Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 53
С. Ақымбек,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті, ф.ғ. к.
ДАУЫСТЫ ДЫБЫСТАР ТІРКЕСІНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Сөз тіркесі болу ‰шін ең кемі екі толық
мағыналы сөз қажет және олар бір-бірімен
логикалық жағынан толық ‰йлесімді болуы
керек. Сол секілді дыбыстар тіркесі де қатаң
заңдылықтарға с‰йеніп құралады. Дыбыс-
тардың тіркесі
дегеніміз олардың артикуля-
циялық, сондай-ақ акустикалық жағынан ‰й-
лесуі болып шығады. Сонда қазақ тіліндегі
дыбыс тіркесі к‰рделі артикуляциялық құбы-
лыстардың бірі болып табылады. Қазақ тілін-
дегі дыбыс тіркестерін зерттеуге көп еңбек
сіңіріп, арнайы еңбектер жазған проф. С.Мыр-
забеков дыбыс тіркесіне «Дыбыстар тіркесі -
тілдегі дыбыстардың
бірімен-бірінің қатар
тұру м‰мкіндігі, тарихи қалыптасқан орны.
Бұл - халықтың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып
жетілген, ж‰йеленген сөйлеу өнерінің (қаруы-
ның) жемісі, нәтижесі» [1, 11 б.] деп анықтама
береді. Ғалым берген анықтаманың болашақ
зерттеулерге нұсқау болатын екі тұсына
арнайы тоқтауға тура келеді. «Дыбыстардың
бірімен-бірі қатар тұру м‰мкіндігі» - біздің
зерттеу нысанымыз тұрғысынан қатар тұрған
екі дыбыстың артикуляциялық ‰йлестігі. Егер
екі дыбыстың арасында артикуляциялық ‰й-
лесім болмаса, онда ол дыбыстар тіркес құрай
алмайды. Ендеше,
дыбыс тіркестері тілдегі
буын, сөз, сөз тіркесі тәрізді тұрақтаған, оны
бұзуға болмайтын қалпы бар айтылым ‰лгі
болып табылады.
Дыбыс тіркесінің артикуляциясы жалпы
фонетика тұрғысынан да қаралады: проф.
Л.Р.Зиндер: «Наличие соответствующего при-
способления, адаптации, звуков в одном языке
и отсутствие его в другом, относительное по-
стоянство особенностей каждого языка в этом
отношении... находит себе объяснение в
устойчивости артикуляционной базы, в пере-
даче фонетических
особенностей от поколе-
ния к поколению» [2, 234 б.] дейді. Дыбыс
тіркестері жайлы орыс және өзге тілдер лин-
гвистикасының тәжірибесін барласақ, бұл
мәселенің жан-жақты және молынан қарал-
ғанын көреміз. Проф. Р.И.Аванесов өзінің
«Русское литературное произношение»
деген
еңбегінде орыс тіліндегі дыбыс тіркесіне көп
орын берген [3, 128-152 б.]. Аталған еңбек-
тердегі пікірлердің барлығы дерлік дауыссыз
– дауыссыз, дауысты – дауыссыз, дауыссыз –
дауысты дыбыстардың тіркесіне баса мән
берумен шектелген. Ал біз сөз еткелі отырған
мәселе тек дауысты мен дауыстының тіркесу
мәселесі болып отыр.
Қазақ тілінде, әдетте,
дауысты дыбыстар
бір-бірімен тіркеспейді. Мектептен таныс
аюы, оюы деген сөзіміздің айтылуы
айұуұ,
ойұуұ екені қазіргі фонетикада дәлелдеуді қа-
жет етпейді. Ал орта білім беру бағдарламасы
бойынша бұл дауысты дыбыстардан тұратын
сөз болып әлі к‰нге дейін ж‰р. Тіпті сөз ішін-
де ғана емес, сөз
аралығында да екі дауысты
дыбыс қатар тұра алмайды. Айтқанда
сар-
ағаш, жетарал, әлөкпө, ал жазғанда
сары
ағаш, жеті арал, ала өкпе болып кете береді.
Сонда дауысты дыбыстар бір-бірімен қалай
тіркес құрайды деген сұрақ туындайды.
Біздің ойымызша дауысты дыбыстарды
тіркестіруде екі т‰рлі негіз бар. Оның бірін-
шісі өлең тармақтарындағы буын санына бай-
ланысты. Қара
өлең өлшеміндегі буын санын
толтыру ‰шін бунақ ішінде қатар келген екі
сөз жапсарындағы дауыстылардың біреуі т‰-
сетін немесе т‰спейтін жағдай кездеседі.
Мысалы:
Бұрынғы ескі биді тұрсам барлап,
Мақалдап айтады екен,сөз қосарлап.
Айтылуы:
Бұрұңғұ
3
// ескі
бійді
4
// тұрсам
барлап
4
,
Мақалдап
3
/ айтад
екен
4
// сөз
ғосарлап
4
.
Абай
Бұл өлеңнің тармағының екінші бунағында
қатар келген екі дауыстының алдыңғысы т‰сіп
буын санына сыйып тұр. Ал мына өлең тар-
мағында басқаша жайтты байқауға болады.
Ақыл – тон, аңлағанға тозбайтұғын,
Ғалым – кен, к‰нде өніп қоздайтұғын.
Айтылуы:
Ақыл
тон
3
// аңлағаңға
4
// тозбайтұғұн
4
,
Ғалым
кен
3
// к‰ндө
өн‰п
4
// қоздай-
тұғұн
4
. Ізтілеуұлы Т.
Бұл өлеңнің екінші тармағының екінші
бунағында екі дауысты дыбыстың қатар тұр-
масқа амалы жоқ. Ғалым С.Мырзабек қайт-
кенде де мұны дауыстылардың тіркесі бола