Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет177/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   446
Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 137 
- Тілдің дөңес тұсы ауыз қуысында жоғары 
жатады, сөйтіп тілдің ауыз қуысында жоғары 
жатуынан; 
- Жуысым біте салысымен ерін қысаң ашы-
лып, дөңгеленіп тұрады (ерінмен айтылады), 
сөйтіп еріннің дөңгеленіп тұруынан [ш] дауыс-
сыз дыбысы жасалады. 
Ендеше [ш] дауыссыз дыбысы ауыз қуы-
сындығы жасалу орнына қарай тіл ұшы, сөй-
леу м‰шелерінің өзара қалпына қарай жуы- 
сыңқы, дауыс қатысына қарай қатаң, тілдің 
көлденең қалпына қарай кейінді, тілдің тік 
қалпына қарай жоғарылы, ерін қатысына қа-
рай қысаң еріндік болып жасалады. 
[ш] дауыссыз дыбысының артикуляциялық 
белгілерінің ж‰йесі: жасалу орнына қарай – тіл 
ұшы, жасалу тәсіліне қарай – жуысыңқы, дауыс 
қатысына қарай – қатаң, тілдің көлденең қал-
пына қарай – кейінді, тілдің тік қалпына қарай 
жоғарылы, ерін қатысына қарай қысаң еріндік. 
18 - сурет ±ш сµзініњ буын ќ±рылымы
[
]
 [ш] дауыссыз дыбысының артикуляция-
лық белгілерінің құрамы: тіл ұшы, жуысыңқы, 
қатаң, кейінді, жоғарылы, қысаң еріндік. 
Буын құрамындағы [ш] дауыссыз дыбысы 
тіл ұшы арқылы жасалады, ауыз қуысындағы 
жасалу орнына қарай тіл ұшы (‰стіңгі қатар-
дағы екінші тіл ұшы белгісі), тіл ұшы мен 
к‰рек тіс өзара жуысады, сөйлеу м‰шелерінің
өзара қалпына қарай жуысыңқы (оң қанаттағы 
төртінші жуысыңқы белгі), дауыс шымылды-
ғы тербелмейді, дауыс шымылдығының қаты-
сына қарай қатаң (көмейдегі төменгі тік 
сызық), тіл ауыз қуысында кейін шегініп жа-
тады, тілдің ауыз қуысындағы көлденең қал-
пына қарай кейінді (‰стіңгі қатардағы төр-
тінші кейінді белгі), тіл ауыз қуысында жо-
ғары жатады, тілдің тік қалпына қарай жоға-
рылы (оң қанаттағы екінші қысаң белгі), ерін 
дөңгеленіп тұрады, ерін қатысына қарай қы-
саң еріндік (сол қанаттағы төртінші қысаң 
еріндік белгі). 
Әрі қарай дауысты-дауыссыздың артику-
ляциялық белгілерін топтай келіп, буын әуезі-
не қатысты белгілерді бөліп аламыз.
Буын табиғатын сөз еткенде буын құрау-
шы (буын құрауыш) дауысты екенін айту мен 
буын т‰рлерін ғана жіктеп шығу жеткіліксіз
болады. Буын акустикасының жалаң нәтиже-
лері де мәселені шешіп бере алмайды. Қазақ 
тіліндегі буын табиғатының өте қарапайым 
сипатталып келе жатқандығы да сондықтан. 
Қарапайым сипаттаудың нәтижелері мектеб 
оқулықтарына жарағанмен, теориялық фоне-
тиканы қанағаттандыра алмайды. 
Оқулықтар мен оқу құралдарындағы (тіп-
тен көптеген теориялық еңбектердегі) буын 
жігі мен әріп-таңбалардың дыбыс құрамының 
анықтала алмай ж‰ргендігі де буын табиғатын 
дұрыс т‰сінбегендіктен болып жатыр. 
Буын құрамындағы дыбыстардың жасалы-
мын бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. Себебі 
буын құрамындағы дыбыстар бір-бірімен тығыз 
артикуляциялық байланыста болады. Буын құ-
рамындағы дыбыстардың өзара артикуляция-
лық ықпалы өте к‰шті. Олар бір-біріне икем-
деліп жатса да немесе бірінің артикуляция-
сын бірі өзгертіп жатса да қосақталып ж‰реді. 
Сөздердің жалпы айтылым тұрқы буын ар-
тикуляциясына тікелей байланысты.
Буын құрамындағы дауыссыз дыбыс екін-
ші бір буынның құрамына ауысатын болса, 
онда ол сол буынның артикуляциялық ‰лгі-
сіне бейімделіп отырады. Жеке буынның ‰с-
теме артикуляциялық белгілері сол буынның 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет