Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет372/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   368   369   370   371   372   373   374   375   ...   446
Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 297 
дерін «қасқырдың ұрпағымыз» деп есептейді. 
Т‰ркі қағанаты кезінде т‰ріктердің арғы ата-
лары көк бөрі болған деген сенім осыдан 
туындаса керек. 
Қасқырды тек қазақтарда ғана емес қыр-
ғыздарда, өзбектерде, т‰ркімендерде, татар-
ларда да қасқырды киелі санап, атын тура ата-
маған, мәселен, қазақтар оны «ұзын құлақ» 
«тік құлақ», «ұлыма», «көкжал», «ит-құс» 
десе, өзбектер «итқуш» (ит-құс) деген ауыс-
палы мағынаны қолданса, т‰рікмендерде «ады 
жітен» (аты жоқ), месдан ит (дала иті) деген 
эвфемизмді қолданған. Қазақтар тіпті осы 
к‰нге дейін қасқырдың атын атамайды. Мал-
шылар «қасқыр» десек тістері қышып, малға 
шабады деп ырымдаған. Ауыл адамдары ж‰з-
дескенде «Малың ит-құстан аман ба?» – деп 
сұрайтын әдет бар. Бұл – сол ертедегі тоте-
мистік ұғымның ізі. Халық ұғымында жо- 
лаушы бара жатқан адамның алдынан қас- 
қыр қашса, онда жолым болады деп ойлаған. 
Сондықтан болар, қазақтар өжет жігіттерді 
көк-жал қасқырға ұқсатып, бөрідей батыл 
болу ‰шін бойына рух беріп намыстарын қоз-
дыру арқылы батырлыққа, ерлікке баулы- 
ған. 
Т‰ркі-алтай текті халықтар да қасқырды 
киелі санап, атын тура атамаған, мәселен, сой-
оттар оны «ұзын құйрықты», «ұлыма», «көк 
көз» десе, качин татарлары «ұзын құйрық», ал 
якуттар «құйрықты» деп атаған. Ал, Алтай 
т‰ріктері «пору» деген тура атауды қолданбай, 
«аға» деген ұғымды, ал чуваштар «қашқыр» 
дегеннің орнына «ұзын құйрық», «тоқпақ 
құйрық» немесе «тәңір иті» деген эвфемистік 
атауларды қолданған [5, 101 бб.]. 
Көк бөрі бейнесінде тотемдік, фетиштік, 
анимализмнің нышандары байқалады. Қас-
қырдың тарамысы, асығы, еті туралы наным-
сенім, ырым болған. Мәселен, ертеде ауыл 
адамдары ұрлық жасаған кісіні табу ‰шін, 
«қасқырдың тарамысын өртегелі жатыр-
мын» деп айтатын болған. Тарамыс өртеп 
ұрының аяғын тарттырып, құрыстырып, тас-
тайды деген нанымнан туындаған. «Аяғым 
тартылып қалады» немесе «Тарамыс, сіңірім 
тартылып қалады» – деп қорыққан ұры ұр-
ланған д‰ниесін әкеліп беретін болған. 
Қасқырдың асығын бой тұмар ретінде та-
ғып ж‰рген ырым да болған. Қасқыр іш майы 
мен етін өкпе ауруын емдеуге қолданған. 
Қазақ аналары қасқыр етіне жерік болса, одан 
туған бала өжет, батыр болады деген сенім 
бар. Мәселен: ХVІ ғасырдың белгілі батыр-
лары Орақ пен Мамайдың анасы Қара‰лек 
әже былайша толғайды: 
«... Мамайжан бойға біткенде, 
Арыстан, бөрі етін жеп, 
Қанып еді жерігім» (23 жоқтау, Москва, 
1926). 
Қасқырдың айбатты, ерж‰рек, қайсарлы-
ғын суреттейтін қасиетін тіліміздегі фразеоло-
гизмдер, көркемдегіш құралдар ретінде қол-
данылатын тұрақты теңеулер нақтылай т‰седі: 
«қасқыр ж‰ректі», «қасқырдай өжет», «қас-
қырдай жауыз», «көкжал бөрідей», т.б. Олар 
– беті ештеңеден қайтпайтын, батыл қайсар, 
ж‰рек жұтқан дегенді білдіреді. «Қасқыр» есі-
мін (лақап есімі) мынадай парадигма арқылы 
көрсетуге болады: қасқыр → жабайы жырт-
қыш аң → азулы, қайсар → айбатты өткір. 
Қасқырдың бойында айбатты, өжет, ерж‰рек-
тік сияқты қасиеттер бар. Сондықтан болар, 
қазақтар өжет жігіттерді көкжал қасқырға 
ұқсатып, бөрідей батыл болу ‰шін бойына рух 
беріп намыстарын қоздыру арқылы батыр-
лыққа, ерлікке баулыған. Бөрі өшіккен жауы-
на ешқашан есесін жібермеген. Осыдан келіп 
халық арасында «Бөрікті тастап, бөріден 
құтылып болмас», «Бөрі т‰сін өзгерткенмен 
тісін өзгертпейді» деп келетін даналық сөз-
дер туған, бұл мәтел бөріні мінездеу десек те, 
бөрідей текті намысшыл болуға тәрбиелейді. 
«Қасқырдың артқы сирағындай жек көрді» 
– иттің етіндей жек көрді немесе қатты жек 
көрді деген және «қасқырмысың сен», «қас-
қырша анталамай ары ж‰р», «қасқырдай қуу», 
«қасқырдай көзі анталады», «қойға шапқан 
бөрідей» деген ұнатпаған адамға айтылатын 
фразеологизмдер де көркем шығармаларда 
кездеседі.
Демек, қасқыр, көк бөрі көне дәуірден бері 
көптеген т‰ркі тектес халықтарда аса қадір 
тұтатын киелі де қасиетті аң болып саналады, 
батырлықтың, ерліктің символы.
Келесі жыртқыш аңдардың бірі - Аю то-
темі. Аюдың «аба» деген тыйымдық есімі 
болған. Ежелгі аңшылар Аюды барлық аңдар-
дың иесі, аңшылардың қамқоршысы, адамзат-
тың т‰п-анасы, тәңірие деп қабылдаған. Зерт-
теушілердің пікіріне с‰йенсек: «Палеолит ке-
зеңінде аю тотемдік от-ана культіне ауысады» 
[6, 201-202 бб.]. Сондықтан аңшылар аюдың 
етін жеуге қорқатын болған. «Бурят халқы 
аюды тотем деп санамасада аюды өлтіріп 
терісін алғанда, екі көзін ағызбай «жұлдыз» 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   368   369   370   371   372   373   374   375   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет