Ету көмекші етістігі жалпы есім сөздер-
мен, еліктеуіш сөздермен қолданылып, құран- ды етістік т‰рін жасайды. Оның білдіретін
грамматикалық мағынасы – нақты қимыл-әре-
кетті ж‰зеге асыруға итермелеу. Сондай-ақ ол
шақ категориясын жасайтын барлық грамма-
тикалық көрсеткішті қабылдайды: әсер етті, әсер еткен, әсер етеді, т. б. Жалпы алғанда
бұл етістік істеу, қылу етістіктерімен мәндес.
Алдыңғы тіркескен сөзімен бірлесіп, к‰рделі
баяндауыш қызметін атқарады; басқа да
сөйлем м‰шесі болуы м‰мкін.
Деу көмекші етістігі, негізінен, дәнекер
етістік болып табылады, сөйлеуші мен төл
сөздің аралығында байланыстырушылық қыз-
мет атқарады. Шақ категориясының барлық
көрсеткішін қабылдайды: деді, дейді, депті, деген, дер, демес. Жаздау көмекші етістігінің қызметтік қол-
данысы өзгеше. Бұл етістік осы т‰бірлік тұл-
ғасында м‰лдем қолданылмайды. Оның дерек-
сіздік мағынасы, бойындағы қолданыс бары-
сында танылатын грамматикалық мағынасы
белгілі бір шақтық мағынаны айқындайтын
көрсеткіштер жалғанғаннан кейін көрінеді.
Жаздау етістігінің негізгі грамматикалық ма-
ғынасы – қимылдың, іс-әрекеттің ‰рдістік
(‰дерістік) дәрежесін, деңгейін айқындау.
Сөздерге тіркесу қабілеті жағынан қызметі
бәсең; жалпы бұл көмекші етістік, -а, -е, -й
тұлғасындағы көсемшелі етістікке ғана тірке-
сіп, өзі өткен шақтық тұлғада болып, қызмет-
тік міндетін танытады: ... бара жаздады, ... бара жаздаған, ... бара жаздапты, т. б. К‰р-
делі етістіктің ішінде сараламалы, тұрақты
Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 133 етістік т‰рін жасауға қатысып, к‰рделі баян-
дауыш құрамындағы қызметте болады.