Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 303 мен жалпы фразеологиялық семантикаға не-
гіздей отырып, жалпыдан жалқыға сияқты
иерархиялық принциппен ж‰йеленгенді жөн
көрдік. Мұнда жеке сөз бен фразеологиялық
тіркесте доминант болуы м‰мкін. Қатар ішін-
де мағыналық дифференциацияның тереңдеуі-
нен жалпы ұғымның т‰сінігі сатыланып, нақ-
тылана береді” дей келе “адамға” қатысты ма-
ғыналыс фразеологизмдердің 13 т‰рлі фраза-
семантикалық өрістерін жіктеп көрсетеді [2,
57-58 бб.].
Туған жер туралы ұғымды тануда концеп-
тілік құрылымдардың санада бейнеленуі, әр
т‰рлі формада көрініс табуы ‰лкен қызмет
атқарады. Сондықтан да біз осындай құры-
лымдық ерекшеліктерге с‰йене отырып, туған
жерге қатысты адам баласының ой-пікірін,
ішкі толғаныстан туындаған сезімдерін, туған
жер туралы танып-білген т‰сініктерін семан-
тикалық, танымдық ерекшеліктеріне қарай
бірнеше топтарға топтастырдық.
Отан – белгілі бер мемлекеттік тірегі,
ошағы. Қазақстан мемлекеті қазақ елінің және
Қазақстан жерін мекендейтін адамдардың да
Отаны ретінде саналады. Ал шетелден келген
қандастарымыздың туылған жері, туып-өскен
мекені өзге мемлекет болуы да м‰мкін, бірақ
олардың Отаны – Қазақстан. Себебі, ол ата-
бабаларының мекен еткен ордасы. Қоғамдағы
келеңсіз жағдайлардың салдарынан өзге елдің
шекарасынан өтіп кеткен қандастарымыз әр-
дайым өздерінің Отанын мақтан етері хақ.
Сондықтанда Отан ‰лкен, ауқымды мағынаға
ие. Ал енді туған жер ұғымын Отанның бір
бөлшегі ретінде қарастыруымыздың себебі,
адам т‰птеп келгенде өзінің туған жері ретін-
де өзінің туған ауылын атайды. Мәселен қазақ
елінің туған жері – Қазақстан (жалпы ұғым-
да). Яғни, Қазақстан мемлекеті қазақ елінің
тәуелсіз Отаны. Осыдан бастау алатын туған
жер ұғымы бірте-бірте бөлшектене т‰седі. Мә-
селен, Қазақстан мемлекеті, өлке, аумақ,
облыс, аудан, қала, ауыл, көше, ‰й (белгілі бір
адамның қара шаңырағы). Белгілі бір адам
ауқымды мағынада өзінің туған жері Қазақ-
стан мемлекеті ретінде ұғынады. Енді оның
туған жерінің нақты орнын сұрауда бұл ұғым
жоғарыдағыдай бөлшектене т‰седі. Бірінші-
ден «Отан» макро концептісінің семантика-
лық өрісі мен концептілік белгілеріне назар
аударайық. Қазақтың біртуар ақыны Мұқағали
Мақатаев «Отан» атты өлеңінде: Мына өлке, Мына аймақ, Бұл маңда Құлшылық етемін тұрғанға, Құлшылық етемін қырларға! Тағзым жасаймын қырларға! Осы бір Отанда тұрғанға! – деп жыр-
лайды. Отанды қадір тұту, қастерлеу кез кел-
ген Қазақстан мемлекетін мекендеген әрбір
азаматтың борышы. Қазақ халқы «Отан елдің анасы, «Ел – ердің анасы» деген. Отанға деген
құштарлық әрбір азаматтың ж‰регіндегі
‰лкен, ұлы сезім. Сондықтан да кез келген
халық өз Отанын қорғауды борыш, парыз
санаған. Қазақ тіліндегі «Отан оттан да ыс- тық», «Отанды с‰ю отбасынан басталады», «Отан ‰шін к‰рес, Елге тиген ‰лес», «Орағың өткір болса, Қарың талмайды, Отаның берік болса, Жауың алмайды» сияқты мақал-мәтел-
дердің мазмұны Отанның адам өміріндегі
орнын айқындайды.
Отан концептісінің құрамындағы концеп-
тілік өріс мазмұнын былай т‰зуге болады. Қа-
зақ ұлты ‰шін Отан – «елдің анасы», «өлке, аймақ, бұл маңға құлшылық жасау», «ол от- тан да ыстық», «оған деген с‰йіспеншілікті отбасынан бастау», «опасыздық жасамау», «отанды с‰ю», «отансыз отың жанбайтын- дығын сезіну», «т‰тінің дұрыс т‰темей адам санатына қосыла алмайтындығыңды сезіну», «Отанды сыртқы факторлардан сақтау», «Отанның беріктігін сақтау»сияқты ұғым-
дар логикалық модель арқылы фреймдік сипат
алған.