етістік, сараламалы етістік (аналитика-
лық), тұрақты етістік т‰рін жасауда маңыз-
ды орын алады. Бұлар етістік категорияла-
рының барлық т‰рінде бола алады. Тіркескен
етістіктерімен бірігіп, к‰рделі пысықтауыш,
к‰рделі баяндауыш қызметін атқарады.
Мәнсіз немесе толымсыз көмекші етістік-
тер деп негізгі лексикалық мағынасынан то-
лық айырылған, тек қана жетекші (толық
мәнді негізгі) етістікке тіркесу арқылы өзінің
грамматикалық мағынасын аша алатын, таза
көмекшілік қызмет атқаратын етістіктерді
атайды. Бұларға е етістігінен қалыптасып та-
раған өткен шақты еді (жедел өткен шақ), екен (бұрынғы өткен шақ),емес (болымсыз
есімшелі) етістіктері, ету және де, жаздау етістіктері аталады.
Еді, емес, екен толық мәнді есімді, етіс- тікті сөздерге тіркесіп қолданылады (жас екен, жас еді, ‰лкен емес, барады екен, т. б.).
Аталмыш етістіктер көрсетілген тұлғала-
рымен т‰бір етістікті бірлік болып қолда-
нысқа еніп кеткен; дайын т‰бір тұлғалық тә-
різді көрсеткіштері 3-жақтық нөлдік тұлғаны
да айқындайды. Бұл дайын тұлғаларында же-
дел өткен шақтық (е-ді), бұрынғы өткен шақ-
тық қимылды жоққа шығару (болымсыздық) –
(е-ме-с), өткен шақтық қимылды нақтылау (е-
кен) грамматикалық мағыналары бар. Осын-
дай ‰стемелі грамматикалық мағыналық бел-
гілерімен бұлар негізгі толық мағыналы етіс-
тіктерге, есім сөздерге тіркесіп, аталған грам-
матикалық мағыналарды қолданылған сөзімен
бірлесіп білдіреді. Яғни бұлар өткен шақтық
мағынаны білдіріп, тіркескен сөзімен к‰рделі
баяндауыш қызметін атқарады.
Еді көмекшісі ауыз екі сөйлеуде жекеше
т‰рдегі 3 жақтық жіктік жалғаулы қолданыста
«едім, едің (едіңіз), еді» деп әдеби қалыпты
т‰рмен бірге ауызекі сөйлеуде «ем, ең, ед»
(сыпайы т‰рінен басқасында) т‰рінде ықшам-
далып айтыла береді (барып ем, келіп ең, айтып ед). Тіркескен сөздерімен белгілі бір
синтаксистік қызмет атқарады, негізінен, к‰р-
делі баяндауыш ж‰йесін береді.