Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет41/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   446
Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 33 
М.Томанов, т.б. тілші-ғалымдардың пікірлерін 
ой елегінен өткізіп, өз қорытындысын жа-
сайды. Байланысу тәсілдерінің ішкі ерекше-
ліктеріне тоқталады: синтетикалық тәсілдің 
төрт жалғаудың қатысы арқылы ж‰зеге аса-
тынын, септік және көптік жалғауларының сөз 
тіркесінің бағыныңқы сыңарына қатысты бо-
латынын және сөз бен сөзді байланыстыруда 
жұрнақтардың да рөлі ерекше екенін дәлел-
дей келіп, бірақ жұрнақтар арқылы байланысу 
жалғаулар арқылы байланысудай активті емес 
екенін атап көрсетеді және қазақ тіліндегі 
синтетикалық байланысу тәсілдерінің осы 
ерекшелігін ескеріп, оны қосымшалар арқылы 
байланысу деп атауды жөн көреміз деп қоры-
тындылайды.
Сөздердің байланысуының аналитикалық 
тәсіліне көмекші сөздер, сөздердің орын тәр-
тібі және интонация арқылы байланысуды 
жатқызады. Ал аналитикалық-синтетикалық 
байланысу тәртібі шылаулар, көмекші есім-
дер, көмекші етістіктер, модаль сөздер ар-
қылы байланысуды қамтитынын дәлелдейді.
Оқу құралының жаңа тіркесімділік туралы 
бөлімінде еліміздегі сыртқы әсер мен ішкі 
даму ‰дерісінде жыл сайын жаңа мамандық-
тар т‰рлерінің пайда болуына байланысты сол 
салаларға қатысты жаңа зат, құбылыс, ұғым, 
іс-әрекеттердің атаулары, яғни кәсіби сипат-
тағы жаңа терминдер мен терминдік топтар-
дың тілімізге көптеп еніп жатқандығын айта 
келіп, оларды: компьютер, ЭЕМ, физика, тех-
ника, ауыл шаруашылығы, әлеуметтік сала, 
т.б. деп, сала-салаға бөліп және лингвисти-
калық терминдерді де ұмытпай, ол атаулар-
дың байланысу тәсілдерін зерттеп, қорытын-
дылайды [2:41,42]. .
Келесі тарауларда шартты рай, оның син-
таксистік ерекшеліктері, оның сөйлемде қан-
дай м‰ше қызметінде қолданылатынына
және пысықтауыштардың т‰рлеріне тоқталып, 
олардың мағынасын анықтайды, оларды функ-
ционалдық синтаксис тұрғысынан зерттейді.
Ғалым тілдегі экономия, байланысу фор-
маларының бір-біріне ауысу ‰дерісін де зерт-
тейді. Бұл мәселе қабысудың қиысуға, қабы-
судың матасуға ауысу, қабысудың меңгеруге,
меңгерудің қиысу ауысу және бір сөйлем м‰- 
шесінің екінші сөйлем м‰шесіне ауысуы, 
қазақ тіліндегі салт-сабақты етістіктердің мең-
герілуі дәлелденген бөлімдерде қарастыры-
лады.
Проф. Т.Сайрамбаевтың «Сөйлемнің тұр-
лаулы м‰шелері» атты еңбегінде сөйлемнің 
негізгі белгілері ажыратылып көрсетіліп, шақ, 
жақ, рай, модальдылық категориялары зерт-
теледі.
Осы еңбектің І тарауында автор сөйлем 
м‰шелерінің теориялық мәселелерін дәлел-
деп, оның қорытындысы ретінде «сөйлем м‰-
шесі деп сөйлемде бірнеше сөздер тобының 
басқа сөздермен синтаксистік қатынастар ар-
қылы арнайы бір сұраққа жауап беріп, грам-
матикалық мағынаға ие болатын т‰рін айта-
мыз» деген анықтама береді [3:13].
ІІ тарауда грамматикалық, логикалық бас-
тауыш деген ұғымдарға т‰сінік беріледі, бас-
тауыштың жасалу жолдары көрсетіліп, сөз 
таптарының бастауыш қызметінде жұмсалуы, 
баяндауыштық тұлға ретінде қандай сөздер 
қолданылатыны, баяндауыштың жасалу жол-
дары, т‰рлері, етістікті, есімді баяндауыш,
‰стеудің, еліктеуіш сөздердің, модаль сөздер-
дің, бар, жоқ сөздерінің, көмекші сөздердің 
баяндауыш қызметінде жұмсалу ерекшеліктері, 
құрама баяндауыштар жан-жақты зерттеледі.
Т. Сайрамбаев өз еңбектерінде тіл білімі-
нің қомақты саласының бірі синтаксистің, 
оның ішінде қазіргі қазақ тілі синтаксисінің
өзекті мәселелерін дөп тауып, синтаксис тео-
риясы мәселелерінің негізі қалануына, фило-
логия ғылымының осы саласының жекелеген 
тарауларының қыр-сырының толық та, жан-
жақты зерттелуіне сыни ғылыми көзқараспен 
қарап, өзекті мәселелерді дәйекті т‰рде негіз-
деп, нақты мысалдармен, теориялық фактілер-
мен дәлелдеп, өз анықтамаларын береді. 
_____________ 
1. Т. Сайрамбаев. Қазіргі қазақ тіліндегі к‰рделі сөз 
тіркестері (Жоғары оқу орындарының студенттері мен ұс-
таздарына арналған). –Алматы: Мектеп, 1981. – 197 б. 
2. Т.Сайрамбаев. Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтак-
сисі. –Алматы: Рауан, 1991. -174 б. 
3. Т.Сайрамбаев. Сөйлемнің тұрлаулы м‰шелері. –Ал-
маты: Қазақ университеті, 1991. -167 б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет