Туған жер – бабаларымыздың аманаты.
Қазіргі әдебиетімізде өзіндік орны бар, атақты
ақындарымыздың бірі Оразалы Асқардың
мына бір өлең шумақтарынан сонау бір кез-
дері қоғамның д‰рбелеңінен жер ауып, өзге
елдің шегарасына өтіп кеткен заманда, туған
жерді аңсаған ақын өз елінің топырағын ба-
сып, қайтып келген кезде:
Атыңнан, айналайын, атамекен, Әр тасың алтын тақпен қатар екен, Әр төбең өзіме оттай басылады, Басына атам шыққан жота ма екен,
деп туған жерін алтын тақпен қатар қойып
бағалап, ата-бабасының ізі қалған жоталары-
мен ыстық екендігін жырға қосқандығын
көруге болады. Ал ақиық ақын Мұқағали
Мақатаев өз жырларында туған жері туралы
терең толғаныстарға барады.
Туған жерді ата-бабаларының аманаты деп
қабылдаған қазақ танымында, қазақ ж‰регін-
де, туған ұлдың өзегінде атамекенге деген
құрмет жатады. Туған жер табиғаты әсемді-
гінің жырлануы ата қоныс мекендер табиғаты-
ның құштарлық, шабытты рухпен суреттелуі
табиғи заңдылық. Атамекенге қатысты ког-
нитивтік бірліктер тізбегін былайша т‰зуге
болады: атамекен, атақоныс, атақоныс жер қымбат, туып өскен ел қымбат, ата-мекен анаң екен, қысылғанда панаң екен. Атыңнан, айналайын, атамекен, Әр тасың алтын тақ- пен қатар екен, Басына атам шыққан жота ма екен, Атамекен, Ақмекен! Туған өлкең, Бабам төсін д‰бірлеткен ұлы өлке. Қойның- да бабалардың ізі қалған. Атамның қонған қонысы, Атам қонған кең далам, Бабамның тері тамып, қаны сіңген, Бабамның өсіп- өнген жері, Аруағын көмген жер, аталары- ның қонысы, ата-баба жұртын басу, т.б.
Аталған поэтикалық және прозалық шы-
ғармалардағы туған жердің атамекендік бол-
мысы ерекше философиялық мәнге ие. Туған
жердің атамекендік болмысының концептуал-
дық құрылымы арқылы қазақ ұлтының д‰ние-
танымдық кеңістігінде ерекше жоғары баға-