298 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012
деп сол қалпында қалдырып, бір кесек етін
отқа тастап, «Мы тебя не убили, убили хам-
ниганы и урянхайцы: черный ворон накликал.
При этом кричат по-вороньи» – деу арқылы
бірнеше нанымның басын біріктірген» – дейді
М.Н.Хангалов [7, 53-55]. Бұдан буряттардың
аюдың иесінен қорқып, одан келер пәлені
қарсылас тайпаларға ауыстырғысы келетінін
байқасақ, қазақтардың да мал сойғанда «Сен-
де жазық жоқ, бізде азық жоқ» дейтін дәс-
т‰рі иесінен кешірім сұрағандығын білдіреді.
Аюға табынушылық алтайлықтар, тувалық-
тар, сахалар, хақастар, буряттар, дарқыттар, са-
тындар арасында көптеп кездеседі. Т‰ркі тіл-
дес халықтар «аю» деген атты тура ата-май,
эвфемистік атауды қолданады. Мәселен, якут-
тар «эһэ» (ата), «тыатаагы» (тайгалық) немесе
«кырдьагас» (қария) десе, алтайлықтар «абаай»
(қайнаға), «карындаш» (бауыр), «таай» (нағашы)
десе, телеуттер «ерь кулакты» (жер құлақты),
хакастар «чир хулахтыг» (жер құлақты), тува-
лықтар «кайирахан» (жартастардың патшасы)
дейді [5, 100 б.].
«Аюдан жын-жайтан қорқады» деген на-
ным халық арасында көп. Аюға байланысты
көшпенділердің дәст‰р салты ұқсас. Аюды ха-
лық ұғымында киелі саналып, аюдың ж‰нін,
тырнағын, тісін жас нәресте жатқан бесікке,
киетін киміне тағып, көз тиюден, пәле-жала-
дан, жын-шайтаннан сақтандырудың белгісі
деп ойлаған. Әйелдердің толғағын жеңілде-
туге, буряд, дарқыт, сатындар, ж‰кті әйелдің
белбеуіне аюдың тұяғын ілсе, якут, хақас,
сақа, шорлар баланың бесігіне немесе төсегіне
ілетін дәст‰р бар. Мұндай тұяқ ілу дәст‰рі қа-
зақтар да бар, толғағы ащты әйелдер босан-
ғанда аю терісін іліп қоятын болған. Қазақтар
аюдың терісін қастерлеп, оны ‰йге іліп қою-
мен бірге қарт сыйлы адамдар ‰шін төсеніш
ретінде пайдаланады. Аюдың етін саха, дар-
қыт, сатын, тува, алтайлықтар с‰йіп жейді екен.
Халық арасында айбынды дауысты «Аю-
дай ақырып» – деп жатады. «Аюға ұқсаған ар-
баңдаған, аңқау адам» – аңғал, аңқау деген
мағынада; «аюдың өтіндей» – қасиетті мирас
зат ұғымында айтылады. Қазақ халқында Аюға
арналған «Жорға аю» к‰йі, «Аю биі» бар.
Ежелгі ескерткіштердегі жазуларда Arslan
(арыстан), Aşına (қасқыр), Bars (барыс), Buqa
(өгіз), Kьзьk (к‰шік), Qaban (қабан), Qulan
(қулан), Teka (теке, қой) және т.б. есімдер
кездеседі. Татарларда қасқырды «б‰ре», ба-
рысты «барс», арыстанды «арслан» деп атай-
ды, адамның аты-жөнінде осы аңдардың есім-
дері кездеседі. Олар: Байбурин, Буркиев, Буриев,
Бурикаев, Барс, Барсил, Айбарис/Айбарыс, Ил-
барс, Илбарис, Бибарс, Акбарс, Арслан, Ђофар,
Байб‰ре, Буга, Байбуга, Көчек, К‰бәк, т.б. Ал,
ежелгі т‰ркі тілдеріндегі Арслан/Arslan есімі
Турфан, Қарахан елдерін басқарған патша-
лардың есімдерінде қойылған: Arslan balban,
Arslan tegin, Arslan Bilge Tengri ilig [214, 156].
Қазақ халқының ат қою ‰рдісінде гендер-
лік қатынастың әр т‰рлі сипаты анықталады.
Әдетте, балаларға ат берілгенде, олардың ма-
ғыналық сипатында батырлық, ерлік, қайсар-
лық, өжеттік ұғымдар мол кездеседі. Жабайы
хайуандардың аттарын бала к‰шті, қарулы
болсын және солардай еркін өмір с‰рсін деген
тілекпен қойған. Көк бөрі (қасқыр), аю және
арыстан, жолбарыс, барыс, бұғы, қабан, құ-
лан, марал, т.б. атаулары құрмет тұтылып, кісі
есімдеріне айналған. Қазіргі к‰ндері де адам
есімдерінде кездеседі. Олар: Арыстан, Арыс-
танбек, Арлан, Жолбарыс, Қасқырбай, Бөрі-
бай, Бөрібек, Аюбай, Аюхан, Бұғыбай, Марал,
Маралбек, Маралтай, Ақмарал, т.б. Дәл осын-
дай аттар қырғыз халқында да кездесетіндігін
қырғыз есімдерін зерттеген А.Идрисовтың «Кыр-
гыз тилиндеги ысымдар» еңбегінде қырғыз
тілінің антропонимиясының қалыптасу кезең-
дері анықталып, ежелгі т‰ркілердің наным-се-
німдеріне сәйкес – аспанға, жан-жануарларға,
табиғатқа табынуды сипаттайтын есімдерімен
көрсетіледі: Чур, Барс, Шумкар, Арстан, Бө-
р‰басар, Чалкуйрук, Телтору, Суречки, Са-
рала, Акборчук, Аккула, Кербилек, Акшумкар,
т.б. [215, 17 б.]. Аң аттарымен байланысты
қойылған есімдердің негізгі қызметі эзотерия-
лық (жасыру) болып көрінеді.
Жоғарыда келтірілген фразеологизмдер мен
теңеулер «Көк бөрі» көне дәуірден бері көп-
теген т‰ркі тектес халықтар аса қадір тұтатын
киелі де қасиетті аң болып саналатыны, С‰йін-
бай ақын жырына бөрі бейнеленген байрақ-
тың не себептен кестеленгенін анық ұғынды-
рады деп ойлаймыз.
____________
1. Щербак А.М. Огуз-наме. Мухаббат-наме. – М., 1959.
-247 с.
2. Манас: Қырғыз халқының батырлық дастаны.–
Алматы, 1961. 49б.
3.Кәмалашұлы Б. Монғолия қазақтарының аңшылық
дәст‰рі. Канд. дисс.. –А., 1993. 68-б.
4.Гумилев Л. Көне т‰ріктер. –Алматы: Білім, 1994. -
480 б.
5.Ахметов Ә.Қ. Т‰ркі тілдеріндегі табу мен эвфе-
мизмдер.– Алматы: Ғылым, 1995. – 176 б
|