314 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012
Т. Б. Сейдімханова,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың аға оқытушысы
С.СЕЙФУЛЛИННІҢ «ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ» ОҚУЛЫҒЫ
ӨЗ ЗАМАНЫНЫҢ ОЗЫҚ ОЙЛЫ ТУЫНДЫСЫ
С.Сейфуллиннің ауыз әдебиетін зерттеу
тұрғысында істеген еңбегі туралы сөз бол-
ғанда негізінен ойға оралатыны оның «Қазақ
әдебиеті» атты оқулық-христоматиясы. Сәкен
ауыз әдебиеті туралы өзінің ой – тұжырым-
дарын
осы еңбегінде жан-жақты, ғылыми
тұрғыда айтып, талдап көрсетуге тырысқан.
С.Сейфуллиннің бұл еңбегіне талдау жаса-
ғанда, Сәкеннің кітапты, ең алдымен, оқулық-
христоматия қажеттілігі тұрғысынан жазған-
дығына назар аударғанымыз абзал. Бұл жайлы
С.Сейфуллиннің өзі: «Журналдарға, газеттер-
ге жазылған кейбір мақалалар болмаса, «пәлен
ақынның, т‰ген жазушының жазуы пәлен-
дей» - деп жазылған кейбір ‰стірт сөздер бол-
маса, б‰гінге дейін қазақ әдебиеті туралы
жазылған арнаулы еңбек жоқ. Әсіресе, ескі
«ел әдебиеті» туралы жазылған ештеңе жоқ.
Ескі ел әдебиеті туралы ештеңе жоқтығы
былай тұрсын, сол ескі ел әдебиетінің жинақ-
тары да жоқ. ... «Қазақ әдебиеті» туралы мек-
тептерде сабақ
бергенде қолданатын ешбір
құралдың жоқтығының ‰стіне, «ескі ел әде-
биетіне» келгенде, көріп, оқып, тексеретін ескі
ел әдебиетінің жинағы да жоқ дей келе,
«...былтырдан бері «қазақ әдебиеті» туралы бір-
деме жазу, «ескі ел әдебиеті» жинастыру міндет-
тей көріп, осы іске кірістім» -деп жазды. [1,54]
С.Сейфуллиннің бұл еңбегінде тарих, эт-
нография, фольклор, тіл мысалдарын салыс-
тыра қарастыруы оның өз еңбегіне өте жауап-
кершілікпен,
ғылыми ізденіспен қарағанын
көрсетеді.
Бұл еңбектің қайсы бір кем – кетіктеріне
қарамай, қазақ фольклористикасының негізі
қалаған қомақты да, ғылыми өрісі биік зерт-
теу, оқулық – хрестоматия болғандығын естен
шығармауымыз керек.
С.Сейфуллинді ауыз әдебиетін зерттеуші
ғалым ретінде көрсететін алғашқы белгі оның
қазақ әдебиетін дәуірлеуге байланысты айт-
қан ойлары.
С.Сейфуллиннің ауыз әдебиетіне қатысты
‰лкен еңбек жасап ж‰ргенін, оның жинаушы-
лық, жариялаушылық,
зерттеушілік қызметі-
нің теңдесі жоқ екенін сол кездің өзінде-ақ
ақын, жазушы, ғалымдар жоғары бағалаған.
Сондай пікірдің бірі 1936 жылы "Қазақ әде-
биеті" газетінде жарияланған Ғ.Тоғжанұлы-
ның мақаласы. Онда ол: "Сәкен Сейфуллин -
қазақ жазушыларының ішінде фольклорға өте
жетік адамдардың және халық фольклорын
ерінбей, жалықпай жинаушылардың бірі. Қа-
зірдің өзінде халық өлең, жыр, ертегі, мақал-
дарын жинап, екі том етіп бастырып шығарып
отыр", - деп Сәкеннің аталған саладағы ең-
бегіне жоғары баға берген. [2]
Осындай
пікірлер Сәкеннің "Қазақ әдебиеті" еңбегіне
алғы сөз жазған М. Жолдыбайұлының [3]
және ғалым Б.Кенжебайұлының "Әдебиет
майданы" журналына жариялаған мақаласы-
нан да кездестіруге болады. [4]
С.Сейфуллин қазақ халық фольклорының
алғашқы кезеңін "Билер дәуірі" деп атаған.
Сәкеннің пікірінше, "Билер дәуірі" - "қазақ елі
орыс патшасына бағынғанға" дейінгі және сол
бағынған кезеңдегі "билер табы билеген "ру
заңы" қалмай келген" мерзім аралығын қам-
тиды.
Зерттеуші одан әрі Билер дәуірінің өзін
іштей бөледі:
Бірінші бөлім: 1) ескіліктен қалған, сол
билер табының ‰стем санасының ықпалымен
құрылған,
көбінесе аңшылық, малшылық әң-
гіме - ертектер, 2) салт, 3) дін жырлары,
4) төрт т‰лік мал туралы, т‰рлі хайуандар ту-
ралы жырлар, өлеңдер, 5) билер сөздері, ма-
қалдар, 6) жастық ойын-к‰лкі, өлең-жырлар"
[1,66].
С.Сейфуллин ертегі жанрына қатысты
сипаттауларында қазақ ауыз әдебиетіндегі
ертегілердің мазмұн - мағыналарының әр т‰р-
лі болып келетінін жіті аңғара білген. Әрине,
ертегі жанрын қазіргі фольклор ғылымының
жіктеп-жіліктегеніндей кәсіптік тұрмыстық,
к‰лдіргі, қиял-ғажайып, тарихи, т.б. салалары-
на бөле алмағаны белгілі. Әйтсе де, зерттеуші
бұл ертегі тобындағы әңгімелердің сан алуан
тақырыпта болып келетінін т‰сінген де, "бізге
жеткен ертектер ... жаратылыстағы
жан-жа-
нуарлар, өсімдіктер, жын, шайтан, перілер,
аруақтар, жалмауыз кемпір, жез тырнақ,