-
нып келген. Бұл көк т‰ркілердің
«бөрілі бай-
рақ» туының тікелей жалғасы іспетті. Мұны
С‰йінбай ақынның мына өлең жолдарынан
көруімізге болады:
«Бөрі басы ұраным,
Бөрілі менің байрағым.
Бөрілі байрақ көтерсе,
Қозып кетер қайдағым».
Оғыз қағанды жеңістен жеңіске бастайтын
көк бурыл, көк жал бөрі. Оғыз қаған өзіне ба-
ғынбаған елдерге қарсы жорыққа аттанар ал-
дында қарамағындағы
бектері мен ел-жұрты-
на: «Мен сендерге болдым қаған, Алыңдар
жақ пен қалқан, Таңба бізге болсын береке.
«
Көк бөрі болсын ұран» [1,10 б.], – деп жұртқа
жарлық таратады. Осындағы «
Көк бөрі болсын
ұран» деген тіркесте ‰лкен д‰ниетанымдық
мән бары байқалады. Өйткені мұндағы ұран
дәрежесіне дейін көтерілген сол
көк бөрі тым
әрідегі көне дәуірлерден бері қарай көптеген
т‰ркі тілдес халықтарда
аса қадір тұтылып
табынатын киелі де қасиетті аң саналып кел-
ген. Ал, енді «Ер Тарғын» жырындағы Тарғын
батыр да осы дәст‰рге орай жауға тигенде
«Ай
бетінен кіріп, К‰н бетінен шығатын көк бөрі»
болып кейіптелсе, Қамбар батырдың ерлігі
«жалақтаған аш бөрі» сипатында беріледі.
Осы ерекшелік қырғыз жырларына да тән.
Тіпті, қырғыздың әйгілі «Манасындағы» Манас
батыр
«қара шағыр қабыланы мен көсеу құй-
рық көк арыстаннан тыс, арқасында қара көк
жалы бар, жолына нұр төгілген» бала:
Арқасында баланың,
Қара көк жалы көрінді.
Қара шағыр қабыланы,
Қапталында шабынды.
Көсеу құйрық көк арыстан
Оң жағында қабынды.
Нұр төгіліп жолына
Бәрі ойлаған баланың
Манас деп аты табылды [2,19 б.] - деп су-
реттелген.
Сондықтан,
«Бөрі» бейнесі т‰ркі д‰ниесін
кеңінен танытады,
Ата-бабаларымыздың та-
нымында көк бөрі – көк Тәңірінің нұры, же-
ңімпаздықтың символы, батырлықтың, ерлік-
тің тұлғасы ретінде көрінеді.
Көк бөріге (қасқырға) байланысты мақал-
мәтелдер де, діни наным-сенімдер де, ырым-
дар да т‰ркі
халықтарының арасында кезде-
седі.
«Қойдың иесі болса, бөрінің тәңірі бар»
немесе «Иттің иесі болса, бөрінің тәңірі бар»
деген мақал қырғыз халқында: «Малдың иесі
болса, бөрінің тәңірі бар», ал орыс халқында
«У собаки есть хозяинь, а у волка есть бог»
деген т‰рде беріледі. Бөрі – Тәңірдің иті, сон-
дықтан да ел арасында қоралы қойға қасқыр
шапса,
«Көк бөрінің аузы тиді, көк тәңірі
қолдайды, мал өсіп, жаман болады» деп жо-
рыған. Қазақ халқы
«Елді жерде ұры бар,
таулы жерде бөрі бар», «Бөрі қыр асқанша»,
«Далада бөрі ұлыса, ‰йдегі иттің іші ашиды»
деп бөріні даламен, тау-таспен байланысты-
рады. Ал,
араб мақалында «Ит ‰рсе қалма,
елге апарар, бөрі ұлыса барма, шөлге апарар»
деп келеді. Бөрінің ұлығанын жаман ырым
санап, бармау керектігін айтады. Монғолия
қазақтары қасқырды көп атып, к‰шігін алуды
жаман ырымға санап, олай етуге шек қояды.
«Қасқыр қайтсе бір соқпай кетпейді» – деп
қорқады [3,68 б.].
«Қасқырдың жесе де аузы
қан, Жемесе де аузы қан» (атыңды арсыздық-
тан алыс ұста, оны
бір былғап алсаң тазарту
қиын деген мағынада) өзбекше
«Бурининг еса
хам оғзи қон, Емаса хам оғзи қон» деген мақал
екі тілде де ұқсас бейнелі көрністері сурет-
теледі.
Қасқыр тотемінің екі аты болған, біріншісі
– көк бөрі, тарихи дәст‰р бойынша құрметтеу,
яғни тотемдік тұрғыдан қарау, екіншісі –
малдың жауы, жыртқыш аң ретінде көру.
Қасқырды ерте дәуірден бастап тотем тұт-
қандар қазақтардың ата-бабалары ғұндар. Ғұн
шеберлері көркемдеген тағы бір ерекше бейне
алтыннан жасалған м‰сін, бабасына арналған,
бөрінің алтын басы, екеуі де табынатын сурет.
Бабасын еске т‰сіргенде ғұн көкке қарап, осы
алтын м‰сінге бас иіп отырған. Т‰ркілердің
бір тайпасының аты – Ашина-Ачино,
«асыл
текті қасқыр» деген сөзден шыққан [4,23 б.].
Әуелгі шығу мәні
«асыл текті қасқыр» деген
сөзден алынса керек. Ашина жөнінде мынадай
бір аңызда: Ашина ұрпағы о баста жаугерші-
лік дәуірінде жұртта қалған баланы қасқыр
асырап алып (көне монғол тілінде шина – қас-
қыр), содан тараған ұрпақ т‰ркілер болып са-
налады екен. Ата-бабасын
қасқырдан тарата-
тын тек т‰ркілер ғана емес, римдіктер де өз-