Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 305 дік құрылымдар арқылы танымнан көрініс
табуы ерекше. Ақын Оразақын Асқардың:
Өз елім, құтты қонысым Өзегім жырға толысың. Бар ойым адал атқару, Ер-азаматтың борышын – деген ойлары-
нан әр қазақ баласы ‰шін өз елі, туған жері
‰шін адал еңбек ету, ер-азаматтық борышы
болып саналатындығын аңғаруға болады. Сон-
дықтан да қазақ танымындағы “туған жер”
бейнесі табиғат пен оның объектілерінің қа-
былдануы ғана емес, танымдық сипат алған
бейнелі тіл ж‰йесі.
Ақиық ақын Мұқағали Мақалаевтың «Қа-
зақ жері» атты өлеңінде:
Туған жер – Ата қоныс, Атамекен. Көш-
пелі қазақ танымындағы “туған жер” ұғымы
кір жуып, кіндік кескен жер ғана емес, ата-
бабасының с‰йегі жатқан қасиетті мекені, ата-
қоныстық сипат алған мекені. Яғни туған жер
ұғымы атақоныстық, атамекендік мағынада
жұмсалады. Ата қоныс (мекен, жұрт). Белгілі
халықтың ежелгі мекені. Атамекен. Бұл тура-
сында тілімізде атақоныс – алтын мекен ма-
қалы да кездеседі.
Туған жер, атамекен концептілерінің кон-
цептілік өрісі «кеңістік» концептісіменде ты-
ғыз байланыс т‰зеді. Бізге дейінгі зерттеу-
лерде кеңістікті «д‰ниенің байланыстылығын,
‰здіксіздігін, көп құрылымдығын, ‰шөлшем-
дігін көпөлшемдігін танытатын» концептілік
бірлік деп қарастырады. Адамның айналасын-
дағы оның өзіндік кеңістігін жат космостан
бөліп тұратын шегара – адамның туған жері.
Қазақтар ‰шін кеңістік ұғымы әрі горизон-
талды (оң, сол, шығыс, батыс, оңт‰стік, сол-
т‰стік, д‰ниенің төрт бұрышы), әрі верти-
калды (жоғары, төмен, аспан, жер, жер асты)
формада қабылданатыны оның т‰рлі мифтер-
де, ауыз әдбиеті ‰лгілерінде сақталған тілдік
бейнелерден көрінетіндігі айтылған. Зерттеу-
ші Б.Нұрдәулетова: «Кеңістік дегеніміз қа-
зақтар ‰шін шексіз космос деп таниды. Осы
космоста олардың «өз микрокосмосы бар», ол
– «атамекен» деп аталатын олардың б‰кіл
болмысын өзге «ықпал етуші, ‰йлесімділігін
бұзушы» к‰штерден сақтайтын, ата-баба-
сынан мұраға қалып келе жатқан өздері ‰шін
ерекше «жұмақ, жайлы жер» деп сипаттайды.
Жалпы ұлттық стереотиптік ұғымда атамекен
европалық ғалымдарының т‰сінігіндей «көш-
пелілердің көшіп-қонып ж‰ретін территория-
сы, малға жайлы жайылымдық жерлері емес»,
атамекен ата-бабасының кіндік қаны тамған
жері, екіншіден, ата-бабасының бейіті жатқан
жері, ‰шіншіден, атамекен болатын жердің
таңдалуы қасиетті әулиелердің, пайғамбарлар-
дың батасыменғ Алланың қалауымен ж‰зеге
асырылады, төртіншіден, ата-бабаның қаны
төгіліп, жаудан қорғап алып қалған жері.
Бесіншіден ол – ағайын-тума ортасы» [3], - дейді.