Алматы №1 (135) 2012


Жалпы халықтық сипатта қолданы-



Pdf көрінісі
бет100/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   446
1. Жалпы халықтық сипатта қолданы-
латын фразеологизмдер. 
2. Авторлық өңдеумен қолданылытын 
фразеологизмдер. 
Кез келген қаламгер өз шығармаларында 
фразеологизмдерді дайын к‰йінде де, автор-
лық өңдеумен де қолданады. Фразеологизм-
дердің тілдік тұрғыдан алғанда. Бейнелі, экс-
прессивті-эмоционалдық қасиеттерімен тар-
тымды берілуі әр жазушының талғамы мен 
тілдік қорына байланысты. Соған байланысты 
тұрақты сөз тіркестері біреуде аз, екіншіде 
мол, біреулері дайын к‰йінде, ал қайсыбіреу-
лері оны тыңнан туындатады. 
Фразеологизмдер кейде т‰гелдей автор 
еңбегінің жемісі болса, кейде халықтың фра-
зеологизмдерден бастау алып, біраз өзгеріс-
терге т‰сіп, өзгермелі болып та келеді. Өзінің 
бұрыннан қалыптасқан тұрақты мән-мағынада 
кейбір фразеологизмдерді жазушы әдетте 
стильдік мақсатта қолданады. Өзгермелі деп 
контекст қалауына бір ғана қолданымдық 
болып қызмет атқаратын фразеологизмдерді 
атаймыз. Фразеологизмдерді қолдануда ав-
торлық өзгеріске т‰сіру өзгермелі болу – жа-
ңарту, т‰рлендіру мақсатын көздейді.
Авторлық қолданыстағы фразеологизмдер 
көркем әдебиет тілін жаңа сатыға көтеріп,


82 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
оның өркендеуіне әсерін тигізері анық. Фра-
зеологизмдердің тұрақты қалыпта қолданылу 
табиғатын ескере отырып, олардың көркем 
әдебиет тілінде жаңаша қырынан танылуын 
зерттеу – б‰гінгі заман талабы.
Жазушы О. Бөкей өз шығармаларында 
халық тілінің бай қазынасын, көркем сөздің әр 
алуан өрнегін шебер қолдана білген. Соның 
ішінде, О. Бөкейдің әңгімелеріндегі тұрақты 
сөз тіркестердің жалпы халықтық формада 
қолданылуы да және авторлық өңдеумен 
қолданылғандығы бар екендігіне көз жеткі-
зуге болады. Мысалы, «Кербұғы» әңгімесін-
дегі берілген фразеологизмдерге тоқталайық: 
1. Ындыны кебе ‰ш рет ұмтылды, ‰ш 
ретінде де осынау халге душар болып, тар-
тынып кетті. (6-б.) 
2. Бұрын мынау иін тірескен орман, анау 
қалғып-шұлғыған қапсағай таулар мен қой-
нау-қойнауына қорқыныш паналатқан құз-аң-
ғарлар Кербұғы ‰нін іліп алып, ‰здік-создық 
қайталап, көпке дейін жаңғырығып, даңғаза 
қуатпен алысқа жөңкіліп тараушы еді-ау!
3. Әлде көз алдында ақырғы рет секіріп
билеп кетіп бара жатқан жас марал-қызды 
енді қайтып (т‰сінде, қиялында болмаса) көре
алмайтыны; енді қайтып салмақпен ж‰ріп, 
сабырмен еркелейтін марал-анаға наз қыла 
алмайтынын; енді қайтып көре алмасы, ести 
алмасы, көп баянсыз жалғанның тұмбасына 
шым батқан, тұманына шын адасқаны енді 
ғана есіне т‰скендей селк етіп, ұнжырғасын 
көтерді де, тағы да бір рет жан д‰ниесін қа-
қырата ышқынды.
4. Кеше таң алакеуімінде Кербұғы әде-
тінше маралдарды алдына салып тауға беттей 
бергенінде, өліспей беріспейміз дегендей бас-
қа бұғылар ‰йірді шыр айнала қоршауға алып, 
жібермеп еді. (7-б.) 
5. Соңсоң ежелгі намыс қамшылап, теке 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет